Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша)

Хадисы 1001–1050 (Сауда-Саттық Кітабы)
← Хадисы 951–1000ОглавлениеХадисы 1051–1100 →
Глава 13. Сауда-Саттық Кітабы
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 1001
Нұғман ибн Бәширден (Аллаһ әкесі екеуіне разы болсын). Ол: «(Бірде) әкем маған мүлкінің бір бөлігін сыйлыққа берді. Бірақ анам Амра бинт Рауаха: «(Бұған) Аллаһ елшісін (с.а.с.) куә етпегеніңше, разы болмаймын», – деді. Сөйтіп, әкем Пайғамбарға (с.а.с.) оны менің сыйлығыма куә ету үшін барды. Аллаһ елшісі (с.а.с.) оған: «Балаларыңның барлығына осылай жасадың ба?» – деп (сұрады. Әкем): «Жоқ», – деді. (Сонда Пайғамбар (с.а.с.)): «Аллаһтан қорқыңдар және балаларыңның арасында әділдік сақтаңдар», – деді. Содан кейін әкем (үйге) оралып, әлгі сыйлықты қайтарып алды», – деп айтқан (1623/13).
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 1002
Нұғман ибн Бәширден (Аллаһ әкесі екеуіне разы болсын). Ол: «Әкем мені Аллаһ елшісіне (с.а.с.) апарып: «Уа, Аллаһтың елшісі! Менің Нұғманға мал-мүлкімнен мынаны және мынаны сыйлыққа бергеніме куә болшы», – деді. Ол: «Сен балаларыңның барлығына Нұғманға бергеніңдей сыйлық бердің бе?» – деп (сұрады. Әкем): «Жоқ», – деді. (Пайғамбар (с.а.с.)): «Бұған менен басқаны куә ет», – деді. Содан кейін ол (с.а.с.): «Олардың игілікте өзіңе бірдей болулары сені қуандырады ма?» – деп (сұрады. Әкем): «Әрине», – деді. (Сонда Пайғамбар (с.а.с.)): «Онда бұлай етпе», – деді», – деп айтқан (1623/17). 1) Ән-Нәуәуидің пікірінше, бұл – кесімді тыйым емес. Егер адам өзі садақаға немесе сыйлыққа берген мүлікті мұраға алса, мұның еш мәкруһтігі жоқ. Сондай-ақ мұның адам садақаға немесе сыйлыққа берген затын үшінші адамнан сатып алған жағдайға да қатысы жоқ. Көпшілік ғалымдардың пікірі осыған түйіседі. 2) Бір топ ғалым мұны «кесімді тыйым» деп есептеген. Нұғман ибн Бәшир жеткізген хадисте айтылғандай, тек әке ғана баласына берген сыйлығын қайтарып ала алады. Ол хадисте айтылғаны бойынша, бірде Нұғманның әкесі оны Аллаһ елшісіне (с.а.с.) әкеліп: «Мен балама өзімнің құлымды сыйладым», – дегенде, Аллаһ елшісі (с.а.с.): «Барлық балаларыңа осындай сыйлық жасадың ба?» – деп сұрайды. Ол: «Жоқ», – дейді. Сонда Аллаһ елшісі (с.а.с.): «Онда оны қайтарып ал», – деген. Бұл пікірді әл-Аузағи, Мәлик және әш-Шафиғилер ұстанған. Ибн Омар мен Ибн Аббастың (Аллаһ оларға разы болсын) хабарлауынша, Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Сыйлық жасап, кейін оны қайтарып алу өз баласына сыйлық жасаған әкеден басқа ешбір мұсылманға рұқсат етілмейді», – деп айтқан (Ахмад, Әбу Дәуд, әт-Тирмизи, ән-Нәсәи, Ибн Мәжәһ). Әт-Тирмизи, Ибн Хиббан және әл-Хаким бұл хадисті «сахих» хадистер санатына жатқызған. Бұл хадистердің бәрі сыйлық жасауда балалардың барлығына тең әділ болу керектігін көрсетеді. Пайғамбарымыздың (с.а.с.) «Бұған менен басқаны куә ет» деген сөзін Әбу Ханифа, Мәлик және әш-Шафиғилер балаларының жөнінде
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 1003
Жәбирден (Аллаһ оған разы болсын). Аллаһ елшісі (с.а.с.): «Қайсыбір кісі әлдебір затты біреуге және оның ұрпақтарына өмір бойы пайдалануға беріп: «Мен мұны саған және сенің ұрпағыңа сендерден біреу тірі тұрған кезде (пайдалануға) бердім» десе, ол (зат) тарту етілген адамға тиесілі болады және ол иесіне қайтарылмайды. Себебі ол мұрагерлік тиісті болатын тарту жасады», – деп айтқан (1625/22).
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 1004
Жәбирден (Аллаһ оған разы болсын). Ол: «Аллаһ елшісі (с.а.с.): «Мал-мүліктеріңді өздеріңде ұстаңдар және оларды бүлдірмеңдер. Негізінде, кім бір затты өмір бойы пайдалануға берсе, ол (зат) тірі кезінде пайдалануға берілген адамға тиесілі, ал ол қайтыс болғаннан кейін оның ұрпақтарына тиесілі», – деді», – деп айтқан (1625/26). біріне басқаларынан бөлектеп сыйлық берудің кесімді тыйым емес екеніне дәлел ретінде келтірген. Әйтсе де өзге балаларына да осындай сыйлық жасау немесе балаларының біріне бөлектеп берген сыйлығын қайтарып алу дұрыс. Бұл нұсқау адамдарға біреуге өмір бойы пайдалануға берілген сыйлықтың қайтарылмайтынын түсіндіруге бағытталған. Егер адам біреуге пайдалануға берген мүлкін кейін қайтарып алуды қаласа, оны «арайа» шартымен уақытша пайдалануға беруі керек. Муслим жеткізген риуаяттардың бірінде Жәбир (Аллаһ оған разы болсын): «Аллаһ елшісі (с.а.с.) заттарды өмір бойы пайдалануға беріп: «Бұдан былай бұл саған және ұрпақтарыңа тиесілі» деп айтуға рұқсат етті. Егер заттың иесі: «Бұл тірі кезіңде саған тиесілі болады» десе, ол қайтыс болғаннан кейін зат қайтарылуы керек», – деп айтқан. мұра алмайды
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Глава 14. Мұрагерлік Үлестер Кітабы
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 1005
Усама ибн Зәйдтен (Аллаһ әкесі екеуіне разы болсын). Пайғамбар (с.а.с.): «Мұсылман кәпірден мұра алмайды, ал кәпір мұсылманнан мұра алмайды», – деп айтқан (1614/1). үлестіріңдер
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 1006
Ибн Аббастан (Аллаһ әкесі екеуіне разы болсын). Аллаһ елшісі (с.а.с.): «Мұрагерлік үлестерді оған құқылы (адамдарға) беріңдер, ал мұрагерлік үлестерден қалғаны (марқұмның) ең жақын ер туысына тиесілі», – деп айтқан (1614/3). Абдуллаһ ибн Омардан (Аллаһ әкесі екеуіне разы болсын) жеткен хадисте Аллаһ елшісі (с.а.с.): «Әртүрлі дінді ұстанатын адамдар бір-бірінің мүлкіне мұрагер бола алмайды», – деп айтқан (Ахмад, Әбу Дәуд, ән-Нәсәи, Ибн Мәжәһ). Хадис Құранда көрсетілген мұрагерлер өз үлестерін марқұмның ең жақын ер туысынан бұрын алатынын көрсетеді. Ал егер марқұмның қалдырған мұрасы Құранда көрсетілген мұрагерлерден артылмаса, онда ең жақын ер туысы мұрадан ешқандай үлес алмайды. Пайғамбардың (с.а.с.): «Мұрагерлік үлестерді оған құқылы (адамдарға) беріңдер» дегені, мұраға үміткерлер көбейіп, мұрагерлердің үлестерін Құранда көрсетілген үкімге сәйкес бөлу мүмкін болмай қалса, қарыздар адамның қарыздарына түгел жетпейтін мал-мүлкі ортаға салынған жағдайда қарыз сомалары шегерілетіні сияқты, мұрагерлік үлестің де мөлшері кемітіледі. Мәселен, марқұм әйелдің мұрагерлері күйеуі және екі әпке-сіңлісі болса, онда күйеуі жартысын, ал әпке-сіңлілерінің әрқайсысы үштен бірін алуы тиіс. Бірақ бұл бүтін есепке тура келмегендіктен, олардың әрқайсысының мұрагерлік үлесі тиісінше кемітіледі. Сол сияқты бірнеше адамға қарыз кісінің қолындағы мүлкі ортаға салынып, қарыз иелеріне бөлінгенде, оның дүние-мүлкі қарыздарға түгел жетпейтін жағдайда, қарыз иелері қарыздарының сомасына қарай тиісінше мөлшерде кемірек ақша алады. Бәрін толық қанағаттандыру мүмкін емес нәрсеге бірнеше адам бірдей құқылы саналса және олардың ешқайсысы басымдылық беру құқына ие болмаса, онда олардың құқықтарына қарай үлестерін кеміту керек. Бұл үкім сыйлыққа, өсиеттерге, қайырымдылық қорына ажыратылған дүние-мүліктерге және басқаларға қатысты. Сол сияқты оларға үстеме де мүліктері мен құқықтарына қарай беріледі. «Ең жақын ер туыс» деп марқұмның тек әке жағынан байланысатын ең жақын ер туысы меңзелген. Марқұмның ең жақын ер туысы – әуелі оның ұлдары. Одан кейін ұлдарының ұлдары. Одан кейін әкесі. Одан кейін атасы немесе бауыры. Одан кейін бауырының ұлдары. Одан кейін бауырының ұлдарының ұлдары және төмен қарай осылай жалғаса береді. Одан кейін әкесінің көкелері және олардың ұлдары әрі төмен қарай да осылай жалғаса береді. Одан кейін атасының көкелері және олардың ұлдары және олар да төмен қарай осылай жалғаса береді. Одан кейін әкесінің атасының көкелері және олардың ұлдары әрі төмен қарай осылай жалғаса береді. мұрасы
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 1007
Жәбир ибн Абдуллаһтан (Аллаһ әкесі екеуіне разы болсын). Ол: «Аллаһ елшісі (с.а.с.) ауырып есімді білмей жатқан кезімде менің алдыма кірді. Ол дәрет алды да, олар ол дәрет алуға пайдаланған судан менің үстіме құйды. Мен өзіме келіп: «Уа, Аллаһтың елшісі! Менің алыс туыстарымнан басқа мұрагерлерім жоқ», – дедім . Сонда мирас аяты түсті», – деген. (Шұғба2): «Мен Мұхаммед ибн Мункадирден3: «(Бұл:) «Олар сенен пәтуа сұрайды. (Оларға): «Аллаһ сендерге артында ата-анасы не балалары қалмаған марқұм жайында пәтуа береді», – деп айт» (деген аят па)?» – деп (сұрағанымда), ол: «(Бұл аят) осылай түсірілген», – деді», – деп айтқан (1616/8). Мұнда аталмыш тараптардан екі не одан көп туыстар үміткер болса, туыстығы жағынан ең жақынына басымдылық беріледі. Мәселен, немереге қарағанда ұл, бауырдың баласына қарағанда бауыры басымдыққа ие. Пайғамбар (с.а.с.): «...қалғаны ең жақын ер туысқа тиесілі» дегенде осыны айтқан. Яғни жоғарыда айтылған ретке орай, ең жақын туысқа тиесілі. Мұрагерлік үлестерден қалған мүлік марқұмның ең жақын ер туысына тиесілі болатыны және жақын туыс тұрғанда, оны алыс туысқа беруге болмайтыны жөнінде ғалымдар бірауызды келісімге келген. Мәселен, қайтыс болған адамның қызы, бауыры және көкесі болса, оның мүлкінің жартысы қызына, қалғаны бауырына беріледі, ал көкесіне еш нәрсе берілмейді. Бұл хадис Құранда көрсетілген мұрагерлер жоқ болған жағдайда, мұраға қалған дүние- мүліктің бәрі жоғарыда көрсетілген тәртіп бойынша әке жағынан байланысатын туыстарға тиесілі екенін көрсетеді. Сол сияқты марқұмның әке жағынан байланысатын туыстары табылмаса және Құранда көрсетілген мұрагерлер ғана болса, онда қалған дүние-мүлік олардың үлес мөлшеріне қарай бөліп беріледі. Бұл кейбір жағдайларда олардың үлес мөлшері кемітілетіні сияқты жүзеге асады. Яғни егер әке жағынан байланысатын ер туыстар табылмаса, онда мұраны алуға басқа үміткерлердің шықпауына орай бәрі мұрагерлікке құқылы адамдарға бөліп беріледі. Жәбирдің (Аллаһ оған разы болсын) тікелей мұрагерлері жоқ еді. Табиғиндерден кейінгі буын өкілі, ғалым, мухаддис әрі хадис жеткізуші. Табиғин, хадис жеткізуші. «Ниса» сүресі, 176-аят. Ибн Журәйж жеткізген риуаятта, мұнда: «Аллаһ сендерге балаларыңа қатысты тапсырады, ер (балаға) екі қыздың үлесіндей тиесілі. Егер әйелдер екіден көп болса, оларға ол қалдырғанның үштен екісі тиесілі. Егер біреу болса, оған жартысы тиесілі. Егер баласы болса, ата-анасының әрқайсысына ол қалдырған дүниенің алтыдан бірі тиесілі. Ал егер баласы болмай, оған ата- анасы мұрагер болса, анасына үштен бірі тиесілі. Егер оның бауырлары болса, шешесіне алтыдан бірі тиесілі. Бұл (көрсетілген бөліс қайтыс болған адамның) қалдырған өсиеті немесе қарызынан кейін (беріледі). Әкелеріңнің және ұлдарыңның қайсысы пайда келтіруде өздеріңе көбірек жақын екенін білмейсіңдер. Бұл – Аллаһтан бір міндет. Ақиқатында, Аллаһ – Білуші, өте Дана» деген «Ниса» сүресінің 11-аяты түсірілгені айтылған. Ибн Хажардың
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 1008
