Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша)

Хадисы 901–950 (Сүтбауырлық Кітабы)
← Хадисы 851–900ОглавлениеХадисы 951–1000 →
Глава 11. Сүтбауырлық Кітабы
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 901
Әбу Исхақтан . Ол: «(Бірде) Әсуад ибн Язидпен бірге ең үлкен мешітте отырған болатынмын. Бізбен бірге әш-Шағби де бар еді», – дейді. – «Әш-Шағби, Фатима бинт Қайстың Аллаһ елшісі (с.а.с.) оған баспана және қаражат ажыратпағаны жайлы хадисін айтты. Сонда Әсуад бір уыс қиыршық тас алып, оны оған лақтырып: «Сорың құрысын! Сен мұны айтып отырсың ба?! Омар (Аллаһ оған разы болсын): «Біз бір әйелдің сөзіне бола Аллаһтың кітабын және Пайғамбарымыздың (с.а.с.) сүннетін тастамаймыз. Ол есінде сақтады ма, әлде ұмытты ма, білмейміз. Ол баспанамен және қаражатпен қамтамасыз етіледі. Аллаһ тағала: «Оларды үйлерінен шығармаңдар және ашық арсыздық істемесе, олардың өздері де шықпасын», – деген», – деп айтты», – деді» (1480/46). Келесі хадистің түсіндірмесін қараңыз. Амр ибн Абдуллаһ әс-Сәбиғи әл-Хамадани, табиғин, хадис жеткізуші. Табиғин, хадис жеткізуші. Амир ибн Шарахил әш-Шағби, табиғин, хадис жеткізуші, әйгілі фақиһ. 865, 866-хадистердің түсіндірмесін қараңыз. Фатима бинт Қайстан жеткен бұл хадистің түрлі риуаяттарын қарастыра келе, Ибн Хажар оның басқа үйге көшуіне рұқсат етілудің себебі, оның тарапынан күйеуінің отбасына қарсы әрі күйеуінің отбасы тарапынан оған қарсы қауіп болған деп көрсетеді. Ал келіспеушіліктің туындау себебі, Фатима күйеуінің өкілі ұсынған сыйлықты жеткіліксіз санап, Аллаһ елшісіне (с.а.с.) ақыл-кеңес сұрап барған. Сонда Пайғамбарымыз (с.а.с.) оған қаражатпен және баспанамен қамтамасыз етілмейтінін айтқан. Тағы бір риуаятта оның қаражатпен қамтамасыз етілмейтіні айтылған. Сонда ол Аллаһ елшісінен (с.а.с.) басқа үйге көшуді сұрағанда, Пайғамбарымыз (с.а.с.) бұған рұқсат еткен. Сондықтан бұдан «оны баспанамен қамтамасыз ету өздігінен емес, келіспеушілік себепті және ерлі-зайыптылардың бір-біріне қарсы қаупі болғаны үшін міндеттен түскен» деген қорытынды шығады. Ал Фатима бұл үкімді біржола талақ етілген әйелдердің бәріне тиісті үкім деп түсінген. Бірақ Айша оның пікірін теріске шығарған. Бұл «Талақ» сүресіндегі талақ етілген әйелдерді үйлерінен қумау және олардың өздері де үйлерінен шықпауы керектігі жайлы аятпен нақтыланады. Ал біржола талақ етілген әйелді қаражатпен қамтамасыз ету міндетке кірмейтіні жоғарыда келтірілген хадистен және «Талақ» сүресіндегі талақ етілген жүкті әйелді босанғанына дейін қаражатпен қамтамасыз етуді бұйырған аяттан алынады. Яғни әйел жүкті болмаса, қаражатпен қамтамасыз етілмейді. Омар да (Аллаһ оған разы болсын) Фатиманың пікірін Аллаһтың кітабына және Пайғамбарымыздың (с.а.с.) сүннетіне сілтеме жасап теріске шығарған. Ибн Хажардың айтуынша, сірә, Омар сүннет дегенде, оның қаражатпен және баспанамен қамтамасыз етілмейтіні жайлы хадистерді емес, Құран үкімдерін ұстану керектігі жайлы хадистерді меңзесе керек. Сондықтан да ғалымдардың көпшілігі «біржола талақ етілген әйелді қаражатпен емес, баспанамен ғана қамтамасыз ету керек» деп есептеген.
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Глава 12. Құл Азат Ету Кітабы
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 902
Әбу Һурайрадан (Аллаһ оған разы болсын). Ол: «Аллаһ елшісінің (с.а.с.): «Кімде-кім мүмін құлды азат етсе, Аллаһ оның әрбір ағзасы үшін (азат еткен адамның) бір ағзасын тозақ отынан азат етеді, тіпті оның жыныс мүшесі үшін жыныс мүшесін азат етеді», – деп айтқанын естідім», – деген (1509/23).
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 903
Әбу Һурайрадан (Аллаһ оған разы болсын). Ол: «Аллаһ елшісі (с.а.с.): «Ешбір бала әкесінің ақысын өтей алмайды, тек оның құлдықта жүргенін көріп, оны сатып алып, азат етсе ғана (ақысын өтейді)», – деді», – деп айтқан (1510/25). адам
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 904
Ибн Омардан (Аллаһ әкесі екеуіне разы болсын). Ол: «Аллаһ елшісі (с.а.с.): «Кім басқалармен ортақ иеленіп отырған құлын азат еткісі келсе, оның осы құлдың құнына жететін дүниесі болса, (құлдың) әділ бағасы шығарылып, ол серіктестеріне өз үлестерін береді және құл оның атынан азат етіледі. Мұндай болмаған жағдайда, ол (құлды) өз үлесінен ғана азат етеді», – деп айтты», – деген (1501/1).
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 905
Әбу Һурайрадан (Аллаһ оған разы болсын). Пайғамбар (с.а.с.): «Кім басқалармен серіктесіп иеленіп отырған құлын азат еткісі келсе, егер дүниесі болса, (құлдың) азат етілуі оның мал-дүниесіне байланысты. Ал оның дүниесі болмаса, құл қалған құнын өтеуі үшін жұмысқа жегіледі. Бірақ (қожайындары) оған қиындық жүктемеуі керек», – деп айтқан (1503/3).
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 906
Имран ибн Хусайннан (Аллаһ әкесі екеуіне разы болсын). Бір кісі қайтыс болар кезінде өзінің алты құлына азаттық береді. Оның осылардан басқа дүниесі жоқ болатын. Сонда Аллаһ елшісі (с.а.с.) ол (құлдарды) шақыртып, үшке бөледі. Содан кейін олардың арасына жеребе тастап, екеуін азат еткен де, төртеуін құлдықта қалдырған және (әлгі кісінің атына) қатты сөз айтқан (1668).
