Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша)

Хадисы 851–900 (Неке Кітабы)
← Хадисы 801–850ОглавлениеХадисы 901–950 →
Глава 9. Неке Кітабы
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 851
Әнәс ибн Мәликтен (Аллаһ оған разы болсын). Ол: «(Әйелі бар кісі) тұрмыс құрмаған қызға үйленсе, бұрынғы әйелі алдында тұрмыста болған жағдайда, оның жанында жеті (түн) болады. Ал тұрмыста болған әйелге үйленсе және бұрынғы әйелін қыздай алған жағдайда, оның жанында үш (түн) болады», – деген . Халид3: «Ол мұны Пайғамбардан (с.а.с.) жеткізді десем, дұрыс айтқан болар едім. Бірақ ол: «Сүннет осылай», – деді», – деп айтқан (1461/44).
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 852
Айшадан (Аллаһ оған разы болсын). Ол: «Мен Сәудә бинт Замғадан артық өзім оған ұқсауды қалаған ешбір әйелді көрмедім. Оның бойында өткірлік бар еді», – деген. (Айша): «(Сәудә) қартайған шағында өзінің Аллаһ елшісімен (с.а.с.) (өткізетін) күнін Айшаға берді. Ол: «Уа, Аллаһтың елшісі! Мен өзіңмен (өткізетін) күнімді Айшаға бердім», – деді. Осыдан кейін Аллаһ елшісі (с.а.с.) Айша үшін екі күнді: өзінің күнін және Сәудәның күнін бөлетін болды», – деп айтқан (1463/47). бірін басқа әйелінің үйіне шақырса, ол оған баруға міндетті емес, өйткені мұнда ол үшін зиян бар (ән-Нәуәуи). Пайғамбарымыздың (с.а.с.) әйелдерінің бір үйге жиналуына келсек, бұл олардың өзара келісімі бойынша еді. Сондай-ақ ер адамның әйелдерінің біріне түнде кезегінен тыс баруына тыйым салынады. Бұған басына қауіп төнген сияқты қатты зәрулік кезінде ғана рұқсат етіледі. Мұнда Пайғамбар (с.а.с.) өзін айтқан. Әл-Бұхаридің риуаятында: «содан кейін ол барлық әйелдерін кезекпен аралайды» делінген. Халид ибн Миһран – Әнәстің осы хадисін Әбу Киләб арқылы жеткізген табиғиндер қатарындағы кісі. Халид мұнда Әнәс бұл хадисті Пайғамбардан (с.а.с.) жеткізгенін меңзеген. Ән- Нәуәуидің айтуынша, бұлай ету басқа әйелдері бар кісілер үшін міндетті, ал басқа әйелі жоқ кісілер үшін мустахаб саналады. Мұнда «күн» деп тәулік туралы айтылған. Әйел өзінің кезегін басқа әйелге күйеуінің рұқсатымен ғана бере алады. Өйткені күйеуі қаласа, одан пайдалануға құқылы. Кезегін берген әйелге бұл күннің есесіне өзге бір нәрсе алуға рұқсат етілмейді. Сондай-ақ ол өзінің кезекті күнін кімге беруді өзі шешуі үшін күйеуіне сыйласа да болады. «Осыдан кейін Аллаһ елшісі (с.а.с.) Айшаға екі күн бөлетін
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 853
Атадан . Ол: «Біз Сарифта Ибн Аббаспен (Аллаһ әкесі екеуіне разы болсын) бірге Пайғамбардың (с.а.с.) әйелі Мәймунаның жаназасына қатыстық. Сонда Ибн Аббас: «Бұл – Пайғамбардың (с.а.с.) жұбайы. Оның табытын көтерген кездеріңде, шайқатылмай, тербетілмей, жайлап (алып жүріңдер). Аллаһ елшісінің (с.а.с.) тоғыз (әйелі) болды. (Пайғамбар (с.а.с.)) олардың сегізіне (күн) ажыратып, біреуіне ажыратпайтын», – деді»; Ата: «(Пайғамбардың (с.а.с.) күн) ажыратпайтын (әйелі) Сафия бинт Хаййай ибн Ахтаб еді», – деп айтқан (1465/51). жақындасып, көңіліндегіні қайтарсын
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 854
Жәбир ибн Абдуллаһтан (Аллаһ әкесі екеуіне разы болсын). Аллаһ елшісі (с.а.с.) бір әйелді көріп, әйелі Зәйнәбке келді. Ол тері илеп жатыр еді. (Пайғамбар (с.а.с.)) қажетін өтеген соң, сахабаларының алдына шығып: «Негізінде, әйел шайтанның бейнесінде келіп, шайтанның бейнесінде қайтады . Біреуің бір әйелге көзі түссе, әйелімен жақындассын. Өйткені бұл оның көңіліндегіні қайтарады», – деп айтқан (1403/9). болды» деген сөзді, ән-Нәуәуи «бұл қатарынан болмаған» деп түсіндіреді. Өйткені, шафиғи мазһабы өкілдерінің көпшілігі «басқа әйелдері болған жағдайда, бір әйелінің жанында екі күн қатарынан болуға рұқсат етілмейді» деп есептеген. Ата ибн Әбу Рабах – табиғин, Мекке ғұламасы, хадис жеткізуші. Сариф – Мекке маңындағы жердің аты. Ғұламалардың айтуынша, Атадан келтірілген соңғы сөздер – хадисті одан жеткізген Ибн Журайждың қатесі. Дұрысы, алдыңғы хадисте айтылғандай, бұл әйел Сәудә болатын (ән-Нәуәуи). Ғұламалардың түсіндіруінше, мұнда әйелдерге деген құмарлық және олардың тарапынан болатын азғырулар меңзелген. Демек, бұдан «әйел қажетсіз беталды бөтен еркектердің алдына шықпауы тиіс» деген қорытынды шығады. Басқа бір риуаятта: «Егер біреуіңе бір әйел ұнап қалып, жүрегіне ұяласа» делінген. Бұл біз қарастырып отырған риуаятты нақтылай түседі. Яғни ер адам бір әйелді көргенде, құмарлығы оянса, өзінің әйелімен жақындассын. Бұл оның құмарлығын басып, нәпсісін тыныштандырады. Ғалымдардың айтуынша, Пайғамбарымыз (с.а.с.) сахабаларына сөз жүзінде әрі іс жүзінде тәлім-тәрбие беру үшін Зәйнәбке кірген. Бұл хадисте әйелімен күндіз жақындасудың еш айыбы жоқ екендігі көрсетілген. Тіпті әйелі әлдебір шаруамен айналысып жатса да, жақындасуды кейінге қалдырмағаны жөн. Өйткені оны кейінге қалдыру еркектің денсаулығына зиян келтіруі мүмкін. Әт-Тирмизи, Талқ ибн Әлиден жеткізген хадисте Аллаһ елшісі (с.а.с.): «Егер біреуің әйелімен қажетін өтегісі келсе, ошақтың жанында қолы тимей жатса да, онымен жақындассын», – деп айтқан. Бұл хадисті әт-Тирмизи «хасан ғариб», әс-Суйюти «хасан», ал кейбір ғалымдар «сахих» тобына жатқызған. қатынаста болу
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 855
Әбу Һурайрадан (Аллаһ оған разы болсын). Пайғамбар (с.а.с.): «Кімде-кім Аллаһқа және Ақырет күніне иман келтірсе, бір іске куәлік берген кезінде жақсылықты айтсын не үндемесін. Әйелдермен жақсы қатынаста болыңдар, өйткені әйел қабырғадан жаратылған, ал қабырғалардың ең қисық жері – жоғарғы бөлігі, оны түземек болсаң, сындырып аласың, ал жөніне қалдырсаң, сол қисық күйінде қалады, (сондықтан) әйелдермен жақсы қатынаста болыңдар», – деп айтқан (1468/60).
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 856
Әбу Һурайрадан (Аллаһ оған разы болсын). Ол: «Аллаһ елшісі (с.а.с.): «Ешбір мүмін мүмін әйелді жек көрмесін. Егер оның бір мінезін ұнатпаса, басқа біріне разы болады», – деді», – деп айтқан (1469/61).
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 857
Әбу Һурайрадан (Аллаһ оған разы болсын). Аллаһ елшісі (с.а.с.): «Исраил ұрпақтары болмағанда, тағам бұзылмас еді, ет сасымас еді , ал Хауа болмағанда, ешбір әйел күйеуіне ешқашан қиянат жасамас еді », – деген (1470/63). Тағы бір риуаятта: «Негізінде, әйел сен еш түзей алмайтын қабырғадан жаратылған. Егер оны пайдалансаң, қисық күйінде пайдаланасың. Ал егер түземек болсаң, оны сындырасың, яғни онымен ажырасасың» деп айтылған. Ән- Нәуәуидің айтуынша, бұл Хауа ана Адам атаның қабырғасынан жаратылған деген пікірдің дәлелі болып табылады. Аллаһ тағала: «(Аллаһ) сендерді бір жаннан жаратқан және ол жаннан оның жұбайын жаратқан», – деген (Ниса, 1). Сондай- ақ бұл хадисте: әйелдермен жұмсақ мәміле жасау және олармен жақсы қатынаста болумен бірге, олардың мінезінің қисықтығы мен кемшіліктеріне сабыр етуге және себепсіз ажыраспауға нұсқау келген. Бұл хадистің мағынасы: Аллаһ тағала яһудилерге мәнн мен бөдене түсіргенде, оларға бұларды азықтық қор ретінде сақтауға тыйым салып, жас күйде жеуді бұйырған еді. Соған қарамастан олар өздеріне түсірілген азықты артығымен алып, сақтауға әрекет жасаған. Нәтижесінде олар сақтап қойған бөдененің еттері бұзылып, саси бастаған. Осы себепті еттің бұзылуы әлі күнге дейін жалғасып келеді. Хауа – Адам қыздарының барлығының анасы, сондықтан барлық әйелдер оған ұқсайды және қандары Ібіліс азғырған ағашпен болған жағдайға тартып тұрады. Ібіліс оны осы ағаштан жеуге қызықтырып, жолдан тайдырған болатын. Ал ол мұны Адамға хабарлап, ол да сол ағаштан жеген еді (Қазы Ғияд). Ибн Хажардың айтуынша, Адам ата бұл ағаштың жемісінен Хауа ананың қызықтыруы арқылы жеген. Сондықтан хадисте «қиянат» деп – ар-намыс тұрғысындағы қиянат емес, күнәға итермелеу тұрғысындағы қиянат туралы айтылған. Мұнда ер адамдарды алуы үшін оған кіруге асықпасын
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 858
Жәбир ибн Абдуллаһтан (Аллаһ әкесі екеуіне разы болсын). Ол: «Біз Аллаһ елшісімен (с.а.с.) бірге бір жорықта болдық. Қайтар (жолда) мен жайбасар шабан түйемді жылдамдата бастадым. Сонда арт жағымдағы (түйеге) мінген біреу мені қуып жетіп, қолындағы үшкір таяғымен түйемді түртті. Сол екен түйем сен көрген түйелердің ең жүйрігіндей желе жөнелді. Бұрылып қарасам, Аллаһ елшісінің (с.а.с.) жанында екенмін. Ол: «Сені не асықтыруда, ей, Жәбир?» – деді. «Уа, Аллаһтың елшісі! Мен жаңадан үйленгенмін», – дедім. «Қызға үйлендің бе, әлде әйелге ме?» – деп (сұрады). «Жоқ, әйелге», – дедім. «Сен онымен ойнайтын, ол сенімен ойнайтын қызға (үйленбедің бе)?» – деді. Содан біз Мәдинаға келіп, (оған) кіруге ыңғайланғанымызда, (Пайғамбар (с.а.с.)): «Күте тұрыңдар, кешке кірейік. Шашы таралмаған әйел шашын тарап алсын, күйеуі ұзақ уақыт болмаған әйел (артық түктерін) қырып алсын», – деді . Сондай-ақ ол (маған): «(Үйіңе) оралған кезіңде (әйеліңе) ептеп-ептеп (жақындас) », – деді», – деп айтқан (715/57). әйелдерден болатын теріс түрткілерге сабырға шақыру қамтылған. Бұл сипат әйелдердің табиғатында бар, бірақ олар өздерінің көңіл қалауларымен күресуі қажет. Мұнда сапардан келген адам әйелі өзін қарсы алуға дайындалуы үшін оған хабар беруі керектігі меңзелген. Яғни жақсы перзент сүйгің келсе, әйеліңмен жақындасуда дөрекілік танытпа.
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Глава 10. Талақ Кітабы
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 859
Нафиғден . Ибн Омар (Аллаһ әкесі екеуіне разы болсын) әйелін хайыз жағдайында талақ еткен еді. Омар (Аллаһ оған разы болсын) (бұл жайлы) Пайғамбардан (с.а.с.) сұрағанда, ол (Ибн Омарға әйелін) қайтарып алып, оның келесі етеккірінің келуін күтуді және оның тазаруын күтіп, онымен жақындаспай тұрып талақ етуді бұйырды . Бұл – әйелдерді талақ етуге қатысты Аллаһ бұйырған идда мерзімі. (Нафиғ): «Осыдан кейін Ибн Омардан әйелін хайыз жағдайында талақ еткен кісі жайлы сұралса, ол: «Егер сен оны бірінші не екінші рет талақ етсең, Аллаһ елшісі (с.а.с.) (мұндай кісіге әйелін) қайтарып алып, оның келесі етеккірінің келуін күтуді және оның тазаруын күтіп, онымен жақындаспай тұрып талақ етуді бұйырды. Ал егер үшінші рет талақ етсең, әйеліңді талақ етуге қатысты Раббыңның бұйырғанына бойсұнбағансың. (Мұндай жағдайда) ол сенен біржола талақ етілген болады», – дейтін», – деп айтқан (1471/3).