Мағдан ибн Әбу Талхадан . (Бірде) Омар ибн әл-Хаттаб (Аллаһ оған разы болсын) құтпа жасап, Аллаһтың пайғамбарын (с.а.с.) есіне алған және Әбу Бәкірді есіне алады. Содан кейін ол: «Мен өзімнен кейін қалдыратын ең маңызды мәселе – артында ата-анасы не балалары қалмаған марқұм жайындағы мәселе. Мен Аллаһ елшісінен (с.а.с.) артында не ата-ана, не балалары қалмаған марқұм жайында сұрағанымдай ешбір мәселе жайында қайта-қайта сұрақ қойған емеспін. Әрі ол маған осы мәселеге қатысты қаталдық көрсеткеніндей ешбір мәселеге қатысты қаталдық көрсеткен емес. Тіпті ол саусағымен кеудемді нұқып: «Ей, Омар! Саған «Ниса» сүресінің соңындағы жазда түсірілген аят жеткілікті емес пе?!» – деді. Егер мен тірі болсам, оған қатысты сондай бір үкіммен үкім етемін, онымен Құранды оқитындар және Құранды оқымайтындар да үкім етеді», – деп айтқан (1617/9). айтуынша, аталмыш риуаятта оның жалғасы ретінде сүренің 12-аяты түсірілгені меңзелген. Өйткені артында ата-анасы не балалары қалмаған марқұм жайында осы аятта айтылған. Мұндай риуаятты әт-Тирмизи, Яхия ибн Адам арқылы Суфиян ибн Ғұйайнадан жеткізген. Ал біз қарастырып отырған риуаятта «Ниса» сүресінің 176- аяты көрсетілген. Бұл аяттың жалғасында: «Егер бір кісі қайтыс болып, оның баласы болмай, әпке-қарындасы болса, оған ол қалдырғанның тең жартысы тиесілі. Сондай-ақ ер кісі де әпке-қарындасынан оның баласы болмаған жағдайда мирас алады. Ал егер әпке-қарындасы екеу болса, оларға ол қалдырғанның үштен екісі тиесілі. Ал егер олар (мұрагерлер) ер және әйел бауырлар болса, онда ер адамға екі әйелдің үлесіндей тиеді. Аллаһ сендерге адаспауларың үшін түсіндіреді. Аллаһ – әр нәрсені Білуші» деп айтылған. 176- аятта әке туралы сөз қозғалмаған, өйткені марқұмның әкесі болған жағдайда оның бауырлары мен әпке-қарындастары мирас алмайтыны белгілі. Ән-Нәуәуидің айтуынша, бұл аятта «ер және әйел бауырлар» дегенде бір әке, бір шешеден туған балалар, ал мұндай бауырлар болмаған жағдайда әкесі бір, шешелері бөлек балалар меңзелгені жөнінде ғалымдар бірауызды келісімге келген. Сондай-ақ ғалымдар «Егер ата-анасы не балалары болмаған бір ер не әйелдің мирасы бөлініп, оның ер не қыз бауыры болса, олардың әрбіріне (мүліктің) алтыдан бірі тиесілі. Егер олар бұдан көп болса, олар (мирастың) үштен біріне ортақ болады» деген «Ниса» сүресінің 12-аятындағы, ер не қыз бауыр сөздері шешелері бір, әкелері бөлек балаларды меңзейтіні жайында да бірауызды келісімге келген. Ибн Хажардың әс- Суһәйлиден нақыл етуінше, 176-аятқа орай, қайтыс болған ер адамның қызы және бір әке, бір шешеден немесе бір әкеден туған қыз бауыры болса, қыз бауыры оның қызымен бірге мұра алады. Өйткені аяттағы: «оның баласы болмаса» деген сөз ұл баланы білдіреді. Ал марқұмның артында ата-анасы не балалары қалмаған жағдайда, оның қызы болса, марқұмның 12-аятта айтылған әкелері бөлек, бір шешеден туған бауырлары одан мұра ала алмайды. Өйткені аятта: «Егер ата-анасы не балалары болмаған бір ер не әйелдің мирасы бөлінсе» дегенде, марқұмның қызы болмаған жағдай туралы айтылған. Табиғин, хадис жеткізуші. балалары қалмаған марқұм жайындағы аят
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 1009
Бара ибн Азибтан (Аллаһ әкесі екеуіне разы болсын). Толық түсірілген сүрелердің соңғысы – «Тәубе» сүресі, ал түсірілген аяттардың соңғысы – артында ата-анасы не балалары қалмаған марқұм жайындағы аят (1618/12). тиесілі
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 1010
Әбу Һурайрадан (Аллаһ оған разы болсын). Аллаһ елшісіне (с.а.с.) мойнында қарызы болып қайтыс болған кісіні әкелгенде, ол: «Қарызы үшін өтейтін бір нәрсе қалдырды ма?» – деп сұрайтын. Егер оның (қарызын) өтейтін нәрсе қалдырғаны айтылса, оған (жаназа) намазын оқитын. Бұлай болмаса, (сахабаларына): «Жолдастарыңа намаз оқыңдар», – дейтін. Кейін Аллаһ оған басқа елдерді бағындырған кезде, ол: «Мен мүміндерге олардың өздерінен де жақынмын. Кім мойнында қарызы болып қайтыс болса, оның өтеуі менің міндетімде. Ал кім мал-дүние қалдырса, ол оның мұрагерлеріне тиесілі», – деп айтқан (1619/14). Бұл – «Ниса» сүресінің 176-аяты. Алайда әл-Бұхари Ибн Аббастан (Аллаһ әкесі екеуіне разы болсын) жеткізген хадисте ең соңғы түсірілген аяттың өсімқорлыққа қатысты «Өздерің Аллаһқа қайтарылатын бір күннен қорқыңдар. Содан кейін әрбір жанға істегені толық беріліп, олар әділетсіздікке ұшырамайды» деген «Бақара» сүресінің 281-аяты екені айтылған. Әйтсе де өсімқорлыққа тыйым салған үкім бұдан бұрын «Әлі Имран» сүресінің 30-аятында түсірілген. Ибн Хажар осы хадиске жазған түсіндірмесінде, бәлкім, аталмыш екі аят та басқа аяттарға қарағанда ең соңында түсірілген болуы мүмкін екенін айтқан. Немесе «Ниса» сүресінің 176-аяты – мұрагерлікке қатысты түсірілген аяттардың ең соңғысы. «Бақара» сүресінің 281-аяты түсірілгеннен кейін Пайғамбарымыз (с.а.с.), Ибн Абдус-Сәләмның пікірінше, жиырма бір күн, ал басқалардың пікірінше, тоғыз түн немесе жеті күн өмір сүргені жайлы айтылған хабарлар осыны қуаттайды. Сондай- ақ Ибн Абдус-Сәләм: «Соңғы түсірілген аят – артында ата-анасы не балалары қалмаған марқұм жайындағы аят. Осыдан кейін Пайғамбар (с.а.с.) елу күн өмір сүрді. Содан кейін «Бақара» сүресінің 281-аяты түсірілді», – деп айтқан. Пайғамбардың (с.а.с.) қарызының өтеуі жоқ адамға жаназа намазын оқымауының себебі, адамдарды қарыздарын тірі кездерінде өтеуге үндеуге бағытталған. Ал мұсылмандар басқа елдерді бағындырып, олардың ортақ қазынасында байлық пайда болған кезде, Пайғамбарымыз (с.а.с.) мұндай адамдарға жаназа намазын оқитын және олардың қарызын өтейтін ешкім табылмаса, оны өзі төлейтін болған. Пайғамбарымыздың (с.а.с.) соңғы сөздері: «Мен сендердің әрбіріңе өмірінде әрі өлген кезінде де пайдалы нәрсені белгілеймін. Мен – мүмін адамның тірі кезіндегі әрі өлген кезіндегі қамқоршысымын. Егер ол артында қарыз қалдырып, оны өтейтін біреу қалдырмаса, оның қарызын мен төлеймін. Егер ол дүние-мүлік қалдырса, оны мен алмаймын, ол оның мұрагерлеріне тиесілі. Ал егер ол артында қамқорлыққа мұқтаж жандар қалдырса, олар маған келсін, мен 22. АЛЛАҺ ҮШІН ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚҚА АЖЫРАТЫЛҒАН МҮЛІК (УАҚФ) ТУРАЛЫ КІТАП (беріледі)
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 1011
Ибн Омардан (Аллаһ әкесі екеуіне разы болсын). Ол: «Омарға Хайбардан бір жер тиген еді. Сонда ол Пайғамбармен (с.а.с.) ол жөнінде ақылдасуға келіп: «Уа, Аллаһтың елшісі! Маған Хайбардан бір жер тиген еді, ешқашан өзіме одан құнды мүлікке ие болған емеспін, ол жайында маған не бұйырасың?» – деді. Пайғамбар (с.а.с.): «Қаласаң, оның негізін уақф ретінде ұстап, садақаға бер», – деді. Сөйтіп, Омар оны сатылмайтын, сатып алынбайтын, мұраға қалдырылмайтын және сыйға тартылмайтын етіп садақаға берді»; Ол: «Омар (ол бақты) кедейлерге, жақын туыстарға, құлдарды азат етуге, Аллаһ жолына, жолаушыларға және қонақтарға садақаға берді. Әрі оны күтіп қарайтын адамға да, оның (жемістерінен) қор ретінде жинамай жөнімен жесе немесе досына жегізсе, күнә жоқ», – деп айтқан (1632/15). сауаптар
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 1012
Әбу Һурайрадан (Аллаһ оған разы болсын). Аллаһ елшісі (с.а.с.): «Адам дүние салған соң, оның (мына) үшеуден: (сауабы) үзілмейтін садақадан, (жұрт) пайдаланатын білімнен немесе ол үшін дұға қылатын ізгі перзенттен басқа (барлық) амалы тоқтайды», – деп айтқан (1631/14). оларды қамтамасыз етемін және оларға жәрдем беремін» деген мағынаны білдіреді. Яғни пенде өлім құшқаннан кейін игі амалдарын бір мысқалға болсын көбейте алмайды, сол сияқты жаман амалдарын да азайтуға мүмкіндігі жоқ. Бұрын істегендерінің нәтижесі болып табылатын аталмыш үш амалдан басқасының бәрі тоқтайды: 1) Сауабы үзілмейтін, яғни пайда әкелуі жалғаса беретін садақа. Бұл жерде қайырымдылық қоры ретінде өсиет етіліп, одан түсетін табыстан адамдар пайдаланатын жылжымайтын мүліктер, қолданылатын ыдыс-аяқтар, мінуге не басқа да мақсаттарға пайдаланылатын мал, халық пайдасына қызмет ететін жинақтар мен Құран кітаптары немесе пайдаланылатын мешіттер, медреселер, үй-жайлар т.с.с. туралы айтылған. Осыларға үлес қосқан пенде үшін адамдар пайдаланып тұрғанда, олардың сауабы үздіксіз барып тұрады. Бұл қайырымдылық қорына, әсіресе білім алу, ғибадат жасау сияқты діни мақсаттағы істерге көмек көрсетуге бағытталған қайырымдылық шараларына қаражат ажыратудың ең ұлы артықшылықтарының бірі болып табылады. Сондықтан да ғұламалар қайырымдылық қорына өсиет етілген дүние-мүліктің игі мақсатқа пайдаланылуын қажетті шарт ретінде көрсеткен. беру Мұнда Айшаның (Аллаһ оған разы болсын) хадисі келтірілген. Ол хадис жоғарыдағы зекет туралы тарауда ұсынылған болатын (№535-хадисті қараңыз). 2) Пенде дүниеден өткеннен кейін де халықтың пайдасына қызмет ететін білім. Бұл – оның ғылымға құштар шәкірттерге берген, халыққа таратқан білімі немесе пайдалы ғылым салаларында жазып қалдырған кітаптары. Пенде осылай тікелей немесе жазбаша таратқан білімінің бәрі үшін сауап алуын жалғастыра береді. 3) Ізгі перзент, яғни кісінің өз перзенттері және ұлы не қызы жағынан болған немерелері. Ата-анаға перзенттің ізгілігі мен дұғасының пайдасы тиеді, өйткені ол Аллаһ тағаладан әрдайым ата-анасының кешірілуін, мейірімге бөленуін, дәрежелерінің көтерілуін және сый-сауапқа кенелуін тілеп, дұға етеді. 23. НӘЗІРЛЕР1 КІТАБЫ
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 1013
Ибн Омардан (Аллаһ әкесі екеуіне разы болсын). Омар ибн әл- Хаттаб (Аллаһ оған разы болсын) Аллаһ елшісі (с.а.с.) Таифтан қайтып, Жиғранада болған кезінде, одан: «Уа, Аллаһтың елшісі! Мен жәһилият кезінде әл-Харам мешітінде бір күн иғтикафта болуға нәзір еткен едім. (Бұған) не айтасың?» – деп сұрағанда, (Пайғамбар (с.а.с.)): «Барып, бір күн иғтикафта бол», – деген. (Хадисті жеткізуші): «Аллаһ елшісі (с.а.с.) оған олжаның бестен бір бөлігінен бір күң берген еді. Аллаһ елшісі (с.а.с.) адамдардың тұтқындарын азат еткен кезде, Омар ибн әл-Хаттаб олардың: «Аллаһ елшісі (с.а.с.) бізді азат етті», – деп айтып жатқандарын естиді де: «Бұл не?» – деп (сұрайды). Олар: «Аллаһ елшісі (с.а.с.) адамдардың тұтқындарын азат етті», – дейді. Сонда Омар: «Ей, Абдуллаһ! Әлгі күңге барып, оны қоя бер», – деген», – деп айтқан (1656/28).
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 1014
Ибн Аббастан (Аллаһ әкесі екеуіне разы болсын). Ол: «Сағд ибн Ғұбада Аллаһ елшісінен (с.а.с.) анасының өтемей тұрып қайтыс болған нәзірі жайында пәтуа сұрағанда, Аллаһ елшісі (с.а.с.): «Оны (анаңның) атынан өте», – деді», – деп айтқан (1638/1). Нәзір – адамның әлдебір жағдайда былай етемін деп серт беріп атаған садақасы, ғибадаты т.с.с. Мәселен, ауырып жатқан адамның «осыдан айығып кетсем, бір қой садақа» деп атап серт қабылдауы. Ибн Батталдың айтуынша, егер мұсылман емес адам (Аллаһқа құлшылық жасауға қатысты) нәзір етсе, осы хадиске орай, ол Исламды қабылдағанынан кейін бұл нәзірін орындауға міндетті. Ахмад (хабарлардың бірінде), Дәуд және басқа да заһирилер, сондай-ақ мәлики мазһабы өкілдерінен Муғира ибн Абдур-Рахман да мұны міндетті деп есептеген. Ал ханафи, мәлики және шафиғи мазһабының ғалымдары мұны мустахаб деп санаған. Нәзір қандай да бір құлшылыққа қатысты болса, оның күшке ие екені және оны міндетті түрде орындау керектігі жөнінде ғалымдар бірауызды келісімге келген. Ал егер ол күнәға немесе әдеттегі істерге қатысты болса, мұндай нәзір орындауды міндеттейтін күшке ие емес. Ғалымдардың көпшілігі «мұндай нәзірді бұзғаны үшін адамға кәффарат шарасын орындаудың қажеті жоқ» деп есептеген. Ал Ахмад пен бір топ ғалым «мұндай кезде антты бұзған жағдайдағы кәффарат шарасын орындау керек» деп санаған. Ғұқба ибн Амирдің (Аллаһ оған разы болсын) хабарлауынша, Аллаһ елшісі (с.а.с.): «Бұзылған нәзірдің кәффаратын антты бұзудың кәффараты сияқты орындауға болады», – деген. Пайғамбарымыздың (с.а.с.): «Оны (анаңның) атынан өте» дегені марқұмның нәзірін орындау оның балаларының міндетіне кіретінін көрсетеді. Заһирилер осы пікірді ұстанған. Алайда ғалымдардың көпшілігі мұрагердің марқұмның нәзірін орындауы мустахаб екенін
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 1015
Ғұқба ибн Амирден (Аллаһ оған разы болсын). Ол: «Әпкем (немесе қарындасым) Аллаһтың үйіне дейін жалаңаяқ жүріп баруға нәзір етті де, менің өзі үшін Аллаһ елшісінен (с.а.с.) пәтуа сұрауымды бұйырды. Сөйтіп, (Пайғамбардан (с.а.с.)) пәтуа сұрағанымда, ол: «Жаяу да жүрсін, көлікке де мінсін», – деп айтты», – деген (1644/11).
