Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша)

Хадисы 951–1000 (Сауда-Саттық Кітабы)
← Хадисы 901–950ОглавлениеХадисы 1001–1050 →
Глава 13. Сауда-Саттық Кітабы
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 951
Ибн Омардан (Аллаһ әкесі екеуіне разы болсын). Аллаһ елшісі (с.а.с.) алдаушылықпен бағаны көтеруге тыйым салған (1516/13). Мұнда Ғұқбаның хадисі келтірілген. Ол жоғарыда «Неке кітабында» ұсынылған болатын (№804-хадисті қараңыз). салынатыны
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 952
Әбу Һурайрадан (Аллаһ оған разы болсын). Ол: «Аллаһ елшісі (с.а.с.): «Әкелінген тауарды алдынан шығып күтіп алмаңдар. Кім оның алдынан шығып, одан бір нәрсе сатып алса, иесі базарға келгенде, оны (қайтарып алу) еркіне ие», – деді», – деп айтқан (1519/17). Белгісіз затқа жасалатын саудаға түрлі сауда түрлері кіреді. Мәселен, әлі ауланбаған балықты не құсты, сауылмаған сүтті, туылмаған төлді, тауардың белгісіз бір бөлігін, қашып кеткен құлды, яғни сатушының толық иелігінде болмаған тауарды сатуы. Осы сияқты қажеттілік болмаған сауда келісімдеріне алдын ала біраз сома төлеу арқылы шарт жасау жарамсыз. Алайда белгілі бір қауіп болғанмен, қажеттілік туған сауда келісімін жасау жарамды саналады. Бұған мысал ретінде іргетасы жерге қаншалықты қазылғаны белгісіз үйді немесе құрсағында төлі не желінінде сүті бары белгісіз қойды сатып алуды айтуға болады. Іргетасты көру мүмкін болмағандықтан, қорытынды жер бетінде тұрған ғимаратқа қарап жасалады. Мұсылмандар азғана белгісіздігі болған сауда келісімдерін жасауға рұқсат етілетіні жөнінде бірауызды келісімге келген. Мәселен, астарлы киімді астарын көрмей сатып алуға рұқсат етіледі. Мұнда бір адамның тауарды сатып алғысы келмесе де, алымсақты алдау мақсатымен саудаға қойылған тауардың құнын көтеріп, оған жоғары баға ұсынуы туралы айтылған. Әдетте мұндай әрекет сатушымен келісіп жасалады. Тауарға жоғары баға ұсынылып жатқанын көрген алушы оны осы бағаға татиды деп ойлап, тауарды сатып алады. Егер сатушы мұның қулық екенінен хабарсыз болса, оның саудасы жарамды саналады, ал алдап бағаны көтерген адам күнәкар болады. Ал егер сатушы мен алдаушы бағаны келісіп көтерсе, екеуі де күнә арқалайды. Мұндай жағдайда сатып алушы өзі қателік жіберіп, алданып қалғандықтан, тауарды қайтарып беру еркіне ие емес. Ғалымдардың көпшілігі «адамдарға зиян келтірсін-келтірмесін бұлай етуге тыйым салынады» деп есептеген. Ал Бурһануддин әл-Марғинани «әл-Һидая» кітабында бұл тыйымның адамдарға зиян келтіретін жағдайға қатыстылығын айтқан. Егер біреу қала сыртына басқа шаруамен шығып, жолда базарға әкеле жатқан тауарды кездестіріп, оны сатып алса, шафиғи мен мәлики мазһабы өкілдері арасындағы дұрысына көбірек жақын пікір бойынша, бұған да тыйым салынады. Аталмыш тыйымның себебі – тауар әкеле жатқан адамды алданып қалудан сақтау. Оның үстіне, тауар әкелген адам оны өзі арзан бағамен сатса, одан қала тұрғындары қатарындағы барлық тұтынушы пайда алады. Егер оны қала сыртына шығып күтіп
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 953
Ибн Аббастан (Аллаһ әкесі екеуіне разы болсын). Ол: «Аллаһ елшісі (с.а.с.) керуеншілерді күтіп алуға және қалалықтың далалық үшін сатып беруіне тыйым салды», – деген. (Таус1): «Мен Ибн Аббастан: «Оның: «қалалық далалық үшін» деген сөзі нені білдіреді?» – деп (сұраған) едім, ол: «Оған делдал болмайды», – деді», – деп айтқан (1521/19). салынатыны туралы
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 954
Мағмар ибн Абдуллаһтан (Аллаһ оған разы болсын). Ол: «Аллаһ елшісі (с.а.с.): «Кімде-кім тауарды қымбаттағанша ұстап тұрса, ол – күнәкар», – деп айтты», – деген. Сағид (ибн Мусаййабтан)3: «Сен тауарды қымбаттағанша ұстап тұрасың ғой?» – деп (сұрағанда), Сағид: «Негізінде, осы хадисті айтқан Мағмардың өзі тауарды қымбаттағанша ұстап тұратын», – деп айтқан (1605/129). алған адам ғана сатып алса, бұдан тек сол ғана пайда көреді. Мұндайда ол тауарын арзан бағамен сатса, басқа сатушылардың тауарларына сұранысты жоғалтады. Осылайша шариғат көпшіліктің мүддесін жеке адамның мүддесінен жоғары қояды. Әбу Абдур-Рахман ибн Кайсан, фақиһ, табиғин, хадис жеткізуші. Басқа бір риуаятта: «Адамдарды жайына қалдырыңдар, Аллаһ біреулердің ризығын басқалар арқылы береді», ал Әнәстің риуаятында: «Бізге бауыры не әкесі болса да қалалықтың далалық үшін сатып беруіне тыйым салынды» деп айтылған. Шафиғи мазһабының өкілдері «әкелінген тауар өте зәру зат болмаса немесе ол базардағы нарыққа әсер етпейтіндей аз болса, қалалықтың оны сатып беруіне рұқсат етіледі» деп есептеген. Ибн Хажардың айтуынша, мұндай жағдайда далалық адам алданып қалмауы үшін оны базардағы бағадан хабардар ету керек. Сахаба Мусаййаб ибн Хузнның ұлы, ғалым, табиғин, хадис жеткізуші. Ибн Абдул-Барр Мағмар мен Сағид ибн Мусаййабтың әрекетін «олар майды сатпай ұстап тұратын және бұл хадис зәру уақытта азық-түлік түрлерін ұстап тұруға қатысты деп есептеген» деп түсіндірген. Шафиғи мазһабының өкілдері «зәру уақытта тауарды сатпай ұстап тұруға тыйым салынады» деп санаған. Ал өз қажеті үшін немесе дер кезінде сату үшін тауар алып қоюдың аталмыш тыйымға қатысы жоқ. Бұл тыйымның даналығы адамдардың мүддесін қорғауға бағытталған. Егер адамдар азық-түлікке мұқтаж болып, бір адамда қандай да бір азық-түлік тауары болса және халық бұл азықты басқалардан таппаса, әлгі адамды тауарын сатуға мәжбүрлеу керектігі жөнінде ғалымдар бірауызды келісімге келген. «Әл-Һидая» кітабында айтылғандай, имам Әбу Ханифа «тауарды сатпай ұстап тұруға қатысты тыйым адамдар мен жануарлардың азығына қатысты», ал имам Әбу Юсуф «тіпті бұл алтын, күміс немесе мата болса да, сатпай ұстап тұру адамдарға зиян шектіретін жағдайда, бұл тыйым барлық тауар түріне қатысты» деп санаған. Ахмад, Әбу Һурайрадан (Аллаһ оған разы болсын) жеткізген хадисте Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Кімде-кім мұсылмандар үшін бағаны көтеруді қалап, тауарды қолында ұстап
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 955
Ибн Омардан (Аллаһ әкесі екеуіне разы болсын). Аллаһ елшісі (с.а.с.): «Екі кісі сауда келісімін жасасса, олардың әрбіреуі айырылысқанға дейін және екеуі бірге болған кезде немесе біреуі екіншісіне таңдауға ұсыныс жасап тұрғанда (келісімді бұзуға) ерікті . Егер біреуі екіншісіне таңдауға ұсыныс жасап, екеуі осыған келіссе, сауда келісімі міндетті болады. Сондай-ақ екеуі келісім жасасқаннан кейін айырылысса және ешқайсысы сауда келісімінен бас тартпаса, сауда келісімі міндетті болады», – деп айтқан (1531/44).
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 956
Хаким ибн Хизамнан (Аллаһ оған разы болсын). Пайғамбар (с.а.с.): «Сатушы мен сатып алушы айырылысқанға дейін (келісімді бұзуға) ерікті. Егер екеуі де шынын әрі ашығын айтса 3, екеуінің де саудасына береке дариды, ал егер жалған айтса және жасырса, саудаларының берекесі жойылады », – деп айтқан (1532/47).
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 957
Ибн Омардан (Аллаһ әкесі екеуіне разы болсын). Ол: «Бір кісі Аллаһ елшісіне (с.а.с.) өзінің саудада алданып қалатынын айтқанда, Аллаһ елшісі (с.а.с.): «Кіммен сауда келісімін жасасаң: «Алдау болмасын!» – деп айт», – деді. Содан кейін ол сауда келісімін жасасса: «Ұтылу болмасын!» – деп айтатын болды», – деген (1533/48). тұрса, ол күнәкар болады», – деп айтқан. Мухаддистер бұған басқа хабарлармен күшейетін «хасан» санатындағы хадис деп баға берген. Яғни сатушы сатқан затын қайтарып алуға, ал алушы сатып алған затын қайтарып беруге құқылы. Амр ибн Шұғайб өзінің әкесі арқылы атасынан жеткізген хадисте Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Сатушы мен сатып алушы сауда келісімін жасасқанда, оны бұзу еркіне шарт қойылмаған болса, екеуі айырылысқанға дейін сауда келісімін бұзуға ерікті. Мұндай жағдайда олардың ешқайсысы келісімнің бұзылуынан қорқып, тезірек кетіп қалуға құқылы емес», – деген. Хадисті Ахмад, Әбу Дәуд, әт- Тирмизи, ән-Нәсәи, әд-Дарақутни, Ибн Хузайма және Ибн Жаруд жеткізген. Хадистің риуаяттарының бірінде: «екеуі орындарынан қозғалғанға дейін...» деп те айтылған. Әт-Тирмизи мұны «хасан» хадис санатына жатқызған. Ән-Нәуәуи сауда келісімін жасаушылардың бірінің өзіне таңдау еркі берілгенде үндемеуі оны таңдау еркінен айырмайтынын айтқан. Сатушы тауарының сапасы мен кемшілігін көрсетіп, ал алушы сатып алу шарты мен ақшасын төлеу мерзімін бүкпесіз, ашық айтқан болса. Яғни саудадағы пайдалары түбінде зиянға айналады. Бұл кісінің есімі Хаббан ибн Мунқид ибн Амр әл-Ансари еді. Шайқастардың бірінде оның басына тас тиіп, жарып жібергендіктен, ол сөйлегенде әріптерді
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 958
Әбу Һурайрадан (Аллаһ оған разы болсын). Аллаһ елшісі (с.а.с.) (бірде) азық-түлік үймесінің жанынан өткенде, оның ішіне қолын сұғып көрген еді, саусақтары ылғалға тиді. Ол: «Бұл не, ей, азықтың иесі?» – деп (сұрады). Ол: «Уа, Аллаһтың елшісі! Бұл жаңбырдың астында қалған», – деді. (Сонда Пайғамбар (с.а.с.)): «Сен оның (ылғалданғанын) адамдар көруі үшін азықтың үстіне қоймадың ба?! Алдаған адам – менен емес», – деп айтқан (102/164).
