Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша)

Хадисы 1051–1100 (Анттар Кітабы)
← Хадисы 1001–1050ОглавлениеХадисы 1101–1121 →
Глава 15. Анттар Кітабы
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 1051
Абдуллаһ ибн Омардан (Аллаһ әкесі екеуіне разы болсын). (Бірде) зина жасаған яһуди еркек пен яһуди әйел Аллаһ елшісіне (с.а.с.) әкелінді. Аллаһ елшісі (с.а.с.) яһудилерге барып: «Сендер зина жасаған адам жайында Тәуратта не кездестіресіңдер?» – деп (сұрады). Олар: «Біз ол Муслим Имран ибн Хусайннан (Аллаһ оған разы болсын) жеткізген хадисте: «Ол сондай бір тәубеге келді, егер де оның тәубесін Мәдинаның жетпіс тұрғынына бөліп беру мүмкін болғанда, бұл олардың барлығына жетер еді. Сен Аллаһ тағала үшін жанын қиюдан артық тәубені білесің бе?» деп айтылған. Бұл хадис зина жасаған, ұрлық істеген немесе мас қылатын ішімдік ішкен адамның тәубесі жазаның күшін жоймайтынын айғақтайды. Мұсылмандардың басшысына қарсы соғысқан адамның қолға түспей тұрып тәубеге келуі ғана одан жазаның бетін қайтарады. Алайда кейбір ғалымдар «тәубе жазаның күшін жояды» деп есептеген. Тәубеге келген адамның жазаға тартылмайтынына дәлел ретінде әт-Тирмизи (№1454), Әбу Дәуд (№4379) және Ахмад Уәил ибн Хужрден жеткізген хадис келтіріледі. Онда, әйел зорлап, күнәсін мойындаған адамды Пайғамбар (с.а.с.) жазаға тартпай: «Ақиқатында, ол сондай бір тәубеге келді, (тіпті тәубесі) бір қаланың (немесе Мәдинаның) тұрғындарына жетеді», – деп айтқан (қ.: «Иълам әл-муаққиъин», 30/17-20). Ал қарастырылып отырған хадисте зина жасаған еркек пен әйел жазаға өздері сұранған. Кейбір ғалымдар «жазаға лайық күнә істеген (мысалы, зина жасаған) адам лауазымды тұлғаға келіп, мұнысын мойындамауы және өзін жазалауды сұрамауы керек, оған жасырын тәубеге келу жеткілікті» деген пікір білдірген. Алайда адам күнәні әрі қарай істей беруінен өзін жаза ғана тоқтатады деп есептеген жағдай бұдан тысқары. Келесі бір ғалымдар: «Бірақ имамға барып күнәсін мойындап, өзіне шариғаттың жазасын қолдануды өтінгені жақсы. Пайғамбарымыздың (с.а.с.) кезінде адамдардың кейбірі осылай еткен», – дейді. Ал ғұламалардың кейбірі «күнәсін жариялаған адам тәубеге келгенін де жариялағаны дұрыс, ал күнәсін жарияламаса, тәубеге келгенін жариялауының қажеті жоқ» деп есептейді. екеуінің беттеріне қара күйе жағамыз және беттерін екі жаққа қаратып бір нәрсеге мінгіземіз. Сөйтіп, олар (осы күйлерінде қаланы) аралайды», – деді. (Пайғамбар (с.а.с.)): «Егер шындықты айтып тұрған болсаңдар, Тәуратты әкеліңдер», – деді. Олар оны әкеліп, оқи бастады және зина жасаған адамды таспен ұрып өлтіру жайындағы аятқа келгенде, оқып тұрған бозбала қолын осы аятқа қойып, қолының алдындағы және артындағы (аяттарды) оқыды. Сонда Аллаһ елшісімен (с.а.с.) бірге тұрған Абдуллаһ ибн Сәләм1: «Оған айт, қолын көтерсін», – деді. Ол (қолын) көтерген еді, оның астында зина жасаған адамды таспен ұрып өлтіру жайындағы аят тұр екен. Сөйтіп, Аллаһ елшісінің (с.а.с.) бұйыруымен әлгі (еркек пен әйел) таспен ұрып өлтірілді. Абдуллаһ ибн Омар: «Мен ол екеуін таспен ұрғандардың арасында болдым. Сонда әлгі (еркек) денесімен (әйелді) тастан қорғап жатқанын көрдім», – деп айтқан (1699/26).