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 1016
Әнәстен (Аллаһ оған разы болсын). Пайғамбар (с.а.с.) екі ұлының сүйемелдеуімен келе жатқан қарияны көріп: «Оған не болған?» – деп (сұрады. Адамдар): «Ол (қажылыққа) жаяу баруға нәзір еткен », – деді. (Сонда Пайғамбар (с.а.с.)): «Ақиқатында, Аллаһ мұның өз-өзін азапқа салуына мұқтаж емес», – деп, оған көлікке мінуді бұйырған (1642/9). қайтармайтыны туралы
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 1017
Ибн Омардан (Аллаһ әкесі екеуіне разы болсын). Пайғамбар (с.а.с.) нәзір атауға тыйым салып: «Шындығында, ол жақсылық әкелмейді, тек ол арқылы сараңнан (мал-дүние) шығарылады», – деп айтқан (1639/4). айтқан. Олар бұл хадистегі жағдайды «аталмыш нәзір оның анасы қалдырған мұрадан өтелуі керек болған» деп түсіндірген. Ал қарыз, қажылық немесе садақа сияқты қаржылық міндеттерге келсек, бұл міндеттердің марқұмның атынан оның балалары тарапынан орындалуы қажеттігіне ғалымдар бірауыздан келіскен (№535- хадистің түсіндірмесін қараңыз). Яғни ол шамасы жеткенше жаяу жүруі, ал егер қиналса, көлікке мінуі керек. Мұндай кезде жалаңаяқ жүру міндетті емес. Кейбір ғалымдар «ол нәзірді бұзғанының кәффараты ретінде құрбандық шалуы керек» деп есептеген. Өйткені Әбу Дәудтің риуаятында (№3396) Ғұқба ибн Амирдің әпкесі (немесе қарындасы) қиналып, көлікке мінгенде, Аллаһ елшісі (с.а.с.): «Ақиқатында, Аллаһ әпкеңнің жаяу жүруіне мұқтаж емес. Ол көлікпен барсын және құрбандық шалсын», – деп айтқан. Яғни қария қажылық жасау үшін Меккеге жаяу баруға нәзір еткен. Пайғамбарымыздың (с.а.с.) «Шындығында, ол жақсылық әкелмейді» деген сөзі, осы хадистің келесі бір риуаятында айтылғандай, нәзір тағдырдағы бір нәрсенің бетін қайтарып, оған тосқауыл бола алмайды дегенді білдіреді. Ал «тек ол арқылы сараңнан (мал-дүние) шығарылады» деген сөз мұндай нәзірдің ерікті түрде Аллаһқа жақындауға жатпайтынын білдіреді. Ибн Әсир «ән-Ниһая» кітабында айтқандай, нәзір атауға қатысты тыйым кесімді тыйым емес, ол нәзір жақсылық әкелмейтінін және жамандықтың немесе тағдырдағы бір істің бетін қайтармайтынын түсіндіруге бағытталған. Яғни бұл хадис «Тағдырда жазылмағанға жету немесе тағдырдағы нәрсенің бетін қайтару мақсатында нәзір атамаңдар. Егер сонда да аталмыш ниеттерден тыс нәзір атасаңдар, оны орындаңдар» деген мағынаны білдіреді. Қазы Ғиядтың пікірінше, бұл тыйым білімсіздердің «нәзір тағдырды өзгертеді» деп ойлап қалмауы үшін туындаған. Нәзір атауды мәкруһ іс ретінде қарастырған пікірлер де бар. Сондай-ақ оның тыйым санатындағы мәкруһ
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 1018
Әбу Һурайрадан (Аллаһ оған разы болсын). Пайғамбар (с.а.с.): «Ақиқатында, нәзір Адам баласына Аллаһ оған тағдыр етпеген еш нәрсені жақындатпайды. Бірақ нәзір тағдырға сәйкес келіп, сол арқылы сараңнан ол шығаруды қаламаған (мал-дүние) шығарылады», – деп айтқан (1640/7). нәрсеге қатысты нәзір орындалмайды
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 1019
Имран ибн Хусайннан (Аллаһ әкесі екеуіне разы болсын). Ол: «Сақиф (тайпасы) бәну ғұқайл (тайпасының) одақтастары болатын. (Бірде) сақиф (тайпасы) Аллаһ елшісінің (с.а.с.) сахабаларынан екі кісіні тұтқынға алды, ал Аллаһ елшісінің (с.а.с.) сахабалары бәну ғұқайл (тайпасынан) бір кісіні тұтқындады және онымен бірге Адбаны олжалады. Аллаһ елшісі (с.а.с.) ол (кісіге) байлаулы кезінде келді. Ол: «Ей, Мұхаммед!» – деді. (Пайғамбар (с.а.с.)) оған келіп: «Саған не болды?» – деді. Ол: «Мені не үшін ұстадың және қажылық өтеушінің желмаясын не үшін ұстадың?» – деді. (Пайғамбар (с.а.с.)) бұл (шағымға) құрметпен қарап: «Сені одақтастарың – сақифтің қылмысы үшін ұстадым», – деді де, оның қасынан кетіп қалды. (Тұтқын) оған дауыстап: «Ей, Мұхаммед! Ей, Мұхаммед!» – деді. Аллаһ елшісі (с.а.с.) рақымды, жаны нәзік еді. Оған қайта оралып: «Саған не болды?» – деді. Ол: «Мен мұсылманмын», – деді. (Пайғамбар (с.а.с.)): «Егер де мұны өз ісіңе ие болып тұрғаныңда айтқаныңда, барынша мұратыңа жетер едің» , – деді де, оның қасынан кетіп қалды. (Тұтқын) екендігі жайында да хабар келген. Әт-Тирмизи де бірнеше ғалым-сахабалардың нәзір атауды мәкруһ деп қарастырған пікірлерін ұсынған. Ибн Мубарак: «Құлшылық не күнә үшін нәзір атау мәкруһ. Әйтсе де құлшылыққа қатысты нәзірді орындағаны үшін адам сауап алады», – деген. Ибн Хажардың айтуынша, нәзір атау ең азы мәкруһ амал санатына жатады. Әс-Санғанидің пікірінше, хадистің мағынасында дүние-мүлікті ысыраптап, босқа шашатын қаржылай нәзір атауға кесімді түрде тыйым салынғаны анық көрінеді. Өйткені дүние-мүлікті босқа шашуға тыйым салынған. Ал намаз, ораза т.с.с. құлшылықтар үшін аталатын нәзірге тыйым салынбайды. Сахих иснадпен жеткен хабарда табиғин Қатада: «Олар нәзірлерін орындайды» (Инсан, 7) деген аятқа қатысты, олар намаз, ораза т.с.с. өздеріне нұсқау берілген құлшылықтарға нәзір ететінін айтқан. Сондай-ақ әс- Санғани «қабірдегі адамдар жамандықтың бетін қайтарады немесе пайдасын тигізеді» деген мақсатпен оларға нәзір атаудың пұтқа табыну сияқты қарастырылатынын айтқан. Аллаһқа біреуді серік етіп қосатындықтан, бұлай етуге үзілді-кесілді тыйым салынады (қ.: «Субул әс-сәләм»). «Адба» сөзі «құлағы кесілген не тілінген» деген мағынаны білдіреді. Яғни: «Егер де мұны басың азат кезіңде айтқаныңда, барынша мұратыңа жетер едің. Өйткені сен Исламды тұтқынға түспей тұрып қабылдағаныңда, сені тұтқынға алуға болмайтын еді. Осылай сен Исламның арқасында мұратыңа жететін және тұтқындықтан құтылатын едің. Алайда сен Исламды тұтқынға түскеніңнен кейін қабылдасаң, онда сені өлтіруге ерік берілмейді. Бірақ құлдыққа жегу, азат ету және оған (тағы да) дауыстап: «Ей, Мұхаммед! Ей, Мұхаммед!» – деді. (Пайғамбар (с.а.с.)) оған келіп: «Саған не болды?» – деді. Ол: «Менің қарным аш, мені тамақтандыр және мен шөлдедім, маған сусын бер», – деді. (Пайғамбар (с.а.с.)): «Бұл – сенің қажетің», – деді. Содан оған екі кісімен төлем берілді »; Ол: «Кейінірек ансарлардан бір әйел тұтқынға түседі және Абда қолды болады. (Тұтқындаған) тайпа әлгі әйелді байлауда ұстайтын және олар малын кешке үйлерінің алдына әкелетін. Сөйтіп, бір түні ол байлаудан босап шығып, түйелерге келеді. (Әйел) түйелердің біріне (ұстамақ болып) жақындай бастаса, (түйе) боздап қоя беріп, оны жайына қалдыруға (мәжбүр бола) жүріп, ақыр соңында ол Адбаға келеді, сонда ол дауыс шығармаған»; Ол: «Ол жуасытылған түйе болатын. (Әйел) оның артқы жағына отырып, оны айдап, жүріп кетеді . Олар оны байқап қалып, оның соңына түссе де, (әйел) олардан қашып құтылады»; Ол: «Ол (әйел) Аллаһқа, егер өзін оның үстінде құтқаратын болса, оны құрбандыққа шалуды нәзір етеді. Ол Мәдинаға келгенде, адамдар оны көріп: «Адба – Аллаһ елшісінің (с.а.с.) түйесі», – дейді. (Әйел) егер Аллаһ өзін оның үстінде құтқаратын болса, оны құрбандыққа шалуды нәзір еткенін айтады. Олар Аллаһ елшісіне (с.а.с.) келіп, осыны ескерткенде, (Пайғамбар (с.а.с.)): «Субханаллаһ! (Әйелдің) оған қайтарған қарымтасы қандай жаман! Аллаһқа егер өзін оның үстінде құтқаратын болса, оны құрбандыққа шалуды нәзір етіпті. Бойсұнбауға және пенде иелік ете алмайтын нәрсеге қатысты нәзір орындалмайды», – деді», – деп айтқан (1641/8). төлем алу еркі күшінде қалады». Бұл тұтқынға түскен адамның Исламды қабылдауы тұтқындаған адамның оны иелену құқығын жоймайтынын және оны босату үшін төлем алуға рұқсат етілетінін көрсетеді. Хадисте төлем алынғаннан кейін оның кәпірлерге қайтарылғаны айтылмаған. Тіпті қайтарылған күннің өзінде, ол туыстарына арқа сүйеп дінін ашық ұстануына мүмкіндігі бар еді. Яғни Пайғамбар (с.а.с.) оны сақиф тайпасының тұтқынындағы екі сахабаға айырбастаған. Ән-Нәуәуи, бұл әйелдің Әбу Заррдың әйелі болғанын айтқан (Аллаһ ол екеуіне разы болсын). Аса зәрулік болғанда, мәселен, аталмыш жағдайда немесе біреу өзінің арам пиғылына мәжбүрлемек болғанда, одан қашып құтылу үшін т.б. жағдайларда әйелдің махрамсыз жолға шығуына рұқсат етіледі. Яғни мұндай нәзір түрлерін орындауға болмайды. Хадисте егер кәпірлер мұсылман адамның мүлкін олжаласа, олардың мұны иеленуге құқылары болмайтыны көрінеді. Әш-Шафиғи және басқалар осы пікірді ұстанған. Ән- Нәуәуидің айтуынша, мұндағы «пенде иелік ете алмайтын нәрсе» деп, пенденің өзі иелік ете алмайтын нақты бір нәрсені атап көрсетуі айтылған. Мәселен, біреу: «Осыдан Аллаһ мені айықтырса, мен пәленшенің құлын азат етемін (немесе оның үйін садақаға беремін)» деп өзгенің иелігіндегіге үкім айтқан т.с.с. жағдайлар. Ал егер сол кезде нәзір етушінің қолында болмаған қандай да бір нәрсе аталса, мұндай
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 1020
Ғұқба ибн Амирден (Аллаһ оған разы болсын). Аллаһ елшісі (с.а.с.): «Нәзірдің кәффараты – анттың кәффараты», – деп айтқан (1645/13). нәзір күшін жоғалтпайды. Бұған мысал ретінде біреудің қолында құлы немесе оны сатып алуға жететін ақшасы болмаса да: «Осындай жағдайда құл азат етемін» деп айтуын келтіруге болады. Көпшілік ғалымдардың пікірінше, кәффарат шарасы адам нақты атамаған нәзірін бұзған жағдайда орындалады. Бұзылған нәзірдің кәффараты антты бұзған жағдайда орындалатын өтем шарасымен бірдей. Күнәға қатысты аталған нәзір де осындай жолмен кәффарат шарасын өтеуді талап етеді. Мұндайда адамның өзі нәзір еткен күнәні істеген не істемегенінің айырмашылығы жоқ. Мүмкін емес жағдайға қатысты аталған нәзірге де осындай кәффарат шарасы өтеледі. Мәселен, бір жылда екі рет үлкен қажылық өтеуге нәзір ету. Әбу Дәуд жеткізген хабарда Ибн Аббас (Аллаһ әкесі екеуіне разы болсын): «Егер адам нәзір атап, бірақ нәзірінің не екенін нақтыламаса, оны антты бұзған жағдайдағы кәффарат шарасы сияқты өтеуге болады. Егер адам күнә жасауға нәзір етсе, оны да антты бұзған жағдайдағы кәффарат шарасы сияқты өтеуге болады. Егер адам өзі орындай алмайтын нәрсеге нәзір етсе, ол да антты бұзған жағдайдағы кәффарат шарасы сияқты өтеледі», – деп айтқан. Ибн Хажар оның иснадына «сахих» деп баға берген (қ.: «Субул әс-Сәләм»). Ахмад және төрт «Сунән» жинағының жазбагерлері Айшадан (Аллаһ оған разы болсын) жеткізген хадисте: «Күнә жасауға нәзір жоқ, ал мұндай нәзірдің кәффарат шарасы антты бұзудың өтемімен бірдей» деп айтылған. Ән- Нәсәи және басқалар оны «сахих» хадис санатына жатқызған (өйткені имам әз- Зуһри, оны Әбу Сәләмәдан естігенін анық айтқан), ал Ахмад оны дәлел көзі ретінде пайдаланған. Муслимнен басқа мухаддистер тобы Айшадан жеткізген тағы бір хадисте Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Кімде-кім Аллаһқа бойсұнбауға нәзір етсе, ол оны орындамауы тиіс және антты бұзған жағдайдағыдай кәффарат шарасын өтеуі керек», – деп айтқан. Кейбір мухаддистер мұны да «сахих» хадис санатына жатқызады. Ибн Жаруд, Ибн Аббастан жеткізген хадисте Аллаһ елшісі (с.а.с.): «Нәзір екі түрлі болады. Егер ол Аллаһ үшін болса, оның кәффараты – оны орындау. Ал егер шайтанға арналған болса, оның кәффараты – антты бұзудың кәффараты», – деген. Кейбір мухаддистер бұған «сахих» деп баға береді. Біз қарастырып отырған: «Нәзірдің кәффараты – анттың кәффараты» деген хадисті әт-Тирмизи (№1528). «Егер адам нәзірінің не екенін нақтыламаса» деген қосымшасымен нақыл еткен. Бұл хадистің иснадында белгісіз риуаятшы болғанымен, хадис Ибн Аббастың Әбу Дәуд жеткізген: «Егер адам нәзір етіп, нәзірінің не екенін нақтыламаса, оны антты бұзған жағдайдағы кәффарат шарасы сияқты өтеуге болады» деген сөзімен күшейеді. Әдеттегі істерге қатысты нәзірге келсек, әл-Бәйһақидің айтуынша, мұндай нәзір де орындалмайды. Өйткені Ибн Аббастан риуаят етілген хадисте бір адам отырмауға, сөйлемеуге, көлеңкелемеуге және тамақтанбауға нәзір еткенде, Пайғамбар (с.а.с.) оған отыруды, сөйлеуді және көлеңкелеуді, бірақ оразасын аяғына жеткізуді бұйырғаны айтылған. Әл-Бәйһақидің пікірін «Фатх әл-Бәри» кітабында Ибн Хажар да қолдаған. Алайда әл-Бұхари бұл хадисті «Адам орындай алмайтын және күнә жасауға қатысты нәзір жайында» деген тарауда келтірген.