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 959
Мәлик ибн Әус ибн Хадасаннан (Аллаһ оған разы болсын). Ол: «(Бірде) мен кім (алтынды) дирһамдарға ауыстырып береді?» – деп айта бастадым . Сонда Омар ибн әл-Хаттабтың жанында тұрған Талха ибн Ғұбайдуллаһ: «Бізге алтыныңды көрсет. Содан кейін бізге қызметшіміз келген соң, кел, саған күміс ақшаңды береміз», – деді. (Мұны естіген) Омар ибн әл-Хаттаб: «Жоқ, Аллаһпен ант етейін, оған күміс ақшасын бересің немесе алтынын қайтарасың. Өйткені Аллаһ елшісі (с.а.с.): «Қолма-қол (берілмесе), күмісті алтынға (айырбастау) – өсімқорлық, (тең мөлшерде) қолма-қол (берілмесе), бидайды бидайға (айырбастау) – өсімқорлық, (тең мөлшерде) қолма-қол (берілмесе), арпаны арпаға (айырбастау) – өсімқорлық және (тең мөлшерде) қолма-қол (берілмесе), құрманы құрмаға (айырбастау) – өсімқорлық», – деп айтқан», – деді», – деген (1586/79). жаңылыстырып айтатын. Сондықтан да ол «Лә хиләбәтә (алдау болмасын)» деген сөзді айта алмай, «Лә хиәбәтә (ұтылу болмасын)» дейтін. Әбу Ханифа, әш-Шафиғи және Мәлик (хабарлардың бірінде) сатып алушы сатушыға алдау болмауы керектігі жайлы ескерткеннен кейін, тауарды сатып алып, екеуі айырылысқан соң, өзінің алданып қалғанын түсінсе, сауда келісімін бұзуға құқығы жоқ деп есептеген. Мәлики мазһабы өкілдерінің кейбірі «егер сатып алушы тауар құнының үштен біріне және одан көп бөлігіне алданып қалса, сауда келісімін бұзуға құқылы» деп санаған. Әуелгі пікірді қолдаушылар біз қарастырып отырған хадис Хаббан ибн Мунқидке ғана қатысты екенін айтқан. Мәлик ибн Әус алтын динарды ауыстырып, орнына күміс дирһам алғысы келген. Бұл хадисте өсімқорлықтың екі түрі көрсетілген: «риба әл-фадл» – заттардың немесе біртектес құнды тауарлардың бір-біріне әртүрлі мөлшерде айырбасталуы және «риба ән-нәсия» – заттың біреуге белгілі бір уақыттан кейін артығымен қайтарылу шартымен берілуі немесе дәл осындай шартпен қарызды қайтару мерзімін ұзарту. Сондай-ақ өсімқорлықтың сол сияқты барлық түрлерін, мәселен, пайызды қарыз алуға не артығымен төлеуге байланысты банктердің кез келген қызметін пайдалану тыйым салынған амалдарға жатады. Аллаһ тағала: «Аллаһ сауданы халал етіп, өсімге тыйым салады», – деп айтқан (Бақара, 276). бидайға және өсімқорлық орын алуы мүмкін барлық заттарды тең мөлшерде қолма-қол сату
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 960
Ғұбада ибн Самиттен (Аллаһ оған разы болсын). Ол: «Аллаһ елшісі (с.а.с.): «Алтынды – алтынға, күмісті – күміске, бидайды – бидайға, арпаны арпаға, құрманы – құрмаға және тұзды – тұзға дәл сондай тең мөлшерде қолма-қол (айырбастаңдар). Ал егер бұлар әртүрлі болса, қолма-қол (айырбастасаңдар) қалауларыңа қарай сатыңдар», – деді», – деген (1587/81). жайлы
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 961
Әбу Минһалдан . Ол: «Менің бір серіктесім күміс ақшаны (қажылық) маусымына немесе қажылыққа дейін несиеге сатып, кейін маған келіп, оны хабарлады. Мен: «Бұл – жарамайтын іс», – дедім. Ол: «Мен оны базарда саттым, бірақ ешкім мұнымды теріске шығармады», – деді. Содан кейін мен Бара ибн Азибке барып, одан (осы жайлы) сұрадым. Ол: «Пайғамбар (с.а.с.) Мәдинаға келгенде, біз осылай сауда жасайтынбыз. Сонда ол: «Қолма-қол болса, онда күнә жоқ. Ал несиеге болса, ол – өсімқорлық», – деді. Зәйд ибн Арқамға бар, ол маған қарағанда сауда- саттық ісін жақсы біледі», – деді. Сөйтіп, мен оған барып, сұраған едім, ол да осындай сөз айтты», – деген (1589/86). Әбу Ханифа, әш-Шафиғи, әс-Сәури, фақиһ-мухаддистер және басқалар «бидай мен арпа әртүрлі тауар түрлеріне жатады» деп есептеген. Ғалымдардың көпшілігі жүгері мен күріштің де бөлек тауарлар түріне жататынын айтқан. Алтын мен күміске келсек, хадистегі үкім – көне-жаңалығына, бүтін не сындырылғанына, өңделген-өңделмегеніне, таза не аралас екендігіне қарамастан, олардың барлық түрлеріне қатысты. Ғалымдардың біртұтас пікірі осыған тоғысады. Ал басқа тауарлар болса, Әбу Ханифаның пікірінше, алтын мен күміске қатысты үкім темір, мыс және мақта сияқты салмақпен өлшенетін барлық тауарларға жүреді. Ал хадистегі алтын мен күмістен басқа төрт түрлі тауарға қатысты үкім көлеммен өлшенетін тауарларға тиісті. Бұл жайлы «Шарх әс-сунна» кітабында айтылған. Имам Әбу Ханифаның пікірі әл-Бәйһақи, Әбу Сағид әл-Худриден (Аллаһ оған разы болсын) жеткізген хадиспен нақтыланады. Онда: «салмақпен және көлеммен өлшенетіннің барлығы» деген қосымша келген. Әл-Хаким мұның иснадына «сахих», ал кейбір мухаддистер «хасан» деп баға берген. Ол әл-Бәйһақи және әт- Тахауи, Әбу Сағид пен Әбу Һурайрадан (Аллаһ ол екеуіне разы болсын) жеткізген хабармен күшейеді. Онда: «салмақпен өлшенетін тауарлар да осы сияқты» делінген. Абдур-Рахман ибн Мутғим, табиғин, хадис жеткізуші. сатпаңдар
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 962
Осман ибн Аффаннан (Аллаһ оған разы болсын). Аллаһ елшісі (с.а.с.): «Бір динарды екі динарға және бір дирһамды екі дирһамға сатпаңдар», – деп айтқан (1585/78).
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 963
Фадала ибн Ғұбайд әл-Ансариден (Аллаһ оған разы болсын). Ол: «Аллаһ елшісіне (с.а.с.) Хайбарда болған кезінде бағалы тастар мен алтын тізілген алқа әкелінді. Ол сатылатын олжалардың бірі болатын. Сонда Аллаһ елшісі (с.а.с.) алқадағы алтынды ажыратып алуды бұйырып, ол бөліп алынды. Содан кейін Аллаһ елшісі (с.а.с.) оларға: «Алтын алтынға бірдей салмақта (сатылады)», – деді», – деген (1591/89).
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 964
Ата ибн Әбу Рабахтан . (Бірде) Әбу Сағид әл-Худри Ибн Аббасқа (Аллаһ оларға разы болсын) жолыққанда, одан: «(Тауарды) айырбастау жөніндегі сөзің жайлы не айтасың? Оны Аллаһ елшісінен (с.а.с.) естідің бе, әлде Аллаһ тағаланың кітабынан таптың ба?» – деп (сұрайды). Сонда Ибн Аббас: «Жоқ, мен бұлай демеймін. Аллаһ елшісіне (с.а.с.) келсек, сендер оны менен жақсы білесіңдер. Ал Аллаһтың кітабына келсек, оны білмеймін. Бірақ маған Усама ибн Зәйд Аллаһ елшісінің (с.а.с.): «Естеріңде болсын! Өсімқорлық – несиеде», – деп айтқанын жеткізді», – деген (1596/104).
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 965
Әбу Надрадан . Ол: «Мен Ибн Омар мен Ибн Аббастан (Аллаһ оларға разы болсын) (тауарды) айырбастау жайлы сұрағанымда, екеуі де мұнда күнә бар деп есептемеді. Содан (бірде) Әбу Сағид әл-Худридің (Аллаһ оған разы болсын) алдында отырғанымда, одан да (тауарды) айырбастау жайлы сұрадым. Ол: «Оның үстемесі – өсімқорлық», – деді. Мен (Ибн Омар мен Ибн Аббастың) сөзіне орай мұны теріске шығардым. Сонда (Әбу Сағид): «Мен Басқа бір риуаятта: «Хайбар жорығы күні мен бағалы тастары бар алтын алқаны он екі динарға сатып алдым. Оның тізбегіндегілерді жеке-жеке бағалағанымда, оның он екі динардан қымбат тұратынын көрдім. Мұны Пайғамбарға (с.а.с.) хабарлаған едім, ол: «Оның тізбегіндегілерді жеке-жеке бағаламай тұрып, оны сатуға болмайды», – деді», – деп айтқан. Бұл хадис алтынды басқа нәрселермен бірге алтынға сатуға рұқсат етілмейтінін көрсетеді. Мұнда алтынды ажыратып алып, оны тең салмақтағы алтынға, ал қалғанын сатушының қалаған бағасына сату керек. Күміс, бидай, тұз және өсімқорлық орын алуы мүмкін басқа тауарлар да осы тұрғыда қарастырылады. Табиғин, хадис жеткізуші, Меккенің ғалымы. Мунзир ибн Мәлик, табиғин, хадис жеткізуші. саған Аллаһ елшісінен (с.а.с.) естігенімнен басқаны айтпаймын. (Бірде) оған құрмаларының қарауылы жақсы құрманың бір сағын әкелді. Ал Пайғамбардың (с.а.с.) құрмаларының түсі мынадай еді. Пайғамбар (с.а.с.) одан: «Бұл саған қайдан (келді)?» – деп (сұрады). Ол: «Мен екі сағ құрма апарып, оның орнына мына бір сағды сатып алдым. Өйткені базарда мынаның бағасы мұнша, ал мынаның бағасы мұнша», – деді. Сонда Аллаһ елшісі (с.а.с.): «Сорың құрысын! Сен өсімқорлық жасапсың. Егер бұлай етуді қаласаң, құрмаңды қандай да бір бағаға сат та, оның құнына өзің қалаған құрманы сатып ал», – деді»; «Әбу Сағид: «Құрманы құрмаға немесе күмісті күміске айырбастау өсімқорлық болуға жақын», – деді. Сосын мен Ибн Омарға барған едім, ол да маған (бұл амалға) тыйым салды. Одан кейін Ибн Аббасқа бармадым. Бірақ маған Әбу Саһбаның айтуынша, ол Ибн Аббастан Меккеде (осы жайлы) сұраған екен, ол да мұны құптамапты», – деп айтқан (1594/100).