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 1052
Әбу Һурайрадан (Аллаһ оған разы болсын). Аллаһ елшісінен (с.а.с.) зина жасаған күйеуі жоқ күң жайлы сұрағанда, ол: «Егер ол зина жасаса, оған дүре соғыңдар. Содан кейін зина жасаса, (тағы) дүре соғыңдар. Одан кейін де зина жасаса, (тағы да) дүре соғыңдар. Содан соң оны қыл арқанға болса да сатып жіберіңдер», – деген . Бұрын яһудилердің ғалымы болған сахаба. Бұл хадистен мынадай қорытындылар шығаруға болады: – Мұсылман емес адам да зина жасағаны үшін жазаға тартылады. – Мұсылман еместердің некесі жарамды саналады. Әйтпесе зина жасағаны үшін бұрын некеде болған адамдар ғана таспен ұрып өлтірілетіндіктен, хадисте айтылған яһуди еркек пен яһуди әйелге мұндай жаза қолданылмаған болар еді. – Мұсылмандардың қарамағындағы өзге дін өкілдері де шариғат үкімі бойынша жауапқа тартылады. Кейбір ғалымдар «олар бұйрықтар үшін емес, тыйымдар үшін ғана жазаға тартылады» деп есептейді. Ән-Нәуәуидің айтуынша, өзге дін өкілдері мұсылмандардың қазысына үкім шығаруы үшін жүгінсе, ол Ислам шариғаты бойынша үкім шығаруы керек. Пайғамбарымыздың (с.а.с.) яһудилерден Тәуратта бұл жайында не айтылғанын сұрағаны сол бойынша үкім шығару үшін емес, оларға өздері сенетін кітапта да осындай үкім берілгенін дәлелдеу үшін еді. Сірә, Пайғамбарымыз (с.а.с.) зина жасаған адамды таспен ұрып өлтіру Тәуратта бар екені және ол үкім кейбір үкімдер сияқты яһудилер тарапынан өзгертілмей, кітаптың мәтінінде сақталғаны жайлы уахи алған болса керек. Немесе оған мұны Ислам дінін қабылдаған яһуди ғалымы хабарлаған. Басқа бір риуаятта күңді жазалағаннан кейін оны балағаттамау бұйырылған. Осы және келесі хадистер құлды немесе күңді зина жасағаны үшін міндетті түрде жазалау керектігін және бұл жазаны оның қожайыны орындататынын көрсетеді. «Ниса» сүресіндегі 30-аятқа орай, күңге күйеуі болсын-болмасын зина жасағаны үшін басы азат әйелге берілетін жазаның (яғни дүренің) жартысы беріледі. Ғұламалар күңге таспен ұрып өлтіру жазасы қолданылмайтыны жөнінде бірауызды Ибн Шиһаб1: «Үшінші реттен кейін (сатып жіберу керек пе), әлде төртінші реттен кейін бе – білмеймін», – деп айтқан (1703/32).