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Глава 15. Анттар Кітабы
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 1021
Омар ибн әл-Хаттабтан (Аллаһ оған разы болсын). Ол: «Аллаһ елшісі (с.а.с.): «Ақиқатында, Аллаһ тағала сендерге әкелеріңмен ант ішуге тыйым салады», – деді»; Омар: «Аллаһпен ант етейін, Аллаһ елшісінің (с.а.с.) бұған тыйым салғанын естігенімнен бері өздігімнен де, нақыл етіп те бұлай ант еткен емеспін», – деп айтқан (1646/1).
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 1022
Ибн Омардан (Аллаһ әкесі екеуіне разы болсын). Ол: «Аллаһ елшісі (с.а.с.): «Кімде-кім ант етер болса, Аллаһтан басқамен ант етпесін», – деді. Құрайыштар (оған дейін) әкелерімен ант ететін. Ол: «Әкелеріңмен ант етпеңдер», – деді», – деп айтқан (1646/4).
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 1023
Абдур-Рахман ибн Сәмурадан (Аллаһ оған разы болсын). Ол: «Аллаһ елшісі (с.а.с.): «Тағуттармен де, әкелеріңмен де ант етпеңдер», – деді», – деп айтқан (1648/6). Омар мұнда: «Осыдан кейін ешқашан өзім бұлай ант етпедім және біреудің ісін әңгімелеп, «Ол: «Әкеммен ант етейін» деді» деп те айтқан емеспін» дегенді меңзеген (қ.: «Фатх әл-Бәри»). Ғұламалардың біржақты келісімі бойынша, Аллаһ тағаланың есімдерімен және сипаттарымен ант етуге болады. Ал Аллаһтың есімдері не сипаттарынан басқамен ант етуге тыйым салынады. Өйткені хадистің өзге бір риуаятында: «Кімде-кім ант етуді қаласа, Аллаһпен ант етсін немесе үндемесін» делінген. Ғалымдардың айтуынша, бұл тыйымның даналығы – бір нәрсемен ант ішкен адам оны ұлылайды, ал ұлылық бір Аллаһқа ғана тән. Ал Аллаһ тағаланың Құранда кейбір Өзі жаратқандармен ант еткеніне келсек, Аллаһ тағала Өзі жаратқан сол бір нәрсенің ерекше маңызын көрсету үшін Өзі қалағанмен ант етеді. Тіл ғалымдарының айтуынша, «тағут» атауы жалған құдай ретінде табынылатын пұттарға қолданылады. Кәпірлер оларға табынып, шектен шығатын заттардың барлығы «тағут» деп аталады. Аллаһ тағала Құранда: «Тағуттардан, оларға табынудан аулақ болыңдар», – деп айтқан (Зумәр, 17). Кейбіреулердің айтуынша, «тағут» дегенде жамандықта аса шектен шығып кеткен кәпірлер меңзелген. Аллаһ тағала: «Олар тағутқа жүгінуді қалайды», – деген (Ниса, 63). Сондай-ақ шайтан да «тағут» деп аталады. Әбу Дәуд пен ән-Нәсәи Әбу Һурайрадан (Аллаһ оған разы болсын) жеткізген хадисте Аллаһ елшісі (с.а.с.): «Әкелеріңмен немесе аналарыңмен ант етпеңдер және Аллаһқа теңестірілетін нәрселермен ант етпеңдер. Ал Аллаһпен ант еткен кездеріңде тек шындықты ғана айтыңдар», – деп айтқан. (Аллаһтан басқа ешбір құдай жоқ) деп айтсын
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 1024
Әбу Һурайрадан (Аллаһ оған разы болсын). Ол: «Аллаһ елшісі (с.а.с.): «Сендерден кімде-кім ант етіп, антында: «Латпен ант етемін» десе, «Лә иләһә илләллаһ» деп айтсын. Ал кім жолдасына: «Кел, сенімен құмар ойнайын» десе, садақа берсін», – деп айтты», – деген. Басқа бір риуаятта: «Кім Латпен және Ғұззамен ант етсе» делінген (1647/5).
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 1025
Әбу Һурайрадан (Аллаһ оған разы болсын). Пайғамбар (с.а.с.): «(Бірде) Дәудтің ұлы, Аллаһтың пайғамбары Сүлеймен: «Осы түні, әлбетте, жетпіс әйелімді айналып шығамын, олардың барлығы Аллаһтың жолында шайқасатын ұлдар табады», – дейді. Оған жолдасы немесе періште2: «Аллаһ қаласа» деп айт», – дейді. Бірақ ол айтпай, ұмытып кетеді. Содан соң оның әйелдерінің ешқайсысы (бала) таппады. Тек біреуі ғана жарымжан бала туды»; Аллаһ елшісі (с.а.с.): «Егер де ол: «Аллаһ қаласа» деп айтқанда, антын орындамаған болмас еді және бұл оның тілегеніне жетуіне себеп болар еді», – деп айтқан (1654/23). Лат және Ғұзза – жәһилият дәуіріндегі пұттардың атауы. Олармен ант еткен адам пұттарды ұлылайтын болғандықтан, дереу: «Лә иләһә илләллаһ» деп айтуы керек. Көпшілік ғалымдардың пікірінше, адам Лат, Ғұзза және басқа пұттармен ант етсе немесе: «Егер мен мынаны-мынаны істейтін болсам, яһуди боламын (христиан боламын; Исламнан беземін; Пайғамбарға (с.а.с.) қатысым болмайды)» т.с.с. сөздерді айтқан жағдайда, оның анты орындалмайды. Ол күнәсі үшін кешірім тілеуі және «Лә иләһә илләллаһ» деп кәлимаға қайтадан тіл келтіруі қажет. Әрі ол антын бұзғаны үшін кәффарат шарасын өтеуге міндетті емес. Әл-Бұхаридің риуаятында хадисті жеткізуші Суфиян ибн Ғұйайна «жолдасы» деген сөзден кейін: «яғни періште» деп көрсеткен. Әл-Бұхари «Неке кітабында» ұсынған риуаятта мұның періште болғаны нақты айтылған. Ибн Омардан (Аллаһ әкесі екеуіне разы болсын) жеткен хадисте Аллаһ елшісі (с.а.с.): «Егер адам қандай да бір істі істеуге ант етсе және: «егер Аллаһтың қалауы болса» деп айтса, антын бұзған жағдайда антты бұзғанның кәффарат шарасын өтемейді», – деп айтқан (Ахмад, Әбу Дәуд, әт-Тирмизи, ән-Нәсәи, Ибн Мәжәһ). Ибн Хиббан хадиске «сахих» деп баға берген. Ибн Хажардың айтуынша, Сүлеймен пайғамбардың анты әйелдерін айналып шығуына ғана қатысты еді. Өйткені қалған жағдайлар, яғни бала көтеру мен туу және олардың Аллаһ жолында шайқасуы оның міндетіне кірмейді. Сондай-ақ «Егер де ол: «Аллаһ қаласа» деп айтқанда, антын орындамаған болмас еді және бұл оның тілегеніне жетуіне себеп болар еді» деген сөз ««Аллаһ қаласа» деп айтқан әрбір адам тілегіне жетеді» дегенді білдірмейді. Сондықтан да кейбір ғалымдар бұл сөздің тек Сүлейменге ғана қатысты айтылғандығын нұсқайды. бойынша
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 1026
Әбу Һурайрадан (Аллаһ оған разы болсын). Ол: «Аллаһ елшісі (с.а.с.): «Ант оны талап етушінің ниеті бойынша», – деді», – деп айтқан (1653/21). айырса, оған тозақ міндетті болады
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 1027
Әбу Умама әл-Харисиден (Аллаһ оған разы болсын). Аллаһ елшісі (с.а.с.): «Кімде-кім анты арқылы мұсылман адамды құқығынан айырса, Аллаһ оған тозақты міндетті етіп, жаннатты харам етеді», – деген. Одан бір кісі: «Болмашы нәрсе болса да ма, уа, Аллаһтың елшісі?» – деп (сұрағанда), ол: «Мияның бұтасындай болса да», – деп айтқан (137/218). Өзге бір риуаятта: «Сенің антың жолдасың көздеген нәрсе бойынша» делінген. Хадис қазы талап еткен антқа қатысты айтылған. Егер ант етуші адам антында қазы талап еткен мақсатты көздемей, басқаша, астарлап сөйлей бастаса, оның анты қазы талап еткен мақсатқа сәйкес ант ретінде есепке алынады және оның астарлап, басқаша сөйлеуі оған пайда бермейді. Ғалымдар осы бір хадиске орай, бұл пікірде ортақ келісімге келген. Өзге жағдайларда қазы емес адам біреуден ант беруді талап еткенде, ол астарлап, басқаша сөйлесе, бұл ант берушінің пайдасына есептеледі, себебі мұнда қазы емес адамның ант талап етудегі мақсаты ешқандай маңызға ие емес. Алайда ант беру кезінде астарлап, басқаша сөйлеу антты бұзбағанымен, ғұламалардың бірауызды пікірлерінде бұлай жасауға рұқсат етілмейді, өйткені мұндай әрекет басқалардың құқығына нұқсан келтіреді. Егер бұл алдау мақсатымен жасалса, бұлай еткен адам күнәкар және антын бұзған болып табылады. Ал уәжді себеп болса, бұлай жасаудың еш оқасы жоқ. Бұған барлық құқық түрлері кіреді. Тіпті өлген малдың терісін немесе қиды да оған құқылы адамның рұқсатынсыз алуға болмайды. Мүліктік емес құқықтар да осы тұрғыда қарастырылады. Мүліктік емес құқықтарға, мәселен, екі не үш-төрт әйелі бар адамның олардың бірін кезекті күніне қатысты құқығынан айыруын жатқызуға болады. Мұсылман кісіні құқығынан айырған жағдайда адам міндетті түрде тозаққа кіретіні жайлы ескертуге келсек, егер ол бұлай етуге рұқсат етіледі деп есептесе, онда ол мұсылмандықтан шығады және ол кәпір күйінде өлсе, мәңгі тозақта қалады. Ал егер ол бір мұсылманды құқығынан айырғанмен, бұлай етуге рұқсат етілмейді деп есептесе, ол тозаққа лайық болады, бірақ Аллаһ Өз қалауымен оны кешіруі мүмкін. Алайда ол жаннатқа алғашқылардың қатарында кірмейді. Хадистегі «мұсылман адамның құқығы» тіркестері, «мұсылмандардың қол астындағы өзге дін өкілдерін құқығынан айыруға тыйым салынбайды» дегенді білдірмейді. Мұндағы нақтылау мұсылман адамның құқығына қол сұғуға қатаң түрде тыйым салынатынын көрсетеді. Мұсылманды құқығынан айырған адам қайтыс болмай тұрып тәубеге келіп, жасаған ісіне өкініш білдірсе және құқықты иесіне қайтарып берсе, сонымен қатар мұндайды қайталамауға табанды түрде шешім қабылдаса, ол күнәдан арылады. Хадисте лауазымды тұлға рұқсат етсе де, басқа біреудің құқығын
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 1028
Уәил ибн Хужрден (Аллаһ оған разы болсын). Ол: «(Бірде) Аллаһ елшісіне (с.а.с.) Хадрамауттан бір кісі және Киндадан бір кісі келді. Хадрамилік (кісі оған): «Уа, Аллаһтың елшісі! Негізінде, мынау менің жерімді тартып алды. Ол менің әкемдікі болатын», – деді. Киндилік болса: «Ол – менің қолымдағы егін егетін жерім. Мұның онда құқы жоқ», – деді. Пайғамбар (с.а.с.) хадрамилікке: «Сенің дәлелің бар ма?» – деді. Ол: «Жоқ», – деді. (Пайғамбар (с.а.с.)): «Онда оның анты сенің пайдаңа (жүруі мүмкін)», – деді. Ол: «Уа, Аллаһтың елшісі! Негізінде, бұл кісі өтірікші. Не нәрсеге ант еткеніне көңіл аудармайды және еш нәрседен тартынбайды», – деді. (Пайғамбар (с.а.с.)): «Сенің пайдаңа одан бұдан басқа еш нәрсе жоқ», – деді. Сөйтіп, ол ант беруге кірісті. Аллаһ елшісі (с.а.с.) ол кеткен соң: «Егер ол оның мүлкіне оны әділетсіздікпен жеу үшін ант етсе, Аллаһқа жолыққанында, Аллаһ одан бет бұрады», – деп айтты», – деген (139/223). иеленуге рұқсат етілмейтіні көрсетілген. Әрі ол мұсылмандардың құқығында үлкен және кіші нәрсенің арасында айырмашылық жоқ екенін айғақтайды. Яғни хадрамиліктің мүлкіне қарсы. Мұны Абдур-Рахман әл-Мубаракфури айтқан. Бұл хадистен Ислам шариғатындағы сот ісіне қатысты көптеген тұжырым шығады. Мәселен: – Мүлікті иеленіп отырған адам сот алдында оны даулаушыға қарағанда құқықтық басымдыққа ие. – Сот алдында жауапкер даулаушының арызын мойындамаса және даулаушының дәлелі болмаса, ант етуі керек. – Мүлікті иеленіп отырған адамға қарағанда, дәлелге басымдық беріледі және үкім дәлелі бар даугердің пайдасына шығарылады. – Өтірікші адамның анты сенімге ие адамның антымен бірдей қабылданады және осы ант арқылы оның үстінен айтылған шағым күшін жоғалтады. – Істері қаралып жатқан кезде даугерлердің бірі екіншісін өтірікші және әділетсіз деп айыптаса, оның сөзі жалаң жорамал ретінде ғана қарастырылады. – Егер адам өзінің жалғыз мұрагер екенін айтса, ал лауазым иесі мұра қалдырған адамның қайтыс болғанын және оның басқа мұрагері жоқ екенін білетін болса, онда арызданушыдан мұрагерлік құқығын дәлелдеу талап етілмейді. Муслим, Ибн Аббастан (Аллаһ әкесі екеуіне разы болсын) жеткізген хадисте Аллаһ елшісі (с.а.с.): «Егер адамдарға олардың талап етуі негізінде (ғана) берілсе, онда бір кісілер (басқа) адамдардың қандары мен дүние-мүліктерін даулар еді. Алайда айыпталушы (өзінің кінәсіз екенін дәлелдеу үшін) ант беруі тиіс»; Әл-Бәйһақидің риуаятында Пайғамбар (с.а.с.): «Даулаушы дәлел келтіруі, ал (айыпты) теріске шығарушы ант беруі керек», – деп айтқан. Хадисті ән-Нәуәуи өзінің түсіндірмесінде «хасан» немесе «сахих» санатына жатқызған. Мұнда Пайғамбарымыз (с.а.с.) біреулердің дәлелсіз жалаң сөздер мен талаптар негізінде дау көтерген жағдайын меңзеген. «Талап ету» (даъуа) сөзі фиқһ терминдерінің бірі ретінде істі қазының қарауына өткізетін және бір нәрсеге қатысты құқық басымдығын алу немесе басқа біреуді құқығынан айыру мақсатындағы талап- тілекті білдіреді. Яғни бұл адамдарға талап еткен және өздеріне заң бойынша тиесілі деп жариялаған нәрселері дәлелсіз жалаң сөздері негізінде берілетін болса, кәффарат шарасын орындап, жақсысын істесін
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 1029
Әбу Мұса әл-Ашғариден (Аллаһ оған разы болсын). Ол: «(Бірде) біз ашғариліктерден бір топ адам Пайғамбарға (с.а.с.) мінетін көлік сұрап келдік. Ол (бізге): «Аллаһпен ант етейін, сендерге мініс көлігін бермеймін! Менде сендерге беретін мініс көлігі жоқ», – деді»; Ол: «Осыдан кейін біз Аллаһ қалағанша тұрдық. Кейін (Пайғамбарға (с.а.с.)) түйелер әкелінді де, ол бізге (олардан) ақ өркешті үш түйе (беруді) бұйырды. Кеткенімізден соң, біз (немесе ол: «бір-бірімізге», – деп айтқан): «Аллаһ бізге береке бермейді. Аллаһ елшісіне (с.а.с.) мінетін көлік сұрап келген едік, ал ол бізге мінетін көлік бермеуге ант етті. Содан кейін бізге мінетін көлік берді», – дедік. Сөйтіп, олар оған келіп, осыны айтты. Сонда (Пайғамбар (с.а.с.)): «Сендерге мінетін көлікті мен берген жоқпын, алайда оны сендерге Аллаһ берді. Ал мен, Аллаһпен ант етейін, егер Аллаһ қаласа, бір нәрсеге ант етіп, кейін одан жақсыны көрсем, міндетті түрде антым үшін кәффарат шарасын орындап, сол жақсы (амалды) істеймін», – деп айтты», – деген (1649/7).