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 966
Жәбирден (Аллаһ оған разы болсын). Ол: «Аллаһ елшісі (с.а.с.) өсім жеушіге, оны жегізушіге, оны жазатынға және оған куә болатын екеуге лағынет айтты. Ол (с.а.с.): «Олар бірдей», – деді», – деп айтқан (1598/106). тарту
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 967
Нұғман ибн Бәширден (Аллаһ әкесі екеуіне разы болсын). Ол екі саусағымен құлақтарын көрсетіп3: «Мен Аллаһ елшісінің (с.а.с.): «Расында, Суһайб, Ибн Аббастың азат еткен құлы, табиғин, хадис жеткізуші. Өзге бір хадисте Ибн Омар мен Ибн Аббастың «(алтын, күміс т.с.с. заттарды) қолма-қол айырбастауда күнә жоқ» деп есептегені айтылған. Ал Әбу Сағид (сауда қолма-қол жасалса да, біртекті тауарларды) айырбастауда үстеменің болуы өсімқорлыққа жататыны жайлы хадисті келтірген. Кейіннен Ибн Омар мен Ибн Аббас өз пікірлерінен бас тартқан. Яғни олар бастапқыда Усама ибн Зәйдтің хадисіне сүйеніп, «тауарды қолма-қол айырбастағанда, үстеменің болуы өсімқорлыққа жатпайды» деп есептеген. Усама ибн Зәйдтің «Өсімқорлық – несиеде» деген хадисіне келсек, ғалымдар бұл хадистің сыртқы мағынасының іс жүзінде қолданылмайтындығына толықтай келіскен. Өйткені одан алынатын үкім анық емес, сондықтан анық айтылған үкім одан жоғары тұрады. Ирак ғалымдарының пікірінше, бұл хадис Нұғман ибн Бәширдің Пайғамбардан (с.а.с.) хадис тыңдағанын айғақтайды. Аталмыш риуаят Нұғман Аллаһ елшісінен (с.а.с.) естіді деп көрсету дұрыс емес дейтіндердің сөзін теріске шығарады. Сондай- ақ ол ерекше қабілетке ие жас баланың жеткізген хабарын қабылдауға болатынын көрсетеді. Өйткені Пайғамбарымыз (с.а.с.) дүние салғанда, Нұғман небәрі сегіз жаста болатын. халал анық, харам да анық . Ал екеуінің арасында адамдардың көбісі біле бермейтін күмәнді нәрселер бар . Кімде-кім күмәндіден сақтанса, діні мен ар-намысын таза ұстайды , ал кім күмәндіге түссе, харамға түседі , ол қойларын қорық маңында жайып, оған кіріп кетудің аз-ақ Яғни анық дәлелдер арқылы ненің халал, ненің харам екендігі көрсетілген және олардың сипаттары да анық. Яғни халалға да, харамға да ұқсайтын, бірақ үкімі анық белгілі болмаған жайттар бар. Олардың үкімін көп адам жетік біле бермейді. Бұл мағына әт-Тирмизидің риуаятында анық айтылған. Онда: «Адамдардың көбі ол халалға жата ма, әлде харамға жата ма, біле бермейді» деп келген. Пайғамбарымыздың (с.а.с.) сөзінен аңғарылатын ой: халал мен харамның үкімін ажырата тану – әбден мүмкін іс. Бірақ адамдардың көбісі ізденбейді. Демек, мұнда күмәнді нәрселер адамдардың өздеріне қатысты айтылған. Өйткені олар бір затқа қатысты екі дәлелдің қайсысы салмақты екенін түсіне бермейді. Алайда оны ғалымдар Құран аяттары мен хадистер немесе қияс арқылы ажырата алады. Кейде баз бір нәрселердің халал не харам екені бұдан да анықталмайтын жайттар кездеседі. Мұндай жағдайда осы хадиске орай, одан бас тарту тақуалыққа жатады. Яғни дінін кемшіліктен сақтайды. Ар-намысын оған сөз келуден сақтайды. Өйткені күмәнді жайттардан аулақ болуды білмейтін адам өзіне сөз келуден аман болмайды. Мұндағы мағына кәсібіне, тұрмыс-тіршілігіне қатысты күмәндіден сақтанбайтын адам өз-өзін біреулердің қаңқу сөзіне душар ететінін көрсетеді. Сондай-ақ бұл дінге қатысты мәселелер мен жеке басына тән ар-намыс тұрғысындағы мәселелерде абай болу керектігін меңзейді. Яғни осындай сипаттағы істерді жиі істейтін адам харамға ұрынады. Немесе ол мұндай істерге жеңіл қарайтын болып, тыйым салынғанды істеуге бірте-бірте жақындай түседі. Бұрынғы буын өкілдері айтқандай, «Күнә істеуші адам – кәпірліктің соңына түсуші». Ғалымдар арасында күмәнді істердің үкіміне қатысты пікір қайшылығы бар. Олардың кейбіреулері күмәнділерді харам деп атаған. Бірақ бұл – жөнсіз пікір. Біреулері мәкруһ екенін, ал біреулері тыйылу керек амалдар екенін айтқан. Ғұламалардың күмәнді амалдар жөнінде берген түсіндірмелерінің нәтижесі төртке бөлінеді: Біріншісі: Мұндай амалдарға қатысты дәлелдердің қарама-қайшылығы. Екіншісі: Оларға қатысты ғұламалардың пікір қайшылықтары. Бұл әуелгімен тікелей байланысты. Үшіншісі: Мәкруһ саналатын істер. Өйткені бұл бір істерді істеуге және қандай да бір нәрсені орындаудан бас тартуға байланысты болады. Төртіншісі: Мубах амалдар. Шейх әл-Қабари: «Мәкруһ амалдар – пенде мен харам арасындағы асу. Мәкруһтерді істеуді көбейткен адам харамға да барады. Сол сияқты мубах істер – пенде мен мәкруһ арасындағы асу. Мубах амалдарды істеуді көбейткен адам мәкруһке ұрынады», – деп айтқан. Мұны Ибн Хиббаннан жеткен риуаят қуаттай түседі. Онда: «Өздерің мен харамның арасына халалдан тосқауыл қойыңдар. Кімде-кім осылай етсе, ар-намысы мен дінін таза ұстайды. Ал кімде-кім оған қатысты арқасын кеңге салса, малын қорық маңында жайып жүрген адамға ұқсайды. Ол (қорыққа) енудің сәл ғана алдында тұр» деп айтылған. Мұның мағынасы мәкруһке не харамға апарар қаупі бар халал жайттардан сақтану керектігін көрсетеді. Бұған мысал ретінде халал нәрселерді шамадан тыс көбейтіп жіберуді айтуға болады. Өйткені бұл көп табыс табуды талап етеді. Ал көп табысқа ұмтылу алдында тұрған шопанға ұқсайды . Естеріңде болсын! Әр патшаның өз қорығы бар. Естеріңде болсын! Аллаһтың қорығы – тыйым салған нәрселері . Ақиқатында, адам денесінде бір кесек ет бар, ол жақсы болса, бүкіл дене жақсы болады, ол бұзылса, бүкіл дене бұзылады. Ал ол – жүрек », – деп айтқанын естідім», – деген (1599/107). өзінің құқы жоқ нәрселерді иемденуге итермелеуі немесе нәпсінің дандайсуына себеп болуы мүмкін. Әрі бұл құлшылық істеріне аз көңіл бөлуге мәжбүрлейді. Бұл айтылғанға өмір тәжірибесінің өзі-ақ айғақ. Жоғарыда айтылған төрт жайттың қай- қайсысы болсын шындықтан алыс емес. Бірақ бұл адамдардың айырмашылықтарына қарай бір-бірінен ерекшеленеді. Мәселен, парасатты ғалым адам үкімдердің аражігін жақсы біледі. Оның күмәнді амалдар арқылы харамға аяқ басуы мубах не мәкруһ істерді көп істеуі себепті ғана болады. Мәкруһ амалдарды көп істейтін адамның күндердің бір күнінде тыйым салынған жайтқа да ұрынуға батылы жететіні даусыз. Немесе оның харамға жатпайтын тыйым салынғандарға дағдылануы тыйым салынған харам жайттарға ұрынуына апарып соғады. Бұл жағдай оның аталмыш екі жайттың аражігін ажырата алмай қалуы не оған қатысты күмәнға беріліп, анық шешімін таба алмауы себепті орын алады. Өйткені тыйым салынған істерді істейтін адамның жүрегі қараңғыланады. Себебі ол тақуалық нұрынан айырылады. Сөйтіп, нәтижесінде өзі қаламаса да, харамға бой ұрады. Әл-Бұхари «Сауда-саттық» кітабында мынадай хадисті келтіреді: «Кімде-кім өзіне күмәнді көрінген күнәдан бас тартса, онда өзіне анық болған (күнәлардан) көбірек бас тартады. Ал кімде-кім өзіне күмәнді көрінген күнәні (істеуге) батылы жетсе, анық болған (күнәларға) қол ұруға жақын тұрады». Әд-Даримидің риуаятында: «Кімде-кім күмәнді істерге аяқ басса, харамға да ұрынады» деп келген. Бұл сөз мысал ретінде келтірілген. Пайғамбарымыз (с.а.с.) аталмыш мысалда мәлім жайт арқылы беймәлім жайтты ескерткен. Өйткені араб патшалары малының жайылымдық жерін қатты қорғаштайтын. Өздерінің рұқсатынсыз ол жайылымдарға мал жайған адамдарды аяусыз жазалайтындарын ескертетін. Сондықтан да Пайғамбарымыз (с.а.с.) оларға жақсы мәлім істі мысалға келтірген. Яғни жазадан қорқатын, патшаның разы көңілінен айырылып қалуды қаламайтын адам ол қорықтан алыс жүреді. Малының ол қорыққа кіріп кетуінен сақтанады. Бірақ адам қанша сақтанса да, малын қорық маңына жаюдан гөрі одан алыс жүргені ол үшін қауіпсізірек. Ал сақтанбайтын немқұрайды, бейғам адам ол қорыққа жақын барып, малын оның төңірегіне жаяды. Мұндай жағдайда отардан бөлініп шыққан әлдебір қойдың шопан еркінен тыс қорыққа еніп кету қаупі бар. Немесе шопанның мал жайып жүрген жері шөпсіз тақыр болып, қорық ішінде шүйгін шөптер өсіп тұрған жағдайда да ол өз-өзін ұстай алмай, оған кіріп кетуі мүмкін. Ал Аллаһ тағала туралы айтар болсақ, Ол – шын мәніндегі Патша. Оның қорығы – тыйым салғандары. Мұндағы тыйым салынғандар дегеніміз – тыйым салынған харам істерді жасау не бұйырылған міндетті амалдарды орындамау. Пайғамбардың (с.а.с.) «Естеріңде болсын!» деген сөзі одан кейінгі ойдың күмәнсіз ақиқат екендігін көрсетеді. Ал оның бұл сөзді қайтара айтуы, айтылған мәселенің аса маңызды екенін айғақтайды. «Бір кесек ет» (мудға) деген сөз – бір тістем шамасындағы ет мөлшері. Пайғамбарымыз (с.а.с.) жүректі «қалб» деп атаған, яғни бұл оның әртүрлі мәселелерге байланысты құбылып тұратындығы себепті немесе ол тәннің өзегі саналатыны себепті айтылған. Өйткені араб тілінде әрбір нәрсенің өзегі «қалб» деп қайтарса... Сендердің ең жақсыларың – қарызды қайтаруда ең жақсыларың
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 968