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 1053
Әбу Абдур-Рахманнан . Ол: «(Бірде) Әли (ибн Әбу Талиб (Аллаһ оған разы болсын)) құтпа жасап: «Ей, адамдар, құлдарыңның некеде болғандарына да, болмағандарына да жазаны орындаңдар. Өйткені Аллаһ елшісінің (с.а.с.) күңі зина жасағанда, ол маған оған дүре соғуды бұйырды. Ол жақын арада босанған екен. Егер оған дүре соқсам, өлтіріп қоюымнан қауіптеніп, мұны Пайғамбарға (с.а.с.) айттым. Ол: «Жақсы жасағансың», – деді», – деп айтқан. Басқа бір риуаятта: «Оны тәуір болғанына дейін жайына қалдыр» деген қосымша келген (1705/34). келісімге келген. Төрт имам және ғалымдардың көпшілігі «күйеуі жоқ күңге басы азат әйелге берілетін жазаның жартысы беріледі» деп есептеген. Сондай-ақ ғалымдар сатушының өзі біле тұра, жап-жақсы затты аса төмен бағаға сатуына рұқсат етілетіні жөнінде де бір­ауызды келісімге келген. Олардың көпшілігі «ол білмеген болса да мұндай саудаға рұқсат етіледі» деп есептеген. Ән-Нәуәуи, мұндай күңді сатар кезде оның кемшілігі жайында ескерту керектігін айтқан. Мұнда «мұсылман адам өзі жек көретінді бауырына қалай сатпақ?» деген мәселе туындауы мүмкін. Бұл: «бәлкім, күң жаңа қожайынынан қорыққандықтан не оған күйеуге шығып немесе оның тәрбиелеуімен арсыз қылығынан тыйылатын болар» деп түсіндіріледі. Ибн Шиһаб – Мұхаммед ибн Муслим әз-Зуһри, табиғин, ғұлама, хадис ілімінің білгірі. Әбу Абдур-Рахман – Абдуллаһ ибн Хубайб ибн Рабиға, табиғин, хадис жеткізуші. ҰРЛЫҚТЫҢ ЖАЗАСЫ
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 1054
Айшадан (Аллаһ оған разы болсын). Аллаһ елшісі (с.а.с.): «Ұрының қолы (құны) динардың төрттен біріне тең және одан құнды нәрсе үшін кесіледі», – деп айтқан (1684/2).
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 1055
Ибн Омардан (Аллаһ әкесі екеуіне разы болсын). Аллаһ елшісі (с.а.с.) бір ұрының қолын құны үш дирһамдық қалқан үшін кескен (1686/6).
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 1056
Әбу Һурайрадан (Аллаһ оған разы болсын). Ол: «Аллаһ елшісі (с.а.с.): «Жұмыртқа ұрлап, қолы кесілетін және арқан ұрлап, қолы кесілетін ұрыны Аллаһ лағынеттеді», – деді», – деп айтқан (1687/7). Қазы Ғиядтың айтуынша, біреудің мүлкін алып қоюға, тонауға және тартып алуға мұндай жаза бекітілмеген. Олар ұрлықтан бөлек сипатта қарастырылады. Өйткені мұндай жағдайларда биліктегі адамның араласуымен тартып алынған мүлік иесіне қайтарылуы мүмкін. Оның үстіне, біреудің мүлкін тартып алған жағдайды дәлелдеу ұрлыққа қарағанда оңайырақ. Ал ұрлықты дәлелдеу қиынға соғатындықтан, оған осындай қатаң жаза белгіленген. Ғұламалар бұл жайында біржақты келісімге келген. Жәбир ибн Абдуллаһтан (Аллаһ әкесі екеуіне разы болсын) риуаят етілген хадисте Аллаһ елшісі (с.а.