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 1030
Әбу Һурайрадан (Аллаһ оған разы болсын). Ол: «(Бірде) бір кісі Пайғамбардың (с.а.с.) қасында құптан намазын кеш оқып, кейін үйіне қайтады. (Үйіне оралған) ол балаларының ұйықтап қалғанын көреді. Әйелі оған тамағын әкеледі, бірақ ол балалары үшін (оны) жемеуге ант етеді. Содан кейін ол басқа тоқтамға келіп, (оны) жейді. Кейін ол Аллаһ елшісіне (с.а.с.) келіп, осыны айтады. Сонда Аллаһ елшісі (с.а.с.): «Кім бір нәрсеге ант етіп, кейін одан жақсы басқа бір нәрсені көрсе, соны істесін, ал антына кәффарат шарасын орындасын», – деді», – деп айтқан (1650/11).
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 1031
Әбу Һурайрадан (Аллаһ оған разы болсын). Ол: «Аллаһ елшісі (с.а.с.): «Аллаһпен ант етейін, біреуіңнің отбасына (залал келтіретін) антын (орындауда) қасарысып қайтпауы – ол үшін Аллаһ алдында құқылы болмаса да, басқа біреулерді өмірі мен дүние-мүлкінен айыруға әрекет жасайтын адамдардың міндетті түрде табылатынын білдіреді. Өзге риуаяттарда айтылғандай, бұл олжаға түскен түйелер болатын. Антты бұзудың өтемі жайында «Мәидә» сүресінің 89-аятында: «Аллаһ анттарыңдағы бос сөздер үшін сендерді жазаға тартпайды. Бірақ ол сендерді бекіткен анттарың үшін жазаға тартады. (Анттарыңды бұзған жағдайда) оның кәффараты: үй-іштеріңді тамақтандыратын орташа есеппен он кембағалды тамақтандыру не оларды киіндіру немесе бір құл азат ету. Кімде-кім (мұны) таппаса, үш күн ораза тұтады. Ант ішсеңдер, анттарыңның кәффараты – осы. Анттарыңды сақтаңдар. Аллаһ сендерге шүкірлік етулерің үшін аяттарын осылай анық баян етеді» деп айтылған. (антын бұзып), Аллаһ бекіткен кәффарат беруден күнәлірек болып табылады», – деді», – деп айтқан (1655/26). Егер біреу отбасының зиянына ант етсе және бұл антты бұзу күнә болмаса, ол антын бұзып, оны бұзғаны үшін кәффарат шарасын орындауы керек. Мұндағы «күнәлірек» деген сөз антынан қасарысып қайтпай отырған адамның ойына жауап ретінде айтылған. Яғни егер адам мұндай жағдайда антты бұзу күнә болмаса да, оны күнә деп есептесе, онда отбасының зиянына қасарысу одан да күнәлі екенін біліп қойғаны жөн. 25. ҚАН ТӨГУГЕ ҚАТЫСТЫ ТЫЙЫМ ЖӘНЕ КЕК ҚАЙТАРУ (ҚЫСАС) МЕН ҚҰН ТӨЛЕУ (ДИЕТ) ЖАЙЫНДА АЙТЫЛҒАНДАР ТУРАЛЫ КІТАП намысына тиюге қатысты тыйым
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 1032
Әбу Бәкрадан (Аллаһ оған разы болсын). Ол: «Пайғамбар (с.а.с.): «Заман Аллаһ аспандар мен жерді жаратқан күндегідей қалпына қайта айналып келді. Жыл – он екі ай, оның төртеуі тыйым салынған (айлар), үшеуі бірінен соң бірі келеді: зул-қағда, зул-хижжа және мухаррам, ал (төртіншісі) – жумадә (ахира) мен шағбанның арасындағы мудардың айы ражаб», – деп айтты . Содан кейін ол: «Бұл қай ай?» – деп (сұрады). Біз: «Аллаһ және Оның елшісі жақсы біледі», – деп (жауап бердік)»; Ол: «Ол үнсіз қалды, тіпті біз ол бұл (айды) басқаша атайды деп ойладық. Ол: «Бұл зул-хижжа айы емес пе?» – деді. Біз: «Иә», – дедік. Ол: «Бұл қай қала?» – деп (сұрады). Біз: «Аллаһ және Оның елшісі жақсы біледі», – деп (жауап бердік)»; Ол: «Ол үнсіз қалды, тіпті біз ол бұл (қаланы) басқаша атайды деп ойладық. Ол: «Бұл осы қала емес пе?» – деді. Біз: «Иә», – дедік. Ол: «Ал бұл қай күн?» – деп (сұрады). Біз: «Аллаһ және Оның елшісі жақсы біледі», – деп (жауап бердік)»; Ол: «Ол үнсіз қалды, тіпті біз ол бұл (күнді де) басқаша атайды деп ойладық. Ол: «Бұл құрбандық күні емес пе?» – деді. Біз: «Иә. Уа, Аллаһтың елшісі!» – дедік . Ол: «Ақиқатында, қандарың мен дүние-мүліктерің Бұл сөздер Пайғамбарымыздың (с.а.с.) қоштасу қажылығы кезінде айтылған. Мудар тайпасы «қасиетті ай – жумадә ахира мен шағбан айларының арасындағы ражаб айы» деп, ал рабиғ тайпасы «ол – рамазан айы» деп есептеген. Сондықтан Пайғамбарымыз (с.а.с.) ол айдың ражаб айы екенін, мудар тайпасы ұстанған пікірдің дұрыстығын нұсқаған. Кейбір ғалымдар мудар тайпасының бұл айды барлық айлардан артық құрметтейтін болғанын айтқан. «Заман Аллаһ аспандар мен жерді жаратқан күндегідей қалпына қайта айналып келді. Жыл – он екі ай...» деген сөздерге қатысты ғалымдарда төмендегідей пікірлер қалыптасқан: Арабтар жәһилият дәуірінде тыйым салынған айлардың тыйымдарын сақтауда Ибраһим пайғамбардың (аләйһис-сәләм) дінін ұстанатын. Бірақ оларға қатарынан үш ай бойы соғыспау ауыр тиетін. Сондықтан олар соғысуды қажет етсе, мухаррам айының тыйымын одан кейінгі сапар айына кешіктіретін. Ал келесі жылы басқа бір айға кешіктіретін. Сөйтіп, олар әр жылдары осылай етіп отыратын және соңында тыйым салынған айлардың нақты қай айлар екендігінде өздері де шатасып қалған. Әл-Қуртуби: «Пайғамбардың (с.а.с.) осылар жайлы сұрап, сосын әр сұрақтан кейін біраз уақытқа үнсіз қалуы адамдардың пайым-түсініктерін дайындау үшін еді. Олар айтылған үкімді бүкіл болмыстарымен қабылдап, оның ұлылығын сезінулері керек болатын. Сондықтан да Пайғамбар (с.а.с.) осыдан кейін ғана: «Ақиқатында, қандарың, мал-дүниелерің мен ар-намыстарың бір-біріңе осы қаладағы, осы (Мұхаммед1: «Мен ол: «және ар-намыстарың», – деп айтты» деп ойлаймын», – деген) бір-біріңе осы қалаларыңдағы, осы айларыңдағы осы күндеріңе қатысты тыйымдардай харам. Таяуда сендер Раббыларыңа жолығасыңдар да, Ол сендерден амалдарың жайлы сұрайды. Менен кейін біреулерің біреулеріңнің бастарын шабатын кәпірлер (немесе адасушылар) болып қайтпаңдар . Естеріңнен шығармаңдар! Осы жерде болғандар мұнда болмағандарға жеткізсін. Бәлкім, осы (білім) жеткізілетіннің кейбірі оны естігендердің кейбіріне қарағанда жақсырақ ұғатын болар . Назар аударыңдар! Мен жеткіздім бе?» – деп айтты», – деген (1679/29). айдағы осы күнге қатысты тыйымдардай харам», – деп айтқан», – деген. Пайғамбар (с.а.с.) бұл сұрақтарды аталмыш амалдарға, яғни мұсылманның қанын төгуге, мал-дүниесін тартып алуға және ар-намысын былғауға қаншалықты тыйым салынатынын әсірелей баяндау үшін қойған. Пайғамбардың (с.а.с.) «осы айдағы осы күнге қатысты тыйымдардай» деген сөзіндегі теңеу салыстыра айтылған тыйымдардың тыңдаушылар көкейінде мығым орнығуы үшін келтірілген. Өйткені бұл қалаға, айға және күнге қатысты тыйымдар бұған дейін олардың көкіректерінде берік орнаған тыйымдар еді. Керісінше, басқалардың өміріне, мал-дүниелеріне және ар-намыстарына қатысты тыйымдарға олар мұншалықты маңыз аудара қарамайтын. Тіпті жәһилият кезінде олар мұндай әрекеттерді халал санайтын. Сонда шариғат оларға тосыннан мұсылманның қанына, оның мал-дүниесі мен ар-намысына қатысты тыйым осы қалаға, айға және күнге қатысты тыйымдардан да зор екенін ескертті. Сөйтіп, мұсылманға қатысты тыйымдар тыңдаушылардың шариғат бекітпей тұрып дағдыланған, әдет-ғұрыпқа айналдырған істеріне қатысты айтылды. Пайғамбар (с.а.с.) әр сұрағын қойған сайын сахабалардың: «Аллаһ және Оның елшісі жақсы біледі» деп жауап беруі, олардың әдептіліктері мен көргенділіктерін білдіреді. Өйткені олар өздері білетін жауапты Пайғамбар (с.а.с.) да білетінін түсінді. Пайғамбар (с.а.с.) бұл сұрақтары арқылы бәріне белгілі жеңіл әрі жалаң жауапты меңземегенін жақсы білді (қ.: «Фатх әл-Бәри»). Мұхаммед ибн Сирин, табиғин, хадис жеткізуші. Бұл мағына мұсылманды өлтірген адамның кәпір болатындығын білдірмейді. Әрине, ол – тозаққа лайық ететін үлкен күнә. Бірақ адам «бұлай жасауға рұқсат етіледі» деп есептесе ғана шын кәпір болады. Немесе мұнда игіліктерге күпірлік ету (куфру ниъам) туралы айтылған. Бұл арқылы білімді кеңінен тарату үшін оны басқаларға жеткізуге нұсқау берілген. Білімді жеткізу – парыз кифая санатындағы амал. Ғұламалар мұны өздеріне айтылғанды есінде анық сақтаған, бірақ білімі төмен немесе оны түсінбеген сенімді адамдардың хабарларын қабылдауға болатынына дәлел ретінде келтіреді. Басқа бір риуаятта Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Мен сендерге жеткіздім бе?» – деп сұрағанда, адамдар: «Иә», – деген. Сонда ол (с.а.с.): «Уа, Аллаһ! Куә бол», – деп айтқан.
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 1033
Абдуллаһ ибн Масғұдтан (Аллаһ оған разы болсын). Ол: «Аллаһ елшісі (с.а.с.): «Қиямет күні адамдардың арасында үкім ең әуелі қанға қатысты беріледі», – деп айтты», – деген (1678/28).