Әбу Һурайрадан (Аллаһ оған разы болсын). Ол: «Бір кісінің Аллаһ елшісінде (с.а.с.) қарызы бар еді. (Бірде) ол (қарызын сұрап келіп), оған дөрекілік көрсетті . Пайғамбардың (с.а.с.) сахабалары өре түрегелген еді, Пайғамбар (с.а.с.): «Негізінде, ақысы бардың сөзі бар», – деді. Содан кейін оларға: «Оған (түйесінің) жасындағы түйе сатып алып беріңдер», – деді. (Сахабалар): «Оның (түйесінің) жасындағыдан жақсырақ түйеден басқа таппай жатырмыз», – деді. (Сонда Пайғамбар (с.а.с.)): «Соны сатып алып беріңдер, расында, сендердің ең жақсыларыңның бірі (немесе сендердің ең жақсыларың) – қарызды қайтаруда ең жақсыларың», – деді», – деп айтқан (1691/120). аталады. Пайғамбардың (с.а.с.) жүректі бұлайша сипаттауының түп-төркіні: жүрек – бүкіл дененің әміршісі іспеттес. Ендеше, әмірші жақсы болса, бүкіл халық жақсы болады, әмірші бұзылса, тұтастай ел бұзылады. Мұнда жүректің жақсы болуы мен бұзылуынан адамның рухани жағдайы меңзелген. Бұл сөз жүректің нендей мәртебеге ие екендігін көрсетеді. Оны жақсы ұстауға тырысудың қаншалықты маңызды екенін меңзейді. Халал табыс жүректің тазалығына әсер ететіндігін нұсқайды. Сондай-ақ ол ақылдың жүректе болатынын айғақтайды. Бұл тұрғыда Аллаһ тағала: «Сонда олардың ақылға салатын жүрегі, естір құлағы болса еді. Негізінде, көзі соқыр емес, кеудесіндегі жүрегі соқыр» (Хаж, 46); «Ақиқатында, мұнда жүрегі барға немесе құлақ салып, әзір болғанға бір үгіт бар», – деп айтқан (Қаф, 37). Тәпсіршілер аяттағы «жүрек» деген сөзге «ақыл» деп түсінік берген, яғни Аллаһ тағала ақылды «жүрек» деп атаған. Өйткені ақылдың тұрағы – жүрек. Ғұламалар бұл хадистің мәртебесін зор санап «Бұл – дін үкімдері төңірегіне топтасатын үш хадистің бірі» деп есептеген. Аталмыш үштікті осы хадиспен қатар: «Шын мәнінде амалдар ниеттермен» және «Адам өзіне қатысы жоққа килікпесе, Исламды өз дәрежесінде ұстанады» деген хадистер құрайды. Белгілі мухаддис имам Әбу Дәуд бұл тізімге: «Сендердің ешбірің өзіне қалағанды бауырына да қаламайынша, иман келтірген болмайды» деген хадисті қосқан. Кейбіреулер дін негіздерін құрайтын төртінші хадис ретінде: «Дүние игіліктерінен бас тарт, сонда сені Аллаһ жақсы көретін болады. Адамдардың қолындағыдан бас тарт, сонда сені адамдар жақсы көретін болады» деген хадисті көрсеткен. Ал кейбіреулер «адамдардың қолындағыдан бас тарт» деген хадистің орнына «мен сендерге не нәрсеге тыйым салсам, содан аулақ болыңдар» деген хадисті келтірген. Бұл кісі қарызын келісілген уақытынан бұрын келіп талап еткен еді. Хадис қарыз алуға, соның қатарында қарызға мал алуға рұқсат етілетінін көрсетеді. Өйткені Пайғамбарымыз (с.а.с.) қарыздарлықтан Аллаһқа сиынып пана сұраса да, қажет жағдайда қарыз алған. Сондай-ақ бұл хадис малды несиеге сатуға рұқсат етілетінін көрсетеді. Қарызды одан жақсы етіп қайтару сүннет әрі көркем мінез-құлық үлгісі болып табылады. Ол тыйым салынған өсімді қарызға жатпайды. Өйткені өсімді қарызда оны қайтару келісімі жасалған кезде өсімімен қайтару туралы
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 969
Әбу Қатада әл-Ансариден (Аллаһ оған разы болсын). Ол Аллаһ елшісінің (с.а.с.): «Сауда-саттық жасағанда жиі ант ішуден сақтаныңдар. Өйткені ол (тауарды) өткізгенмен, кейін (оның берекесін) жояды», – деп айтқанын естіген (1607/132).
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 970
Әбу Һурайрадан (Аллаһ оған разы болсын). Ол: «Аллаһ елшісі (с.а.с.): «Қиямет күні Аллаһ үш (адамға) сөйлемейді, оларға қарамайды және оларды тазартпайды әрі оларға күйзелтуші азап бар: 1) артық суы бола тұра, шөл далада оны жолаушыға бермейтін кісі; 2) бір кісіге асрдан кейін тауарын саудалап, оған мұны мынанша- мынаншаға алғанын айтып, Аллаһпен ант ішіп, осылай болмаса да, оны сендіретін кісі1; 3) басшыға тек дүние үшін ант беріп, (басшы) одан бір нәрсе берсе – антын орындап, бермесе – антын орындамайтын кісі », – деді», – деп айтқан (108/173).
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 971
Жәбир ибн Абдуллаһтан (Аллаһ әкесі екеуіне разы болсын). Ол: «(Бірде) Аллаһ елшісімен (с.а.с.) бірге жорыққа шыққанымда, ол мені қуып жетті. Менің астымдағы түйем болдырып, әзер жүріп келе жатыр еді. (Пайғамбар (с.а.с.)) маған: «Түйеңе не болды?» – деді. «Ол ауру», – дедім. Аллаһ елшісі (с.а.с.) мені оздырып жіберді де, (түйеме) дауыстады және ол үшін дұға қылды. Осыдан кейін (түйем) түйелердің алдына түсіп жүруге көшті. (Пайғамбар (с.а.с.)) менен: «Түйеңді қалай көріп тұрсың?» – деп (сұрады). «Жақсы, оған сенің берекең дарыды ғой», – дедім. «Оны маған сатасың ба?» – деп (сұрады). Мен қысылып қалдым, себебі одан басқа су таситын түйеміз жоқ еді. Сонда да: «Иә», – дедім. Сөйтіп, оны Мәдинаға жеткенімше өзім мініп бару шартымен (Пайғамбарға (с.а.с.)) саттым. Оған: «Уа, Аллаһтың елшісі! Мен жаңадан үйленгенмін», – деп, одан (жүре шарты қойылады. Ал қарызды алған кезде мұндай келісім болмаған жағдайда, оны жақсырақ етіп қайтару мустахаб амал ретінде қарастырылады. Шафиғи мазһабы өкілдерінің пікірінше, қарызды одан жақсы етіп қайтару оның сапасын да, мөлшерін де қамтиды. Өйткені Пайғамбарымыздың (с.а.с.): «Сендердің ең жақсыларың – қарызды қайтаруда ең жақсыларың» деген сөзі жалпы мағынаға ие. Мұнда аср намазынан кейінгі уақыттың айтылу себебі – бұл уақыт онда түнгі және күндізгі періштелер жиналатындықтан әрі т.б. себептерге байланысты ерекше құрметке ие. Мұндай адамға қорқыту айтылуының себебі, ондай адамдар мұсылмандар мен олардың басшыларын адасуға итермелейді әрі антын бұзуымен бүлік тууына түрткі болады. Бұл әсіресе соңына халық еретін тұлғаларға қатысты. беруге) рұқсат сұрадым. Ол маған рұқсат етті. Сөйтіп, мен Мәдинаға адамдардан бұрын келдім. Жеткен кезімде мені нағашым қарсы алып, менен түйе жайлы сұрады. Оған (түйеге) не істегенімді айтқан едім, ол мені бұл үшін жазғырды. Аллаһ елшісінен (с.а.с.) (жүре беруге) рұқсат сұраған кезімде, ол менен: «Қызға үйлендің бе әлде әйелге ме?» – деп (сұраған болатын). Мен: «Әйелге үйлендім», – дедім. «Ол сенімен ойнайтын, сен онымен ойнайтын қызға үйленбедің бе?» – деді. Оған: «Уа, Аллаһтың елшісі! Әкем қайтыс болды (немесе шәһид болды), ал менің кішкентай қарындастарым бар. Оларға қоса, өздері сияқтыға үйленуді қаламадым. (Жас қыз) оларды тәрбиелей де алмайды, оларға қарай да алмайды. Сондықтан оларға қарап, оларды тәрбиелейтін әйелге үйлендім», – дедім. Содан Аллаһ елшісі (с.а.с.) Мәдинаға келген соң, таңертең оған түйені алып бардым. Бірақ ол маған (түйенің) ақшасын төлеп, оны өзіме қайтарып берді», – деп айтқан (715/110).
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 972
Кағб ибн Мәликтен (Аллаһ оған разы болсын). Аллаһ елшісінің (с.а.с.) кезінде (бірде) ол мешітте Ибн Әбу Хадрадтан қарызын қайтаруды талап еткенде, екеуінің даусы қатты шыққаны соншалық, оны үйінде отырған Аллаһ елшісі (с.а.с.) естиді. Аллаһ елшісі (с.а.с.) ол екеуіне (асығыс) шығады, тіпті бөлмесінің пердесін ашық қалдырып кетеді. Ол Кағб ибн Мәликке дауыстап: «Ей, Кағб!» – дейді. Ол: «Ләббәй, уа, Аллаһтың елшісі!» – дейді. (Пайғамбар (с.а.с.)) оған қолымен: «Қарызыңның жартысын кеш!» – деп ишара жасайды. Кағб: «Мен солай еттім, уа, Аллаһтың елшісі!» – дейді. (Содан кейін) Аллаһ елшісі (с.а.с.) (Ибн Әбу Хадрадқа): «Ал сен түрегел де, (қарызыңды) төле», – деген (1558/20). қарызды аудару жөнінде
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 973
Әбу Һурайрадан (Аллаһ оған разы болсын). Аллаһ елшісі (с.а.с.): «Бай адамның қарызды созуы – әділетсіздік. Егер біреуіңнің қарызы бай адамға аударылса, келіссін», – деп айтқан (1564/33). Хадис қарыз алған және қарыз берген адамға ара түсуге рұқсат етілетінін, күнәға жатпайтын арашаның қабылданатынын, жанжалдасушыларды жарастыру және олардың арасында екі жаққа бірдей туралықты ұстану керектігін көрсетеді. Мұндағы хадистен аңғарылатын түйін: жағдайы жоқ адамның қарызды созуы, бұл үшін уәжді себебі болғандықтан, әділетсіздікке және тыйым салынған іске жатпайды. Бай адам да қаржысы болмауы немесе т.б. себептермен қарызын төлеуге мүмкіндігі болмаса, оны өтеуді жағдайы көтергенше кешіктіруіне болады. Бұл аталмыш тыйымнан тысқары қарастырылатын жекелеген мәселеге жатады. Кейбіреулердің айтуынша, бұл қиын жағдайдағы қарыздарды, қарызын өтеуге жағдайы келгенше, түрмеге жабуға және одан қарызын қайтаруды табанды түрде жасау
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 974
Хузайфадан (Аллаһ оған разы болсын). Пайғамбар (с.а.с.): «Бір кісі қайтыс болып, жаннатқа кіреді. Одан: «Сен нендей амал жасайтын едің?» – деп сұрайды. (Сонда) ол өзі немесе біреудің есіне салуы арқылы: «Мен адамдармен сауда келісімін жасағанымда, қиын жағдайдағы адамға (қарызын қайтаруы үшін) уақыт беретінмін және ділдәға немесе ақшаға қатысты (қарызды) кешіретінмін», – дейді. Сөйтіп, оған кешірім жасалады», – деген. Әбу Масғұд: «Аллаһ елшісінен (с.а.с.) мұны мен де естігенмін», – деп айтқан (1560/28).