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 907
Айшадан (Аллаһ оған разы болсын). Ол: «(Бірде) менің алдыма Бәрира кіріп: «Қожайындарым менімен әр жылы бір уқиядан тоғыз жыл ішінде тоғыз уқияға өз-өзімді азат ету келісімін жасады . Маған көмектесші», – деді. Мен оған: «Егер қожайындарың мен мұны оларға бірден төлеп, сені азат етіп, тәуелділігің менде болуын қаласа, солай етемін», – дедім. (Бәрира) оны қожайындарына айтқанда, олар бас тартып, оның тәуелділігі өздерінде болуын (талап етіпті). Ол келіп, (маған) осыны айтты. Мен оны жекіп тастадым. Сонда ол: «Жоқ, уа, Аллаһ!» – деді. (Мұны) Аллаһ елшісі (с.а.с.) естіп, (мән-жайды) менен сұрады. Мен оған не болғанын айтып бердім. (Аллаһ елшісі (с.а.с.)): «Оны сатып алып, азат ет те, оларға қарамағына алу (өзіңде болуына) шарт қой. Өйткені құлды қарамағына алу оны азат еткен адамда болады», – деді. Сөйтіп, мен осылай жасадым. Содан кейін Аллаһ елшісі (с.а.с.) кешке құтпа жасап, Аллаһқа мақтау айтты және Оны тиісінше дәріптеді. Сосын ол: «Енді... Адамдар неге Аллаһтың кітабында жоқ шарттарды ұсынады?! Аллаһ тағаланың кітабында жоқ қандай шарт болсын, жүз шарт болса да, ол – жалған. Аллаһтың үкімі – ең лайығы әрі Аллаһтың шарты – ең берігі. Сендердің араларыңдағы бір кісілерге не болған?! Олардың бірі: «Пәленшені азат ет, бірақ оның тәуелділігі менде болады», – депті. Шын мәнінде, құлды қарамағына алу оны азат еткен адамда болады», – деп айтты», – деген (1504/8). Басқа бір риуаятта әлгі кісі қайтыс болар кезінде құлдарына азаттық беруді өсиет еткені айтылған. Тағы бір риуаятта Пайғамбар (с.а.с.) ол жайлы: «Егер білгенімізде, оған жаназа намазын оқымас едік», – деп айтқан. Ән-Нәуәуидің айтуынша, Пайғамбар (с.а.с.) басқаларды мұндайдан сақтандыру үшін оған жаназа намазын өзі оқымаған боларын меңзеген. Өйткені шариғат бойынша марқұмның өсиет еткен мүлкі оның қалдырған дүниесінің үштен бір бөлігінен аспауы керек. Азат етілген құлды қарамағына алу дегеніміз – құл азат етілгеннен кейін де қожайынына белгілі бір тәуелділікте қалады. Нақты айтқанда, оған көмектесуге, оны қорғауға және одан үйленуге қатысты рұқсат алуға міндетті. Сондай-ақ құлдың тікелей мұрагерлері болмаса, өлгеннен кейін дүние-мүлкі оны азат еткен адамға тапсырылады. Бұл жерде құлдықтан өз-өзін азат ету төлемінің мөлшері мен мерзімі және төлем шарттары көрсетілген жазбаша келісім туралы айтылған. Мұндай келісім түзілгеннен бастап қожайын құлға белгілі бір құқықтар береді, ал күң оған бөгде әйел ретінде саналады.
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 908
Пайғамбардың (с.а.с.) әйелі Айшадан (Аллаһ оған разы болсын). Ол: «Үш сүннет Бәрираға қатысты пайда болды: оған азат етілген кезінде күйеуіне қатысты таңдау берілді . Сондай-ақ оған ет сыйланған еді. Аллаһ елшісі (с.а.с.) менің алдыма кіргенде, тас қазан отта тұрған болатын. (Пайғамбар (с.а.с.)) тамақ сұрады, оған нан және үйдегі дәмдеуіштердің бірі әкелінді. (Пайғамбар (с.а.с.)): «Мен отта ішінде еті бар тас қазан көрдім ғой?» – деді. Олар: «Иә, уа, Аллаһтың елшісі! Бұл – Бәрираға садақаға берілген ет. Одан сені тамақтандыруды қаламадық », – деді. Сонда (Пайғамбар (с.а.с.)): «Ол оған садақа еді, ал бізге одан сыйлық болды», – деді. Пайғамбар (с.а.с.) және де: «Шын мәнінде, құлды қарамағына алу оны азат еткен адамда болады», – деп айтты», – деген (1504/14). тыйым
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 909
Ибн Омардан (Аллаһ әкесі екеуіне разы болсын). Аллаһ елшісі (с.а.с.) құлды қарамағына алуды сатуға және сыйлауға тыйым салған (1506/16). қарамағына өткен (құл жайында)
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 910
Әбу Һурайрадан (Аллаһ оған разы болсын). Пайғамбар (с.а.с.): «Кім өзі қарамағында болған адамдардан олардың рұқсатынсыз басқалардың қарамағына өтсе, оған Аллаһтың және періштелер мен барлық адамдардың лағынеті болады. Қиямет күні одан міндетті де, қосымша да (амалдары) қабыл етілмейді», – деп айтқан (1508/19).
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 911
Әбу Масғұд әл-Ансариден (Аллаһ оған разы болсын). Ол: «(Бірде) мен қызметкерімді ұрып жатыр едім (басқа бір риуаятта: «(Құл): «Аллаһтан пана сұраймын», – деді. Ал ол ұруын жалғастыра берді. Сонда (құл): «Мен Аллаһтың елшісінен пана сұраймын», – деді. Сол кезде ғана (Әбу Масғұд) оны жайына қалдырды» деп айтылған3), кенет арт жағымнан: «Біліп қой, ей, Әбу Масғұд! Сенің оған (күшің жететініне) қарағанда Аллаһтың күші саған көбірек жетеді» деген дауыс естідім. Яғни оған, басқа риуаяттарда айтылғандай, құлдың әйелі болып қалуға немесе онымен ажырасуға таңдау берілген еді. Пайғамбарымыз (с.а.с.) садақаға берілген азықты жемейтін. Ғалымдардың айтуынша, сірә, Әбу Масғұд ашуға беріліп кеткендіктен, құлдың «Аллаһтан пана сұраймын» деген сөзін естімей қалған болса керек. Бұрылып қарасам, Аллаһ елшісі (с.а.с.) екен. Мен: «Уа, Аллаһтың елшісі! Ол Аллаһтың дидары үшін азат», – дедім. Сонда (Пайғамбар (с.а.с.)): «Егер де бұлай етпегеніңде, сені тозақ оты шарпитын еді (немесе саған тозақ оты тиетін еді)», – деп айтты», – деген (1659/35).
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 912
Заданнан . Ибн Омар (Аллаһ әкесі екеуіне разы болсын) өзінің қызметкерін шақырып, оның арқасындағы (соққының) ізін көреді де, одан: «Мен сенің жаныңды ауырттым ба?» – деп (сұрайды). Ол: «Жоқ», – дейді. (Сонда Ибн Омар): «Сен азатсың», – дейді. Содан кейін ол жерден бірдеңе алып: «Бұл үшін маған мынаның салмағындай да сауап жоқ. Мен Аллаһ елшісінің (с.а.с.): «Кім өзінің қызметшісіне жасамаған ісі үшін жазалап, қол жұмсаса немесе оның бетінен ұрса, мұның өтемі – оны азат ету», – деп айтқанын естідім», – деген (1657/30).
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 913
Суәйд ибн Муқарриннен (Аллаһ оған разы болсын). Бір адам күңінің бетінен ұрғанда, Суәйд оған: «Сен беттен ұруға тыйым салынатынын білмейсің бе? Мен алты бауырыммен бірге Аллаһ елшісінің (с.а.с.) қасында болдым. (Жетеуіміздің) бір ғана қызметкеріміз бар еді. Біреуіміз барып, оны бетінен ұрды. Сонда Аллаһ елшісі (с.а.с.) бізге оны азат етуді бұйырды», – деп айтқан (1658/33). тыйым
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 914
Әбу Һурайрадан (Аллаһ оған разы болсын). Ол: «Әбул-Қасим (с.а.с.): «Кім құлын «зина жасады» деп айыптаса, бірақ бұл ол айтқандай болмаса, ол (адам) Қиямет күні жазаланады», – деп айтты», – деген (1660/37). оларға шамалары келмейтінді жүктемеу
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 915
Мағрур ибн Суәйдтен . Ол: «(Бірде) біз әр-Рабзада Әбу Заррдың (Аллаһ оған разы болсын) жанынан өттік. Оның үстінде шекпен бар еді, құлының үстінде де дәл сондай (шекпен болды). Біз: «Ей, Әбу Зарр! Егер де осы екеуін біріктірсең, хулла болар еді ғой», – дедік. Сонда ол: «(Бірде) Задан әл-Кинди, көрнекті табиғиндердің бірі, хадис жеткізуші. Мұхаммед пайғамбарды (с.а.с.) Әбул-Қасим деп те атайтын. Табиғиндер қатарындағы хадис жеткізушілердің бірі. Мекке мен Мәдинаның арасындағы шөл дала. Хулла – екі бөлектен тұратын киім түрі. бауырларымнан бір кісімен сөзге келіп қалдым. Оның анасы араб емес еді. Мен оған шешесін қоса мінеп тіл тигіздім . Ол мұным үшін Пайғамбарға (с.а.с.) шағым айтты. Содан Пайғамбарды (с.а.с.) жолықтырғанымда, ол (маған): «Ей, Әбу Зарр! Негізінде, сен бойыңда жәһилият бар кісі екенсің », – деді. Мен: «Уа, Аллаһтың елшісі! Адамдарды тілдегендердің бәрі оның әкесі мен анасын тілдейді ғой», – дедім . (Сонда Пайғамбар (с.а.с.)): «Ей, Әбу Зарр! Негізінде, сен бойыңда жәһилият бар кісі екенсің. Олар (құлдарың) – Аллаһ өздеріңе бағынышты етіп қойған бауырларың. Оларға өздерің жейтіннен жегізіңдер, өздерің киетіннен кигізіңдер және оларға шамасы келмейтін істі жүктемеңдер, егер жүктей қалсаңдар, оларға жәрдемдесіңдер », – деді», – деп айтты», – деген (1661/38).