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 860
Ибн Сириннен . Ол: «Мен жиырма жыл жүрдім. Сол кездері маған өзім (өтірікшілікте) айыптай алмайтын біреулер Ибн Омардың (Аллаһ әкесі екеуіне разы болсын) өз әйелін хайыз жағдайында үш рет талақ еткенін, сонда оған оны қайтарып алуы бұйырылғанын айтып жүретін. Бірақ мен оларды (өтірікшілікте) айыптамадым және Әбу Ғаллаб Юнус ибн Жубәйр әл-Баһилимен кездескенге дейін бұл хадистің (мәнісін) білмей жүрдім», – деп айтқан. – «(Әбу Ғаллаб) есте сақтау қабілеті күшті кісі болатын. Ол маған Ибн Омардан (осы жайында) сұрағандығын айтты. (Ибн Омар) оған әйелін хайыз жағдайында бір рет талақ еткендігін, сонда оған оны қайтарып алуы бұйырылғандығын айтыпты. (Әбу Ғаллаб): «Мен (одан): «Бұл (талақ) ол үшін есепке алынды ма?» – деп (сұраған едім, Ибн Омар): «Енді қалай? Тіпті ол әлсіз және ақымақ болса да!» – деді», – деп айтты» (1471/7). Әбу Абдуллаһ әл-Мәдәни, Ибн Омардың азат еткен құлы, табиғин, әйгілі фақиһ, хадис жеткізуші. Ғалымдардың көпшілігі «мұндай жағдайда жақындасқаннан кейін талақ етуге тыйым салынады» деп есептейді (қ: «Фатх әл-Бәри»). Мұхаммед ибн Сирин, табиғин, белгілі ғалым, хадис жеткізуші. Табиғиндер қатарындағы хадис жеткізуші. Ибн Омар мұнда «ол» деп өзі жайлы ІІІ жақта сөйлеген. Ән-Нәуәуи мұның мағынасы: «адамның әлсіздігіне және ақымақтығына қарамастан мұндай талақ есепке алынады» дегенді білдіретінін, ал Қазы Ғияд бұл хадистің «егер оның әйелін қайтарып алуға мүмкіндігі болмаса да және ол ақымақтың ісін жасаса да» деген мағынаны білдіретінін айтқан. Ибн Хазм және бірнеше ғалымнан басқа барлық ғалымдар «хайыз кезіндегі талақ есепке алынады» деген пікірді ұстанған. Бұл (мәселесі)
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 861
Ибн Аббастан (Аллаһ әкесі екеуіне разы болсын). Ол: «Аллаһ елшісінің (с.а.с.) және Әбу Бәкірдің кезінде, сондай-ақ Омар халифалық еткен (алғашқы) екі жылда (бір жолы) үш талақ айту бір (талақ берілгенге) саналатын. Кейін Омар ибн әл-Хаттаб: «Негізінде, адамдар ұстамдылық етуі тиіс істе асығыстық жасайтын болды. Оларға осылай жасасақ қайтеді?» – деп, осылай жасады», – деп айтқан (1472/15). пікірді Ибн Омардың өзі айтқан, тіпті хадистің бір риуаятында ол мұны Пайғамбардың (с.а.с.) атынан жеткізген. Ғалымдар арасында «күйеуі хайыз жағдайында талақ етіп, сосын қайтарып алған әйелін етеккірінен тазарғанынан кейін талақ етуіне бола ма, әлде жоқ па?» деген мәселеде пікір қайшылықтары туындаған (Ибн Хажар). Хадистің риуаяттары бұған тыйым салынатынын көрсетеді. Сондықтан ол әйелінің келесі етеккірі келіп, одан тазаруын күтуі керек. Хадистің кейбір риуаяттарында әйелді етеккірінен тазарған соң немесе жүктілігі анықталғаннан кейін талақ ету жайында айтылған. Ибн Хажар бұл үкімнің астарында жатқан даналыққа қатысты бірнеше пікір келтірген, соның бірі – осы уақыт аралығында ер адамның ажырасу ниетінен бас тартып, райынан қайтуы мүмкін екені. Бұл хадис ер адам әйелін етеккір мерзімінде талақ етсе, оны өзінің және уәлилерінің келісімінсіз қайтарып ала алатындығын көрсетеді. Яғни бұлайша талақ берілсе, біржолата ажыратылады деген шешімге келді. Бұл жайлы екі түрлі пікір айтылған: 1) Таус және кейбір заһирилер, Хажжаж ибн Арата (хабарлардың бірінде), Мұхаммад ибн Исхақ және бірнеше ғалымдар, қарастырылып отырған хадиске орай, «бір жолы айтылған үш талақ бір мәрте талақ берілгенге саналады» деп есептеген. Сонымен бірге олар Ибн Омардан жеткен жоғарыдағы хадистің өзге бір риуаятын дәлелге келтіреді. Онда Ибн Омар хайыз жағдайындағы әйеліне бірден үш талақ айтқанда, бұл бір рет талақ берілгенге саналғандығы айтылған. 2) Төрт имам «Бірден үш талақ айту үш рет талақ етілгенге саналады» деген пікірді ұстанған. Олар «Талақ» сүресіндегі: «Ей, Пайғамбар! Әйелдерді талақ ететін болсаңдар, оларды белгіленген мерзімінде талақ етіңдер және мерзімді есептеңдер. Әрі Раббыларың – Аллаһтан қорқыңдар. Оларды үйлерінен шығарып жібермеңдер және олар өздері де шықпасын. Бірақ олардың ашық арсыздық істеуі – басқа. Міне, осы – Аллаһтың шектеулері. Ал кім Аллаһтың шектеулерінен асса, өз-өзіне әділетсіздік еткені. Сен білмейсің! Аллаһ осыдан кейін жаңа бір істі пайда етуі мүмкін» деген аятты дәлелге тартқан (Талақ, 1). Біз талқылап отырған хадисті олар «бұрын адамдар «талақ» сөзін үш рет қайталағанда көбінесе оларда үш рет талақ беру ниеті болмайтын, ал Омардың кезінде адамдардың көпшілігі үш дүркін талақты үш рет талақ ету ниетімен қайталайтын болды» деп түсіндіреді. шықса, бірақ ол (күйеуі) онымен жақындаспаса, (әйел) бірінші (күйеуіне) қайта алмайды
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 862
Пайғамбардың (с.а.с.) әйелі Айшадан (Аллаһ оған разы болсын). Рифаға әл-Қурази (Аллаһ оған разы болсын) әйелін талақ етіп, онымен біржола ажырасқан еді. Одан кейін (әйелі) Абдур-Рахман ибн Зәбирге (Аллаһ оған разы болсын) күйеуге шықты. (Бірде) ол (әйел) Пайғамбарға (с.а.с.) келіп: «Уа, Аллаһтың елшісі! Мен Рифағаның әйелі едім, содан ол мені соңғы рет үшінші мәрте талақ етті. Одан кейін мен Абдур-Рахман ибн Зәбирге күйеуге шықтым. Алайда, Аллаһпен ант етейін, онда мына сияқтыдан өзге ештеңе жоқ», – деп сырт киімінің шетін ұстады 3. Аллаһ елшісі (с.а.с.) езу тартып күліп4: «Мүмкін, сен Рифағаға қайтқың келетін шығар? Жоқ, (Рифағадан басқа біреу) сенің балыңды, ал сен оның балын татпайынша (бұған рұқсат етілмейді)», – деді. Сол кезде Әбу Бәкір әс-Сыддық Аллаһ елшісінің (с.а.с.) алдында, ал Халид ибн Сағид ибн Ас бөлменің есігі аузында отырған болатын, оған (кіруге) рұқсат етілмеген еді. Сонда Халид Әбу Бәкірге: «Аллаһ елшісінің (с.а.с.) алдында айтып тұрғанынан мынаны тыйып тастамайсың ба?» – деп дауыстай бастады (1433/112). Рифаға ибн Сәмәуәл – бәну құрайза тайпасының тумасы, бұрын яһуди болған, кейін Исламды қабылдаған сахаба. Сахабалардың бірі. Яғни әйел оның өзімен жақындаспайтынын аңдатып, белінің әлсіздігін меңзеп, киімінің шетін жыныс мүшесіне ұқсатып көрсеткен. Хадистің бір риуаятында: «ол (Пайғамбарға (с.а.с.) Ибн Зәбирдің) өзімен мүлдем жақындаспайтындығын айтты» деп көрсетілген. Ал тағы бір риуаятта: «Ол менімен бар болғаны бір рет аздап қана жақындасты», – деген. Сондықтан да шафиғи мазһабының өкілдері мен басқа да ғалымдар «әйел алғашқы күйеуіне қайтуы үшін кейінгі күйеуі оған шақуатпен, толыққанды жақындасуы керек» деп есептеген. Егер ол шақуат қабілеті жоқ, белсіз болса, бұл есепке алынбайды (қ.: «Фатх әл-Бәри»). Ғалымдардың айтуынша, мұнда Пайғамбарымыз (с.а.с.) оның әдетте әйелдер айтуға ұялатын жайтты қымсынбай айтып салғанына немесе кейінгі күйеуін жақтырмай, алғашқы күйеуіне қайтуды қалайтынына таңырқағандықтан күлген. Яғни басқа еркек сенімен, ал сен онымен жақындаспайынша. Бұл үш мәрте талақ етілген әйел басқа еркекке күйеуге шығып, онымен жақындаспайынша, кейін ол кісімен ажырасып, идда мерзімін күтпейінше, алғашқы күйеуіне қайта қосыла алмайтынын білдіреді. Түгелге дерлік ғалымдардың пікірі осыған тоғысады. Хасан әл-Басриден басқа ғалымдардың көпшілігі «кейінгі күйеудің бойынан кетпей жақындасуы жетерлік» деп есептесе, Хасан әл-Басри «сенің балыңнан татпайынша» деген сөзді негізге алып, бойынан кетіп, тояттауы шарт деп санайды. Сахаба, Эфиопияға қоныс аударғандардың бірі. Әс-Синдидің айтуынша, Халид Пайғамбарымыздың (с.а.с.) алдында әлгі әйелдің мұндай жайларды айтуын жаратпаған. тағаланың «Ей, Пайғамбар! Аллаһ өзіңе халал еткенді неге харам етесің?» деген сөзі мен осыған қатысты пікір қайшылықтары туралы
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 863
Ибн Аббастан (Аллаһ әкесі екеуіне разы болсын). Ол: «Егер кісі әйелін өзіне харам етсе, бұл ант болады, ол (антынан қайтқаны үшін) кәффарат шарасын өтейді. Ақиқатында, сендер үшін Аллаһ елшісінде (с.а.с.) көркем өнеге бар», – деп айтқан (1473/19).
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 864
Айшадан (Аллаһ оған разы болсын). Пайғамбар (с.а.с.) Зәйнәб бинт Жахштың алдында бөгеліп, онда бал ішіп жүреді. (Айша): «Сонда біз Хафса екеуміз Пайғамбар (с.а.с.) қайсымыздың алдымызға кірсе де: «Мен «Тахрим» сүресі, 1-аят. «Ақиқатында, сендер үшін Аллаһ елшісінде (с.а.с.) көркем өнеге бар» деген сөз «Ахзаб» сүресінің 21-аятында келген. Әл-Бұхаридің риуаятында: «Егер кісі әйелін өзіне харам етсе, ол өз сөзіне көңіл аудармауы керек» делінген. Ибн Хажар «Фатх әл-Бәри» кітабында «көңіл аудармау керек» деген тіркес бұлай етудің талақ түскенге саналмайтындығын білдіретінін нұсқаған. Шафиғи мазһабы өкілдерінің пікірінше, егер кісі әйелін өзіне харам ету арқылы ажырасуды көздесе, бұл талаққа жатады. Егер ол мұнымен зиһар етсе (әйелін анасына, қарындасына т.с.с. өзіне тыйым салынатын әйелге теңесе), бұл зиһар болып табылады. Ал егер ол осы екі нәрсенің ешқайсысын да көздемесе, айтқан анты үшін өтем төлеуі керек (ән-Нәуәуи). Қазы Ғиядтың айтуынша, «ер адамның әйелінен жай ғана бас тартып, оңашалануы талаққа жатпайды және одан өтем төлеуді немесе өзге де бір жазаны талап етпейді» деген пікірде ғалымдар бірауызды келісімге келген. Әйелді харам ету мерзіміне келсек, әл-Бұхари Ибн Омардың (Аллаһ әкесі екеуіне разы болсын): «Әйелін өзіне харам еткен кісі төрт айдан кейін әйеліне қайтуы немесе онымен ажырасуы керек. Ол әйелін талақ етпейінше, олардың некелері бұзылмайды», – деп айтқанын жеткізген. Әш-Шафиғи өзінің «Муснадында» (2/42/139) Сүлеймен ибн Ясардың (Аллаһ оған разы болсын): «Мен оннан астам сахабамен кездестім. Олардың барлығы әйелін өзіне харам еткен кісі белгіленген мерзім өткеннен кейін оған қайтуы керек не онымен ажырасуы керек деп есептейтін», – деп айтқанын нақыл еткен. Бұл хабар сенімді хабарлар санатына кіреді. Осы тұрғыда әл-Бәйһақи да (7/381) Ибн Аббастан (Аллаһ әкесі екеуіне разы болсын) сенімді хабар жеткізген. Онда Ибн Аббас: «Жәһилият дәуірінде ер адам әйелін бір жылға, тіпті екі жылға дейін өзіне харам етіп жүре беретін, алайда Аллаһ бұл үшін төрт ай мерзім белгіледі. Егер төрт ай өтпесе, мұны харам ету деп атауға болмайды», – деген. Сахабалар қатарындағы және табиғиндер мен олардан кейінгілердің арасындағы ғалымдардың көпшілігі «Харам ету мерзімі төрт айдан астам, ал одан қысқа болса, харам ету болып саналмайды» деген пікірде (ән-Нәуәуи). Төрт айдан соң кісі өзіне харам еткен әйелімен жақындаспаса, Хижаздың, Мысырдың ғұламалары, хадис ғалымдары мен заһирилердің пікірлері бойынша, оған әйелімен қайта жақындасуына немесе ажырасуына талап қойылады. Ал егер ол мұнымен келіспесе, оларды қазы ажырастырады. Пайғамбарымыздың (с.а.с.) әйелі. Хафса бинт Омар – Аллаһ елшісінің (с.а.с.) әйелі. сенен шайырдың иісін сезіп тұрмын. Сен не, шайыр жегенсің бе?» дейміз деп келістік», – дейді. Сөйтіп, (Пайғамбар (с.а.с.)) олардың біріне кіргенде, ол оған осыны айтады. Сонда (Пайғамбар (с.а.с.)): «Жоқ. Мен Зәйнәб бинт Жахштікінде бал ішкен едім. Енді оны ешқашан қайтып ішпеймін», – деп (жауап береді). Сол кезде: «...Аллаһ өзіңе халал еткенді неге харам етесің? (дегеннен) ...егер екеуің тәубе етсеңдер» деген сөзге дейінгі (аяттар) түсті . (Мұндағы «екеуің» деген сөз) Айша мен Хафсаға (қарата айтылған. Ал аяттағы): «Пайғамбар әйелдерінің біріне құпиялап айтқанда» (деген сөз Пайғамбардың (с.а.с.)): «Жоқ. Мен бал іштім» деген сөзіне қатысты (1474/20).