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 1034
Абдуллаһ ибн Масғұдтан (Аллаһ оған разы болсын). Ол: «Аллаһ елшісі (с.а.с.): «Аллаһтан басқа ешбір құдай жоқтығына және мен Аллаһтың елшісі екеніме куәлік беретін мұсылман адамның қанын (төгуге мына) үш (жағдайда) болмаса, рұқсат етілмейді: бұрын үйленген зина жасаушы, жанға жан және дінін тәрк етуші, жамағаттан қол үзуші», – деді», – деп айтқан (1676/25). қатысты үкім
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 1035
Әнәс ибн Мәликтен (Аллаһ оған разы болсын). (Бірде) укл (тайпасынан) сегіз адам Аллаһ елшісіне (с.а.с.) келіп, оған Исламды Бұл хадис пен «Сунән» жинақтарында келген: «Пендеден ең әуелі есеп алынатын амал – оның намазы» деген хадистің арасында қайшылық жоқ. Өйткені «Сунән» жинақтарында келген хадисте пенде мен Аллаһтың арақатынасы, ал қарастырылып отырған хадисте пенделердің өзара арақатынасы туралы айтылған. Айшадан (Аллаһ оған разы болсын) жеткен хадисте Аллаһ елшісі (с.а.с.): «Үш жағдайдың бірінде болмаса, мұсылманды өлтіруге рұқсат етілмейді: үйленген зина жасаушы таспен ұрып өлтіріледі; бір мұсылманды қасақана өлтірген кісі өлтіріледі және Исламнан шығып, Аллаһ тағалаға және Оның елшісіне қарсы соғысқан кісі өлтіріледі не дар ағашына керіледі немесе елден қуылады», – деп айтқан (Әбу Дәуд, ән-Нәсәи). Әл-Хаким мұны «сахих» хадис санатына жатқызған. Әл-Бұхари жеткізген хадисте Әбу Жухайфа (Аллаһ оған разы болсын): «(Бірде) Әлиден (Аллаһ оған разы болсын): «Сендерде Аллаһтың Кітабындағыдан басқа уахидан бірер нәрсе бар ма?» – деп (сұраған едім): «Жоқ, дәнді өндіріп, рухтарды жаратқан (Аллаһ)пен ант етейін, ондайды білмеймін. (Бізде) тек Құранға қатысты Аллаһ бір кісіге беретін түсінік және мына парақтағы (үкім) бар», – деді. «Парақтағы не?» – деп (сұрадым). Ол: «Құн төлеу, тұтқынды босату және кәпір үшін мұсылманды өлтірмеу (туралы)», – деп айтты», – деген. Әлиден жеткен басқа бір хадисте: «Мүмін кәпірді өлтіргені үшін өлтірілмейді және мұсылмандармен бейбіт келісімге отырған кәпір осы келісімді бұзбайынша өлтірілмейді» деп айтылған (Ахмад, Әбу Дәуд, ән-Нәсәи). Әл-Хаким бұған «сахих» хадис деп баға берген. Ғалымдардың айтуынша, дінін тәрк етуші мен жамағаттан қол үзушіге дінбұзарлықпен не мұсылмандардың басшысына қарсы соғысумен немесе т.с.с. әрекеттерімен жамағаттан безіп, қол үзудің барлық түрі кіреді. Хауариждер осы топтағы адамдарға жатады. Ән-Нәуәуидің пікірінше, мұндағы жамағаттан қол үзуші – жамағатқа немесе мұсылмандардың басшысына қарсы соғысушы адам. ұстануға ант берді . Оларға бұл жердің ауа райы жақпай, денелері ауруға шалдықты. Сөйтіп, олар Аллаһ елшісіне (с.а.с.) осыған шағымданды. (Пайғамбар (с.а.с.) оларға): «Сендер бақташымызбен, оның түйелерімен бірге шығып, олардың зәрінен және сүтінен ішсеңдер қайтеді?» – деді . Олар: «Жарайды», – деді. Сонан соң олар шығып, (түйелердің) зәрінен және сүтінен ішіп, тәуір болған соң, бақташыны өлтіріп, түйелерді айдап кетеді. Бұл хабар Аллаһ елшісіне (с.а.с.) жеткенде, (Аллаһ елшісі (с.а.с.)) олардың ізінен (қуғыншылар) жіберді. (Қуғыншылар) қуып жетіп, оларды алып келді. Сонда (Пайғамбардың (с.а.с.)) бұйыруымен олардың аяқ-қолдары кесілді және көздері ойылып алынды . Содан кейін олар өлгендеріне дейін күннің астына тасталды (1671/10).
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 1036
Абдуллаһ ибн Масғұдтан (Аллаһ оған разы болсын). Ол: «Аллаһ елшісі (с.а.с.): «Қайсыбір жан әділетсіздікпен өлтірілсе, оның қанына (қатысты күнәнің) бір бөлігі міндетті түрде Адамның тұңғыш ұлына Бұл оқиға һижраның 6-жылы болған еді. Яғни емдік ретінде. Мұнда түйе зәрінің тазалығына қатысты пікір қайшылықтары туындаған: 1) Осы хадиске сүйенген бұрынғы буын өкілдерінің бір тобы, Мәлик, Ахмад, Ибн Хузайма, Ибн Мунзир, Ибн Хиббан, Истахри және Руяни «түйелердің және етін азыққа пайдалануға болатын малдың зәрі мен тезегі таза» деп есептеген. Сондай-ақ ол Ибн Аббастан (Аллаһ әкесі екеуіне разы болсын) түп-төркіні Пайғамбарға (с.а.с.) барып тірелетін (марфуъ) хадис жеткен. Онда: «Негізінде, түйелердің зәрінде асқазанның бұзылуына қарсы ем бар» делінген. Ибн Абидиннің «Хашия рад әл- мухтар» кітабында (1/346) біздің мазһабтың ғалымы имам Мұхаммед өзінің соңғы пікірінде малдың тезегін таза деп есептегендігі айтылған. 2) Әш-Шафиғи және ғалымдардың көпшілігі «етін азыққа пайдалануға болатын малдың зәрі мен тезегін таза емес» деп есептеген. 3) Біздің мазһабтың фақиһтері мұны жеңіл нәжіске жатқызса, етін азыққа пайдалануға болатын көгершін, торғай сияқты құстардың саңғырығы таза деп есептеген. Әт-Тирмизидің риуаятында олардың қол-аяқтары шаршыланып, яғни оң қолы мен сол аяғы, сол қолы мен оң аяғы алма-кезек, кесілгені айтылған (қ.: «Фатх әл-Бәри»). Хадистің Муслим Әнәстен жеткізген басқа бір риуаятында қарақшылар бақташының көздерін ойып кеткендіктен, осылай жасалғаны көрсетілген (қ.: «Сахих Муслим», №1671). Тағы бір риуаятта: «Олар (қаталап) су сұраса да, оларға су берілмеді» делінген. Оларға қолданылған жаза «Мәида» сүресінің 33-аятындағы нұсқауға сәйкес келеді. Онда: «Шын мәнінде, Аллаһқа және Оның елшісіне қарсы соғысатындардың әрі жер жүзінде бүлдірушілікке ұмтылатындардың жазасы – олардың өлтірілуі не керіп тасталуы немесе қол-аяқтарының шаршыланып кесілуі немесе жер айдалуы. Бұл – олар үшін осы дүниедегі қорлық. Ал Ақыретте оларға зор азап бар» деп айтылған. жүктеледі, өйткені ол кісі – өлтіру әдетін бастаған ең әуелгі (адам)», – деп айтты», – деген (1677/27). отында азапталады
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 1037
Әбу Һурайрадан (Аллаһ оған разы болсын). Ол: «Аллаһ елшісі (с.а.с.): «Кімде-кім өзін темірмен өлтірсе, тозақ отында мәңгі қалдырылған күйде темірін қолына ұстап, онымен қарнын сұққылайтын болады. Кімде-кім у ішіп, өз-өзін өлтірсе, ол тозақ отында мәңгі қалдырылған күйде оны жұтатын болады. Ал кімде-кім таудан құлап, өз-өзін өлтірсе, тозақ отында мәңгі қалдырылған күйде оған құлайтын болады», – деді», – деп айтқан (109/175).
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 1038
Сәһл ибн Сағд әл-Сағидиден (Аллаһ әкесі екеуіне разы болсын). (Жорықтарының бірінде) Аллаһ елшісі (с.а.с.) мүшріктермен бетпе-бет келіп Бұл хадис шариғаттағы кімде-кім жаман әдет қалыптастырса, Қиямет күніне дейін осы бір жамандықта өзіне ілескендердің күнәсіндай күнә арқалайтыны жайлы қағидаға сай келеді. Сол сияқты кімде-кім жақсы бір әдет қалыптастырса, Қиямет күніне дейін осы жақсылықта өзіне ілескендердің сауабындай сауап алатын болады. Бұл жайлы бірнеше «сахих» хадис келген. Мәселен, әт-Тирмизи жеткізген хадисте Аллаһ елшісі (с.а.с.): «Кімде-кім жақсы әдет қалыптастырып, оған (адамдар) ілессе, ол (адамға) өз сауабы және оған ілескендердің сауаптарындай (сауап беріледі). Бірақ (бұл арқылы) олардың сауаптарынан ештеңе кемімейді. Ал кімде-кім жаман әдет қалыптастырып, оған (адамдар) ілессе, ол (адамға) өз күнәсі және оған ілескендердің күнәларындай (күнә артылады). Бірақ (бұл арқылы) олардың күнәларынан ештеңе кемімейді»; Хадистің Муслим келтірген риуаятында: «Кімде-кім тура жолға шақырса, оған өзіне ілескендердің сауаптарындай сауап (беріледі). Бұл олардың сауаптарынан ештеңені кемітпейді. Ал кімде-кім адасуға шақырса, оған өзіне ілескендердің күнәларындай күнә (артылады). Бұл олардың күнәларынан ештеңені кемітпейді», – деген. Сондай-ақ Әбу Масғұд әл-Ансариден (Аллаһ оған разы болсын) жеткен хадисте (бірде) Пайғамбарға (с.а.с.) бір кісі келіп: «Мен мініс көлігім өліп, жолда қалдым, маған мініс көлігін берші», – дейді. Пайғамбар (с.а.с.): «Менде жоқ», – дейді. Сол кезде бір кісі: «Уа, Аллаһтың елшісі! Оған мініс көлігін беретін (адамды) мен көрсетемін», – дейді. Сонда Аллаһ елшісі (с.а.с.): «Кімде-кім игілікті көрсетсе, оған оны істеген (адамның) сауабындай (сауап беріледі)», – деп айтқан (Муслим, әт-Тирмизи, Әбу Дәуд, Ахмад). Мұнда «мәңгі қалдырылған» деген сөзге қатысты үш пікір айтылған: 1) Мұнда өз-өзін өлтіруге тыйым салынатынын біле тұра, оған рұқсат етіледі деп осылай жасаған адам туралы айтылған. Ондай адам кәпір болып, тозақта мәңгі қалдырылады. 2) Мұнда өз-өзін өлтірген адамның тозақ отында өте ұзақ уақытқа қалатыны нұсқалған. 3) Өз-өзін өлтірген адам осындай жазаға лайық, бірақ Аллаһ тағала мұсылман күйінде өлген адамның тозақ отында мәңгі қалмайтынын хабарлаған. соғысады. Сосын Аллаһ елшісі (с.а.с.) өз қосынына, ал (мүшріктер) өз қосындарына қайтады. Аллаһ елшісінің (с.а.с.) сахабаларының арасында (мүшріктерден) әрбір жеке-дара (қалғанын) қалт жіберместен, оның соңына түсіп қылышымен шабатын бір кісі бар еді. (Сахабалар арасында) «Бүгін біздің арамызда пәленшенің сауап алғаны сияқты сауап алған ешкім жоқ» деген сөздер айтылады. Сонда Аллаһ елшісі (с.а.с.): «Дегенмен ол – тозақылардан», – дейді. Адамдар арасынан (мұны естіген) бір кісі: «Мен онымен бірге қасынан қалмай жүремін», – дейді . Ол: «Сөйтіп, ол онымен бірге шығады да, ол тоқтаса – тоқтап, ол тездетсе – тездетіп жүреді»; Ол: «(Бір кезде әлгі) кісі ауыр жарақат алады. Сөйтіп, өлуге асығып, қылышының сабын жерге тіреп, жүзін кеудесінің орта тұсына (қадайды да, денесін) қылышына тастап, өз-өзін өлтіреді . (Онымен бірге жүрген) кісі Аллаһ елшісіне (с.а.с.) келіп: «Сенің рас Аллаһтың елшісі екеніңе куәлік беремін», – деді. (Пайғамбар (с.а.с.)): «Бұған не себеп болды?» – деді. Ол: «Сен әлгінде ғана оның тозақылардан екенін айтқан кісі ше... Сонда бұл (сөзің) адамдарды шошындырған еді. Мен: «Оның (хабарын) сендерге мен (жеткіземін)», – деп оны іздеп шықтым. Сосын ол ауыр жарақат алды және өлуге асығып, қылышының сабын жерге тіреп, жүзін кеудесіне (қадады да, денесін) қылышына тастап, өз-өзін өлтірді», – деді. Аллаһ елшісі (с.а.с.) сол кезде: «Негізінде, адамдарға бір кісі жаннаттықтардың ісін істеп жүргендей көрінеді, ал ол болса – тозақылардан, сондай-ақ енді бір кісі адамдарға тозақылардың ісін істеп жүргендей көрінеді, ал ол болса – жаннатылардан», – деді», – деп айтқан (112/179).