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 975
Абдуллаһ ибн Әбу Қатададан . (Бірде) Әбу Қатада (Аллаһ оған разы болсын) өзі қарыз берген адамнан (қарызын қайтаруды) талап етеді. Ол бұдан жасырынып қалады. Кейін (Әбу Қатада) оны тауып алғанда, ол: «Мен қиын жағдайдамын», – дейді. (Әбу Қатада): «Аллаһпен ант етесің бе?» – дейді. Ол: «Аллаһпен ант етемін», – дейді. (Сонда Әбу Қатада): «Мен Аллаһ елшісінің (с.а.с.): «Кімді Аллаһтың өзін Қиямет күнгі уайымдардан құтқаруы қуантатын болса, қиын жағдайдағы адамға кеңшілік етсін немесе оған кешірім жасасын», – деп айтқанын естідім», – деген (1563/32). талап етуге болмайтыны жөніндегі Мәликтің, әш-Шафиғидің және көпшілік ғалымдардың пікірін қуаттайтын дәлел болып табылады. Ахмад, Әбу Дәуд (№3628), ән-Нәсәи және Ибн Мәжәһ жеткізген хадисте: «Бай адамның қарызды созуы – әділетсіздік, оның намысына тиюге және оны жазалауға рұқсат етіледі» деп айтылған. Ибн Хиббан бұған «сахих», ал Ибн Хажар «Фатх әл-Бәри» кітабында және басқалар «хасан» санатындағы хадис деп баға берген. Ғалымдардың айтуынша, мұндағы «намысына тию» сөзі: «Сен маған әділетсіздік жасап, қарызымды төлеуді кешіктіріп отырсың» деп айтуды, ал «жазалау» сөзі оны түрмеге жабу және оған сөгіс беруді меңзеген. Әл-Бұхари Суфиянның жағдайы келіп тұрса да қарызын төлемейтін адамның жазасы оны тұтқындау екені жайлы сөзін келтірген. Оны тұтқындау жайлы Ибн Талла «Ақдият ән-нәбәуия» кітабында Бахза ибн Хаким әкесі арқылы атасынан жеткізген хадисті ұсынған. Онда Пайғамбарымыздың (с.а.с.) айыпталған бір адамды тұтқындап, кейін оны босатқаны туралы айтылған. Қарыздың бай адамға аударылуын қабылдауға келсек, шафиғи мазһабының өкілдері мен ғалымдардың көпшілігі мұны қабылдау дұрыс деп тапқан. Заһирилер мен басқалар хадистің сыртқы мағынасына сүйеніп, «мұндай шарамен келісу міндетті» деп есептеген. Бұл пікірді заһирилерден басқа, ханбали мазһабы өкілдерінің көпшілігі, Әбу Сәур және Ибн Жәрир де ұстанған. Бұл жайлы әл- Хирақидің риуаятында «міндетті (уажиб)» деп айтылған. Табиғиндер қатарындағы хадис жеткізуші. Мұндағы «кеңшілік етсін (фәл-йунәффис)» деген сөз, кейбіреулердің түсіндіруінше, қарызын төлеуді кейінге шегеріп, оған уақыт беру, ал енді біреулерше: қарызын кешіру. қалған адамнан көрсе...
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 976
Әбу Һурайрадан (Аллаһ оған разы болсын). Аллаһ елшісі (с.а.с.): «Біреу мал-дүниесінен айырылып қалған жағдайда, бір кісі онда тауарының дәл өзін көрсе, ол бұған көбірек құқылы», – деп айтқан (1559/25).
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 977
Айшадан (Аллаһ оған разы болсын). Аллаһ елшісі (с.а.с.) бір яһудиден белгілі бір мерзімге дейін азық сатып алғанда, оған өзінің темір сауытын кепілге қалдырған (1603/126).
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 978
Ибн Аббастан (Аллаһ әкесі екеуіне разы болсын). Ол: «Пайғамбар (с.а.с.) Мәдинаға келгенде , (адамдар) құрма жемісі үшін бір-екі жылға алдын ала төлеп қоятын еді. Сонда (Пайғамбар (с.а.с.)): «Кімде-кім құрмаға алдын ала төлейтін болса, белгілі бір өлшем және белгілі бір салмаққа белгілі бір мерзімге дейін төлесін», – деп айтты», – деген (1604/127).
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 979
Жәбирден (Аллаһ оған разы болсын). Ол: «Аллаһ елшісі (с.а.с.) үй- жер немесе бақ сияқты әрбір бөлінбейтін серіктестікке сатып алуға Басқа бір риуаятта: «ол басқа қарыз иелеріне қарағанда көбірек құқылы» делінген. Ал басқа хадистерде сатылған тауар жайлы айтылған. Бұл хадисте мұсылмандар мемлекетінің қарамағында өмір сүріп жатқан басқа дін өкілдерімен қарым-қатынас жасауға рұқсат етілетіні көрінеді. Ғалымдар мұсылмандардың қарамағында немесе олардан шет өмір сүрсе де, басқа дін өкілдерімен қарым-қатынас жасауға рұқсат етілетіні жөнінде бірауызды келісімге келген. Бірақ жауласушы жаққа қару-жарақ, әскери жабдықтар, Құран кітаптарын және мұсылман құлдарды сатуға болмайды. Сондай-ақ мұнда қарызды қайтарғанша оның орнына кепіл қалдыруға рұқсат етілетіні көрсетілген. Әрі ол Пайғамбарымыздың (с.а.с.) артық дүниесі болмағанын айғақтайды. Яғни Пайғамбарымыз (с.а.с.) Меккеден қоныс аударып келген кезде. Мұндағы «және» сөзі «немесе» деген мағынада қолданылған (ән-Нәуәуи). Ғалымдар бұл хадистің салмақпен (немесе көлеммен) өлшенетін барлық тауарларға қатысты екендігі жөнінде бірауыздан келіскен. Егер тауар мата болса, оның белгілі бір ұзындығына, ал егер мал-жануар болса, оның белгілі бір сан- мөлшеріне шарттасу керек. Бұл жерде қандай да бір дүние-мүлікті серіктесіп пайдаланушылардың біріндегі сатып алу құқының басымдығы туралы айтылған. қатысты құқық басымдығын үкім етті. (Адамға өзге біреумен ортақ мүлкін) серіктесінен рұқсат сұрамайынша сатуына рұқсат етілмейді. Ол қаласа – алады, қаласа – бас тартады. Егер одан рұқсат сұрамай сататын болса, ол бұған көбірек құқылы», – деп айтқан (1608/133). Серіктесіп пайдаланатын дүние-мүліктер екі түрлі болады: жылжымалы және жылжымайтын мүлік. Ғалымдар жылжымайтын мүліктерді сатып алуда серіктестерде құқық басымдығы болатыны жөнінде бірауызды келісімге келген. Алайда егер ол бөліп алынса, шекаралары белгіленіп, жолдары ажыратылса және серіктестердің әрқайсысы өз үлесін айырып алса, онда сатып алуға қатысты құқық басымдылығы мәселесі көтерілмейді. Өйткені әл-Бұхари жеткізген хадисте Жәбир (Аллаһ оған разы болсын): «Аллаһ елшісі (с.а.с.) әрбір бөлінбейтін дүние-мүлікті (сатып алу) құқығын (серіктеске) берді, алайда шектері белгіленіп, жолдары ажыратылса, онда (серіктесте сатып алуға қатысты) құқық (басымдылығы) жоқ», – деп айтқан. Егер шекаралары мен жолдары белгіленбеген жағдайда, серіктестердің бірі өз үлесін сатуды қаласа, онда оның серіктесі немесе серіктестері сатып алуға қатысты құқық басымдығын пайдаланып, ол үлесті келісімде көрсетілген бағаға сатып ала алады және серіктестердің әрқайсысы сатуға қойылған үлестің өз мүлкіне тиесілі бөлігін талап етуге құқылы. Бұл хадистің мәтіні бөлінетін және бөлінбейтін жылжымайтын мүліктің арасында ешқандай айырмашылық жоқ екенін көрсеткен әрі дұрысы да – осы. Өйткені сатып алуға қатысты құқық басымдығын берудегі даналықтың өзі серіктестердің ешқайсысына мүліктің аталмыш екі түріне де байланысты зиян шектірмеу болып табылады, ал бұл – жалпы негіздегі хадис. Осы екі түрдің арасын ажыратуға дәлел ретінде қолданылатын пікірлерге келсек, олар осал сипатта келген. Ал жылжымалы мүліктерге қатысты ғалымдар арасында пікір қайшылығы туындаған. Олардың көпшілігі бұл тұрғыдағы құқық басымдығын теріске шығарған. Яғни біреу ортақ меншіктегі мал, үй жабдықтары және де басқа жылжымалы дүние-мүліктерден өз үлесін сататын болса, оның серіктесіне сатып алуға қатысты ешқандай құқық басымдығы берілмейді. Алайда Қазы Ғияд пен Ибн Мунзирдің айтуынша, Ата «мұндай құқық басымдығы барлық тауарларға жүреді» деп есептеген. Имам Ахмадтың пікірінше, мұндай құқық мал-жануарлар мен бөлек орналасқан ғимараттарға қатысты. Әт-Тахауидің риуаятында («Шарх маъани әл- әсәр», 4/126): «Пайғамбардың (с.а.с.) үкіміне сәйкес, сатып алудағы құқық басымдығы кез келген ортақ меншікке қатысты» деп айтылған. Пайғамбар (с.а.с.) мұндай құқықты серіктеске берген, құқығын пайдалану-пайдаланбауды оның өзі шешеді. Бұл құқық адам өзі бас тартқан немесе оны шариғат үкімдері бойынша мұндай құқықтан қағуға нақты дәлел келген жағдайда ғана айыруға болатын міндетті құқықтар санатына жатады. Ал біреуге бұл құқықты пайдалануы үшін қажетті мүмкіндікті бермей, оны тез арада пайдалануын ұсынатын шарттарға келсек, бұл – ешқандай негізі жоқ сөз. «Сатып алуға қатысты құқық басымдығына көрші де ие» деген пікір бар. Ғалымдардың көпшілігі олардың құқық басымдығын теріске шығарғанмен, Әбу Ханифа мен әс-Сәури «мұндай құқыққа көршілер де ие» деп есептеген. Әл-Бұхари Амр ибн Шәридтен жеткізген хадисте Әбу Рафиғ өзінің үйін Сағд ибн Мәликке төрт жүз мысқалға сатқаннан кейін: «Егер де Аллаһ елшісінің (с.а.с.) көрші басқаларға қарағанда көбірек құқылы екенін айтқанын естімегенімде, үйімді саған сатпас едім», – деп айтқан. Екеуара ортақ жол, құдық және сол сияқты мүлік түрлеріне байланысты көршінің көрші алдындағы сатып алуға қатысты құқық басымдығы туралы ғұламалардың пікірі әртүрлі. Олардың кейбіреулері мұндай