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 865
Айшадан (Аллаһ оған разы болсын). Ол: «Аллаһ елшісі (с.а.с.) тәттілер мен балды ұнататын . Ол аср (намазын) оқыған соң (кезекпен) әйелдерін аралап, оларға жақындайтын . (Бірде) ол Хафсаның (бөлмесіне) Мұнда ғұрфут деп аталатын өсімдіктен бөлінетін желім тәріздес шайыр туралы айтылған. Оның дәмі шырын болғанмен, иісі жағымсыз болатын, ал Пайғамбар (с.а.с.) өзінен жағымсыз иістің шығуынан қатты сақтанатын (ән-Нәуәуи). Мұнда: «Ей, Пайғамбар! Аллаһ өзіңе халал еткенді әйелдеріңнің ризалығын іздеп неге харам етесің? Аллаһ өте Кешірімді, ерекше Рақымды. Аллаһ сендерге анттарыңа кәффарат өтеуді парыз етті. Аллаһ – сендердің Қожайындарың. Ол – бәрін Білуші, аса Дана. Пайғамбар әйелдерінің біріне бір сөзді құпиялап айтып, ал ол (әйелі) оны (Пайғамбардың (с.а.с.) құпиясын біреуге) айтып қойғанда, Аллаһ оны (құпияның айтылғанын Пайғамбарға) білдірді. Сонда ол оның кейбірін айтып, кейбірін елемеді. (Пайғамбар) оны айтқан кезде, ол: «Сені мұнан кім хабардар етті?» – деді. (Пайғамбар): «Маған (мұны) бәрін Білуші, бәрінен Хабардар айтты», – деді. Егер екеуің Аллаһқа тәубе етсеңдер; өйткені сендердің жүректерің бұра тартты. Егер екеуің оған (Пайғамбарға) қарсы бір-біріңе жақтассаңдар, шындығында, Аллаһ – оның сүйеніші және Жәбірейіл мен мүміндердің ізгілері, содан кейін періштелер оған жақтасушы. (Пайғамбар) сендерді талақ етсе, Раббысы оған сендерден артық мұсылман, мүмін, бойсұнушы, тәубеге келуші, құлшылық етуші, қоныс аударушы, келіншек және қыз әйелдерді алмастырып беруі мүмкін» деген аяттар туралы айтылған (Тахрим, 1-5). Бұдан тәттілікке үйір болу тәркідүниелік пен өз-өзін бақылауға қайшы келмейді деген қорытынды шығаруға болады (ән-Нәуәуи). Ибн Хажар «Фатх әл-Бәри» кітабында айтуынша, мұндағы «жақындайтын» деген сөз – хадистің басқа бір риуаятында көрсетілгендей, «тек қана аймалап, сүйетін» дегенді білдіреді. Ғұруа Айшаның (Аллаһ оған разы болсын) өзіне: «Ей, жиенім! Аллаһ елшісі (с.а.с.) біздің әрбірімізді кезекпен аралайтын және ешқайсымызға артықшылық бермейтін. Ол күн сайын дерлік әйелдерінің барлығын аралап, әрқайсысына жыныстық қатынасқа бармай жақындайтын. Содан кейін кезекті түнін өткізетін әйеліне баратын», – деп айтқанын нақыл еткен. Хадисті Ахмад пен Әбу Дәуд жеткізген, ал біз ұсынған мәтінді Әбу Дәуд келтірген. Бұл хадисті әл- Хаким «сахих», ал кейбіреулер «хасан» хадис санатына жатқызады. Сондықтан да шафиғи мазһабының өкілдері «қажеттілік туғанда ер адамның күндіз кезегі келмеген әйелінің үйіне кіруіне рұқсат етіледі, бірақ онымен жыныстық қатынасқа кіріп, оның алдында әдетте бөгелетінінен көбірек бөгеліп қалды. Мен бұл жайлы сұрастырған едім, маған: «Қауымынан бір әйел оған бір мес бал сыйлады. Ол Аллаһ елшісіне (с.а.с.) содан біраз құйып берді», – деді. Мен: «Аллаһпен ант етейін, біз ол үшін қулық істейміз!!!» – деп (түйдім). Сөйтіп, мұны Сәудәға айтып: «(Пайғамбар (с.а.с.)) алдыңа кіріп, өзіңе жақындағанда, оған: «Уа, Аллаһтың елшісі! Сен шайыр жедің бе?» – деп (сұра). Ол саған: «Жоқ», – дейді, ал сен оған: «Онда мынау не иіс?» – деп айт. – Аллаһ елшісі (с.а.с.) өзінен (жағымсыз) иістің сезілуін қатты ұнатпайтын. – Ол саған: «Хафса маған бал берген», – дейді, сонда оған: «(Мүмкін), бал аралары бал жинау үшін ғұрфут (өсімдігінің шайырын) жалаған (болар)», – де. Мен де оған соны айтамын. Сен де солай деп айт, ей, Сафия3!» – деп (тапсырдым). Содан (Пайғамбар (с.а.с.)) Сәудәның алдына кірді. (Кейіннен) Сәудә (маған): «Одан басқа ешбір құдай жоқ (Аллаһ)пен ант етейін, (Пайғамбар (с.а.с.)) есігімнің алдында тұрғанда-ақ, сенен қорыққанымнан оған өзің айтқан сөзді айтуға дайын тұрдым», – дейтін. (Пайғамбар (с.а.с.)) жақындағанда, (Сәудә оған): «Уа, Аллаһтың елшісі! Сен шайыр жедің бе?» – деп (сұрайды). Ол: «Жоқ», – дейді. (Сәудә): «Онда мынау не иіс?» – деп (сұрайды. Пайғамбар (с.а.с.)): «Хафса маған бал берген», – дейді. (Сәудә болса): «(Мүмкін) бал аралары бал жинау үшін ғұрфут (өсімдігінің шайырын) жалаған (болар)», – дейді. Өзіме кіргенде, оған мен де осы сияқты сөздер айттым. Содан кейін Сафияға кіргенінде, ол да осы сияқты сөзді айтты. Осыдан кейін ол Хафсаға кіргенінде, ол: «Уа, Аллаһтың елшісі! (Балдан) құйып берейін бе?» – дегенде, (Пайғамбар (с.а.с.)): «Жоқ, оның қажеті жоқ», – депті. Сәудә (сонда): «Субханаллаһ! Аллаһпен ант етейін, біз оған (балды) харам етіп қойдық қой!» – деген еді, мен оған: «Тіс жарма», – деп айттым», – деген (1474/21).
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 866
Жәбир ибн Абдуллаһтан (Аллаһ әкесі екеуіне разы болсын). Ол: «(Бір жолы) Әбу Бәкір Аллаһ елшісінің (с.а.с.) алдына кіруге рұқсат сұрап келді. Ол адамдардың оның есігі алдында отырғанын көрді, олардың ешқайсысына (кіруге) рұқсат етілмеген-ді. Әбу Бәкірге рұқсат етілді де, ол ішке кірді», – деп айтқан. «Одан кейін Омар келіп, рұқсат сұрады. Оған да рұқсат етілді. (Әбу Бәкір) Пайғамбардың (с.а.с.) әйелдері айналасында бармауы керек» деп есептеген. Ибн Хажар бұған қосымша «күндіз түнде кезегі болатын әйелімен жақындасуға рұқсат етіледі» деген пікір білдірген. Яғни Пайғамбар (с.а.с.) Хафсаның үйінде көп кідірмеуі үшін. Сәудә бинт Замға – мүміндердің анасы, Пайғамбарымыздың (с.а.с.) әйелдерінің бірі. Сафия бинт Хаййай – Пайғамбарымыздың (с.а.с.) жұбайы. Айша Пайғамбарымыздың (с.а.с.) сүйікті әйелі болғандықтан, Сәудә Айшаны ашуландырып алса, ол Пайғамбарды (с.а.с.) өзіне қарсы үгіттеуінен қорыққан. Яғни келесі күні (Ибн Хажар). түйіліп, үнсіз отырғанын көріп, (іштей): «Пайғамбарды (с.а.с.) күлдіретін бір нәрсе айтамын» деді де: «Уа, Аллаһтың елшісі! Егер де сен Харижаның қызының менен қаражат сұрағанын көрсең, оған барып, желкесінен түйгіштеймін», – деді. Аллаһ елшісі (с.а.с.) күліп: «Өзің көріп тұрғандай, мыналар төңірегімде менен қаражат сұрап отыр», – деді. Сонда Әбу Бәкір Айшаға барып, оның желкесінен түйгіштей бастады. Омар Хафсаға барып, желкесінен түйгіштей бастады . Екеуі де: «Сендер Аллаһ елшісінен (с.а.с.) онда жоқ нәрсені сұрап отырсыңдар ма?» – деді. Олар: «Аллаһпен ант етейік, енді Аллаһ елшісінен (с.а.с.) ешқашан онда жоқ нәрсені сұрамаймыз», – деді. Содан кейін (Пайғамбар (с.а.с.) әйелдерінен) бір ай немесе жиырма тоғыз күн оңашаланды. Кейін оған: «Ей, Пайғамбар! Әйелдеріңе айт... (дегеннен) ...сендердің араларыңдағы игілік істеушілерге ұлы сый» дегенге дейінгі осы аят түсті . Сонда (Пайғамбар (с.а.с.)) Айшадан бастап: «Ей, Айша! Мен саған бір мәселеге ұсыныс тастағым келеді және ата-анаңмен ақылдаспайынша, оған қатысты асықпағаныңды қалаймын», – деді. (Айша): «Ол не, уа, Аллаһтың елшісі!» – деді. (Пайғамбар (с.а.с.)) оған аятты оқыды. (Сонда Айша): «Уа, Аллаһтың елшісі! Сен жөнінде ата-анаммен ақылдасамын ба? Әрине, мен Аллаһты, Оның елшісін және Ақырет мекенін таңдаймын. Бірақ сенен менің айтқанымды әйелдеріңнен ешқайсысына хабарламауыңды сұраймын», – деді . Ол: «Олардың біреуі менен сұраса, оған: ақиқатында, Аллаһ мені қиындық жүктеуші және жәбірлеуші етіп жібермегенін, керісінше, тәлім беруші және жеңілдетуші етіп жібергенін айттым», – деді» (1478/29).