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 916
Әбу Һурайрадан (Аллаһ оған разы болсын). Ол: «Аллаһ елшісі (с.а.с.): «Біреуіңе қызметшісі тамағын әзірлеп, әкелсе, оны өзімен бірге отырғызып, ол да жесін. Ол оның ыстығы мен түтініне төзді ғой. Ал егер тамақ аз болып, оны жеушілер көп болса, (тағамнан) оның қолына бір-екі асам салып берсін», – деп айтты», – деген (1663/42). құлшылығын жақсы орындаған жағдайда, оның алар сауабы мен сыйы
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 917
Ибн Омардан (Аллаһ әкесі екеуіне разы болсын). Аллаһ елшісі (с.а.с.): «Ақиқатында, құл қожайынына адал болса және Аллаһтың құлшылығын жақсы орындаса, оның сыйы екі дүркін беріледі», – деген (1664/43).
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 918
Әбу Һурайрадан (Аллаһ оған разы болсын). Ол: «Аллаһ елшісі (с.а.с.): «Біреудің иелігіндегі ізгілікті құлға екі сауап бар», – деді. Әбу Һурайраның жаны қолында болған (Аллаһ)пен ант етейін, егер де Мұнда оның құлы туралы айтылған. Өйткені Пайғамбарымыз (с.а.с.) құлдар жайлы: «Олар – сендердің бауырларың», – деп айтқан. Кейбіреулер бұл азаншы Біләл болғанын айтқан. Тағы бір риуаятта: «Оған: «Ей, қара әйелдің баласы!» – деп айттым» деп келген. Яғни бойыңда жәһилият қылығы бар адам екенсің. Адамды әкесімен немесе анасымен балағаттау жәһилият дәуірінің айыпталатын әдеті болып табылады. Пайғамбарымыз (с.а.с.) бұған тыйым салған. Әбу Зарр құлын анасымен мінегенде, оның өзін тілдеуді көздегенін айтқан. Ән-Нәуәуидің айтуынша, бұл – міндетті емес, мустахаб амалға қатысты бұйрық. Ғұламалар бұл жөнінде бірауызды келісімге келген. Қожайын құлын, жалпы тұрғыда алғанда, орта дәрежеде тамақтандырып, орта дәрежеде киіндіруі керек. Хадистің мәтіні теңдікке емес, бауырмалдыққа үндеген болса да, Пайғамбарымыздың (с.а.с.) сөзі қатты әсер еткендіктен Әбу Зарр осылай ететін. Құлдарға шамалары келмейтін міндетті жүктеуге рұқсат етілмейтіні жөнінде ғұламалар бірауызды келісімде. Аллаһтың жолындағы жиһад, қажылық және анама жақсылық жасау болмағанда, мен құл болып өлуді қалар едім», – деген. (Хадисті жеткізуші): «Бізге Әбу Һурайраның анасы қайтыс болғанша оның жанында болғандықтан, қажылық жасамағаны жайлы хабар жетті», – деп айтқан (1665/44). (қожайынының) одан басқа мүлкі болмаған жағдайда сатуға (рұқсат етілетіні) жайлы Мұнда Жәбир ибн Абдуллаһтың (Аллаһ әкесі екеуіне разы болсын) хадисі ұсынылған. Ол жоғарыда «Қаражатпен қамтамасыз ету жөніндегі кітаптың» бас жағында келтірілген болатын (887-хадисті қараңыз). Бұл хадистен құлдың қажылық жасауға және Аллаһ жолында шайқасуға міндетті еместігі жайлы қорытынды шығады. Өйткені оның бұған мүмкіншілігі жоқ. Ал хадисте анаға жақсылық жасау деп оны қамтамасыз ету, оған көмектесу, қызмет ету т.с.с. құл орындай алмайтын істер туралы айтқан. Әбу Һурайраның қажылық жасамауына келсек, мұнда қосымша нәпіл қажылық меңзелген. Өйткені ол міндетті қажылығын Пайғамбарымыздың (с.а.с.) кезінде, анасының көзі тірісінде өтеген. Оның анасы тірі кезде нәпіл қажылық жасамауының себебі, анаға жақсылық жасау нәпіл құлшылықтардан жоғары тұратын міндетті амалға жатады. Сондықтан да мәлики және шафиғи мазһабының өкілдері «ата-ана баласының нәпіл қажылық жасауына тыйым салуға құқылы» деп есептеген. Бірақ олар міндетті қажылыққа тыйым сала алмайды.
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Глава 13. Сауда-Саттық Кітабы
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 919
Мағмар ибн Абдуллаһтан (Аллаһ оған разы болсын). Ол қызметшісіне бір сағ бидай беріп жіберіп: «Мұны сатып, орнына арпа сатып ал», – дейді. Қызметші барып, (оны) бір сағдан біраз артық (арпаға ауыстырып) алады. Ол Мағмарға келіп, мұны хабарлайды. Сонда Мағмар оған: «Неге бұлай еттің? Барып, оны қайтарып бер және (азықты алмастырғанда) орнына дәл сондай өлшемді ғана ал. Өйткені мен Аллаһ елшісінің (с.а.с.): «Азықтың орнына дәл сондай өлшемдегі азық (алынады)», – деп айтқанын естігенмін. Ол күндері біздің азығымыз арпа еді», – деп айтқан. Одан: «Бұл дәл сондай емес пе?» – деп (сұрағанда), ол: «Мен мұның өсімқорлыққа ұқсауынан қорқамын», – деп (жауап берген) (1592/93). тыйым
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 920
Ибн Аббастан (Аллаһ әкесі екеуіне разы болсын). Аллаһ елшісі (с.а.с.): «Кім азық сатып алса, оны толық қолына алмайынша сатпасын», – деген. Ибн Аббас: «Мен барлығы осы сияқты деп есептеймін», – деп айтқан (1525/29).