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 980
Әбу Һурайрадан (Аллаһ оған разы болсын). Аллаһ елшісі (с.а.с.): «Ешкім дуалына көршісінің ағаш орнатуына кедергі жасамасын», – деген . Содан кейін Әбу Һурайра (тыңдап отырғандарға): «Неге сендердің одан бас тартқандарыңды көремін?! Аллаһпен ант етейін, мен мұны иықтарыңа арта беремін », – деп айтқан (1609/136). жерлердің жетеуінен қамыт кигізіледі
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 981
Ғұруа ибн Зубәйрден . Аруа бинт Уайс, Сағид ибн Зәйдті (Аллаһ оған разы болсын) өзінің жерінің бір бөлігін алып қойды деп айыптап, онымен Маруан ибн Хакамға дауласып келеді. Сағид: «Өзім Аллаһ елшісінен (с.а.с.) естіген сөзден кейін оның жерінің бір бөлігін алушы ма едім?!» – дейді. (Маруан одан): «Сен Аллаһ елшісінен (с.а.с.) не естідің?» – деп (сұрайды). Ол: «Аллаһ елшісінің (с.а.с.): «Кім жердің бір сүйемін әділетсіздікпен (иемденсе), оған жерлердің жетеуінен қамыт кигізіледі», – деп айтқанын естідім», – дейді. Маруан оған: «Бұл (сөзден) кейін сенен ешқандай дәлел сұрамаймын», – дейді. Сонда (Сағид): «Уа, Аллаһ! Егер бұл (әйел) өтірік айтқан болса, оның көзін соқыр ет және оны өз жерінде өлтір», – деп (дұға қылады). (Хадисті жеткізуші): «Содан ол (әйел) өлерінің алдында көзі соқыр болып қалды. Содан кейін ол өзінің жерінде жүріп келе жатып, шұңқырға құлап өлді», – деп айтқан (1610/139). жағдайда сатып алуға қатысты құқық басымдығын міндетті санап, бұл тұрғыда аталмыш ортақтастық басқа меншіктердегі серіктестікке ұқсас, ал бұл нәрседе зиян тигізу басқа меншік серіктестігінде зиян тигізу сияқты деген және бұған қатысты дәлелдер көп. Мәселен, Жәбирдің айтуынша, Аллаһ елшісі (с.а.с.): «Егер көршілес меншіктер ортақ жолға ие болса, көрші сатып алуға қатысты құқық басымдығына ие. Сатушы көршісі сапарда болса да оның шешімін күтуі керек», – деген (Ахмад, Әбу Дәуд, әт-Тирмизи, ән-Нәсәи, Ибн Мәжәһ). Яғни екі көршіге ортақ іргелес қабырға. Ахмад, Әбу Сәур және хадис ғалымдары мұны міндетті үкім деп есептеген. Яғни үнемі ескертіп отырамын. Ғұруа ибн Зубәйр, сахаба Зубәйр ибн Аууам мен Әсмә бинт Әбу Бәкірдің ұлы, фақиһ, ғалым, табиғин, хадис жеткізуші. Маруан ибн Хакам, мұсылман әмірлерінің бірі, табиғин, хадис жеткізуші. Ғалымдар, бұл: жер жеті қабаттан тұратынын айғақтайтынына нұсқау жасайды. Бұл жайлы Құранда да: «Жеті аспан және осыншама жер» деп айтылған (Талақ, 12). жеті білек етіп белгіленеді
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 982
Әбу Һурайрадан (Аллаһ оған разы болсын). Пайғамбар (с.а.с.): «Жолға қатысты араларыңда келіспеушілік туындаса, оның ені жеті білек етіп белгіленеді», – деген (1613/143). Бұл хадисте әлдебір адамдардың жер телімдерінің арасында жол болса, олар оның енін өзара келісіммен белгілейтіні айтылған. Егер олардың арасында жолдың еніне қатысты келіспеушілік пайда болса, оның ені жеті білек етіп белгіленеді. Мұнда өз жерінің бір бөлігін жүргіншілер жүретін жолға ажырататын адам меңзелмеген. Ол жолдың енін өз қалауы бойынша белгілеуге құқылы. Әйтсе де жолды ендірек етіп салған дұрыс. 19. ЖЕРДІ ӨНІМГЕ ОРТАҚТАСУ ШАРТЫМЕН ЖАЛҒА БЕРУ (МУЗАРАЪА) КІТАБЫ
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 983
Жәбир ибн Абдуллаһтан (Аллаһ әкесі екеуіне разы болсын). Пайғамбар (с.а.с.): «Кімнің жері болса, оған егін ексін немесе оған бауырына егін ектірсін және оны жалға бермесін», – деп айтқан (1536/92).
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 984
Рафиғ ибн Хадижден (Аллаһ оған разы болсын). Ол: «Біз Аллаһ елшісінің (с.а.с.) кезінде жердің піспеген егінін азықтың белгілі өлшеміне сатып, оны (өнімнің) үштен біріне, төрттен біріне, кейде белгіленген азыққа жалға беретінбіз. Бір күні бізге көкелерімнен бір кісі келіп: «Аллаһ елшісі (с.а.с.) біз үшін пайдалы бір іске тыйым салды, бірақ Аллаһқа және Оның елшісіне бойсұну бізге көбірек пайдалы. Ол бізге жердің піспеген егінін азықтың белгілі өлшеміне сатып, оны (өнімнің) үштен біріне, төрттен біріне не белгіленген азыққа жалға беруімізге тыйым салды. Сондай-ақ жердің иесіне оған өзінің егін егуін немесе біреуге егін ектіруін бұйырды. Әрі оны жалға беруді және басқаларды құптамады», – деп айтты», – деген (1548/116).
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 985
Ханзала ибн Қайс әл-Ансариден (Аллаһ оған разы болсын). Ол: «(Бірде) Рафиғ ибн Хадижден жерді алтынға не күміске жалға беру жайлы сұрадым. Ол: «Оның оқасы жоқ. Негізінде, Аллаһ елшісінің (с.а.с.) кезінде адамдар арықтардың жағасындағы (жерлер), өзендердің бастауындағы (жерлер) және егіннің әлдебір бөлігі (өзіне тиесілі болу шартымен) жалға беретін. (Кейде) мынау құрып, анау аман қалса, кейде мынау аман қалып, анау құритын (жағдайлар кездесетін). Адамдарда осыдан басқа жалға беру (шарты) болмайтын. Сондықтан бұған тыйым салынды. Ал белгіленген тағайындалған нәрсеге келсек, оның оқасы жоқ», – деді», – деп айтқан (1547/116).
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 986
Абдуллаһ ибн Сәибтен . Ол: «(Бірде) біз Абдуллаһ ибн Мағқилдің алдына кіріп, одан музараға жайлы сұрадық. Сонда ол: «Сәбит Аллаһ 928-хадистің түсіндірмесін қараңыз. 928-хадистің түсіндірмесін қараңыз. Табиғиндерден кейінгі буын өкілі, хадис жеткізуші. елшісінің (с.а.с.) музарағаға тыйым салғанын және жерді ақыға жалға беруге бұйырғанын айтты. Әрі ол: «Мұның оқасы жоқ», – деді», – деген (1549/119).
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 987
Таустен . Ол жерін өнімнің бір бөлігіне жалға беріп, егіннің жалға алушы адамның есебінен егілуіне шарттасатын. Амр айтады: «Мен оған: «Ей, Әбу Абдур-Рахман! Бұл мухабараны қойсаң болар еді. Өйткені (адамдар) Пайғамбардың (с.а.с.) бұған тыйым салғанын айтады», – дегенімде, ол: «Ей, Амр! Олардың ішіндегі мұны ең жақсы білетіні (ол Ибн Аббасты меңзеген) маған Пайғамбардың (с.а.с.) бұған тыйым салмағанын, тек қана: «Біреуіңнің бауырына уақытша пайдалануға беруі ол үшін бұған белгілі бір алым алғанынан жақсы», – деп айтқанын хабарлады», – деді» (1550/121). жемістің немесе егіннің бір бөлігін беру
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 988
Ибн Омардан (Аллаһ әкесі екеуіне разы болсын). Ол: «Аллаһ елшісі (с.а.с.) Хайбарды одан алынатын құрма жемісінің немесе егіннің жартысын (алу шартымен) жалға берген еді. Ол әйелдеріне әр жылы жүз уасқтан: сексен уасқ кептірілген құрма, жиырма уасқ арпа беретін. Омар (Аллаһ оған разы болсын) билік басына келген кезде, Хайбарды бөліске салып , Пайғамбардың (с.а.с.) әйелдеріне оларға (тиесілі) жер мен суды өлшеп беруге не оларды әр жылы (азық-түлік) уасқтарымен қамтамасыз етуге таңдау тастады. Сонда олар әртүрлі шешім қабылдады. Олардың кейбірі жер мен суды таңдаса, кейбірі әр жылы (азық-түлік) уасқтарын (алуды) таңдады. Ал Айша мен Хафса (Аллаһ ол екеуіне разы болсын) жер мен суды таңдағандардың қатарында болды», – деп айтқан (1551/2). Сахаба Мағқил ибн Муқриннің ұлы, табиғин, хадис жеткізуші. Мұнда сахаба Сәбит ибн Даххак ибн Халифа туралы айтылған. Әбу Абдур-Рахман ибн Кайсан, фақиһ, табиғин, хадис жеткізуші. Амр ибн Динар, табиғин, хадис жеткізуші. 928-хадистің түсіндірмесінде айтылғандай, егістіктің белгілі бір бөлігіне емес, өнімнің белгілі бір мөлшеріне шарттасқан мухабара және музараға келісімдеріне кесімді түрде тыйым салынбайды. Мұнда егін алқабының нақты бір бөлігінен түскен өнімді алу шартына тыйым салынады. Алайда мұсылманның өз жерін діндес бауырына ақысыз уақытша пайдалануға бергені абзал. Бұл жерде Омардың (Аллаһ оған разы болсын) Хайбардан яһудилерді көшіріп, ол жерді мұсылмандарға бөліп бергені туралы айтылған. Бұл хадис жерді суару және оның шаруашылық жұмыстарын атқаруға бірдей немесе жеке-жеке мердігер жалдауға рұқсат етілетінін көрсетеді. Ибн Әбу Ләйлә, Әбу Юсуф, Мұхаммед және куфалық фақиһ-мухаддистер, Ахмад, Ибн Хузайма, Ибн Шурайх және басқалар осы пікірді ұстанған.