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 867
Масруқтан . Ол: «Әйелім мені таңдағаннан кейін оған бір рет әлде жүз рет немесе мың рет таңдау беремін бе, оған көңіл бөлмеймін. Айшадан Бұдан егер біреу жолдасының түйіліп, тұнжырап жүргенін көрсе, оны жадыратып, көңілін көтеретін сөз айтуының мустахаб екендігі көрінеді (ән-Нәуәуи). Айша Әбу Бәкірдің, Хафса Омардың қызы еді. Бұл әкесінің қызына күйеуі болса да тәрбие беруі керектігін көрсетеді. Мұнда «Ей, Пайғамбар! Әйелдеріңе айт: «Егер сендер дүние тіршілігі мен оның сән-салтанатын қалайтын болсаңдар, онда бері келіңдер, сендерге біраз дүние берейін де, көркем түрде қоя берейін. Ал егер Аллаһты, Оның елшісін және Ақырет мекенін қалайтын болсаңдар, ақиқатында, Аллаһ сендердің араларыңдағы игілік істеушілерге ұлы сый әзірлеген» деген аят туралы айтылған (Ахзаб, 28-29). Әл-Бұхари, Әбу Сәләмә ибн Абдур-Рахманнан жеткізген хадисте: «Содан кейін Пайғамбардың (с.а.с.) жұбайлары да Айшаның жасағанын жасады»; Енді бір риуаятта: «Айша айтқандай сөзді айтты» делінген. Бұл мүміндердің аналарының – Пайғамбардың (с.а.с.) барлық әйелдерінің қадір-қасиетін, парасаттылығын көрсетеді. Олар барлығы бірауыздан Аллаһты және Оның елшісін таңдап, Ақырет мекенін осы дүние тіршілігінен артық қойған. Әбу Айша Масруқ ибн Аждағ, табиғин, хадис жеткізуші. (Аллаһ оған разы болсын) сұрағанымда, ол: «Біз Аллаһ елшісін (с.а.с.) таңдадық. Бұл талақ болды ма?» – деп айтты», – деген (1477/25). жақтассаңдар...» деген сөзі жөнінде
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 868
Абдуллаһ ибн Аббастан (Аллаһ әкесі екеуіне разы болсын). Ол: «Мен Омар ибн әл-Хаттабтан бір аят жайлы сұрағым келіп, бір жыл жүрдім. Бірақ оның мысы басып тұратындықтан, одан сұрай алмайтынмын», – деп айтқан. «Содан ол қажылыққа шыққанда, мен де онымен бірге шықтым. Ол кері қайтып, жолдың бір бөлігінде болғанымызда, ол қажетін өтеу үшін мия ағашына қарай бұрылды. Мен оны аяқтағанша күтіп тұрдым. Содан кейін онымен бірге жүріп: «Уа, мүміндердің әміршісі! Аллаһ елшісінің (с.а.с.) жұбайларынан оған қарсы бір-біріне жақтасқан екеуі кімдер?» – деп (сұрадым). «Олар Хафса және Айша», – деді. Оған: «Аллаһпен ант етейін, сенен осы жайлы бір жылдан бері сұрағым келіп жүрген. Бірақ сенің мысың басып тұратындықтан, сұрай алмадым», – дедім. Ол: «Бұлай етпе. Егер менде бір білім бар деп ойласаң, ол жайлы сұра. Оны білетін болсам, айтып беремін», – деді»; «Сосын Омар: «Аллаһпен ант етейін, біз жәһилият кезінде ешбір істе әйелдермен санаспайтынмыз. Кейін Аллаһ тағала оларға қатысты түсіргенін түсіріп, оларға берген үлесін берді. Бірде мен бір істің жайын ойланып отырғанымда, әйелім маған: «Былай-былай етсең қайтеді?» – деді. Оған: «Сенің мұнда не шаруаң бар? Мен қалайтын іске неге килігесің?» – дедім. Ол маған: «Саған таңғаламын, ей, әл-Хаттабтың баласы! Сен өзіңе сөз қайтарылуын қаламайсың? Ал қызың Аллаһ елшісіне (с.а.с.) сөз қайтарып, тіпті ол күні бойы ашуланып жүреді», – деді. Мен дереу ридамды алып, үйімнен шықтым да, Хафсаның алдына кірдім. Одан: «Ей, қызым! Сен, шынымен де, Аллаһ елшісіне (с.а.с.) сөз қайтарып, ол күні бойы ашуланып жүреді ме?» – деп (сұрадым). Хафса: «Аллаһпен ант етейін, біз оған сөз қайтарамыз», – деді. Сонда мен: «Білесің бе, ей, қызым! Мен сені Аллаһтың жазасынан және Оның елшісінің ашуынан сақтандырамын. Сені әдемілігі әрі Аллаһ елшісіне (с.а.с.) сүйікті болғаны сүйсіндірген ана біреу (Омар Айшаны меңзеген) алдандырмасын », – дедім. Содан кейін сыртқа шығып, туысым болғаны үшін Умму Сәләмәның Басқа бір риуаятта: «Бұл талақ болмады» деп айтылған. Бұл ер адам әйеліне таңдау ұсынса, оның талаққа есептелмейтініне дәлел болып табылады. Төрт имам және ғалымдардың көпшілігінің пікірі осыған тоғысады. «Тахрим» сүресі, 4-аят. Яғни Айшаның мен саған тыйым салған істерді істеуі сені алдандырмасын. Пайғамбар (с.а.с.) оны бұл үшін жазаламайды. Өйткені ол әдемілігі және Аллаһ елшісі (с.а.с.) өзін жақсы көретіні себепті еркелейді. Ал сенің Пайғамбар (с.а.с.) алдындағы мәртебең мұншалықты болмауы ықтимал. Сондықтан сен бұған алданба. Мүміндердің анасы, Пайғамбарымыздың (с.а.с.) әйелдерінің бірі. алдына кіріп, онымен сөйлестім. Умму Сәләмә маған: «Саған таңғаламын, ей, әл-Хаттабтың баласы! Барлық істерге араласып болдың, енді Аллаһ елшісі (с.а.с.) мен оның әйелдерінің арасына килігуді қалайсың ба?» – деді. Ол мені сондайлық (сөзден) ұстап, мендегі кейбір нәрселерді күйретіп жіберді. Сөйтіп, мен оның алдынан шықтым. Менің ансарлар қатарындағы бір жолдасым бар еді. Ол маған бармаған кезімде орын алған хабарларды жеткізетін. Мен де оған бармаған кезіндегі хабарларды жеткізетінмін . Сол уақытта біз Ғассан патшаларының бірінен қауіптеніп жүргенбіз. Оның бізге қарай жорық жасамақ болып жүргені айтылған-ды. Біздің жүрегіміз (алаңдаушылыққа) толы еді. (Кезекті күні) ансар жолдасым келіп, есікті қағып: «Аш, аш!» – деді. Мен: «Не, ғассандар келіп қалды ма?» – деп (сұрадым). Ол: «Бұдан да қиын. Аллаһ елшісі (с.а.с.) әйелдерінен оңашаланды», – деді . Мен: «Хафса мен Айшаның мұрны жерге жабысты!» – дедім де, киімімді алып, сыртқа шықтым. Келсем, Аллаһ елшісі (с.а.с.) баспалдақпен көтерілетін жерден көтеріңкі бөлмесінде екен. Аллаһ елшісінің (с.а.с.) қара тәнді қызметкері баспалдақтың басында тұрды. Мен: «Бұл Омар ғой», – дедім. Сосын маған (кіруге) рұқсат етілді. Мен Аллаһ елшісіне (с.а.с.) осы әңгімені айтып бердім. Умму Сәләмәның әңгімесіне жеткен кезімде, Аллаһ елшісі (с.а.с.) езу тартты. Ол ештеңесіз (көрпе салынбаған) тоқыма алашаның үстінде жатыр екен. Басына астарына құрма талшықтары салынған тері жастық жастаныпты. Аяқ жағында үйілген ағаш жапырағы болды. Ал бас жағында иленбеген тері ілініп тұрды. Мен Аллаһ елшісінің (с.а.с.) Бұдан білім алынатын мәжілістерден қалмау және әркімнің мәжілістердің барлығына түгел қатысуға мүмкіндігі болмаған жағдайда оған кезектесіп барудың мустахабтығы көрінеді. Басқа бір риуаятта көршісі Омарға Пайғамбар (с.а.с.) әйелдерін талақ қылғанын хабарлаған. Омардың қызы Аллаһ елшісінің (с.а.с.) әйелдерінің бірі Хафса болғандықтан, бұл ол үшін қиын жағдай еді. Ибн Сағд Айшадан жеткізген риуаятта хабар әкелген көрші: «Аллаһ елшісі (с.а.с.) әйелдерін талақ қылды ма деп ойлаймын», – деп айтқан. Бірақ Пайғамбар (с.а.с.) әйелдерін талақ қылмай, олардан оңашаланып, үйлеріне кірмеуге ант ішкен еді. Алайда адамдар Пайғамбар (с.а.с.) әйелдерін талақ қылды деп ойлап қалған-ды. Муслим Ибн Аббастан жеткізген хадисте Омардың: «Мешітке кірсем, адамдар: «Аллаһ елшісі (с.а.с.) әйелдерін талақ қылды» деп айтып жүр екен», – дегені риуаят етілген. Мұнда, сірә, кейбір мұнафықтардың өсек-аяңы себепті адамдар арасында осындай қаңқу сөздер тарап кетсе керек. Өйткені Пайғамбардың (с.а.с.) әйелдерінен бұлайша оңашалануы бұрын-соңды кездеспеген тосын жай болатын. Муслим жеткізген риуаятта «Қашан оларға аманшылықтан не қауіп-қатерден бір хабар келсе, олар сол сәтте-ақ оны жайып жібереді. Егер де олар оны Пайғамбарға не өздерінің билік басындағыларына ұсынса, олардан оның мән-жайын білер еді» (Ниса, 83) деген аят осы жағдайға қатысты түскені көрсетілген (қ.: «Фатх әл-Бәри»). Бұл сахабалардың Пайғамбарымызға (с.а.с.) қаншалықты көңіл аударғанын көрсетеді. Пайғамбарымызды (с.а.с.) мазасыздандырған жайттар оларды да мазасыздандыратын (ән-Нәуәуи). бүйірінен алашаның ізін көріп, жылап жібердім. (Пайғамбар (с.а.с.)): «Неге жылап отырсың?» – деп (сұрады). Мен: «Уа, Аллаһтың елшісі! Әлгі Кисра мен Император өздеріндегі мүліктердің арасында отыр. Ал сен – Аллаһтың елшісісің», – дедім. Сонда Аллаһ елшісі (с.а.с.): «Сен ол екеуіне дүние, ал өзіңе Ақырет болуына разы болмайсың ба1?» – деді», – деп айтты» (1479/31). Тағы бір риуаятта «бізге» делінген. Яғни Аллаһ елшісі (с.а.с.) оларға игіліктер бұл дүниеде берілсе, бізге Ақыретте беріледі дегенді аңдатқан. Пайғамбарымыздың (с.а.с.) әйелдерінен оңашаланып, олардың үйлеріне кіруден бас тартқан себебі, келесі бір риуаятта көрсетілгендей: «Сөйтіп, Пайғамбар (с.а.с.) Хафсаның Айшаға жайып салған әлгі әңгімесі себепті әйелдерінен жиырма тоғыз түнге оңашаланды. (Пайғамбар (с.а.с.)) Аллаһ оны кінәлаған кезде, оларға қатты ренжіп: «Мен оларға бір ай кірмеймін», – деген еді» деп түсіндірілген. Мұндағы Аллаһ тағала Пайғамбарды (с.а.с.) кінәлаған кезде деп «Тахрим» сүресінің бас жағындағы аяттар туралы айтылған (Тахрим, 1-5). Ғұламалар Пайғамбардың (с.а.с.) өз-өзіне харам етіп, Аллаһ тағаладан ескерту алған ісі жөнінде де, әйелдеріне ренжіп, оларға бір ай бас сұқпауға ант ішуі себебі жөнінде де пікір қайшылығына түскен. Мұның бір ұшығы Аллаһ елшісі (с.а.с.) Хафсаның көңілі үшін өз-өзіне Мысыр патшасы сыйға тартқан күңі Марияға жақындасуға тыйым салғанына, екінші бір ұшығы Пайғамбардың (с.а.с.) ендігәрі бал жеуден бас тартқанына барып тіреледі (қ.: «Фатх әл-Бәри»). Әйтсе де ғалымдардың көпшілігі екінші себепке басымдық берген. 13. ИДДА1 КІТАБЫ жайлы
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 869
Ғұбайдуллаһ ибн Абдуллаһ ибн Ғұтба . Оның әкесі Омар ибн Абдуллаһ ибн Арқам әз-Зуһриге , Субайға бинт Харис әл-Әсләмияның алдына кіріп, одан басынан өткен жағдайы жайлы және ол Аллаһ елшісінен (с.а.с.) пәтуа сұраған кезде, (Пайғамбардың (с.а.с.)) оған не айтқаны туралы сұрауын бұйырып, хат жазады. Омар ибн Абдуллаһ Абдуллаһ ибн Ғұтбаға жазған хатында Субайғаның өзіне бәну амир ибн луәй (руындағы) Сағд ибн Хауланың әйелі болғанын хабарлағандығын айтқан. (Сағд) Бәдір (шайқасына) қатысқандардың бірі болатын. Ол қоштасу қажылығы жылы (әйелі) жүкті кезде қайтыс болған-ды. (Күйеуі) қайтыс болғаннан кейін көп уақыт өтпей (Субайға) босанады. Ол нифасынан тазарған соң, айттырып келушілер үшін сәндене бастайды. (Бірде) оның алдына бәну абдуд-дар (руынан) Әбус-Сәнәбил ибн Бағкак деген бір кісі кіріп, оған: «Сен неге сәнденіп алғансың? Сірә, сен күйеуге шығуды қалайтын шығарсың? Аллаһпен ант етейін, төрт ай он күн өтпейінше сен күйеуге шыға алмайсың», – дейді. Субайға: «Ол маған осыны айтқан соң, кеш түсе киімдерімді киіп, Аллаһ елшісіне (с.а.с.) бардым. Одан осы жайлы сұрағанымда, ол сәбиімді туғаннан кейін менің (күту мерзімінен) босағаным жайлы пәтуа берді және маған мүмкіндік туса, күйеуге шығуды бұйырды», – деген. Ибн Шиһаб6: «Мен, (әйел) босанғаннан кейін нифас қанынан тазармаған болса да, күйеуге шықса, оқасы жоқ деп санаймын. Бірақ күйеуі онымен тазарғанына дейін жақындаспайды», – деп айтқан (1484/56). Идда – күйеуі қаза болған не ажырасқан әйелге сол аралықта басқа еркекпен тұрмыс құруына рұқсат етілмейтін күту мерзімі. Фақиһ, табиғин, хадис жеткізуші. Табиғин, хадис жеткізуші. Мәдиналық сахаба әйел. Сахаба. Мұхаммед ибн Муслим әз-Зуһри, табиғин, хадис жеткізуші. Әл-Бұхари Умму Сәләмәдан жеткізген хадисте Субайға күйеуі қайтыс болғаннан кейін қырық күннен соң босанғаны айтылған. Төрт имам және ғалымдардың көпшілігі «күйеуі қайтыс болған жүкті әйелдің идда мерзімі босанғанынан кейін аяқталады» деп есептеген. Шафиғи мазһабы өкілдерінің пікірінше, мұнда туылған бала сау туыла ма, әлде түсік тасталған бола ма – оның айырмашылығы жоқ. Өйткені хадисте бұған қатысты нұсқау келмеген. Негізінде, күйеуі қайтыс болған әйелдердің идда мерзімі «Бақара» сүресіндегі аятқа сәйкес, төрт ай он күн. Алайда осы хадиске және «Талақ» сүресіндегі жүкті әйелдердің идда мерзімі босанғандарынан кейін аяқталатыны жайлы аятқа орай, жүкті әйелдердің идда мерзімі негізгі үкімнен тысқары қарастырылады. жөнінде
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 870
Жәбир ибн Абдуллаһтан (Аллаһ әкесі екеуіне разы болсын). Ол: «Менің нағашы әпкем күйеуінен ажырасқан еді. Ол құрмасын жинағысы келгенде, бір кісі оны сыртқа шығудан қайтарды. Сонда ол Пайғамбарға (с.а.с.) келді. (Пайғамбар (с.а.с.) оған): «Әрине, құрмаңды жина. Мүмкін, сен садақа беретін немесе жақсылық жасайтын боларсың», – деп айтты», – деген (1483/55). (үйінен) шығуы
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 871
Фатима бинт Қайстан (Аллаһ оған разы болсын). Ол: «Мен: «Уа, Аллаһтың елшісі! Күйеуім мені үш рет талақ етті. Ал мен өзіме біреулердің баса-көктеп кіруінен қорқамын», – дедім», – деп айтқан. Сонда ол (Пайғамбардың (с.а.с.)) бұйыруымен (басқа үйге) көшкен (1482/53).