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 921
Әбу Һурайрадан (Аллаһ оған разы болсын). Ол Маруанға3: «Сен өсімқорлық саудасына рұқсат еттің ғой», – деген. Маруан: «Мен не істедім?» – деді. Әбу Һурайра: «Сен чек қағаздарын сатуға рұқсат еттің ғой. Ал Аллаһ елшісі (с.а.с.) азықты толық қолға алмай тұрып, оны сатуға тыйым салған», – деді. Содан кейін Маруан адамдарға құтпа жасап, оларды сатуға тыйым салды. Яғни ол мұндай жағдайда өсімқорлық орын алуы мүмкін деп қауіптенген. Алайда, ән-Нәуәуидің айтуынша, шафиғи мазһабының өкілдері мен ғұламалардың көпшілігі Мағмардың әрекетін сақтық шарасы ретінде бағалаған. Өйткені хадисте бидай мен арпа азықтың бір түріне жататыны жайлы анық нұсқау жоқ. Ал хадисте: «Егер бұлардың түрі бір-бірінен ерекшеленетін болса, оларды өздеріңнің қалауларың бойынша сатыңдар» деп айтылған. Сондай-ақ Ғұбада ибн Самиттен жеткен хадисте: «Бидайды көбірек арпаға қолма-қол сатуда күнә жоқ» деп көрсетілген (Әбу Дәуд, ән-Нәсәи). Мухаддистер мұны «сахих» хадис санатына жатқызған. Ғалымдардың барлығы дерлік «азық-түлікті толық қолға алмай тұрып, оны сатуға рұқсат етілмейді» деп есептеген. Азық-түліктен басқа тауарларға қатысты ғалымдар пікір қайшылығына түскен. Шафиғи мазһабының өкілдері «тауарлардың барлығы бұл мәселеде азық-түлік сияқты» деп есептеген, мәлики мазһабындағылар «бұл тыйым азық-түлікке ғана қатысты» деп санайды. Маруан ибн Хакам, мұсылман әмірлерінің бірі, табиғин, хадис жеткізуші. Сүлеймен1: «Мен оларды адамдардың қолдарынан алып жатқан жасауылдарды көрдім», – деп айтқан (1528/40).
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 922
Ибн Омардан (Аллаһ әкесі екеуіне разы болсын). Аллаһ елшісі (с.а.с.): «Кім азық-түлік сатып алса, оны толық қолына алмайынша сатпасын», – деген. (Ибн Омар): «Біз азық-түлікті керуеншілерден өлшемей, көтере сатып алатынбыз. Аллаһ елшісі (с.а.с.) бізге оны (сатып алынған) орнынан тасып әкетпейінше, сатуға тыйым салды», – деп айтқан (1526, 1527/34).
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 923
Абдуллаһ ибн Омардан (Аллаһ әкесі екеуіне разы болсын). Ол: «Аллаһ елшісі (с.а.с.) «музәбәнәға»: бағының өнімін, құрма болса, өлшенетін кепкен құрмаға айырбастауға, жүзім болса, оны өлшенетін мейізге айырбастауға, ал егін болса, оны өлшенетін азыққа сатуға тыйым салды. Ол осылардың бәріне тыйым салды», – деп айтқан (1542/76). Сүлеймен ибн Ясар – табиғин, хадис жеткізуші, Мәдинаның әйгілі жеті фақиһінің бірі. Бұлар үкімет басшысы айлық алушылар үшін шығарған құнды қағаздар болатын. Бұл чектерге оның иесі қанша азық-түлік және де басқа тауарлар алуға құқылы екені жазылатын. Осы құнды қағаздардың иелері оларды қолдарына алмас бұрын сатуға кіріскен еді. Кейбір ғалымдар осы хабарды негізге ала отырып, мұндай қағаздарға тыйым салған. Алайда шафиғи мазһабының өкілдері мен басқа да кейбір ғалымдардың пікірінше, Әбу Һурайра құнды қағаз иесінің оны ресми орыннан қолына алмас бұрын, басқа біреуге сатуын теріске шығарған. Ән-Нәуәуи мұның «Муатта» жинағындағы хадиспен нақтыланатынын айтқан. Ол хадисте адамдардың бұл құнды қағаздарды толық қолдарына алмай тұрып, оларды сатуға кіріскендігі айтылған. Осы хадиске сүйенген әш-Шафиғи «тауарды өлшемей, көтере сатып алуға тыйым салынбайды» деп есептеген. Ал Мәлик «егер сатушы тауарының өлшемін білсе, оны өлшемей, көтере сатуына рұқсат етілмейді» деп санаған. Ибн Хажардың нұсқауынша, әл-Бұхари «шариғат бойынша «тауарға ие болуға» оны қолға алу ғана емес, сатып алынған орыннан тасып әкету де кіреді» деп есептеген. Мұнда, мәселен, жиналмаған құрма жемістерін өлшенетін кепкен құрмаға немесе өлшенетін мейізді жиналмаған жүзімге сататын сауда-саттық түрі туралы айтылған. Мұндай жағдайда жиналмаған құрма мен жүзім шамаланып қана өлшенетіндіктен, оларға қатысты айырбас сауда әділ болмауы мүмкін. Музәбәнә саудасының құмар ойыны сияқты саналатын тағы бір түріне сатушы: «Мен саған бұл өнімді жиырма сағқа тең құнмен төлеймін. Егер өлшенгеннен кейін ол жиырма сағдан асса, артығы маған қалады. Ал егер жиырма сағдан аз болса, мен зиян шегемін» деп айтқан жағдай кіреді.
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 924
Әбу Һурайра мен Әбу Сағид әл-Худриден (Аллаһ ол екеуіне разы болсын). Аллаһ елшісі (с.а.с.) ансарлық ади әулетінің туысын Хайбарға басшы етіп тағайындап жібергенде, ол жәниб (деп аталатын) құрма әкеледі. Аллаһ елшісі (с.а.с.) одан: «Хайбардың барлық құрмасы осындай ма?» – деп (сұрайды). Ол: «Жоқ, Аллаһпен ант етейін, уа, Аллаһтың елшісі! Біз (мұның) бір сағын аралас құрмалардың екі сағына сатып аламыз», – дейді. Сонда Аллаһ елшісі (с.а.с.): «Бұлай етпеңдер! Керісінше, дәл сондай өлшемге (сатып алыңдар) немесе мұны сатып, оның ақшасына мынадан сатып алыңдар. Таразыға тартылатын (басқа тауарлар) да дәл осындай», – деп айтқан (1593/94).
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 925
Жәбир ибн Абдуллаһтан (Аллаһ әкесі екеуіне разы болсын). Ол: «Аллаһ елшісі (с.а.с.) өлшемі белгісіз кептірілген құрманы кептірілген құрманың белгілі өлшемі үшін көтере сатуға тыйым салды», – деген (1530/42).
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 926
Жәбирден (Аллаһ оған разы болсын). Ол: «Аллаһ елшісі (с.а.с.) құрма жемістерін піспей тұрып сатуға тыйым салды (немесе бізге тыйым салды)», – деп айтқан (1536/53).
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 927
Әбу әл-Бахтариден . Ол: «Мен Ибн Аббастан (Аллаһ әкесі екеуіне разы болсын) құрмаларды сату жайлы сұрағанымда, ол: «Аллаһ елшісі (с.а.с.) құрмаларды одан жегенше (немесе желінгенше) және ол өлшенгенше сатуға тыйым салды», – деді. Мен: «Оның өлшенуі (қалай)?» – Ади әулеті – аус тайпасындағы нажжар әулеті. Басқа хадистерде, оның сахаба Сәуад ибн Ғазия (Аллаһ оған разы болсын) болғаны айтылған. Құрманың іріктелген сұрыбы. Ғұқба ибн Абдул-Ғафирден жеткен Әбу Сағидтің хадисінде осыған ұқсас жағдайда Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Аһ, бұл өсімқорлық қой! Бұлай жасама», – деген. Осы хадиске сүйенген кейбір ғалымдар «ъина» саудасына рұқсат еткен. Мәселен, бір кісінің төмен сұрыпты құрманы екі жүз дирһамға сатып, содан кейін дәл осы адамнан оның ақшасына азырақ мөлшердегі жақсы сұрыпты құрма сатып алуы. Аталмыш ғалымдар хадисте мұндай сауданың бір адаммен жасалуына қатысты шектеулер мен тыйымдар қойылмағанын нұсқаған. Алайда кейбір ғалымдар хадисте дәл сол адамнан сатып алуға рұқсат келмегенін алға тартқан. Бұл – бидай, арпа және басқа дақылдарға да қатысты тыйым. Сағид ибн Файруз әт-Таи, табиғин, хадис жеткізуші. деп (сұраған) едім, оның алдындағы бір кісі: «Жинап алынуы», – деп айтты», – деген (1537/55). қатысты тыйым
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 928
Ибн Омардан (Аллаһ әкесі екеуіне разы болсын). Аллаһ елшісі (с.а.с.) құрманы (жеуге) жарамдылығы белгілі болғанша және масақты қатайғанша әрі бүлінуден қауіпсіз болғанша сатуға тыйым салған. Ол (бұған) сатушыға да, сатып алушыға да тыйым салған (1535/50).