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 989
Жәбирден (Аллаһ оған разы болсын). Ол: «Аллаһ елшісі (с.а.с.): «Қайсыбір мұсылман көшет отырғызса, одан желінген жеміс ол үшін, әлбетте, садақа болады, одан ұрланған жеміс те ол үшін садақа болады, одан жыртқыш аң жесе, ол да ол үшін садақа болады, одан құс жесе де, ол үшін, садақа болады және одан біреу алса, ол да ол үшін, әлбетте, садақа болады», – деп айтты», – деген (1552/7).
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 990
Жәбир ибн Абдуллаһтан (Аллаһ әкесі екеуіне разы болсын). Ол: «Аллаһ елшісі (с.а.с.) судың артығын сатуға тыйым салды», – деп айтқан (1565/34).
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 991
Әбу Һурайрадан (Аллаһ оған разы болсын). Ол: «Аллаһ елшісі (с.а.с.): «Сол арқылы шөптен тыю үшін судың артығынан тыймаңдар», – деді», – деп айтқан (1566/37). Риуаяттардың бірінде: «ол үшін Қиямет күніне дейін, әлбетте, садақа болады» делінген. Бұл хадис адамның ұрланған немесе жануарлар зиян келтірген т.с.с. мүліктері үшін де сауап алатынын және барлық сауаптардың тек мұсылман адамға ғана бұйыратынын айғақтайды. Мәселен, бір адамның сусыз жерде құдығы болып, ал оның жанында жайылым болса және жақын маңда басқа су көзі болмаса, құдықтың иесі суы өз қажетінен артылған жағдайда, малшылардың ішуі үшін құдықтан су алуға тыйым салмауы және олардың алған суы үшін ақы талап етпеуі керек. Бірақ ол жайылымды суару үшін су беруге міндетті емес. Яғни егер адам малшылардың ішуі үшін суының артылғанын бермейтін болса, олар сусыздықтан қорқып, құдықтың маңындағы жайылымға мал жаймауы ықтимал. 20. ӨСИЕТТЕР, САДАҚА, СЫЙЛЫҚ ЖӘНЕ БІР ЗАТТЫ ӨМІР БОЙЫ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРУ КІТАБЫ ынталандыру
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 992
Сәлимнен 1. Ибн Омар (Аллаһ әкесі екеуіне разы болсын) Аллаһ елшісінің (с.а.с.): «Өсиет ететін нәрсесі бар мұсылман кісінің өсиетін жазбай үш түн өткізуге құқы жоқ», – деп айтқанын естіген 2. Абдуллаһ ибн Омар: «Аллаһ елшісінің (с.а.с.) осы айтқанын естігеннен соң, бір түн өтпестен менде өсиет болды», – деп айтқан (1627/4).
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 993
Сағд ибн Әбу Уаққастан (Аллаһ оған разы болсын). Ол: «Аллаһ елшісі (с.а.с.) қоштасу қажылығы кезінде науқасым себепті менің көңілімді сұрап келді. Маған өлім жақын қалған еді. Мен: «Уа, Аллаһтың елшісі! Маған, өзің көріп тұрғандай, науқас жетті. Мен мал-дүниелі адаммын, бірақ бір қызымнан басқа мұрагерім жоқ . Мал-дүниемнің үштен екісін садақаға берейін бе?» – дедім . Ол: «Жоқ», – деді. «Жартысын садақаға берейін бе?» – деп (сұрадым). «Жоқ. Үштен бірін, бірақ үштен бірі де көп 5. Сахаба Абдуллаһ ибн Омардың ұлы, табиғин, хадис жеткізуші. Тағы бір риуаятта екі түн делінген. Бұған дейінгі адамның дені сау кезінде садақа беру керектігі туралы тарауда фақиһ ғалымдардың жан алқымға келген уақытта берілген өсиет те, садақа да, дүние-мүлікті басқаруға қатысты барлық үкімдер де жарамсыз болып табылатыны жөнінде ортақ келісімде екендігі жайлы ән-Нәуәуидің сөзі келтірілген-ді. Ғалымдардың көпшілігі қарастырылып отырған хадистегі аталмыш бұйрықты мустахаб, ал заһирилер міндетті деп есептеген. Ән-Нәуәуидің айтуынша, егер адамда біреудің қарызы немесе аманатқа қойылған дүние-мүлкі болса, ол осыны көрсететін өсиет қалдыруы тиіс. Әш-Шафиғи «өсиетті адам дені сау кезінде, куәлардың қатысуымен жазуы керек» деп есептеген. Кейбір ғалымдар «Мәида» сүресінің 106-108 аяттарына сәйкес, мұсылмандар табылмаған жағдайда өсиетке екі мұсылман емес адамды куәға тартуға болатынын айтқан. Ғалымдардың пікірінше, өсиетке мардымсыз және қайталанатын өзгерістерді күнделікті тіркеп отыру міндет емес. Олардың көпшілігі «жазбаша өсиет куәландырусыз күшке ие емес әрі пайдаға аспайды» деп есептеген. Ал әл-Маруази, хадистің сыртқы мағынасына орай, «жазбаша өсиет жеткілікті» деп санаған. Адамға өзінің науқасын емделу, дұға ету, өсиет қалдыру, пәтуа сұрау т.с.с. дұрыс ниетпен айтуына рұқсат етіледі. Алайда оны наразылықпен айтуы науқастың сауап алуына кері әсерін тигізеді. Сірә, Сағд өзінің осындай өсиет қалдыруын меңзесе керек (ән-Нәуәуи). Ғалымдардың көпшілігі «осы хадиске сәйкес, садақа беруді өсиет еткенде, мал- мүліктің үштен бірінен асырмау керек» деп есептеген. Өйткені хадисте мүліктің садақа үшін үштен бірінің де көп екендігі айтылған. Өйткені мұрагерлеріңді дәулетті етіп қалдыруың оларды адамдардан қайыр сұрап, алақан жаятындай күйде жарлы етіп қалдырғаныңнан жақсырақ! Ал Аллаһтың дидарын іздеп жұмсаған әрбір қаражатың үшін, әлбетте, сауап аласың, тіпті әйеліңнің аузына салған бір жұтым үшін де!» – деді . Сонда мен: «Уа, Аллаһтың елшісі! Мен (Меккеде) жолдастарымнан қалып қоямын ба?» – дедім . Ол: «Сен ұзақ өмір сүріп, Аллаһтың дидарын іздеп қандай да бір амал жасасаң, міндетті түрде онымен сенің дәрежең мен мәртебең артады. Мүмкін сен ұзақ өмір сүріп, сенен бір адамдар пайда алып, ал басқа біреулер зиян тартатын болар . Уа, Аллаһ! Сахабаларымның һижратын толық ете гөр және оларды (Мәдинадан) арттарына қайтара көрме! Бірақ бейшара Сағд ибн Хаула!» – деді», – деп айтқан. Аллаһ елшісі (с.а.с.) оның Меккеде қайтыс болғанына өкініш білдірген (1628/5).
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 994
Ибн Аббастан (Аллаһ әкесі екеуіне разы болсын). Ол: «Адамдар үштен бірді төрттен бірге кемітсе еді. Өйткені Аллаһ елшісі (с.а.с.): «Үштен бірі, бірақ үштен бірі де көп», – деп айтты», – деген (1629/10). Адамның өз қамқорлығындағы жандарға Аллаһтың дидары үшін қаражат жұмсауы сауап алуға себепші болып табылады. Яғни Сағд: «Мен Меккеде көз жұмамын ба?» – деп сұраған. Ол өзінің Меккеде қайтыс болуының Меккені Аллаһ үшін тастап, қоныс аударған муһажирлік дәрежесіне зияны тиеді ме деп қорыққан. Бұл: «мен өзімнің қоныс аударуымнан қалып қоямын ба?» деп айтылған басқа бір риуаятпен нақтыланады. Бұл ізгі амалдар жасау үшін ұзақ өмір сүрудің артықшылығын көрсетеді. Сондай- ақ бұл Пайғамбарымыздың (с.а.с.) мұғжизаларының бірі болып табылады. Өйткені Сағд осыдан кейін, расында да, қырық жыл, мұсылмандар Иракты бағындырғанға дейін өмір сүрген. Әрі одан мұсылмандар діні мен дүние тіршілігінде пайда алып, кәпірлер мен солар сияқтылар зиян тартты (ән-Нәуәуи). Мұндағы соңғы сөз – Сағд ибн Әбу Уаққастың немесе осы хадисті жеткізуші әз- Зуһридің сөзі. Осылай Аллаһ елшісі (с.а.с.) Меккені Аллаһ үшін сүйген, бірақ адамдардың сыйғызбауы себепті оны тастап кетуге мәжбүр болған сахабаларын Аллаһтың Меккеге қайтармауын тілеген және Сағд ибн Хаула есімді сахабасының (Аллаһ оған разы болсын) Меккеде қайтыс болғанына (ол һижраның 10-жылы дүние салған) өкініш білдірген. Фақиһтердің көпшілігі «өсиетке мал-мүліктің үштен бірінен азын қалдырған дұрыс» деп есептеген. Муғаз ибн Жәбәлдан (Аллаһ оған разы болсын) риуаят етілген хадисте Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Ақиқатында, Аллаһ сендерге рақымшылық етіп, игіліктеріңді көбейту үшін дүние салардан бұрын мал- мүліктеріңнің үштен біріне билік жүргізулеріңе рұқсат етті», – деген. Хадисті әд-Дарақутни жеткізген. Ахмад пен Баззар оны Әбу Дәрдәдан, ал Ибн Мәжәһ Әбу Һурайрадан риуаят еткен. Бұл хадистердің әрбіреуі өз бетінше әлсіз болғанымен, бірін-бірі күшейтеді.
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 995
Талха ибн Мусаррифтен . Ол: «Мен Абдуллаһ ибн Әбу Ауфадан (Аллаһ әкесі екеуіне разы болсын): «Аллаһ елшісі (с.а.с.) өсиет қалдырды ма?» – деп сұрағанымда, ол: «Жоқ», – деді. «Онда не үшін мұсылмандарға өсиет парыз етілді немесе онда не үшін өсиет етуге бұйырылды», – дегенімде, ол: «Ол Аллаһ тағаланың Кітабын өсиет етті», – деді», – деп айтқан (1634/16).
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 996
Айшадан (Аллаһ оған разы болсын). Ол: «Аллаһ елшісі (с.а.с.) (мұраға) динар да, дирһам да, қой да, түйе де қалдырмады әрі ол еш нәрсені өсиет етпеді», – деп айтқан (1635/18).