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 872
Әбу Сәләмә ибн Абдур-Рахман ибн Ауфтан . Оған Фатима бинт Қайс өзінің Әбу Амр ибн Хафс ибн Муғираның әйелі болғанын және оның өзін соңғы рет – үшінші мәрте талақ еткенін хабарлаған. Оның айтуынша, (Фатима сонда) үйінен шығуы жөнінде Аллаһ елшісінен (с.а.с.) пәтуа сұрап келген. Сонда (Пайғамбар (с.а.с.)) оған соқыр Ибн Умму Мәктумның (үйіне) көшуін бұйырған . Бірақ Маруан талақ етілген әйелдің үйінен шығуына қатысты оның (сөзін) растаумен келіспеген . Ал Ғұруа6: «Айша Фатима бинт Қайстың мұнысын теріске шығарған», – деп айтқан (1480/40). Мәлик, әш-Шафиғи, Ахмад және басқалар «күйеуінен біржола ажырасқан әйелге идда мерзімі кезінде қажеттілік туғанда сыртқа шығуға рұқсат етіледі» деп есептеген. Төрт имамның пікірі «бұл күйеуі қайтыс болған әйелге рұқсат етіледі» деген мәселеде бір жерден шығады. Сахаба Абдур-Рахман ибн Ауфтың ұлы, табиғин, хадис жеткізуші. Басқа бір риуаятта Ибн Умму Мәктум оның көкесінің баласы болғаны айтылған. Маруан ибн Хакам, мұсылман әмірлерінің бірі, табиғин, хадис жеткізуші. Маруан «Фатима бинт Қайстың хадисі талақ етілген әйелдің үйінен себепсіз шығуына дәлел болмайды» деп есептеген (Ибн Хажар). Ғұруа ибн Зубәйр, сахаба Зубәйр ибн Аууам мен Әсмә бинт Әбу Бәкірдің ұлы, фақиһ-ғалым, табиғин, хадис жеткізуші. Ибн Мәжәһ Ғұруадан жеткізген хабарда (№2032) Айша: «Фатима адамдар жоқ жерде тұратындықтан, оған қорқынышты болды. Сондықтан оған Аллаһ елшісі (с.а.с.) осыған рұқсат етті», – деп айтқан. Кейбір мухаддистер бұл хабарды «хасан» санатына жатқызған. Ән-Нәуәуидің айтуынша, «Талақ» сүресіндегі аятқа сәйкес, талақ етілген әйелді, жанжал туғызбаса және жаман қылығы болмаса, үйінен қууға болмайды. Сондай-ақ біреулердің баса-көктеп кіруі немесе тиісуі сияқты күйеуге шығуы жайлы
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 873
Фатима бинт Қайстан (Аллаһ оған разы болсын). Оны күйеуі үш рет талақ еткен еді. Аллаһ елшісі (с.а.с.) оған баспана да, қаражат та ажыратпаған болатын. Ол: «Аллаһ елшісі (с.а.с.) маған: «Идда мерзімің аяқталғанда, маған хабар бер», – деді. Сөйтіп, мен оған хабар бердім», – деген. Бұдан кейін оны Муғауия, Әбу Жәһм және Усама ибн Зәйд айттырады. (Осыған орай) Аллаһ елшісі (с.а.с.): «Муғауия – мал-дүниесі жоқ кедей кісі. Ал Әбу Жәһм – әйелдерге қол жұмсайтын кісі. Бірақ Усама ибн Зәйд...», – дегенде, (Фатима) қолымен ишара жасап: «Усама! Усама!» – дейді. Сонда Аллаһ елшісі (с.а.с.) оған: «Аллаһқа бойсұну және Оның елшісіне бағыну – сен үшін жақсырақ», – деген. (Фатима): «Сөйтіп, мен оған (Усамаға) күйеуге шығып, қуанышқа бөлендім», – деп айтқан (1480/47). сәнденбеуі және сүрме жақпауы жайлы
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 874
Хумайд ибн Нафиғден . Оған Зәйнәб бинт Әбу Сәләмә (Аллаһ әкесі екеуіне разы болсын) осы үш хадисті хабарлаған. Ол: «Зәйнәб маған: «(Бірде) мен Пайғамбардың (с.а.с.) әйелі Умму Хабибаның алдына кірдім. Сол уақытта оның әкесі Әбу Суфиян қайтыс болған еді. Умму Хабиба халуқ немесе басқа бір сары түс араласқан иіссу алдырып, одан күңге жақты, сосын өзінің екі самайын сипады. Содан кейін ол: «Аллаһпен ант етейін, маған иіссудың түкке де қажеті жоқ. Бірақ мен Аллаһ елшісінің (с.а.с.) мінбер үстінде тұрып: «Аллаһқа және Ақырет күніне сенетін әйелге қайтыс болған (туысы) үшін үш күннен артық қара жамылуына рұқсат етілмейді. Ол тек күйеуі үшін төрт ай он күн (қара жамылып, сәнденбейді)», – дегенін естідім», – деді», – деген. қауіп болмаса, оның өзіне де зәруліксіз үйінен шығуына рұқсат етілмейді. Хадисті әл-Бұхари де өзінің жинағында осыған ұқсас тақырыптағы тарауда келтірген. Бұл хадистен мынадай қорытындылар шығаруға болады: – біржола талақ етілген әйелде күйеуі жағынан қаражатпен қамтамасыз етілу құқығы жоқ екені; бір топ ғалым онда баспанамен қамтамасыз етілу құқығы да жоқ екенін айтқан; – алдында біреу айттырғанмен, оған әлі келісімі берілмеген әйелді басқа біреулердің айттыруына рұқсат етілетіні; – нұсқау-кеңес үшін біреудің кемшілігін сыртынан айтуға рұқсат етілетіні; – қалыңдық және оның уәлиі келіссе, тең емес адамдардың үйленуіне рұқсат етілетіні. Өйткені Усама ибн Зәйд азат етілген құл еді, ал Фатима құрайыш тайпасынан шыққан басы азат әйел болатын. Табиғиндер қатарындағы хадис жеткізуші. Сахаба Әбу Сәләмә мен Пайғамбарымыздың (с.а.с.) әйелі Умму Сәләмәның қызы. Халуқ – сары түсті иіссу түрі. Зәйнәб: «Кейін мен Зәйнәб бинт Жахштың алдына оның бауыры қайтыс болған кезде кірдім. Ол иіссу алдырып, одан жақты да: «Аллаһпен ант етейін, маған иіссудың еш қажеті жоқ. Бірақ мен Аллаһ елшісінің (с.а.с.) мінбер үстінде тұрып: «Аллаһқа және Ақырет күніне сенетін әйелге қайтыс болған (туысы) үшін үш күннен артық қара жамылуына рұқсат етілмейді. Ол тек күйеуі үшін төрт ай он күн (қара жамылып, сәнденбейді)», – дегенін естідім», – деді»; Зәйнәб: «Мен анам Умму Сәләмәның: «Бір әйел Аллаһ елшісіне (с.а.с.) келіп: «Уа, Аллаһтың елшісі! Менің қызымның күйеуі қайтыс болған еді. Ал оның көзі ауырып жатыр. Оған сүрме жақсақ бола ма?» – деп (сұрағанда), Аллаһ елшісі (с.а.с.) екі не үш рет: «Жоқ», – деп (жауап берді). Содан кейін ол: «Негізінде, бұл төрт ай он күн . Сендердің бірің жәһилият кезінде жыл өткен соң тезек лақтыратын», – деді», – деп айтқанын естідім», – деген. Хумайд: «Мен Зәйнәбтен: «Жыл өткен соң тезек лақтыру деген не?» – деп (сұраған) едім, Зәйнәб: «Әйел күйеуі қайтыс болғанда жыл өткенге дейін кішкентай тар бөлмеге кіретін, ең жаман киімдерін киетін және иіссу да, басқа да жақпайтын. Содан кейін оған бір жануар: есек не қой немесе құс әкеліп, ол онымен сүртінетін. Ол сүртінген жануардың өлмей қалуы сирек кездесетін. Сосын ол сыртқа шығатын. Оған тезек берілетін де, ол оны лақтыратын. Содан кейін ол өзі қалаған иіссуды немесе басқаны қайтадан пайдаланатын», – деді», – деп айтқан (1486/58, 1488, 1489). бас тартуы
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 875
Умму Атиядан (Аллаһ оған разы болсын). Аллаһ елшісі (с.а.с.): «Әйел қайтыс болған (туысы) үшін үш күннен артық қара жамылмайды. Ол тек күйеуі үшін төрт ай он күн (қара жамылады), боялған жіптен тоқылған киім болмаса, боялған киім кимейді, сүрме жақпайды және иіссу жағынбайды, тек (етеккірден) тазарған кезінде қусттың немесе азфардың кішкене бөлігін (пайдаланса болады)», – деп айтқан (1491/66). Пайғамбарымыздың (с.а.с.) әйелі. Яғни Пайғамбарымыз (с.а.с.) төрт ай он күннен артық қара жамылмауға бұйырған. Жәһилият дәуіріндегі тезек лақтыру ғұрпы, күйеуі үшін бір жыл бойы бұлайша қара жамылу оның алдындағы міндеттермен салыстырғанда осылай тезек лақтырғандай оңай дегенге саятын. Басқалар мұның мәні «әйел қара жамылудан осы тезектен ажырағандай ажырайды» дегенді білдіретінін айтқан. Ибн Қутайбаның нақыл етуінше, қара жамылып отырған әйел жуынбайтын, тырнақтарын алмайтын, кейін жыл өткен соң құспен тазаланып, оны лақтырып жіберетін және ол тазаланған жануар тірі қалмауға жақын болатын (ән-Нәуәуи). Қуст және азфар – түтететін хош иісті заттар (ән-Нәуәуи). Сонымен қатар Әбу Дәудтің риуаятында шашты бояуға, ал ән-Нәсәидің риуаятында шашты сәндеуге тыйым салынатыны айтылған. Әбу Дәуд пен ән-Нәсәи 14. ЛАҒЫНЕТ ШАҚЫРУ (ЛИЪАН) КІТАБЫ туралы
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 876
Сәһл ибн Сағд әс-Сағидиден (Аллаһ оған разы болсын). Оның айтуынша, (бірде) Ғуаймир әл-Ажлани Асим ибн Ади әл-Ансариге келіп, оған: «Ей, Асим! Айтшы, егер де бір кісі әйелінің басқа еркекпен (жатқанының) үстінен түссе, ол (еркекті) өлтіре ме, онда сендер оның өзін өлтіресіңдер2?! Әлде не істейді? Ей, Асим! Маған Аллаһ елшісінен (с.а.с.) осыны сұрап берші?» – дейді. Сөйтіп, Асим (бұл туралы) Аллаһ елшісінен (с.а.с.) сұрайды. Бірақ Аллаһ елшісі (с.а.с.) бұл мәселелерді жақтырмай, жеткізген хадисте Умму Сәләмә (Аллаһ оған разы болсын): «Әбу Сәләмә қайтыс болған кезде, мен көзіме алоэ шырынын жақтым. Бірақ Аллаһ елшісі (с.а.с.): «Ол бетке қызыл шырай береді. Сондықтан көзіңе алоэ шырынын түнде жағып, күндіз жуып таста. Сондай-ақ шашыңа жұпар немесе қына жағып тарама, өйткені ол бояуға жатады», – деді. Мен одан: «Сонда шашымды қалай тарайын?» – деп сұраған едім, ол (с.а.