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 1039
Әнәс ибн Мәликтен (Аллаһ оған разы болсын). (Бірде) басы екі тастың арасына қойылып жаншылған бір қыз табылады. Одан: «Саған мұны Ол оның соңынан еріп жүріп, неліктен оның тозақылардан екенінің себебін білгісі келген. Өйткені оның амалдары сырттай қарағанда тамаша болатын. Ибн Хажардың айтуынша, оған еріп жүруді қалаған кісінің есімі Ақсам ибн Әбу Жәунә әл-Хузағи еді. Хатиб әл-Бағдадидің айтуынша, бұл кісінің есімі Қузман еді және ол мұнафықтар қатарында болатын. Әт-Табарани, Ақсам ибн Әбу Жәунәдан жеткізген хадисте әлгі адамның мұнафықтығы жайлы айтылған. Ибн Хажардың айтуынша, ол Аллаһ үшін емес, өз тайпасының намысы үшін соғысқан. Мұнда амалдарға қарап алданып қалмау үшін сақтандыру бар. Әр адам амалдарына арқа сүйемеуі керек, өйткені тағдырға орай жағдайдың өзгеріп кетуі әбден мүмкін. Біреу өзінің Аллаһтың дініне қызмет етіп жүргеніне масаттанбауы керек. Әбу Һурайрадан (Аллаһ оған разы болсын) жеткен басқа бір риуаятта Аллаһ елшісі (с.а.с.): «Тұр, ей, пәленше! Жаннатқа мүміннен басқаның кірмейтінін хабарла! Негізінде, Аллаһ (бұл) дінді күнәкар кісімен де қолдай береді», – деп айтқан. Сондай-ақ күнәкар адам да Аллаһтың мейірімінен үміт үзбеуі әрі басқалар да оны бұл үміттен айырмауы керек. кім істеді, пәленше ме, пәленше ме?» – деп сұрай келе, бір яһудидің аты аталғанда (қыз) басын изейді. Сөйтіп, әлгі яһуди ұсталып, (қылмысын) мойындайды. Сонда Аллаһ елшісі (с.а.с.) оның басын да екі таспен жаншуды бұйырған (1672/17). алған адам
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 1040
Имран ибн Хусайннан (Аллаһ әкесі екеуіне разы болсын). (Бірде) біреу өзге біреудің қолын тістеп, ол қолын тартып қалғанда, оның алдыңғы бір не екі тісі түсіп қалады. Сөйтіп, ол Аллаһ елшісіне (с.а.с.) шағымданғанда, Аллаһ елшісі (с.а.с.): «Маған не дейсің? Оған қолын сенің аузыңа салып, оны еркек малша шайнауыңды бұйыруымды сұрайсың ба?! Қолыңды оған тістеуі үшін бер де, содан кейін оны тарт», – деп айтқан (1673/21). қысас қайтару
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 1041
Әнәстен (Аллаһ оған разы болсын). (Бірде) Рубайиғтың сіңлісі (не әпкесі) бір адамды жарақаттап, олар Пайғамбардың (с.а.с.) алдына дауласып келді. Аллаһ елшісі (с.а.с.): «Қысас, қысас », – деді. Сонда Умму Рабиғ: «Уа, Аллаһтың елшісі! Пәленшеден қысас алына ма? Аллаһпен ант етейін, одан қысас алынбайды», – деді. Пайғамбар (с.а.с.): «Субханаллаһ! Ей, Умму Рабиғ! Қысас – Аллаһтың үкімі», – деді. Ол: «Жоқ, Аллаһпен ант етейін, одан ешқашан қысас алынбайды», – деді . Ол: «Ол қайтпай, ақыры (жапа шегуші тарап) құн алуға келісті. Сонда Аллаһ елшісі (с.а.с.): «Ақиқатында, Аллаһтың құлдарынан біреулер Аллаһқа қасам ішсе, (Аллаһ оның антын), әлбетте, орындайды », – деді», – деп айтқан (1675/24). Басқа бір риуаятта яһуди оны әшекейлерін алу үшін өлтірмек болғаны айтылған. Пайғамбарымыз (с.а.с.) оған қолын қарсыласына, оның тістеуі үшін шын мәнінде беруді бұйырмаған. Мұнда оның шағымының қабылданбайтыны меңзелген. Келесі бір риуаятта Аллаһ елшісі (с.а.с.): «Сендердің біреуіңнің бауырын тістеуіне бола ма? Оған құн төленбейді», – деп айтқан. Яғни құқылы тарап қысас алып, кек қайтарады. Мұнда ант ішкен әйелдің сөзі ол Пайғамбарымыздың (с.а.с.) шешімін қабылдамай, оны теріске шығарғанын білдірмейді. Алайда ол құқылы тарапты кешірім жасауға, ал Пайғамбарды (с.а.с.) олардың алдында араша түсуге шақырған. Бұл жерде ықыласты сенімдері үшін Аллаһтың алдында ерекше құрметке ие пенделер туралы айтылған. Бұл «Аллаһ Өзінің мейірімімен ант еткен адамның антын бұзбайды» деген мағынаны білдіреді. Хадистен бірнеше тұжырым шығарылады: – Адамның өз ойындағы іске ант ішуіне рұқсат етілетіні. тапсырылғанда, ол бұған кешірім жасаған адам
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 1042
Алқама ибн Уәилден . Оның әкесі: «(Бірде) мен Пайғамбармен (с.а.с.) бірге отырғанымда, бір кісі біреуді қайыс арқанмен сүйреп келіп: «Уа, Аллаһтың елшісі! Мынау менің бауырымды өлтірді», – деді. Аллаһ елшісі (с.а.с.): «Сен оны өлтірдің бе?» – деп (сұрады. Оны алып келген адам): «Егер де ол мойындамаса, мен оған қарсы дәлел келтіремін», – деді. Ол: «Иә, мен оны өлтірдім», – деді. (Пайғамбар (с.а.с.)): «Оны қалай өлтірдің?» – деп (сұрады). Ол: «Екеуіміз ағаштан жапырақ жинап жатқанбыз, ол мені балағаттап, ашуыма тиді. Содан оны самайынан балтамен ұрып, өлтіріп алдым», – деді. Пайғамбар (с.а.с.) одан: «Сенде өзің үшін төлемге беретін бірдеңе бар ма?» – деп (сұрады). Ол: «Менің киімім мен балтамнан басқа мүлкім жоқ», – деді. (Пайғамбар (с.а.с.)): «Руластарың жайлы не айтасың, олар сен үшін төлем бере ме?» – деп (сұрады). Ол: «Мен руластарым үшін мынадан да құнсызбын», – деп, оның қайыс арқанын нұсқады. (Пайғамбар (с.а.с.)): «Жолдасыңды ала бер», – деді. Сөйтіп, ана кісі оны алып кеткен соң, Аллаһ елшісі (с.а.с.): «Егер ол оны өлтірсе, сол сияқты болады», – деді . Сонда ол (кісі) қайта оралып: «Уа, Аллаһтың елшісі! Маған сенің: «Егер ол оны өлтірсе, сол сияқты болады» деп айтқаның туралы хабар жетті. Мен оны сенің бұйрығыңмен алып кеттім ғой», – деді. Аллаһ елшісі (с.а.с.): «Сен оның өзіңнің күнәңді және жолдасыңның күнәсін арқалап қайтуын қаламайсың ба?» – деді. Ол: «Уа, Аллаһтың пайғамбары! (Сірә, ол:) Әрине», – деді. (Пайғамбар (с.а.с.)): «Негізінде, бұл солай» , – деді», – деген. Ол: «Сонда ол қайыс арқанын тастап, оны босатты», – деп айтқан (1680/32). – Қысас алып, кек қайтаруға қарағанда кешірім жасаудың мустахабтығы. – Қысас алуға құқылылардың кешірім жасауы үшін араша түсудің мустахабтығы. – Қысас алу не құн қабылдауды жапа шеккен жақтың таңдайтыны. – Ер кісі мен әйел адамның арасында да қысас алынатыны. Сахаба Уәил ибн Хужрдың ұлы, табиғин, хадис жеткізуші. Пайғамбарымыздың (с.а.с.) бұл сөзі қасақана кісі өлтіргені үшін құн алуға рұқсат етілетінін білдіреді. Яғни оны өлтірсе, олардың бір-бірінен айырмашылығы болмайды. Керісінше, егер ол өлтірген адамды кешірсе, одан артық болады әрі Ақырет өмірінде мол сыйға, ал осы дүние тіршілігінде мақтауға ие болады. Кейбіреулер олардың кісі өлтіруде бір- біріне ұқсас болатынын айтқан. Әйтсе де олардың жасаған істерінің рұқсат етілген не тыйым салынғандығында бір-бірінен айырмасы бар. Әсіресе Пайғамбар (с.а.с.) оны кешіруді сұрағанда, кегін қайтарған адам ашуға және көңіл қалауына еруде кісі өлтірген адамға ұқсайтын болады. Яғни «бұл солай, ендеше, оған кешірім жаса». Хадистен іс билік басындағы адамның қарауына өтсе де, кісі өлтірген адамды кешіруге рұқсат етілетіні жайлы қорытынды шығады. Бұлай кешірім жасаудың өлтірілген адам мен оның туысына пайдасы бар. Мұны Пайғамбарымыздың (с.а.с.): қайтыс болған әйелдің құны мен құрсақтағы сәбидің құны
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 1043
Әбу Һурайрадан (Аллаһ оған разы болсын). Ол: «(Бірде) һузайл (тайпасынан) екі әйел жұлысып қалғанда, олардың бірі екіншісін таспен ұрып, оны және құрсағындағы (баланы) өлтіріп қойған еді. Сөйтіп, олар Аллаһ елшісінің (с.а.с.) алдына дауласып келді. Аллаһ елшісі (с.а.с.) «оның құрсағындағы сәбидің құны – бір құл немесе күң» деп үкім шығарды және әйелдің құнын оның туыстарына жүктеді. Әрі оны оның баласына және (мұрагерлердің) қатарында болғандарға мұра етті. Сол кезде Хамал ибн Набиға әл-Һузәли: «Уа, Аллаһтың елшісі! Әлі ішпеген, жемеген, сөйлемеген және туғанда дауыс шығармаған (бала) үшін қалай құн төлемекпін? Мұндайға құн төленбейді», – деді. Сонда Аллаһ елшісі (с.а.с.) оның айтқан ұйқасты қара сөздері үшін: «Шын мәнінде, мынау сәуегейлердің туыстарынан ғой!» – деді», – деп айтқан (1681/36).
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 1044
Әбу Һурайрадан (Аллаһ оған разы болсын). Аллаһ елшісі (с.а.с.): «Құдықтан келген жазатайым зиянның шығыны өтелмейді, кеннен келген жазатайым зиянның шығыны өтелмейді және малдан келген жазатайым зиянның шығыны өтелмейді, ал көмбе қазынаның бестен бірі (алынады)», – деп айтқан (1710/46). «Сен оның өзіңнің күнәңді және жолдасыңның күнәсін арқалап қайтуын қаламайсың ба?» деген сөзі көрсетеді. Бәлкім, Пайғамбарымызға (с.а.с.) бұл жайлы уахи түскен болуы әрі бұл (яғни біреудің күнәсін арқалау) осы айтылған адамға ғана қатысты болуы мүмкін. Бәлкім, мұнда күнәліге кешірім жасағаны үшін өлтірілген адам мен оның туысының бұрынғы күнәлары кешіріледі деген мағына меңзелген. Исламға дейін Араб жазирасында сәуегей (каһин) деп еліріп, есінен танған кезінде тәңірмен не оның елшілері – періштелермен немесе жындармен байланысамын деп сендіретіндерді айтқан. Еліріп, аласұрған кезде сәуегейлер де сөздерін осылайша мәнерлі ұйқаспен құрылған қара сөзбен (сажъ) жеткізетін. Өзге бір риуаятта: «бәдәуилердің ұйқасты қара сөзі сияқты» деп айтылған. Ғұламалардың айтуынша, мұндай қара сөзге, егер ол шариғатқа қайшы келсе және онда жасандылық болса тыйым салынады. Ал егер ұйқасты қара сөз шариғатқа қайшы келмесе және жасандылықтан тумаса, оған тыйым салынбайды. Ибн Хажардың айтуынша, бұл хадис құрсақтағы шаранаға өлі туылған болса да, құн төлеуді міндеттейді. Жануар келтірген зиянға қатысты бірнеше пікір айтылған: 1) Қазы Ғиядтың айтуынша, егер жануар зиянды күндіз келтірсе және оның қасында қараушы болмаса, оның келтірген зияны үшін жауапкершілік жүктелмейді. Бұған ғұламалар бірауыздан келіскен. Ал ғалымдардың көпшілігінің пікірінше, оның қасында қараушы болған жағдайда, келтірілген зиян үшін жауапкершілік жүктеледі. 2) Имам Әбу Ханифа күндіз де, түнде де жануар келтірген зиян үшін жауапкершілік жүктелмейді деп санаған. Дәуд пен заһирилер де «жануарға қараушы өзі мойнына алмаса, оның келтірген зияны үшін жауапкершілік жүктелмейді» дейді. 26. КІСІ ӨЛТІРУГЕ ҚАТЫСТЫ ОНЫ РАСТАП НЕМЕСЕ ЖОҚҚА ШЫҒАРЫП АНТ ІШУ (ҚАСАМА) КІТАБЫ
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 1045
Сәһл ибн Әбу Хасмадан (Аллаһ оған разы болсын). Ол руластары ішіндегі үлкен бір кісілерден хабарлайды1: «(Бірде) Абдуллаһ ибн Сәһл мен Мухайиса (ибн Масғұд) қиындыққа тап болулары себепті Хайбарға аттанады. Кейіннен Мухайиса келеді, (оған) Абдуллаһ ибн Сәһлдің өлтіріліп, бастауға (не құдыққа) тасталғанын хабарлайды. Ол яһудилерге барып: «Аллаһпен ант етейін, оны сендер өлтірдіңдер!» – дейді. Олар: «Аллаһпен ант етейік, оны біз өлтірген жоқпыз», – деп (жалтарады). Сонан соң ол қауымына келіп, оларға осы (болған жайтты) хабарлайды. Сөйтіп, ол ағасы Хуайиса және Абдур-Рахман ибн Сәһлмен бірге (Пайғамбарға (с.а.с.)) келеді және Хайбарда болған Мухайиса (бірінші) сөйлеуге оқталғанда, Аллаһ елшісі (с.а.с.) Мухайисаға: «Үлкенге сөз бер, үлкенге сөз бер», – деп, жас (үлкендігін) меңзейді. Сонымен, (әуелі) Хуайиса, сосын Мухайиса сөйлейді. (Оларды тыңдаған) Аллаһ елшісі (с.а.с.): «Не олар жолдастарыңа құн төлейді, не соғыс жариялайды», – дейді. Сөйтіп, Аллаһ елшісі (с.а.с.) оларға осы жайында хат жазып жіберді. Олар: «Аллаһпен ант етейік, біз оны өлтірген жоқпыз», – деп (жауап) жазды. Аллаһ елшісі (с.а.с.) Хуайиса мен Мухайисаға және Абдур-Рахманға: «Сендер (туыстарыңды солар өлтіргеніне) ант етіп, жолдастарыңның құнына құқылы екендіктеріңді талап етесіңдер ме?» – деді. Олар: «Жоқ!» – деді. (Пайғамбар (с.а.с.)): «Онда яһудилер сендердің алдарыңда 3) Мәлик егер жануар түнде зиян келтірсе, оған иесі жауап беретінін айтқан. 4) Имам әш-Шафиғидің ізбасарларының пікірінше, егер жануардың қатерлі екені белгілі болса, оның келтірген зияны үшін жауапкершілік жүктеледі. Өйткені мұндай жағдайда иесі оны байлап қоюы керек. Әш-Шафиғи мен оның ізбасарлары «жануар иесінің салғырттығы мен кінәсінің нәтижесінде зиян келтірсе де, жауапкершілік жүктеледі» деп есептеген. Егер біреудің өз жерінде немесе ешкімге тиесілі емес жерде қазған құдығына адам құлап өлсе, бұл үшін ешкімге жауапкершілік жүктелмейді. Алайда біреу құдықты адамдар жүретін жолда немесе біреудің жерінде оның рұқсатынсыз қазса, оған құлап өлген адам үшін құдықты қазған адамға және оның туыстарына жауапкершілік жүктеліп, оны қазған адамның мүлкінен құн төленеді. Ал егер оған жануар құлап өлсе, құдықты қазған адам оның шығынын өтеп береді. Көмбе қазына тауып алған адамға келсек, ол оның бестен бірін зекетке шығаруы керек. Бұл – шафиғи мазһабы өкілдерінің, хижаздық фақиһтердің және көпшілік ғалымдардың пікірі. Бірақ кен көмбе қазынадан тыс қарастырылады (№505-хадистің түсіндірмесін қараңыз). Тағы бір риуаятта бұл хадис Рафиғ ибн Хадижден (Аллаһ оған разы болсын) риуаят етілген. Яғни яһудилер. ант етіп (ақталады)», – деді . Олар: «Олар мұсылман емес қой», – деді. Сонда Аллаһ елшісі (с.а.с.) оған өз жанынан құн төлеп, оларға жүз түйе жіберіп, (түйелер) олардың ауласына кіргізілді» . Сәһл (ибн Әбу Хасма): «Олардың арасындағы бір қызыл түйе мені теуіп жіберді», – деп айтқан (1669/6).