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 929
Бәну хариса (әулетінің) азат еткен құлы Бушәйр ибн Ясардан 2. Оған Рафиғ ибн Хадиж ибн Әбу Хасманың (Аллаһ оған разы болсын) айтуынша, Аллаһ елшісі (с.а.с.) музәбәнәға: ағаш басындағы құрмаларды кептірілген құрмаға сатуға тыйым салған. (Пайғамбар (с.а.с.) бұған) тек «арайа» иелеріне ғана рұқсат еткен (1540/70). Сатушының піспеген құрмаларды сатуына тыйым салынады. Егер ол піспеген құрмаларды сатса, оның табысы харам болады. Және бұл тыйым сатып алушыға да қатысты. Өйткені ол бұлай жасау арқылы сатушыға тыйым салынған істе көмектеседі және дүниесін ысырап етеді. Табиғин, хадис жеткізуші. «Арайа» деп аталатын белгілі бір жағдайларда мұндай сауданың бес уасқтан аз мөлшерде жасалуына рұқсат етіледі (келесі хадистерді қараңыз). Хассан ибн Сәбиттің айтуынша, бұрын арабтар өнім жақсы болмаған жылы кедейлерге бақты немесе бақтағы бірнеше ағашты уақытша пайдалануға беретін. Бұл уақытша сүтін сауып іше тұруы үшін біреуге сауын түйесін беру (маниха) сияқты. Мұндай жеміс ағаштарын уақытша пайдаланушыларда жеткілікті қаражат болмағандықтан, өнімнің толық пісіп, жиналуын күте алмай, олар ағаш басындағы жиналмаған өнімді кептірілген құрмаларға айырбастауға мәжбүр болатын. Немесе қолында қаражаты жоқ, бірақ кептірілген құрмасы бар мұқтаждар өздеріндегі кептірілген құрмаларды жеміс піскен кезде жас құрмаларға оларды жеу үшін айырбастайтын. Сондықтан да ғалымдар аталмыш рұқсаттың «музәбәнә» саудасына қатысты жалпы тыйымнан тысқары қарастырылатын жекелеген мәселеге жататынын әрі оның өзіндік шектеулерге ие екендігін айтқан. «Арайаның» өзге де түрлері бар. Мәселен, уақытша пайдалануға берілген бақтың иесі оны қайтарып алуды қалап, қолындағы кептірілген құрмаларды бақтың уақытша пайдаланушыға тиесілі жиналмаған жас құрмаларына айырбастайтын жағдайды осыған мысал етуге болады (қ.: «Фатх әл- Бәри»).
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 930
Зәйд ибн Сәбиттен (Аллаһ оған разы болсын). Оның айтуынша, Аллаһ елшісі (с.а.с.) отбасы мүшелері кептірілген құрманың орнына шамалап өлшеп өздері жейтін жас құрма алатын «арайаға» рұқсат еткен.
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 931
Әбу Һурайрадан (Аллаһ оған разы болсын). Аллаһ елшісі (с.а.с.) бес уасқтан аз немесе бес (уасқ) мөлшеріндегі шамалап өлшенген «арайа» саудасына рұқсат еткен. Дәуд күмәнданып: «Бес пе, әлде бестен аз мөлшер ме?» – деп (сұрағанда), ол: «Иә», – деп (жауап берген) (1541/71).
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 932
Жәбир ибн Абдуллаһтан (Аллаһ әкесі екеуіне разы болсын). Ол: «Аллаһ елшісі (с.а.с.): «Егер де бауырыңнан ағаш басындағы өнімді сатып алғаныңда, ол апатқа ұшыраса, сенің одан еш нәрсе алуыңа рұқсат етілмейді. Бауырыңның дүниесінен құқылы болмасаң, не үшін аласың?!» – деді», – деп айтқан (1554/14).
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 933
Әбу Сағид әл-Худриден (Аллаһ оған разы болсын). Ол: «Аллаһ елшісінің (с.а.с.) кезінде бір кісі сатып алған өнімінде шығынға ұшырап, қарызы көбейіп кетті. Сонда Аллаһ елшісі (с.а.с.): «Оған садақа жасаңдар», – деді. Бірақ адамдар садақа жасағанмен, бұл оның қарызын өтеуге жетпеді. Сонда Аллаһ елшісі (с.а.с.) қарыз берген адамдарға: Дәуд ибн Хусайн, табиғиндерден кейінгі буын өкілі, хадис жеткізуші. Ән-Нәуәуи өзінің түсіндірмесінде айтқандай, хадисті жеткізуші күмәнданған жағдайда күмәнсіз нәрсені, яғни бес уасқтан аз мөлшерді ұстану керек. Бір уасқ – алпыс сағқа тең. Әш-Шафиғи, Ахмад және басқалар «бұл құрма мен жүзімге ғана қатысты» деп есептеген (қ.: «Шарх ән-Нәуәуи»). Осы хадистің риуаяттарының бірінде Пайғамбар (с.а.с.) табиғат апатынан болған шығынды өтеуге бұйырған. Ал жоғарыдағы хадистерде бүлінуі мүмкін, піспеген өнімді сатуға тыйым салынатыны айтылған болатын. Сатушы піскен жемісін сатып, оның ақшасын алған соң, бірақ сатып алушы өнімді қолына алмас бұрын өнім апатқа ұшыраса не істеу керектігі жөнінде ғалымдар пікір қайшылығына түскен. Әбу Ханифа, әш-Шафиғи (хабарлардың бірінде), Ләйс ибн Сағд және басқа да кейбір ғалымдар «сатушы бұл үшін жауап бермейді» деп есептеген. Бірақ сатушының табиғат апатынан болған шығынды өтегені дұрыс. Олар бұған дәлел ретінде осы кітаптағы келесі хадисті келтірген. Яғни өнімі апатқа ұшыраған адам қарызға батып қалмауы үшін оның шығынын өтеп беру керек. «Сендер өздеріңе берілгенді алыңдар, сендерге бұдан басқа еш нәрсе жоқ», – деп айтты», – деген (1556/18).
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 934
Абдуллаһ ибн Омардан (Аллаһ әкесі екеуіне разы болсын). Ол: «Аллаһ елшісінің (с.а.с.): «Кім құрма ағашын тозаңданғанынан кейін сатып алса, оның жемісі сатқан адамға тиесілі. Тек сатып алушы (осыған) шарт қойған жағдай ғана бұдан тысқары. Сондай-ақ кім құл сатып алса, оның мал-мүлкі сатқан адамға тиесілі. Тек сатып алушы (осыған) шарт қойған жағдай ғана бұдан тысқары», – деп айтқанын естідім», – деген (1543/80).