с.): «Бұл үшін жабайы ююбаның жапырағын пайдалан», – деді», – деп айтқан. Мәлик «Муатта» кітабында осыған ұқсас хадисті Умму Сәләмәдан келтірген. Боялған киім де сәнденуге жатады. Ибн Мунзирдің нақыл етуінше, ғұламалар қара түстен басқа боялған киімге тыйым салынатыны жөнінде бірауызды келісімге келген. Шафиғи мазһабының өкілдері қара жамылып отырған әйелге алтын және күміс әшекейлер мен маржан тағуға да рұқсат етпейді. Күйеуі қайтыс болған әйелге қара жамылу мерзімі төрт ай он күн болып белгіленуінің себебі: басқа күйеуге шықпай тұрып, осы аралықта оның бұрынғы күйеуінен бала көтерген, көтермегені анықталады. Өйткені төрт айда шаранаға жан ендіріледі, ал он күн сақтық мерзімі ретінде белгіленген. Шафиғи мазһабының ғалымдары «күйеуі оған жақындаспай тұрып қайтыс болса да, әйелдің қара жамылуы міндетті» деп есептеген. Мұнда күйеуі әйелін «зина жасады» деп айыптаған жағдайдағы үкім туралы айтылған. Егер ері әйелін «зина жасады» деп айыптап, оны дәлелдей алмаса, ал әйелі оны «жала жауып тұр» деп айыптаса, олар Аллаһ тағаланың бұйрығына сәйкес өзара лағынет шақыруы тиіс. Аталмыш үкім «Нұр» сүресінің 6-9 аяттарында: «Әйелдерін арсыздықта айыптаған, бірақ өздерінен басқа куәлары болмағандардың бірі өзінің шын айтып тұрғанына төрт рет Аллаһпен куәлік етуі тиіс. Бесіншіде, егер өтірікшілерден болса, өзіне Аллаһтың лағынеті болуын (сұрайды). Ал одан (әйелден) жазаны оның (күйеуінің) өтірікшілерден екеніне төрт рет Аллаһпен куәлік беруі қайтарады. Бесіншіде, егер ол (күйеуі) шындықты айтушылардан болса, өзіне Аллаһтың ашуы болуын (сұрайды)» деп көрсетілген. Бұдан кейін ол екеуі біржола ажырасады, бірақ әйелі күйеуіне мәһрді қайтаруға міндетті емес. Сонымен қатар ажырасқаннан кейін туылған перзентті күйеуі «менікі емес» деуге құқылы. Бұл жерде қанға-қан (қысас) бойынша өлтіру туралы айтылған. айыптайды . Тіпті Асимге Аллаһ елшісінің (с.а.с.) айтқандары ауыр тиеді. Асим үйіне оралған соң, оған Ғуаймир келіп: «Ей, Асим! Аллаһ елшісі (с.а.с.) саған не айтты?» – деп (сұрайды). Асим Ғуаймирге: «Сен маған жақсылық әкелмедің. Аллаһ елшісі (с.а.с.) мен сұраған мәселелерді жақтырмады», – дейді. Ғуаймир: «Аллаһпен ант етейін, бұл жайлы одан өзім сұрамайынша тынышталмаймын», – деп, Аллаһ елшісіне (с.а.с.) адамдардың ортасында отырғанында келіп: «Уа, Аллаһтың елшісі! Айтшы, әйелінің басқа еркекпен (жатқанының) үстінен түскен кісі ол (еркекті) өлтіре ме, онда сендер оның өзін өлтіресіңдер?! Әлде не істейді?» – дейді . Сонда Аллаһ елшісі (с.а.с.): «Сен және сенің әйелің жөнінде (Құран аяты) түсті. Барып, оны алып кел», – дейді. Сәһл: «Сөйтіп, ол екеуі өзара лағынет шақырды . Сол кезде мен адамдармен бірге Аллаһ елшісінің (с.а.с.) қасында тұрдым. Екеуі (өзара қарғыс шақырып) болған соң, Ғуаймир: «Уа, Аллаһтың елшісі! Егер (әйелімді) өзімде қалдырсам, ол жайында өтірік айтқан боламын», – деп, Аллаһ елшісі (с.а.с.) бұйырмай тұрып, (әйелін) үш рет талақ етті», – деген. Ибн Шиһаб5: «Бұл (олардан кейінгі) өзара лағынет шақырушы (ерлі- зайыптылар) үшін үрдіс болып қалды», – деп айтқан (1492/1). Ән-Нәуәуидің айтуынша, біреудің өз басына қажетсіз сұрақтары айыпталады. Әсіресе сұрақ бір мұсылманның ар-намысына кір келтіретін немесе мұсылмандар арасында арсыздықты тарататын болса, оған қатысты айыптау арта түседі. Алайда ғұламалар мұндай сұрақтың адам өзі қажет еткен, басына түскен мәселеге қатысты қойылуы айыпталмайтынын айтқан. Сахабалар бастарына түскен жайттар жайлы сұрайтын және Пайғамбар (с.а.с.) олардың сұрақтарына жаратпаушылық танытпастан жауап беретін. Ал Асимнің сұрағы өзіне қатыссыз, басына түспеген мәселеге қойылған еді. Көпшілік ғалымдардың пікірінше, егер адам біреуді әйелімен «зина жасады» деп айыптап өлтірген жағдайда, ол сенімге ие төрт ер адамды осыған куәға әкелсе немесе өлтірілген адамның туыстары оның зина жасағанын мойындаса, оны өлтірген адам жазаға тартылмайды. Бірақ өлтірілген адам бұрын үйленген кісі болуы керек. Басқа жағдайларда оны өлтіруші жазаға тартылып, кек қайтарылады. Яғни Пайғамбарымыз (с.а.с.) Ғуаймир тікелей өзі мен әйелі туралы сұрап тұрғанын түсінген. Мұнда оқиғаның барысын хабарлауда қысқарту орын алған. Яғни ол әйелін «зина жасады» деп айыптаған, ал ол мұны теріске шығарған. Нәтижеде екеуі де айтқандарынан танбай, өзара қарғыс шақырған. Мұхаммед ибн Муслим әз-Зуһри, табиғин, хадис жеткізуші. Келесі бір риуаятта: «Пайғамбар (с.а.с.): «Бұл – өзара қарғыс шақырушылардың арасының айырылуы», – деді»; Екінші бір риуаятта: «Содан кейін (Пайғамбар (с.а.с.)) оларды ажырастырды»; Тағы бір риуаятта: «Пайғамбар (с.а.с.): «Енді сенің оған құқығың жоқ», – деді» деп айтылған. Осыған сүйенген Мәлик пен әш- Шафиғи «мұндай жағдайдан кейін адам ол әйелге ешқашан қайтып үйлене алмайды» деп есептеген. Шафиғи мазһабының өкілдері «сенің оған құқығың жоқ» деген сөз – «ол сенен өзара қарғыс шақыруларыңмен талақ етілді, сондықтан сенің талақ етуің есепке алынбайды» деген мағынаны білдіретінін айтқан. Хадистегі Ибн
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 877
Әбу Һурайрадан (Аллаһ оған разы болсын). Ол: «Сағд ибн Ғұбада: «Уа, Аллаһтың елшісі! Егер де мен әйелімнің біреумен (жатқанында) үстінен түссем, төрт куә әкелмейінше, оған тиіспеймін бе?» – деп (сұрады). Аллаһ елшісі (с.а.с.): «Иә», – деді. (Сағд): «Жоқ! Сені ақиқатпен жіберген (Аллаһ)пен ант етейін, мен бұдан бұрын оған қылышпен тап беремін», – деді. (Сонда) Аллаһ елшісі (с.а.с.): «Мырзаларыңның не айтып тұрғанын тыңдаңдар. Расында, ол қызғаншақ, мен одан да қызғаншақпын, ал Аллаһ – менен де қатты қызғанушы», – деп айтты», – деген (1498/16).
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 878
Сағид ибн Жубәйрден (Аллаһ оған разы болсын). Ол: «Маған Мусғабтың билігі кезінде өзара қарғыс шақырушы (ерлі-зайыптылар) жайлы «олар ажыратылады ма?» деп сұрақ қойылды. Мен не айтарымды білмей қалдым. Сөйтіп, Меккеде Ибн Омардың үйіне барып, қызметкерге: «Менің (кіруіме) рұқсат сұрашы», – дедім. (Қызметкер): «Ол түскі ұйқыда жатыр», – деді. (Ибн Омар) менің дауысымды естіп: «Ибн Жубәйр», – деді. «Иә», – дедім. Ол: «Ішке кір. Аллаһпен ант етейін, сені осы уақытта бір қажеттілік әкелді ғой», – деді. Кірсем, ол тоқым төсеніп, астарына құрма талшықтары (салынған) жастық жастанып жатыр екен. Мен: «Әбу Абдур-Рахман! Өзара қарғыс шақырған (ерлі-зайыптылар) ажыратылады ма?» – деп (сұрадым). Ол: «Субханаллаһ! Иә. Негізінде, бұл жайлы ең бірінші сұраған (адам) пәленшенің ұлы пәленше болатын. Ол: «Уа, Аллаһтың елшісі! Айтшы, егер де біреуіміз әйелінің зина жасап жатқанын көрсе, не істейді? Егер айтса, өте үлкен нәрсе жайлы айтады. Ал егер үндемей қалса, сондай нәрсе жайында үндемей қалады», – деді. Пайғамбар (с.а.с.) үнсіз қалып, оған жауап бермеді. Осыдан кейін (әлгі кісі тағы) келіп: «Негізінде, мен сенен сұраған (жайт) менің басыма түсті», – деді. Сонда Аллаһ тағала «Нұр» сүресіндегі: «Әйелдерін арсыздықта айыптағандар...» деген осы аяттарды түсірді. (Пайғамбар (с.а.с.)) бұл (аяттарды) оған оқып берді, оған насихат айтты, ескертті және бұл дүниенің азабы Ақыреттің азабынан әлдеқайда жеңіл екенін хабарлады. (Әлгі кісі): «Жоқ! Сені ақиқатпен жіберген (Аллаһ)пен ант етейін, мен ол жайында өтірік айтқан жоқпын», – деді. Сосын (Пайғамбар (с.а.с.) оның Шиһабтың сөзін көпшілік ғалымдар «ер мен әйел өзара қарғыс шақырумен ажырасады» деп түсіндірген. Енді бір риуаятта Сәһл: «Ол (әйел) жүкті еді, (күйеуі) оның (өзінен) көтергенін мойындамады да, бала анасына телінді. Содан кейін ол (баланың анасынан) мирас алуы, ал (анасының) одан Аллаһ өзі үшін белгілеген нәрседен мирас алуы үрдіс болып қалды», – деп айтқан. Ән-Нәуәуидің түсіндіруінше, адамдар Аллаһ тағаланың іс-әрекетінен үлгі-өнеге алуы керек. Өйткені Муслим Сағд ибн Ғұбададан жеткізген өзге бір хадисте айтылғандай, Аллаһтан асқан қызғанушы ешкім жоқтығына қарамастан, Ол жазалауға асықпайды. Сондықтан да адамдар мұндай жағдайда біреуді өлтіруге және асығу жөн емес басқа істерде де сабыр сақтауы керек. Мусғаб ибн Зубәйр, Абдуллаһ ибн Зубәйрдің бауыры, кезінде Ирактың әмірі болған. әйелін) шақырып, оған да насихат айтты, ескертті және бұл дүниенің азабы Ақыреттің азабынан әлдеқайда жеңіл екенін хабарлады. Ол (әйел): «Жоқ! Сені ақиқатпен жіберген (Аллаһ)пен ант етейін, ол өтірік айтып тұр», – деді. Сонда (Пайғамбар (с.а.с.)) ер адамнан бастап, ол өзінің шын айтып тұрғанына төрт рет Аллаһпен куәлік берді. Бесіншіде, егер өтірікшілерден болса, өзіне Аллаһтың лағынеті болуын (сұрады). Одан соң (Пайғамбар (с.а.с.)) екінші кезекті әйелге беріп, ол (күйеуінің) өтірікшілерден екеніне төрт рет Аллаһпен куәлік берді. Бесіншіде, ол егер (күйеуі) шындықты айтушылардан болса, өзіне Аллаһтың ашуы болуын (сұрады). Содан кейін (Пайғамбар (с.а.с.)) оларды ажыратты», – деп айтты», – деген (1493/4).
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 879
Ибн Омардан (Аллаһ әкесі екеуіне разы болсын). Ол: «Аллаһ елшісі (с.а.с.) өзара қарғыс шақырушы (ерлі-зайыптыларға): «Сен екеуіңнің есептеріңді Аллаһ (алады), біреуің өтірікшісіңдер, ал сенің оған (қайтып барар) жолың жоқ », – деді. (Еркек): «Уа, Аллаһтың елшісі! Менің дүние- мүлкім ше2?» – деп (сұрағанда, Пайғамбар (с.а.с.) оған): «Саған дүние- мүлік жоқ. Егер оған қатысты шын айтсаң , (дүние-мүлкің) онымен жақындасқаның үшін (өтем болады), ал оған қатысты өтірік айтқан болсаң, онда (дүние-мүлікке құқығың) одан әлдеқайда алыс», – деп айтты», – деген (1493/5).
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 880
Ибн Омардан (Аллаһ әкесі екеуіне разы болсын). Бір кісі Аллаһ елшісінің (с.а.с.) кезінде әйеліне қарғыс шақырғанда, Аллаһ елшісі (с.а.с.) оларды ажыратып, баланы анасына берген (1494/8).