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 1046
Аллаһ елшісінің (с.а.с.) сахабалары қатарындағы бір ансар кісіден (Аллаһ оған разы болсын). Аллаһ елшісі (с.а.с.) кісі өліміне қатысты антты жәһилият кезінде қандай болса, сол күйінде қабылдаған (1670/7). Бұл жерде яһудилерден ер кісілердің қылмысқа қатысы жоқтығын айтып, ант ішуі меңзелген. Басқа бір риуаятта елу адамның ант беру керектігі айтылған. Хадистен кісі өліміне қатысты антты әуелі шағымданушы, содан кейін айыпталушылар беруі керектігі және бойсұнбаушы немесе мұсылман емес адамның анты қабылданатыны жайлы қорытынды шығады. Аталмыш оқиғада Аллаһ елшісі (с.а.с.) туысы өлтірілгендерге дау-жанжалды тоқтатып, алауыздықты басу үшін құн төлеген. Ол мұны қолында арагідік пайда болатын өзінің дүние-мүлкінен немесе мемлекет қазынасынан және мұсылмандардың мүддесіне арналған дүние-мүліктен төлеген (ән-Нәуәуи). Ғалымдар, күмән шындыққа жақындамаса, жалаң шағым негізінде қысас алу құқығы берілмейтіні жайлы бірауызды келісімге келген. Сондай-ақ хадистен адамның өзі болмаса да, оның сыртынан үкім шығаруға және қарсы жақтың қатысуынсыз-ақ құн төлеуге қатысты шағымды тыңдауға болатыны жайлы тұжырым алуға болады. Мұсылмандар мен басқа дін өкілдерінің арасындағы дауға Ислам шариғаты бойынша үкім беріледі. Өзге бір риуаятта: «Бірнеше ансарлық яһудилерді бір кісінің өліміне айыптағанда, ол оларға сөздерін растау үшін ант беруді бұйырды» деп айтылған. Хадистегі сахабаның есімінің көрсетілмеуі хадистің сахихтік деңгейін төмендетпейді, өйткені сахабалардың барлығы – сенімге ие адамдар. 27. ЖАЗАЛАР1 КІТАБЫ жасағандағы жазасы
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 1047
Ғұбада ибн Самиттен (Аллаһ оған разы болсын). Ол: «Аллаһтың пайғамбары (с.а.с.) өзіне уахи түсірілген кезде одан қиналатын және жүзі сұрланып кететін »; Ол: «Бір күні оған (уахи) түсірілді де, ол осындай жағдайға тап болды. Айыққан соң ол: «Менен қабылдап алыңдар. Аллаһ олар үшін жол белгіледі. Бұрын үйленген еркек бұрын үйленген әйелмен, бұрын үйленбеген еркек бұрын үйленбеген әйелмен (зина жасаса), бұрын үйленген адамның (жазасы) – жүз дүре, сосын таспен ұрып өлтіру. Ал бұрын үйленбеген адамның (жазасы) – жүз дүре, сосын бір жылға сүргін ету», – деді», – деп айтқан (1690/13). өлтіру
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 1048
Ғұбайдуллаһ ибн Абдуллаһ ибн Ғұтбадан . Ол Абдуллаһ ибн Аббастың (Аллаһ әкесі екеуіне разы болсын): «Омар ибн әл-Хаттаб Аллаһ елшісінің (с.а.с.) мінбері үстінде отырып: «Әлбетте, Аллаһ Мұхаммедті (с.а.с.) ақиқатпен жіберді және оған Кітапты түсірді. Оған түсірілгендердің ішінде таспен ұрып өлтіру аяты болды. Біз оны оқыдық, жаттадық және ақылға салып ұғындық . Аллаһ елшісі (с.а.с.) (бұрын үйленген адамдарға зина жасағаны үшін) таспен ұрып өлтіру жазасын белгіледі. Одан кейін біз де (ондай адамдарға) таспен ұрып өлтіру жазасын қолдандық. Бірақ мен адамдарға уақыт өте келе біреудің: «Біз Аллаһтың Кітабында (бұрын үйленген адамдарды зина жасағаны үшін) таспен ұрып өлтіруді кездестірмейміз» деп, Аллаһ түсірген парызды тәрк ету арқылы адасуларынан қорқамын . Ақиқатында, ер кісілер мен әйелдерден үйленген бола тұрып зина жасағандарды, айғақ не жүктілік немесе мойындау Мұнда Ислам шариғатында белгіленген қылмыстық жазалар туралы айтылған. Бұл жайт Аллаһ тағаланың: «Ақиқатында, саған салмақты сөзді түсіреміз» (Муззәммил, 5), – деп айтқанындай, уахидің ауырлығынан болатын. Фақиһ, табиғин, хадис жеткізуші. Мұнда Құран аяты ретінде оқылуы мансұқ болса да, үкімі күшінде қалған аят туралы айтылған. Сахабалардың бұл аятты Құранға ендірмегені оның мәтінінің мансұқ болғанын білдіреді. Ал олардың Омардың сөзіне қарсылық білдірмегені сахабалардың аталмыш аяттың үкімі сақталғаны жөнінде бірауызды келісімде болғанын айғақтайды. Бұл – Омардың қасиеттерінің бірі немесе оған мұны Пайғамбарымыз (с.а.с.) өзі хабарлаған. Өйткені шындығында да, одан кейін бұл үкімді теріске шығарған хауариждер т.с.с. топтар пайда болған. болған жағдайда таспен ұрып өлтіру Аллаһтың Кітабында міндетті », – деді», – деп айтқанын естіген (1691/15).
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 1049
Жәбир ибн Сәмурадан (Аллаһ оған разы болсын). Ол: «(Бірде) Аллаһ елшісіне (с.а.с.) қысқа бойлы, шашы ұйпа-тұйпа, бұлшық етті, изар киген бір ер адамды әкелді. Ол зина жасаған еді. (Пайғамбар (с.а.с.)) оны екі рет қайтарып жіберді. Содан кейін оған қатысты бұйрық беріп, ол таспен ұрып өлтірілді. Сонда Аллаһ елшісі (с.а.с.): «Біз Аллаһтың жолында жорық жасауға аттанған сайын сендердің біреуің текенің бақылдағанындай бақылдап , олардың біріне азғана нәрсе беріп қалып қояды. Ақиқатында, Аллаһ маған олардың бірінің (зина жасағанын дәлелдеуге) мүмкіндік берсе, міндетті түрде оны басқаларға сабақ етемін (немесе оны басқаларға сабақ етіп жазалаймын)», – деді», – деп айтқан. (Хадисті жеткізуші): «Мен бұл туралы Сағид ибн Жубәйрге айтқанымда, ол: «(Пайғамбар (с.а.с.)) оны төрт рет қайтарып жіберген», – деген. Тағы бір риуаятта «екі немесе үш рет қайтарып жіберген» деп келген (1692/18). қайталауы, таспен ұрып өлтірілетін адам үшін шұңқыр қазу, жүкті әйелдің (жазасын) босанғанына дейін кешіктіру және таспен ұрып өлтірілген адамға жаназа намазын оқу
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 1050
Бурайдадан (Аллаһ оған разы болсын). Мағиз ибн Мәлик әл- Әсләми Аллаһ елшісіне (с.а.с.) келіп: «Уа, Аллаһтың елшісі! Негізінде, мен өз-өзіме әділетсіздік еттім және зина жасадым. Енді мені тазартуыңды Бұл үкім бұрын үйленген еркектер мен әйелдерге қатысты және мұндай жазаны қолдану үшін айғақ ретінде зина жасалғанының тікелей куәгері болған төрт бірдей сенімге ие ер адамның куәлігі талап етіледі. Осындай төрт куә табылса, зина жасаған адам күнәсін мойындаса да, жазаланады. Күйеуі де, қожайыны да жоқ әйелдің жүкті болып қалуы оның зина жасағанының айғағы болып табылады. Имам Мәлик пен оның ізбасарларының пікірінше, мұндай әйел жазаға лайық. Олар бұдан, бір елді мекенге жақында келген және баланы бұрынғы күйеуінен не қожайынынан көтергенін айтқан немесе зина жасауға мәжбүрленгені белгілі әйелдің жағдайын ғана тысқары қарастырған. Олардың пікірінше, әйелдің зина жасауға мәжбүрленгені жайлы сөзі жүктілігі білінгенге дейін ғана қабылданады. Ал Әбу Ханифа, әш- Шафиғи және ғалымдардың көпшілігі «әйелдің жүктілігі айғақ болып табылмайды» деп есептеген, өйткені күмән жазаның күшін жояды. Мұнда текенің шағылысар алдында өзіне тән дыбыс шығарып бақылдайтыны туралы айтылған. Табиғиндер қатарындағы ғалым, хадис жеткізуші. қалаймын» , – деді. (Пайғамбар (с.а.с.)) оны қайтарып жіберді. Ертеңінде ол оған (тағы) келіп: «Уа, Аллаһтың елшісі! Мен зина жасадым», – деді. (Пайғамбар (с.а.с.)) оны екінші рет қайтарып жіберді. Содан кейін Аллаһ елшісі (с.а.с.) оның тайпасына (кісі) жіберіп: «Сендер оның ақылында ауытқу барын білесіңдер ме? Оның бір нәрсесін теріске шығарасыңдар ма?» – деді. Олар: «Біз оның ақылы толық екенін білеміз. Біздің ойымызша, ол арамыздағы түзу кісілерден», – деді. Ол (Пайғамбарға (с.а.с.)) үшінші рет келді. (Пайғамбар (с.а.с.)) оларға тағы да (кісі) жіберіп, ол жайлы сұрады. Олар оған оның өзінде де, ақылында да еш кінәрат жоқ екенін айтты. Содан бұл жай төртінші рет болғанда, оған шұңқыр қазылып, (Пайғамбардың (с.а.с.)) бұйыруымен ол таспен ұрып өлтірілді. Ол: «Кейін ғамид тайпасынан бір әйел келіп: «Уа, Аллаһтың елшісі! Мен зина жасадым, енді мені тазала», – деді. (Пайғамбар (с.а.с.)) оны қайтарып жіберді. Ертеңіне ол: «Уа, Аллаһтың елшісі! Мені неге қайтарасың? Сірә, сен мені Мағизды қайтарғаныңдай қайтарып отырған боларсың. Аллаһпен ант етейін, мен жүктімін», – деді. (Пайғамбар (с.а.с.) оған): «Егер болмаса, босанғаныңа дейін бара бер» , – деді. Содан ол босанған соң, баласын бір бөлек матаға орап (Пайғамбарға (с.а.с.)) алып келіп: «Міне, мен босандым», – деді. (Пайғамбар (с.а.с.)): «Барып, оны емшектен шығарғаныңа дейін еміз», – деді. Сөйтіп, ол баласын емшектен шығарған соң, оны (Пайғамбарға (с.а.с.)) алып келді. Оның баласының қолында бір Яғни бұл кісі күнәсінан арылуды қалаған. Адамның шариғат белгілеген жазаға тартылуы оның істеген күнәсін жуады. Әл-Бұхари, Ғұбада ибн Самиттен (Аллаһ оған разы болсын) жеткізген хадисте Аллаһ елшісі (с.а.с.): «Кімде-кім осы (күнәлардың) бірін істеп, бұл дүниеде ол үшін жазаланса, (осы жазасы) оған кәффарат болады», – деген. Хадистің Муслим жеткізген риуаятында: «Кім сендерден шариғат бойынша жазаға тартылса» делінген. Ендеше, Аллаһқа серік қосудан басқа күнәлар үшін шариғат үкімі бойынша жазаға тартылу істелген күнәның өтемі ретінде жүреді. Осындай мағынадағы риуаят тек Ғұбада ибн Самиттен ғана жетпеген. Әт-Тирмизи Әли ибн Әбу Талибтен риуаят еткен хадисте: «Кімде-кім күнә істеп, осы дүниеде жазаланса, Аллаһ Ақыретте пендесін қайта жазаға тартпай, кеңпейілдік жасауға лайықты» делінген. Хадисті әл- Хаким «сахих» деп санаған. Осы мазмұндағы хадисті Әбу Тәмимә әл-Жуһаймиден әт-Табарани де жеткізген. Сондай-ақ ол Ибн Амрдан жеткізген хадисте: «Күнәсі үшін жазаға тартылса, Аллаһ ол (жазаны) сол істеген күнәсі үшін кәффарат етеді» деп келген. Ал Ахмад Хузайма ибн Сәбиттен риуаят еткен хадистің мәтінінде: «Кімде-кім күнә істеп, сол күнәсі үшін оған жаза кесілсе, бұл ол үшін кәффарат болады» деп көрсетілген. Ибн Тин: «Пайғамбар (с.а.с.) мұнымен ұрлық істеген жағдайдағы қолдың кесілуін және зина жасаған жағдайдағы дүре соғылуын не таспен атып өлтіруді меңзеген», – деп айтқан. Ғұламалардың айтуынша, бұдан шариғат жүзіндегі жазаны орындау жазаға тартылған адам тәубеге келмесе де, оның күнәсіна кәффарат болады деген қорытынды шығады. Яғни «Егер жасырын тәубе етуден бас тартсаң, онда қазір бара бер және баланы босанғаныңнан кейін кел. Содан кейін саған таспен ұрып өлтіру жазасы қолданылады». үзім нан бар еді. Ол: «Міне, уа, Аллаһтың пайғамбары! Оны емшектен шығардым, енді ол тамақ жей алатын болды», – деді. (Пайғамбар (с.а.с.)) баланы мұсылмандардан бір кісіге берді. Содан кейін оған қатысты бұйрық беріп, ол үшін кеудесіне дейін шұңқыр қазылды. Сонан соң (Пайғамбар (с.а.с.)) адамдарға бұйрық беріп, олар оған тас лақтырды. Сонда Халид ибн Уәлид тас алып келіп, оның басына ұрғанда, қан Халидтің бетіне шашырады. (Халид) оны балағаттаған сөз айтып қалды. Аллаһтың пайғамбары (с.а.с.) (Халидтің) оны балағаттаған сөздерін естіп: «Ақырын, ей, Халид! Жаным қолында болған (Аллаһ)пен ант етейін, ақиқатында, ол сондай бір тәубеге келді, егер де заңсыз салық жинаушы осындай тәубеге келсе, оған кешірім жасалар еді» , – деді. Содан кейін (Пайғамбар (с.а.с.)) ол (әйелдің денесін) алдырып, оған жаназа намазын оқыды да, ол жерленді», – деп айтқан (1695/23). жасағаны үшін таспен ұрып өлтіру
Аударма: қазақша · открыть с поиском
← Хадисы 951–1000ОглавлениеХадисы 1051–1100 →