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 935
Зәйд ибн Әбу Унайсадан . Ол: «Бізге Әбу Уәлид әл-Мәкки , Ата ибн Әбу Рабахтың алдында отырып, Жәбир ибн Абдуллаһтан (Аллаһ әкесі екеуіне разы болсын) Аллаһ елшісі (с.а.с.) «мухақалаға», «музәбәнәға», «мухабараға» және құрманы таптанғанша сатуға тыйым салғанын айтты», – деген. Таптану – (құрманың) қызаруы не сарғаюы немесе одан бір нәрсенің желінуі. Мухақала – піспеген егіннің азықтың белгілі өлшеміне сатылуы. Музәбәнә – ағаш басындағы құрманың кептірілген құрманың уасқ өлшемдеріне сатылуы. Мухабара – үштен бір бөлік, төрттен бір бөлік және сол сияқтылар. Зәйд: «Мен Ата ибн Әбу Рабахтан: «Сен Жәбир ибн Абдуллаһтың Аллаһ елшісінен (с.а.с.) осыны айтқанын естідің бе?» – деп (сұрағанымда), ол: «Иә», – деді», – деп айтқан (1536/83). Бұл хадисте игілікке және тақуалыққа жәрдемдесуге, садақа беруге, сондай-ақ мұқтаждыққа тап болған адамнан шамасы келмейтінді талап етпеуге және оны түрмеге жаппауға нұсқау келген. Бұл – Мәлик, әш-Шафиғи және көпшілік ғалымдардың пікірі. Ал Әбу Ханифа «одан қарызын өтеуді табанды түрде талап ету керек» деп есептеген. Қарыз алған адам шығынға ұшыраған жағдайда, қарыз иелеріне оның киімі мен сол сияқты заттарынан басқа барлық мүлкі ұсынылады. Табиғин, хадис жеткізуші. Сағид ибн Мина, табиғин, хадис жеткізуші. Табиғин, хадис жеткізуші. Тіл ғалымдары мен әл-Хаттабидың айтуынша, бұл құрманың толық қызаруы мен сарғаюын емес, оның қызара және сарғая бастауын білдіреді (ән-Нәуәуи). Мухабара – музарағаға жақын ұғым. Екеуінде де жер иесі жерін өнімнің бір бөлігіне жалға береді. Әйтсе де бұлардың арасындағы айырмашылық, музараға кезінде егін жер иесінің есебінен, ал мухабара кезінде жалға алған адамның есебінен егіледі. Шафиғи мазһабы өкілдерінің көпшілігінің пікірі осыған тоғысады. Рафиғ ибн Хадижден жеткен хабарда егін жерді жалға алған адамның есебінен егіліп, жер иесі егін алқабының нақты қай бөлігінің өнімі өзіне тиесілі болатынын белгілеген жағдайда, жерді жалға беруге тыйым салынатыны айтылған. Мұндайда жер иесі көбінесе егіндіктің суармалы
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 936
Әбу Зубәйрден және Сағид ибн Минадан . Жәбир ибн Абдуллаһ (Аллаһ әкесі екеуіне разы болсын): «Аллаһ елшісі (с.а.с.) «мухақалаға», «музәбәнәға», «муғауамаға» және «мухабараға» тыйым салды ((хадисті жеткізушілердің) бірі: «Бірнеше жылдың (өнімін) сату – муғауама», – деп (түсіндірген)). Сондай-ақ (Пайғамбар (с.а.с.) саудада белгісіз бір нәрсені) тысқары қарастыруға (тыйым салды), ал «арайаға» рұқсат етті», – деген (1536/85).
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 937
Жәбирден (Аллаһ оған разы болсын). Ол: «Пайғамбар (с.а.с.) бірнеше жылдың (өнімін) сатуға тыйым салды», – деген. Ал Ибн Әбу Шәйбәның риуаятында: «өнімді бірнеше жылға сату» (деп айтылған) (1536/101).
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 938
Жәбирден (Аллаһ оған разы болсын). Ол: «(Бірде) бір құл келіп, Пайғамбарға (с.а.с.) қоныс аударуға ант берді. (Пайғамбар (с.а.с.)) оның құл екенін байқамады. Кейін қожайыны оны (кері қайтаруды) қалап келді. Сонда Пайғамбар (с.а.с.) оған: «Оны маған сат», – деді. Сөйтіп, оны екі қара құлға сатып алды. Содан кейін (Пайғамбар (с.а.с.)) құл емес пе екенін бөлігінің өнімін өзіне тиесілі деп белгілейтін. Кейде егіндіктің жер иесіне немесе жалға алған адамға тиесілі бөлігі өнім бермей, екеуара келіспеушіліктер туындайтын. Өйткені жердің белгілі бір бөлігінің өнім беруіне ешкім де кепіл бола алмайды. Жалға алған жер үшін алтынмен не күміспен қолма-қол төлеуге немесе жер ақысы ретінде өнімнің белгілі бір кепілдемелі мөлшері белгіленген жағдайға келсек, музарағаның мұндай түріне тыйым салынбайды. Бұл жайлы Рафиғ ибн Хадиждың хабарында айтылған. Ал хадистегі «мухабара – үштен бір бөлік, төрттен бір бөлік және сол сияқтылар» деген сөздерді әш-Шафиғи, әл-Бұхари және басқалар бұл кесімді тыйым емес деп түсіндіреді. Бұл пікір Ибн Аббастан да (Аллаһ әкесі екеуіне разы болсын) келтірілген. Мұхаммед ибн Муслим әл-Мәкки, табиғин, хадис жеткізуші. Әбу Уәлид әл-Мәкки, табиғин, хадис жеткізуші. «Муғауама» саудасы – жеміс ағаштарының өнімін екі, үш немесе одан көп жылға сату. Сауданың мұндай түріне тыйым салынады. Ибн Мунзир және басқалар ғалымдардың бұл жөнінде ортақ пікірге келгендерін айтқан. Аталмыш тыйымның себебі, мұндай жағдайда сатып алушы алды беймәлім тауарды сатып алады. Ал саудада белгісіз бір затты тысқары қарастыру (сунйа) дегеніміз, мәселен, сатушы: «Мен саған мына жемістердің не ағаштардың немесе қойлардың кейбір бөлігінен басқасын сатамын» деп айтқан сияқты жағдайды білдіреді. Яғни сатушы тауарының нақты қандай бөлігін өзінде алып қалатынын анық белгілеуі керек. «Арайа» ұғымын 922-хадистің түсіндірмесінен қараңыз. Муслимнің ұстазы, мухаддис. сұрамай тұрып, ешкімнен ант қабылдамайтын болды», – деп айтқан (1602/123).
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 939
Әбу Һурайрадан (Аллаһ оған разы болсын). Аллаһ елшісі (с.а.с.): «Кім сүті сауылмаған қой сатып алса, ол оған қатысты үш күн таңдау еркіне ие. Қаласа, оны өзінде қалдырады. Қаласа, қайтарып береді және онымен бірге бір сағ кептірілген құрма береді», – деп айтқан (1524/24).
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 940
Ибн Аббастан (Аллаһ әкесі екеуіне разы болсын). Ол: «Омарға Сәмураның шарап сатқаны жайлы хабар жеткенде, ол: «Аллаһ өлтірсін Сәмураны! Ол Аллаһ елшісінің (с.а.с.): «Аллаһ яһудилерді лағынет етсін! Оларға (малдың) майлары тыйым салынған. Бірақ олар оны ерітіп, сатты», – деп айтқанын білмейді ме?» – деді», – деп айтқан (1582/72).