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 881
Мұхаммедтен, яғни Ибн Сириннен . Ол: «Әнәс ибн Мәликке онда бұл жайлы білім барын көріп сұрақ қойдым. Сонда ол: «(Бірде) Һиләл ибн Умәййә өзінің әйелін «Шәрик ибн Сахмамен зина жасады» деп айыптады. Ол Бара ибн Мәликтің шешесі бір (әкесі бөлек) бауыры еді. Ол Исламда өзара қарғыс шақырған ең бірінші кісі болды. Сөйтіп, ол (әйеліне) қарғыс шақырды. Сонда Аллаһ елшісі (с.а.с.): «Оны бақылап жүріңдер! Егер (әйел) ақ түсті, жатық шашты, көздері қызарған (бала) туса, ол – Һиләл ибн Умәййәнікі. Ал егер ол көзіне сүрме жағылғандай, бұйра шашты, аяқтары жіңішке (бала) туса, ол – Шәрик ибн Сахманікі», – деді. Кейін Мұнда Пайғамбар (с.а.с.) ер адамға енді ол әйелімен біржола ажырасып, оған қайта қосылуына болмайтынын айтқан. Күйеуі әйеліне берген мәһрді сұраған. Яғни әйеліңнің зина жасағаны туралы айтқаның рас болса. Бұл ерлі-зайыптылар өзара қарғыс шақырған жағдайда, әйел өзіне берілген мәһрге ие болып қалуға құқылы екенін көрсетеді. Ғұламалар бұл жөнінде ортақ келісімде. Ән-Нәуәуи өзінің түсіндірмесінде тіпті әйел зина жасағанын мойындаса да, мәһрге құқылы болып қалатынын айтқан. Мұхаммед ибн Сирин, табиғин, белгілі ғалым, хадис жеткізуші. маған оның көзіне сүрме жағылғандай, бұйра шашты, аяқтары жіңішке (бала) туғаны жайлы хабар жетті», – деп айтты», – деген (1496/11).
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 882
Әбу Һурайрадан (Аллаһ оған разы болсын). Бір бәдәуи Аллаһ елшісіне (с.а.с.) келіп: «Уа, Аллаһтың елшісі! Менің әйелім қара бала туды. Ал мен оны қабылдамадым», – дейді. Пайғамбар (с.а.с.) одан: «Сенің түйелерің бар ма?» – деп (сұрайды). Ол: «Иә», – дейді. «Олардың түстері қандай?» – деп (сұрайды). «Қызыл», – дейді. «Олардың арасында сұр түстілері бар ма?» – деп (сұрайды). «Иә», – дейді. «Ал олар қайдан пайда болды?» – деп (сұрайды). Ол: «Уа, Аллаһтың елшісі! Мүмкін тегіне тартқан болар», – дейді. Сонда Пайғамбар (с.а.с.) оған: «Осылай (сенің балаң да) тегіне тартқан болуы мүмкін», – деп айтқан (1500/20).
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 883
Айшадан (Аллаһ оған разы болсын). Ол: «Сағд ибн Әбу Уаққас пен Абд ибн Зәмға бір балаға қатысты дауласқан еді. Сағд: «Уа, Аллаһтың елшісі! Мынау – менің бауырым Ғұтба ибн Әбу Уаққастың баласы. Ол маған бұл өзінің баласы екенін айтып тапсырған еді. Оның ұқсастығын қарашы», – деді. Абд ибн Зәмға: «Уа, Аллаһтың елшісі! Бұл – менің бауырым, әкемнің төсегінде оның күңінен туылған», – деді. Аллаһ елшісі (с.а.с.) оның ұқсастығына қарап, Ғұтбаға анық ұқсайтынын көрді. Бірақ (Пайғамбар (с.а.с.)): «Ол сенікі, ей, Абд! Бала – төсектікі, ал зина жасаушыға – тас! Ей, Сәудә бинт Зәмға! Оның алдында хижабпен жүр», – деді. Содан ол (бала) Сәудәны ешқашан көрмеді», – деп айтқан (1457/36). Басқа бір риуаятта: «Ол бұл баланың әкесі өзі емес екенін меңзеді. (Бірақ Пайғамбар (с.а.с.)) оған баладан бас тартуға рұқсат етпеді» деген қосымша келген. Ән-Нәуәуидің айтуынша, сірә, бәдәуидің: «мен оны қабылдамадым» деген сөзі оның баладан ашық түрде емес, іштей көңілінде бас тартқанын білдірсе керек. Пайғамбарымыздың (с.а.с.): «Осылай (сенің балаң да) тегіне тартқан болуы мүмкін» деген сөзі «балаңның алыс бір ата-бабасы қара нәсілді болуы мүмкін» дегенді білдіреді. Бұл хадис баланың түр-түсі әкесіне, тіпті шешесіне ұқсамаса да, кімнің төсегінде туылса, соның баласы саналатынын көрсетеді. Шафиғи мазһабының өкілдері және басқалар «баладан бас тарту және әйелін зина жасады деп айыптау мәселесі жайында ұсыныс тастау нақты түрде баладан бас тарту және әйелін зина жасады деп айыптауға жатпайды» деп есептеген. «Зина жасаушыға – тас» деген тіркестер араб тілінде «оның тілегі ақталмайды, ол ұтылады», яғни бала оған берілмейді деген мағынаны білдіреді, яғни мұнда тас атып өлтіру жазасы туралы айтылмаған. Өйткені зина жасаған адамдардың барлығы бұлай жазаланбайды, тек бұрын үйленгендер ғана осындай жазаға тартылады. Хадисте баланы зинақорға телімеу меңзелген, бірақ бұл бала оныкі емес дегенді білдірмейді.
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 884
Айшадан (Аллаһ оған разы болсын). Ол: «Бір күні Аллаһ елшісі (с.а.с.) менің алдыма қуанышты күйде кіріп: «Ей, Айша! Көрдің бе, Мужаззиз әл-Мудлижи менің алдыма кіргенде, үстеріне бастарын бүркеп шашақты жамылғы жамылып, табандары ашық жатқан Усама мен Зәйдті көріп: «Шындығында, мына табандар бір-бірінен», – деді», – деп айтты», – деген (1459/39). «Бала – төсектікі» деген тіркес, бала өз күйеуінен құрсақ көтеруі мүмкін әйелдің төсегінде туылса, ол ата-анасынан мұра алады, ал ата-анасы одан мұра алады. Мұнда ол ата-анасына ұқсай ма, ұқсамай ма – бәрібір. Баланың туылуының ең аз мерзімі – ерлі-зайыптылар қосылғаннан кейін алты ай. Ал Пайғамбарымыздың (с.а.с.) әйелі Сәудәға баланың алдында хижабпен жүруді бұйырғанына келсек, ән-Нәуәуидің айтуынша, бұл сақтық шарасы үшін жасалған болатын. Өйткені ол, шынымен де, Ғұтба ибн Әбу Уаққастың баласы болып, Сәудәның махрамы болмауы мүмкін еді. Әйтсе де шариғат үкімі сыртқы белгілерге қарайды, сондықтан бұл бала Сәудәның бауыры саналады. Жәһилият дәуірінде зинақор әйел бала туса, оны өзі ашына болған адамдардың біріне телитін де, бала соныкі саналатын. Ал Ислам бұған тыйым салып, бала кімнің төсегінде туылса, соған таңды. Сағд ибн Әбу Уаққас жәһилият кезінде бауыры Ғұтбаның бұл бала оныкі екенін айтқанын естіген болатын. Бірақ Сағд Ислам шариғаты мұндаймен келіспейтінін білмеген еді. Қаиф – із кесуші әрі адамдардың табандарына қарап олардың өзара туыс немесе туысқан еместігін ажырата алатын адам. Мужаззиз қаиф еді. Әбу Дәуд Ахмад ибн Салихтен жеткізген хабарда жәһилият кезінде адамдар Зәйд ибн Хариса мен оның баласы Усама ибн Зәйд жайында түрлі қаңқу сөздер айтатын. Өйткені Зәйд аппақ кісі еді де, Усама тым бидай өңді болатын. Із кесуші олардың табандарының ұқсастығын көргенде, Пайғамбарымыз (с.а.с.) бұған қуанып кеткен. Өйткені бұл адамдардың күмәнін жоятын еді. Абдур- Раззақ Ибн Сириннен Усаманың анасы қара тәнді әйел болғанын нақыл етсе, Ибн Шиһаб жеткізген «сахих» хабарда оның анасы эфиопиялық әйел болғаны айтылған. жағынан да тыйым салынады
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Глава 11. Сүтбауырлық Кітабы
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 885
Айшадан (Аллаһ оған разы болсын). (Бірде) Аллаһ елшісі (с.а.с.) қасында (отырғанда), ол Хафсаның үйіне (кіруге) рұқсат сұраған ер адамның дауысын естиді. Айша: «Мен: «Уа, Аллаһтың елшісі! Мына ер адам сенің үйіңе (кіруге) рұқсат сұрап тұр», – дедім. Аллаһ елшісі (с.а.с.): «Ол пәленше шығар деп ойлаймын», – деп, Хафсаның сүтбауырлық жағынан көкесін (атады)», – дейді. Сонда Айша: «Уа, Аллаһтың елшісі! Егер де пәленше тірі болғанда, менің (үйіме) кіре алар ма еді?» – деп, өзінің сүтбауырлық жағынан көкесін (айтқанда), Аллаһ елшісі (с.а.с.): «Иә, тек тұрғысынан тыйым салынатынға сүтбауырлық жағынан да тыйым салынады», – деп айтқан (1444/1).
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 886
Айшадан (Аллаһ оған разы болсын). Ол: «(Бірде) сүтбауырлық жағынан көкем маған (кіруге) рұқсат сұрап келді. Мен Аллаһ елшісінен (с.а.с.) рұқсат сұрамайынша, оған рұқсат етуден бас тарттым. Аллаһ елшісі (с.а.с.) келгенде: «Сүтбауырлық жағынан көкем маған (кіруге) рұқсат сұраған еді, оған рұқсат етуден бас тарттым», – дедім. Аллаһ елшісі (с.а.с.): «Көкең сенің алдыңа кіре берсін», – деді. Мен: «Негізінде, мені ер адам емізген жоқ, әйел кісі емізді ғой!» – дедім. (Сонда Аллаһ елшісі (с.а.с.)): «Расында, ол – сенің көкең, сондықтан алдыңа кіре берсін», – деп айтты», – деген (1445/7). жайлы
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 887
Әлиден (Аллаһ оған разы болсын). Ол: «Мен: «Уа, Аллаһтың елшісі! Сен неге құрайыш (тайпасын) таңдап, бізден бас тартасың?» – дедім. Ол (с.а.с.): «Сендерде бір нәрсе бар ма?» – деп (сұрады). «Иә, Хамзаның қызы», Ер адамның өзін емізген сүт анасымен үйленуіне тыйым салынады. Оның сүт анасымен оңаша қалуына және онымен бірге сапарға шығуына болады. Сондай-ақ әйелге сүт баласының балаларымен үйленуге, сол сияқты адамға сүт анасының балаларымен үйленуге тыйым салынады. Алайда бұл ерлер мен әйелдер арасындағы тыйымдарға ғана қатысты. Шариғаттың мұра алу, қаражатпен қамтамасыз ету міндеті, туыстардың бір-бірінің пайдасына берген куәлігін қабылдамау сияқты басқа үкімдерінің сүтбауырлық жағынан болған туыстарға қатысы жоқ. Мұнда Айшаны емізген әйелдің күйеуі Әбул-Қуғайстың бауыры Афлах туралы айтылған. Яғни Афлах Айшаның сүтбауырлық жағынан көкесі еді. – дедім. Сонда Аллаһ елшісі (с.а.с.): «Ол маған рұқсат етілмейді. Өйткені ол – сүт бауырымның қызы», – деді», – деп айтқан (1446/11). әпке-сіңлісіне (үйленуге) тыйым салынатыны жайлы
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 888
Умму Хабиба бинт Әбу Суфияннан (Аллаһ әкесі екеуіне разы болсын). Ол: «(Бірде) Аллаһ елшісі (с.а.с.) алдыма кіргенде, оған: «Әбу Суфиянның қызы менің сіңліме үйленсейші», – дедім. Ол: «Сен осыны қалайсың ба?» – деп (сұрады). «Мен сенің жалғыз әйелің емеспін ғой, сіңлімнің де менімен игілікте ортақ болуын бәрінен артық қалаймын 1», – дедім. (Пайғамбар (с.а.с.)): «Расында, ол маған рұқсат етілмейді», – деді. «Маған сенің Әбу Сәләмәның қызы Дурраны айттырып жүргенің жайлы хабар жетті ғой!» – дедім. «Әбу Сәләмәның қызына ма?» – деп (сұрады). «Иә», – дедім. (Сонда Пайғамбар (с.а.с.)): «Ол менің қамқорлығымдағы өгей қызым болмағанның өзінде де оған (үйленуіме) рұқсат етілмес еді. Өйткені ол – сүт бауырымның қызы. Мені де, оның әкесін де Суәйба емізген . Сендер маған өз қыздарың мен әпке-сіңлілеріңді (әйелдікке) ұсынбаңдар», – деп айтты», – деген (1449/15).
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 889
Уммул-Фадлден (Аллаһ оған разы болсын). Ол: «(Бірде) Аллаһтың пайғамбары (с.а.с.) менің үйімде болғанда, оның алдына бір бәдәуи кіріп: «Уа, Аллаһтың пайғамбары! Менің бір әйелім бар еді, оның үстіне басқа бір әйелге үйлендім. Алайда бірінші әйелім жаңа әйелімді бір-екі рет емізгенін айтты», – деді. Сонда Аллаһтың пайғамбары (с.а.с.): «Бір-екі рет емізу (үйленуге) тыйым салмайды», – деді», – деп айтқан (1451/18).