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 997
Әсуад ибн Язидтен . Ол: «(Бірде) Айшаның алдында Әлиге (Аллаһ ол екеуіне разы болсын) өсиет етілгені айтылғанда, ол: «(Пайғамбар (с.а.с.)) оған қай кезде өсиет етіпті? Мен оны кеудеме (немесе ол: «тіземе», – деген) сүйеп отырдым, ол жам әкелуді бұйырды. Сөйтіп, ол тіземе қисайды, мен оның үзілгенін сезбей де қалдым. Сонда ол қай кезде өсиет етіпті?» – деді», – деп айтқан (1636/19). шығарып жіберуді өсиет еткені және өкілдерді (қабылдауға) рұқсат бергені жайлы
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 998
Сағид ибн Жубәйрден . Ол: «Ибн Аббас (Аллаһ әкесі екеуіне разы болсын): «Бейсенбі күні... Бейсенбі күні деген не?!» – деп көз жасына ерік берді, тіпті (төгілген) көз жасы қиыршық тастарды ылғалдады. Мен: «Уа, Ибн Аббас! Бейсенбі күні деген не?» – деп (сұрадым). Ол: «Аллаһ елшісінің Куфа ғалымы, табиғин, хадис жеткізуші. Яғни Пайғамбарымыз (с.а.с.) мал-мүлкінің үштен бірін де, басқа бір бөлігін де өсиетке қалдырмаған, өйткені оның өсиетке қалдырар дүние-мүлкі жоқ болатын. Хайбар жеріне келсек, ол оны мұсылмандарға қалдырған. Сахих хадистерде Пайғамбарымыз (с.а.с.) Аллаһтың кітабына және өзінің отбасына қатысты әрі мүшріктерді Араб жазирасынан аластау жөнінде өсиет қалдырғаны, сондай-ақ басқа елден келген өкілдерді қабылдауға рұқсат еткені айтылған. Мұнда Аллаһтың кітабына қатысты өсиетте оның үкімдерін орындау көзделген. Талха ибн Мусарриф: «Онда не үшін мұсылмандарға өсиет парыз етілді?» деп, «Бақара» сүресіндегі ата- анаға және туыстарға өсиет қалдыру жайлы аятты меңзеген болса керек. Ғалымдардың көпшілігі «бұл аяттың күші жойылып, мансұқ етілген» деп есептейді. Бәлкім, ол өсиет қалдыру жөніндегі мустахаб сипаттағы үкімді меңзеген болуы да мүмкін. Алдыңғы хадистің түсіндірмесін қараңыз. Табиғин, хадис жеткізуші. Табиғин, хадис жеткізуші. (с.а.с.) науқасы меңдеді . Сонда ол: «Маған (жазу құралдарын) әкеліңдер. Сендерге менен кейін өздерің адаспайтын бір өсиетнама жазайын», – деді. (Бірақ адамдар) дауласып кетті . Ал пайғамбардың алдында дауласуға болмайды. Олар: «Оған не болды, сандырақтап жатыр ма?» – деп, одан түсінік талап етіп, қарсы сұрақ қоя бастады . (Сонда Пайғамбар (с.а.с.)): «Мені жөніме қалдырыңдар4! Менің жағдайым жақсы. Сендерге үш Мұнда Пайғамбарымыздың (с.а.с.) дүние салар алдындағы сырқатының күшейген кезі туралы айтылған. Әл-Бұхари «Жорықтар» кітабында ұсынған риуаятта: «Пайғамбар (с.а.с.) дүние салар кезінде» деп көрсетілген. Сондай-ақ ол Сағид ибн Жубәйрден жеткізген риуаятта бұл жайттың бейсенбі күні, Пайғамбар (с.а.с.) көз жұмардан төрт күн бұрын болғаны туралы дерек келген. «Науқасы меңдеген кезде» деген сөз Пайғамбардың (с.а.с.) сырқаты бұдан бұрын басталғанын білдіреді. Пайғамбар (с.а.с.) осыдан төрт күн өткеннен кейін дүйсенбі күні дүниеден озған. Яғни бұл нұсқауды жаздыру-жаздырмау жөнінде олардың пікірі екіге жарылған еді. Омар және тағы біраз сахабалар бұл міндетті емес, игілікке нұсқау ретінде екенін аңдап, осы үшін науқасы меңдеп жатқан кезде Пайғамбарға (с.а.с.) қиындық жүктеуді қаламаған. Әрі олар Аллаһ тағаланың: «Кітапта еш нәрсені қалдырмадық» (Әнғам, 38); «Біз саған әр нәрсені анық түсіндіретін және мұсылмандар үшін тура жол, рақым әрі сүйінші ретінде Кітапты түсірдік» (Нахл, 89) деген сөздерін естерінде ұстаған еді. Сондықтан да Омар: «Бізде Аллаһтың кітабы бар, сол бізге жеткілікті», – деді. Ал басқа бір адамдар «бұл нұсқауды жазған дұрыс» деп санаған. Өйткені олар оны жазса, Пайғамбардың (с.а.с.) бұйрығына бағынған болар еді. Әрі Аллаһ елшісі (с.а.с.) жаздырған нұсқаудың мазмұны тура жолдан адаспау шарасын кеңірек түсіндірер еді. Пайғамбардың (с.а.с.) сандырақтауы мүмкін емес-ті. Өйткені ол сау кезінде де, науқас кезінде де жан-жақты қорғалған болатын. Бұл тұрғыда Аллаһ тағала: «Ол ойдан сөйлемейді» (Нәжм, 3); Аллаһ елшісінің (с.а.с.) өзі: «Мен ашуланған кезде де, риза кезде де ақиқатты ғана айтамын», – деген. Пайғамбардың (с.а.с.) сахабаларға өз қасынан кетуді бұйыруы ол жаздырмақ болған нұсқаудың ерікті бұйрық екенін айғақтайды. Сондықтан да Аллаһ елшісі (с.а.с.) осыдан кейін бірнеше күн демі үзілмесе де, оларға жазу құралдарын әкелу туралы бұйрығын қайталамаған. Егер бұл міндетті болса, сахабалар пікір қайшылығына түскені үшін Пайғамбар (с.а.с.) мұны тастап қоймас еді. Өйткені Аллаһ елшісі (с.а.с.) ешқашан келіспеушілердің қарсылығы үшін дін нұсқауларын жеткізуді тастаған емес. Сахабаларда Пайғамбар (с.а.с.) кесімді түрде бұйырмаған кейбір мәселелерде оған қарсы сұрақ қойған кездері болған. Бірақ олар Пайғамбар (с.а.с.) нақты шешім танытса, оған бойсұнатын. Әл-Қуртубидің айтуынша, бұл тұрғыда сахабалардың келіспеушілігі Пайғамбардың (с.а.с.): «Ешкім бәну құрайзаға (жетпей) аср (намазын) оқымасын» деген сөзіне қатысты екі түрлі шешім қабылдағаны сияқты. Онда бір адамдар намаз уақытын өткізіп алудан қорқып, оны жолда оқыған. Ал кейбіреулер Аллаһ елшісі (с.а.с.) бұйрығының сыртқы мағынасын ұстанып, бәну құрайза қонысына жеткенше намаз оқымаған еді. Бірақ Пайғамбар (с.а.с.) әрқайсысы өз бетінше ізденіп, игі мақсатты қалағандары үшін олардың ешқайсысын айыптамаған. Анығы Аллаһқа мәлім. «Сендерге менен кейін өздерің адаспайтын бір өсиетнама жазайын» дегенде Пайғамбар (с.а.с.) нені меңзегені жөнінде ғалымдар түрлі пікірде. Біреулер «Пайғамбар (с.а.с.) өзінен кейін адамдар арасында келіспеушіліктің тумауы үшін белгілі бір үкімдерді қамтитын нұсқау нәрсені өсиет етемін: мүшріктерді Араб жазирасынан шығарыңдар және менің рұқсат еткенімдей өкілдердің (келуіне) рұқсат етіңдер », – деді», – деп айтты. Сөйтіп, ол үшіншісін айтпай үнсіз қалды немесе ол оны айтса да, мен ұмытып қалдым», – деген (1637/20). салынатыны
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 999
Омар ибн әл-Хаттабтан (Аллаһ оған разы болсын). Ол: «(Бірде) мен Аллаһ жолында (соғысқа қатыспақ болған бір кісіге) асылтұқымды арғымақ бердім, бірақ оны иесі дұрыс бақпады. Сонда оны арзандау сататын шығар деп ойлап, бұл жайлы Аллаһ елшісінен (с.а.с.) сұрағанымда, ол: «Оны сатып алма және садақаңды қайтып алушы болма, өйткені садақасын қайтып алушы өз құсығын қайта жейтін ит сияқты», – деді», – деп айтқан (1620/1). жаздыруды қалады» десе, енді біреулер «ол адамдар арасында келіспеушілік туындамас үшін өзінен кейін Ислам үмбетін басқаратын халифалардың есімдерін жазуды қалады» дейді. Бұл пікірді науқасының бастапқы кезеңдерінде Пайғамбардың (с.а.с.) Айшаға айтқан сөзі қуаттайды. Онда Пайғамбар (с.а.с.) оған: «Маған әкең мен бауырыңды шақыр, бір өсиетнама жазайын. Ақиқатында мен Аллаһ және мүміндер Әбу Бәкірден басқа ешкімді қаламағанда, «мен лайықтырақпын» деген дәмесі бар біреудің шығуынан қорқамын», – деп айтқан. Пайғамбарымыз (с.а.с.) басқалардан билікке өзін лайықтымын деп халифа болғысы келетіндердің табылатынын меңзеген. Хадисті Муслим жеткізген. Әйтсе де Аллаһ елшісі (с.а.с.) мұны жазбаша бекітпеген. Бұл хадистен төмендегідей қорытындылар шығаруға болады: – хадис білімді жазуға рұқсат етілетінін көрсетеді; – адамдар арасындағы келіспеушілік олардың игіліктен қағылуына себеп болуы мүмкін. Бұған мысалға екі кісінің дауласуы себепті Қадір түнінің қай түн екені нақтыланбай қалғанын келтіруге болады. Кейбір ғалымдар «Араб жазирасы аймағына Мекке, Мәдина, Йемен және Йамама кіреді» деп есептеген. Әш-Шафиғи оған Йеменді кіргізбеген. Ғалымдардың пікірінше, Мекке мен Мәдинаны қамтитын Хижаз аймағына мұсылмандардан басқалардың кіруіне тыйым салынбайды, алайда олар ол жерде үш күннен артық қалмауы керек. Бұл басқа елден келген өкілдер мен қонақтардың көңілін аулау үшін мұсылман болсын, өзге дін өкілі болсын, оларды жақсы қабылдауға, оларға құрмет көрсетуге және олардың жол сапарларына көмектесуге үндейді. Ибн Мухаллабтың айтуынша, үшінші өсиетте Усама ибн Зәйдтің (Аллаһ әкесі екеуіне разы болсын) жасағын жабдықтауды бұйырған. Ал Қазы Ғиядтың пікірінше, бәлкім үшінші өсиет Пайғамбарымыздың (с.а.с.): «Менің қабірімді пұтқа табыну нысаны етіп алмаңдар» деген нұсқауы болуы мүмкін. Имам Мәликтің «Муатта» кітабындағы Омардан жеткен хадис осыған сілтеме жасайды. Бұл жөнінде екі пікір айтылған:
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 1000
Ибн Аббастан (Аллаһ әкесі екеуіне разы болсын). Аллаһ елшісі (с.а.с.): «Садақасын қайтып алушы құсып, сосын өз құсығын қайта жейтін ит сияқты», – деп айтқан (1622/8). берген адам жайлы
Аударма: қазақша · открыть с поиском
← Хадисы 901–950ОглавлениеХадисы 1001–1050 →