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 941
Мысырлық Абдур-Рахман ибн Уағла әс-Сәбәиден . Ол Абдуллаһ ибн Аббастан (Аллаһ әкесі екеуіне разы болсын) жүзімнен сығып алынатын (шарап) жайлы сұрағанда, Ибн Аббас: «Бір кісі Аллаһ елшісіне (с.а.с.) ішінде шарабы бар ыдыс сыйлады. Сонда Аллаһ елшісі (с.а.с.) оған: «Сен Бұл оқиға Пайғамбарымыздың (с.а.с.) мінез-құлқының көркемдігін айғақтайды. Ол әлгі құлдың қоныс аударып, өзінің қасында болғысы келген ниетін зая кетірмеу үшін оны қайтарып беруді қаламай, сатып алған. Ән-Нәуәуидің айтуынша, ғалымдар бір құлды екі құлға сатуға, сондай-ақ сауда қолма-қол жасалса, құндары бірдей болса да, әртүрлі болса да, бір малды екі малға сатуға рұқсат етілетіні жөнінде бірауызды келісімге келген. Егер мұндай сауда келісімі қолма-қол емес, кейін есептесу шартымен жасалса, шафиғи мазһабының өкілдері мен көпшілік ғалымдар оған да рұқсат еткен. Ал Әбу Ханифа мен куфалық фақиһтер бұған тыйым салған. Басқа бір риуаятта бірнеше күн сүті сауылмаған түйені не қойды сатуға қатысты тыйым келген. Өйткені мұнда сатып алушыны алдау бар. Тағы бір риуаятта қой не түйе сатып алған адам оны сауғаннан кейін таңдау еркіне ие екені айтылған. Үшінші бір риуаятта малды қайтарып берген жағдайда сауған сүті үшін бидайдан басқа бір сағ азық қосып беру жайлы айтылады. Көпшілік ғалымдардың пікірінше, сауын қойды немесе түйені қайтарып берген жағдайда одан сауып алынған сүттің мөлшеріне қарамастан, бір сағ кептірілген құрма қосып беру керек. Ал шафиғи мазһабының кейбір өкілдері «бұл үшін құрмадан басқа да азық түрлерін беруге болады» деген пікірде. Табиғиндер қатарындағы хадис жеткізуші. Аллаһтың бұған тыйым салғанын білесің бе?» – деді. Ол: «Жоқ», – деді . Содан кейін ол бір адамға (әлдене деп) сыбырлады. Аллаһ елшісі (с.а.с.) одан: «Сен оған не деп сыбырладың?» – деп (сұрады). Ол: «Оған мұны сатуды тапсырдым», – деді. (Пайғамбар (с.а.с.)): «Мұны ішуге тыйым салған оны сатуға да тыйым салған», – деді. Сонда (әлгі кісі) ыдысты ашып, оның ішіндегіні төгіп тастады», – деп айтқан (1579/68). тыйым
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 942
Жәбир ибн Абдуллаһтан (Аллаһ әкесі екеуіне разы болсын). Ол Аллаһ елшісінің (с.а.с.) Меккені бағындырған жылы Меккеде тұрып: «Ақиқатында, Аллаһ және Оның елшісі шарапты, өлген малды, шошқаны және пұттарды сатуға тыйым салды», – деп айтқанын естіген. «Сонда (одан): «Уа, Аллаһтың елшісі! Өлген малдың майы жөнінде не айтасың? Онымен кемелер сыланады, терілер майланады және онымен адамдар шырақ жағады ғой», – деп (сұрағанда, Пайғамбар (с.а.с.)): «Жоқ, оған тыйым салынады», – деген. Содан кейін Аллаһ елшісі (с.а.с.) сол жерде: «Аллаһ яһудилерді өлтірсін! Аллаһ тағала оларға (малдың) майына тыйым салған кезде, олар оны ерітіп, сататын, сөйтіп, оның ақшасын жейтін болған», – деп айтқан», – деген (1581/71). Бәлкім, бұл оқиға масайтатын ішімдіктерге тыйым салынғанына көп өтпей, аталмыш үкім кең таралмай тұрып орын алса керек. Сондықтан да білместікпен шарап сыйлаған адам айыпталмаған. Бұл хадис шафиғи мазһабының өкілдері мен көпшілік фақиһтердің мас қылатын ішімдік құйылған ыдыс сындырылмай, оның ішіндегісі төгіп тасталатыны жайлы пікіріне дәлел болып табылады. Әбу Талханың хадисіндегі адамдардың шарап құйылған бөшкелерді сындырғаны – Пайғамбарымыздың (с.а.с.) бұйрығымен емес, олардың өз беттерінше болған оқиға. Сондай-ақ мас қылатын ішімдіктерді сақтауға және олардан әдейі сірке қышқылын дайындауға да болмайды. Ал егер ішімдік өздігінен сірке қышқылына айналса, ғалымдардың басым көпшілігінің пікірінше, мұндай сірке қышқылы таза және пайдалануға жарамды саналады. Ал алкогольді зат таза ма, жоқ па деген мәселеде ғалымдардың көпшілігі, солардың қатарында төрт имам да оны «таза емес» деп есептеген. Алайда көрнекті табиғиндердің бірі Рабиға ибн Әбу Абдур-Рахман, имам Ләйс ибн Сағд, әл-Музәни, әс-Санғани, Саид Сабиқ және басқалар алкогольді заттың таза еместігіне анық дәлел жоқтығын алға тартып, оны «таза» деп санаған. Өйткені тыйым салынғанның бәрі бірдей таза емес саналмайды. Ал кез келген зат негізінде таза еместігі дәлелденбейінше, таза болып табылады (қ.: «Субул әс-сәләм»). Қазы Ғияд бұл хадис жеуге және пайдалануға тыйым салынған нәрсені сатуға және оны сатудан түскен табысты жеуге болмайтынын көрсететіндігін айтқан. Ән- Нәуәуидің айтуынша, мұнда «бұған тыйым салынады» деп оны сатуды меңзеген. Ал өлген малдың майын кемелерді сылауға, терілерді майлауға, шырақтарға май дайындауға және де басқа мақсаттарға пайдалануға тыйым салынбайды. Бірақ оны тамаққа және адамның денесіне пайдалануға болмайды. Бұл – Ата ибн Әбу Рабах, Мұхаммед ибн Жәрир әт-Табари және шафиғи мазһабы өкілдерінің пікірі. Алайда балгердің ақысына тыйым салынатыны жайлы
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 943
Әбу Масғұд әл-Ансариден (Аллаһ оған разы болсын). Аллаһ елшісі (с.а.с.) иттің құнына, жезөкшенің ақысына және бақсы-балгердің ақысына тыйым салған (1567/39). ғалымдардың басым көпшілігі тыйымның жалпы айтылғанына сүйеніп, бұған тыйым салған. Олар өлген малдың терісін илегеннен кейін пайдалануға рұқсат етілетіні сияқты анық дәлелі бар рұқсаттарды ғана бұдан тысқары қарастырған. Әйтсе де әл- Хаттаби өлген малдың майын кемелерді сылауға рұқсат етілетініне дәлел ретінде ғалымдардың өлген малмен аңшы итін тамақтандыруға болатыны жөніндегі бірауызды келісімін ұсынған. Оның пікірінше, бұл екеуінің арасында айырмашылық жоқ (қ.: «Фатх әл-Бәри»). Ибн Хажар: «Пайғамбарымыз (с.а.с.) бұл хадисте өлген малдың майын пайдалануға емес, сатуға тыйым салғанының дәлелі – оның өлген малдың майын сатып, осыдан түскен ақшаны жеген яһудилерге қарғыс айтқан сөзі», – деген. Сөйтіп, ол Ахмад пен әт-Табарани Ибн Омардан (Аллаһ әкесі екеуіне разы болсын) жеткізген осыған ұқсас хадисті келтірген. Онда: «Исраил ұрпақтарының соры құрысын! Оларға майларға тыйым салынған кезде олар оны ерітіп, сататын, сөйтіп, оның ақшасын жейтін болды. Сондай-ақ сендерге мас қылатын заттарды сатудан түскен ақшаға да тыйым салынады» деп айтылған. Ал жануарлардың терісіне, қылына және жүніне келсек, біздің мазһабтың фақиһтері мен мәлики мазһабы өкілдерінің көпшілігі бұларды пайдалануға рұқсат еткен. Тіпті кейбіреулер «олардың сүйектерін, тістерін, мүйіздерін және тұяқтарын да пайдалануға рұқсат етіледі» деп санаған. Хасан әл-Басри, Ләйс және әл-Аузағи «жануарлардың жүні таза емес, бірақ ол жуумен тазарады» деп есептеген. Ибн Қасим піл сүйегін жуғаннан кейін пайдалануға рұқсат еткен. Әс-Санғани «Субул әс-сәләм» кітабында жануарлардың терісіне қатысты бірнеше пікірді келтіре отырып, «кез келген тері иленгеннен кейін тазарады» деген хадиске сүйеніп, «ит пен шошқаның терісі де иленген соң тазарады» деп есептеген. Имам Әбу Юсуфтың пікірі де осындай. Біздің мазһабтың фақиһтерінің пікірінше, иттің терісі иленумен тазарады, бірақ шошқанікі тазармайды. Шафиғи мазһабының өкілдері осы тұрғыда таза емес нәрсе араласқан майды сабын жасау, терілерді майлау және шырақтарға май дайындау сияқты мақсаттарға пайдалануға рұқсат еткен. Бірақ оны тамаққа және адамның денесіне пайдалануға болмайды. Сондай-ақ олар «таза емес нәрсе араласқан балмен бал араларын тамақтандыруға, өлексені итке беруге және таза емес зат араласқан тамақпен жануарларды азықтандыруға болады» деп есептеген. Ал басқалар аталмыш нәрселерді кез келген мақсатқа пайдалануға тыйым салады. Жәһилият дәуірінде арабтардың арасында бақсы-балгерлердің, болашақты білемін дейтін «каһин» деп аталатын түрі және жасырынды, мәселен, ұрланған затты т.с.с. жайттарды айтып бере аламын дейтін «арраф» деп аталатын түрі, сондай-ақ жұлдыздарға қарап болашақты болжап айтып бере аламын дейтін жұлдызшылар болған. Бақсы-балгерлерге баруға, олардың сөздеріне сенуге және оларға ақы төлеуге тыйым салған хадистер осы үшеуін де қамтиды. Ал иттің құнына келсек, бұл жөнінде ғалымдар арасында пікір қайшылығы туындаған: 1) Имам Әбу Ханифа «пайдасы бар итті сатып алуға болады және мұндай итке зиян келтірген жағдайда оның құнын төлеу керек» деп есептеген. Осы кітапта келген
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 944
Әбу Зубәйрден . Ол: «Мен Жәбирден (Аллаһ оған разы болсын) ит және мысықтың құны жайлы сұрағанымда, ол: «Пайғамбар (с.а.с.) одан қайтарды», – деп айтты», – деген (1569/42).