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 890
Айшадан (Аллаһ оған разы болсын). Ол: «Бастапқыда Құраннан түсірілгендердің ішінде он рет анық емізудің (үйленуге) тыйым салатыны бар еді. Кейін бұл (үкім) бес рет анық емізумен мансұқ етілді. Аллаһ елшісі Яғни Пайғамбардың (с.а.с.) әйелі болу игілігіне ортақ болуын және осы өмірде әрі Ақырет өмірінде сенен пайда алуын қалаймын. Суәйба Пайғамбарымызды (с.а.с.) Халима әс-Сағдиядан бұрын емізген еді (ән- Нәуәуи). Хадисте ер адамға әйелінің бұрынғы күйеуінен болған, қамқорлығындағы өгей қызына үйленуге тыйым салынатыны анық көрсетілген. Бұл «Ниса» сүресінде де айтылған. (с.а.с.) дүние салғанда, бұл Құраннан оқылатындардың ішінде бар болатын», – деп айтқан (1452/24).
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 891
Айшадан (Аллаһ оған разы болсын). Әбу Хузайфаның азат еткен құлы Сәлим Әбу Хузайфа және оның әйелімен бірге олардың үйінде тұратын. (Бірде) ол (яғни Суһайлдың қызы) Пайғамбарға (с.а.с.) келіп: «Сәлим ер адамдар жететін шамаға жетіп, олар ұғатынды ұғып қалды . Ол бізге кіріп жүреді. Мен осы себепті Әбу Хузайфаның көңілінде бір (күдік) ұялап жүр деп ойлаймын», – деді. Пайғамбар (с.а.с.) оған: «Оған емшек сүтіңнен бер, сонда оған махрам боласың әрі Әбу Хузайфаның көңіліндегі кетеді», – деді. Кейін ол қайтып келіп: «Мен оған емшек сүтімнен бердім, сөйтіп, Әбу Хузайфаның көңіліндегі (күдік) кетті», – деп айтқан (1453/27).
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 892
Зәйнәб бинт Умму Сәләмәдан (Аллаһ әкесі екеуіне разы болсын). Оның анасы – Пайғамбардың (с.а.с.) жұбайы Умму Сәләмә (Аллаһ оған разы болсын): «Пайғамбардың (с.а.с.) басқа әйелдері осындай сүтбауырлық себепті алдарына біреуді кіргізуден бас тартты және олар Айшаға: «Аллаһпен ант етейік, біз мұны Аллаһ елшісі (с.а.с.) тек Сәлимге қатысты рұқсат еткен деп есептейміз. Сондықтан мұндай сүтбауырлық арқылы бізге ешкім кірмеуі және бізді көрмеуі керек», – деп айтты», – деген (1454/31). Он рет емізудің бес рет емізумен мансұқ етілуі Пайғамбарымыздың (с.а.с.) өмірінің аяқ шенінде түскендіктен, кейбір сахабалар бұл аяттың мағынасы күшінде қалып, өзі мансұқ етілгенін білмей, оны Құран ретінде оқып жүрді. Кейін оларға бес рет емізу жайлы аятты оқу мансұқ етілгені жөнінде хабар жетіп, олар мұны Құран ретінде оқуды тоқтатты. Сахабалар бұл жайында бірауызды келісімге келген. Сондықтан да ғалымдардың басым көпшілігі «сүтбауырлық бес рет анық емізуден кейін орнайды» деп есептеген. Алайда Әбу Ханифа мен Мәлик «емізу азды-көпті санына қарамастан сүтбауырлық орнатады» деп санаған. Ал кейбіреулердің пікірінше, «кемінде үш рет емізу керек» деген пікір білдірген (қ.: «Раудат ән- нәдия»). Басқа бір риуаятта: «ол – ересек адам»; тағы бір риуаятта: «оның сақалы тебіндеді» деп айтылған. Қазы Ғиядтың айтуынша, сірә, ол әйел Сәлимге сүтін ыдысқа сауып берген болса керек. Айша есейіп қалған Сәлимге емшек сүтін беру жайлы осы бір хадиске сүйене отырып, сүтбауырлық орнатуда жас шамасының айырмашылығы жоқ деп есептеген және өзінің жиендеріне өздері араласуды қалағандарға бес рет емшек сүтін беруді бұйырған. Алайда ғалымдардың көпшілігі «Пайғамбардың (с.а.с.) басқа әйелдерінің ересек адамға емшек сүтін беру Сәлимге ғана қатысты» деп есептеген пікірлеріне сүйеніп, «ересек адамға емшек сүтін беру сүтбауырлық орнатпайды» деген ұстанымға келген. Ал кейбір ғалымдар «мұндай амал қажеттілік туғанда, ер адамның немесе бозбаланың өзіне махрам туыс емес әйелдің үйіне кіруден басқа
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 893
Айшадан (Аллаһ оған разы болсын). Ол: «(Бірде) Аллаһ елшісі (с.а.с.) менің алдыма кірді, (бөлмемде) бір кісі отыр еді. Ол мұны жақтырмады. Мен оның жүзінен ашуланғанын көріп: «Уа, Аллаһтың елшісі! Бұл – менің сүт бауырым», – дедім. Сонда (Пайғамбар (с.а.с.)): «Сүт бауырларыңды анықтап алыңдар, өйткені сүтбауырлық аштық себепті (емгенде) ғана (орнайды)», – деп айтты», – деген (1455/32). амалы болмағанда ғана рұқсат етіледі» деген. Мәселен, ағасымен бірге тұратын, күйеуінің басқа тұратын орны жоқ інісін айтуға болады. Ибн Хажар «Фатх әл-Бәри» кітабында Әбу Ғұбайданың аштық себепті ему басқа уақытта емес, емшек жасында болатыны жайлы пікірін келтірген. Әт-Тирмизи Умму Сәләмәдан (Аллаһ оған разы болсын) жеткізген хадисте Аллаһ елшісі (с.а.с.): «Сүтбауырлық (бала) емшектен ажыратылмай тұрып ішектен өткен сүтпен ғана орнайды», – деп айтқан. Сондай-ақ әд-Дарақутни мен Ибн Ади, Ибн Аббастың (Аллаһ әкесі екеуіне разы болсын): «Емізу баланың екі жасына дейін ғана есепке алынады» деген сөзін нақыл еткен. Әл-Қуртуби, бұл Аллаһ тағаланың «Бақара» сүресіндегі толық емізу екі жыл екені жайлы сөзімен нақтылатынын нұсқаған. Ибн Хажардың өзі «аштық себепті» деген сөздің баланың жас кезінде асқазаны әлсіз, аштығын сүтпен басуға болатын уақытта емуін білдіретінін айтқан. Өйткені хадисте жас шамасы шектелмеген. Ал Ибн Аббастан жеткен хабар – Пайғамбарымыздың (с.а.с.) емес, оның өзінің сөзі. «Мухтасар әл-уиқая» кітабында сүтбауырлықтың балаға екі жарым жасына дейін емшек сүтін беру арқылы ғана орнайтыны айтылған. 16. ҚАРАЖАТПЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ЖАЙЛЫ КІТАП
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 894
Жәбирден (Аллаһ оған разы болсын). Ол: «Бәну ғұзра (руынан) бір кісі (бір риуаятта: ансарлардан Әбу Мәзкур деп аталатын біреу) өзінің құлын (басқа бір риуаятта: Яғқуб деп аталатын құлын) өзі қайтыс болғанынан кейін босату шартымен азат еткен еді. Бұл хабар Аллаһ елшісіне (с.а.с.) жеткенде, ол (әлгі кісіден): «Сенің бұдан басқа мүлкің бар ма?» – деп (сұрады). Ол: «Жоқ», – деді. (Пайғамбар (с.а.с.)): «Оны менен кім сатып алады?» – деді. Оны Нұғайм ибн Абдуллаһ әл-Адауи сегіз жүз дирһамға сатып алып, (ақшаны) Аллаһ елшісіне (с.а.с.) әкеліп берді. (Пайғамбар (с.а.с.)) оны (әлгі кісіге) беріп: «Өзіңнен бастап, өз-өзіңе қайыр жаса. Егер бір нәрсе артылса, отбасыңа (жұмса). Отбасыңнан бір нәрсе артылса, жақындарыңа (жұмса). Жақындарыңнан да артылып жатса, былай және былай: алдыңа, оң жағыңа және сол жағыңа (жұмса)», – деп көрсетті», – деп айтқан (997/41). азықтарын бермеген (адамның) күнәсі жайында
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 895
Хайсамадан . Ол: «(Бірде) біз Абдуллаһ ибн Амрмен (Аллаһ әкесі екеуіне разы болсын) бірге отырғанымызда, оған меңгерушісі келіп, кірді. (Абдуллаһ одан): «Құлдарға азықтарын бердің бе?» – деп (сұрады). Ол: «Жоқ», – деді. (Сонда Абдуллаһ): «Барып, оларға бер», – деді. (Абдуллаһ): «Аллаһ елшісі (с.а.с.): «Адам үшін иелігіндегі жанға азығын бермеуі күнә ретінде жеткілікті», – деп айтқан», – деді», – деген (996/41). жұмсаған қаражаттың артықшылығы
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 896
Сәубаннан (Аллаһ оған разы болсын). Ол: «Аллаһ елшісі (с.а.с.): «Кісі жұмсайтын динардың ең абзалы – ол қамқорлығындағы отбасы мүшелеріне жұмсайтын динар, кісі Аллаһ жолындағы көлігіне жұмсайтын динар және ол Аллаһ жолындағы жолдастарына жұмсайтын динар», – деді», – деп айтқан. Әл-Бұхаридің риуаятында ол кісінің мұқтаж болғаны айтылған. Ән-Нәсәидің риуаятында (8/246): «Оның қарызы бар еді. Аллаһ елшісі (с.а.с.) оның құлын сегіз жүз дирһамға сатып, ақшаны оған беріп: «Қарызыңды қайтар және отбасыңа жұмса», – деді» деп көрсетілген. Мұнда қожайыны қайтыс болғаннан кейін азат етілетін құлды сатуға болатынына сілтеме бар. Сондай-ақ хадисте садақаны бір орынға емес, түрлі орындарға жұмсау абзал екені нұсқалған. Хайсама ибн Абдур-Рахман, табиғин, хадис жеткізуші. Әбу Қилаба1: «Ол қамқорлығындағы отбасы мүшелерінен бастады», – деген. Әбу Қилаба содан кейін: «Отбасы мүшелерінен қамқорлығындағы жас балаларға қаражат жұмсайтын кісіден артық ұлы сый алатын қай кісі бар? Ол оларды тіленшіліктен қайтарады немесе Аллаһ онымен оларға пайда береді және оларды мұқтаждықтан құтқарады», – деп айтқан (994/38).
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 897
Әбу Масғұд әл-Бәдриден (Аллаһ оған разы болсын). Пайғамбар (с.а.с.): «Ақиқатында, мұсылман әйеліне Аллаһтан сый алуды үміт етіп қаражат жұмсаса, бұл ол үшін садақа болады», – деп айтқан (1002/48). қамқорлығындағы отбасы мүшелеріне жөнімен жұмсауы
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 898
Айшадан (Аллаһ оған разы болсын). Ол: «(Бір күні) Пайғамбарға (с.а.с.) Һинд келіп: «Уа, Аллаһтың елшісі! (Бұрын) жер бетінде сенің отбасыңдай өзім Аллаһтың қор етуін қалаған отбасы жоқ еді, ал (қазір) жер бетінде сенің отбасыңдай өзім Аллаһ абыройын арттыруын қалайтын отбасы жоқ!» – деді . Пайғамбар (с.а.с.): «Жаным қолында болған (Аллаһ)пен ант етейін, тағы да », – деді. (Һинд): «Уа, Аллаһтың елшісі! Расында, Әбу Суфиян сараң кісі, сондықтан оның мал-дүниесінен өзінің рұқсатынсыз қамқорлығындағы отбасы мүшелеріне жұмсасам, маған күнә болмайды ма?» – деп (сұрады). Сонда Пайғамбар (с.а.с.): «Оларға жөнімен жұмсасаң, саған күнә болмайды», – деп айтты», – деген (1714/8). етілмейді
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 899
Фатима бинт Қайстан (Аллаһ оған разы болсын). Пайғамбар (с.а.с.) үш рет талақ етілген әйел жөнінде: «Ол баспанамен және қаражатпен қамтамасыз етілмейді», – деп айтқан (1480/44). Табиғин, хадис жеткізуші. Хадис әйеліне жұмсаған қаражаттың садақа болуын Аллаһтан сый алуды үміт етуге байлаған. Аллаһтан сый алуды үміт етудің бір түрі – адамның әйелін, балаларын, құлдарын және т.с.с. қамқорлығындағы жандарды қамтамасыз етуге міндетті екенін түсінуі. Сірә, Һинд Пайғамбардың (с.а.с.) өзін де меңзесе керек (Қазы Ғияд). Ән-Нәуәуи бұл «Осы қалауың арта түссін, жүрегіңдегі иманың күшейсін, Аллаһқа және Оның елшісіне деген сүйіспеншілігің артсын және оған деген дұшпандықтан қайтуың күшейе түссін» деген мағынаны білдіретінін айтқан. Ал Ибн Хажар мұны «Сенің Пайғамбар (с.а.с.) отбасына деген сүйіспеншілігің жүрегіңде иман берік орнаған сайын және оларға деген жеккөрушілігіңнен бас тартқан сайын тағы да арта түседі де, сенде жеккөрушіліктің ізі де қалмайды» деп түсіндірген. Әбу Суфиян – Һинд бинт Ғұтбаның (Аллаһ ол екеуіне разы болсын) күйеуі. 894-хадистің түсіндірмесін қараңыз.
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 900
Айшадан (Аллаһ оған разы болсын). Ол: «Фатима үшін мұны айтуда жақсылық жоқ», – деп, оның: «баспанамен және қаражатпен қамтамасыз етілмейді» деген сөзін меңзеген (1481/54).
Аударма: қазақша · открыть с поиском
← Хадисы 801–850ОглавлениеХадисы 901–950 →