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 945
Рафиғ ибн Хадижден (Аллаһ оған разы болсын). Аллаһ елшісі (с.а.с.): «Иттің құны жаман, жезөкшенің ақысы жаман және қан алушының табысы жаман», – деп айтқан (1568/41).
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 946
Ибн Аббастан (Аллаһ әкесі екеуіне разы болсын). Ол: «Бәну байада (руының) бір құлы Пайғамбардан (с.а.с.) қан алғанда, Пайғамбар (с.а.с.) оған ақысын берді және оның қожайынымен сөйлесіп, салығын жеңілдетті. Егер де бұған тыйым салынғанда, Пайғамбар (с.а.с.) оған (ақы) бермес еді», – деп айтқан (1202/66). 120-хадистің түсіндірмесінде аңшы және күзетші иттерді ұстауға рұқсат етілетіні және иттерді өлтіру жайлы бұйрықтың күші жойылғаны айтылған болатын. 2) Ибн Мунзирдің нақыл етуінше, Жәбир, Ата және ән-Нахағи «тек аңшы итін сатып алуға рұқсат етіледі» деген пікірді ұстанған. 3) Имам Мәлик хабарлардың бірінде итті сатуға тыйым салынатынын, бірақ оған зиян келтірген жағдайда оның құнын төлеп беру керектігін айтқан. 4) Ән-Нәуәуидің пікірінше, итті сатуға болмайды және оған зиян келтірген жағдайда, ол үйретілген немесе ұстауға рұқсат етілген ит болса да, оның құны алынбайды. Мұхаммед ибн Муслим әл-Мәкки, табиғин, хадис жеткізуші. Хадисте мысықтарды сатуға қатысты тыйым келгенмен, аталмыш тыйым кесімді емес. Ол адамдарды мысықтарды тегін беруге және оларды пайдалануға бере тұруға шақыру үшін айтылған. Негізінде, көпшілік ғалымдардың пікірінше, пайдасы бар мысықтарды сатуға рұқсат етіледі. Тек Әбу Һурайра, Таус, Мужаһид және Жәбир ибн Зәйд осы хадиске сүйеніп, бұған тыйым салған. Ғалымдардың көпшілігі «қан алушылықпен ақша табуға рұқсат етіледі» деп есептеген. Хадистердегі бұған қатысты тыйымды кесімді тыйым емес деп түсіну керек. Ибн әл-Жәузидің пікірінше, мұсылман адам бауырына қажет жағдайда ақысыз көмектесуі тиіс. Осы тұрғыдан қарастырғанда, қан алғаны үшін ақы талап ету дұрыс емес. Пайғамбарымыздың (с.а.с.) құлдың қожайынымен сөйлесіп, оның құлдан алатын салығын жеңілдеткені, бір нәрсеге құқылы адамдардың алдында құқығының бір бөлігінен бас тартуы үшін ара түсуге рұқсат етілетінін білдіреді. Мұнда қожайын құлының өз бетінше жұмыс істеп табыс табуына мүмкіндік берген жағдайда, одан алатын белгілі бір мөлшердегі салығы туралы айтылған. Ән-Нәуәуидің айтуынша, құлдың бұлай жұмыс істеуі мен салық төлеуі оны мен қожайынының өзара келісімімен болуы керек.
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 947
Хумайдтен . Ол: «Әнәс ибн Мәликтен (Аллаһ оған разы болсын) қан алушының табысы жайлы сұрағанда, ол: «Аллаһ елшісі (с.а.с.) қан алдырды. Одан Әбу Тайба қан алды. Сонда (Пайғамбар (с.а.с.)) оған екі сағ азық беруді бұйырды және оның қожайындарымен сөйлесіп, олар оның салығын азайтты. Сондай-ақ ол: «Ақиқатында, сендер ем қабылдағандардың ең жақсысы – қан алдыру (немесе ол – емнің ең жақсыларының бірі)», – деп айтты », – деді», – деген (1577/62).
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 948
Ибн Омардан (Аллаһ әкесі екеуіне разы болсын). Ол: «Жәһилият дәуіріндегілер түйенің етін құрсақтағы төлдің төліне сататын. Құрсақтағы төлдің төлі – түйенің туып, кейін ол туған төлдің буаз болуы. Аллаһ елшісі (с.а.с.) бұған тыйым салды», – деп айтқан (1514/6). салынатыны
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 949
Әбу Сағид әл-Худриден (Аллаһ оған разы болсын). Ол: «Аллаһ елшісі (с.а.с.) бізге екі түрлі саудаға және екі түрлі киінуге тыйым салды. Ол «муләмәсә» мен «мунәбәзәға» тыйым салды. «Муләмәсә» саудасы – кісінің басқа біреудің киімін түнде не күндіз қолымен ғана сипап, оны аударыстырып көрмеуі. Ал «мунәбәзә» – кісінің бір кісіге киімін тастауы және әлгінің оған өз киімін тастауы. Осылай бұл олардың көрмей және (кесіп-пішіп) келіспей (жасайтын) саудалары болады», – деп айтқан (1512/3). жасалатын сауда
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 950
Әбу Һурайрадан (Аллаһ оған разы болсын). Ол: «Аллаһ елшісі (с.а.с.) тас лақтыру арқылы жасалатын саудаға және белгісіз дүниеге жасалатын саудаға тыйым салды», – деп айтқан (1513/4). Хумайд әт-Тауил, табиғин, хадис жеткізуші. Әбу Тайба – Ибн Аббастың хадисінде айтылғандай, бәну байада руының құлы. Ғалымдардың пікірінше, бұл сөз Мекке мен Мәдинаны қамтитын Хижаз аймағы тұрғындарына қарата айтылған. Өйткені ол жерде күн қатты ыстық әрі денедегі қан теріге жақын орында және жас адамдарда тез жиналады (Ибн Хажар). Сатып алушы бұл үшін белгілі бір сомада алдын ала ақша беретін. Мұндай сауда алды беймәлім нәрсеге қатысты жасалатындықтан, оған тыйым салынады. Мәселен, «Мына тасты лақтыр, қай затқа тисе, соны пәлен теңгеге ала ғой», «Мына тасты лақтыр, ол жеткен аралыққа дейінгі жерді саған пәлен теңгеге беремін» деген сияқты тас лақтыру жолымен жасалатын сауда келісімдері туралы айтылған.
Аударма: қазақша · открыть с поиском
← Хадисы 851–900ОглавлениеХадисы 951–1000 →