с.): «Аманатқа қиянат жасағанның, біреуді тонағанның және біреудің мүлкін алып қойғанның қолы кесілмейді», – деп айтқан (Ахмад, Әбу Дәуд, әт-Тирмизи, ән-Нәсәи, Ибн Мәжәһ). Әт-Тирмизи мен Ибн Хиббан мұны «сахих» хадис санатына жатқызған. Аллаһ елшісі (с.а.с.) Рафиғ ибн Хадижден (Аллаһ оған разы болсын) риуаят етілген хадисте: «Ағаш басындағы жеміс үшін де, құрма ағашының ақ өзегі үшін де қол кесілмейді», – деген (Ахмад, Әбу Дәуд, әт-Тирмизи, ән-Нәсәи, Ибн Мәжәһ). Әт-Тирмизи, Ибн Хиббан және басқалар да мұны «сахих» хадис деп бағалаған. Ал Абдуллаһ ибн Амр ибн әл-Астан (Аллаһ әкесі екеуіне разы болсын) риуаят етілген хадисте бірде Аллаһ елшісінен (с.а.с.) ағаш басындағы жемістер жайлы сұрағанда, ол: «Мұқтаж адам үшін етегіне тығып алып кетпей, сол жерде жеуіне болады. Кімде-кім ол жемістерден алып кетсе, оған сондай көлемде екі есе айып төлетіледі және ол жазаға тартылады (яғни дүре соғылады). Ал оны сөреге жайғастырғаннан кейін кім одан ұрласа (және ұрлағаны) қалқанның құнына жетсе, оның қолы кесіледі», – деп айтқан (Әбу Дәуд (№1710, 4390), ән-Нәсәи). Мұны әл-Хаким «сахих», ал басқалар «хасан» хадис санатына жатқызған. Пайғамбарымыздың (с.а.с.) кезінде үш дирһам динардың төрттен біріне тең болған (қ.: «Тухфат әл-ахуази»). Мұнда ұрының қолы кесілетін заттың құны емес, қолынан айырылуға татымайтын құнсыз затты ұрлайтын адамды айыптау көзделген. Динардың төрттен бірі де арзанқолдығында жұмыртқа не арқанға ұқсас. Кейбіреулер «Пайғамбарымыз (с.а.с.)
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 1057
Пайғамбардың (с.а.с.) жұбайы Айшадан (Аллаһ оған разы болсын). Құрайыштарды Пайғамбардың (с.а.с.) кезінде Меккені бағындыру жорығында ұрлық жасаған бір әйелдің мәселесі уайымға салды. Олар: «Бұл (әйелдің қолын кеспеу) туралы Аллаһ елшісімен (с.а.с.) кім сөйлеседі?» – десті. Сонда олар: «Бұған Аллаһ елшісінің (с.а.с.) сүйіктісі Усама ибн Зәйдтен басқа кімнің батылы жетеді?» – деді. Сөйтіп, оны Аллаһ елшісіне (с.а.с.) әкеліп, Усама ибн Зәйд онымен (әлгі әйел) жайында сөйлесті. Сонда Аллаһ елшісінің (с.а.с.) реңі өзгеріп: «Сен Аллаһ белгілеген жазалардың біріне қатысты араша түсіп тұрсың ба?» – деді. Усама: «Мен үшін кешірім тіле, уа, Аллаһтың елшісі!» – деді. Кеш түсе Аллаһ елшісі (с.а.с.) орнынан тұрып, құтпа жасады. Ол Аллаһты тиісінше дәріптеді де, содан кейін: «Енді... Негізінде, сендерден бұрынғыларды құртқан – олардың араларында беделді (адам) ұрлық жасаса, оған тиіспей, әлсіз (адам) ұрлық істесе, оған жазаны орындағаны. Жаным қолында болған (Аллаһ)пен ант етейін, Мұхаммедтің қызы Фатима ұрлық жасаса да, мен оның қолын кесер едім», – деді. Содан кейін әлгі ұрлық жасаған әйелге қатысты бұйрық беріп, оның қолы кесілді. Айша: «Кейін ол (әйел) шын ықыласымен тәубеге келді және күйеуге шықты. Осыдан кейін ол маған келіп тұратын, мен оның өтінішін Аллаһ елшісіне (с.а.с.) жеткізетінмін», – деп айтқан (1688/9). мұны ұрыларды жазалау туралы аят түскенмен, ұрының қолы кесілетін заттың құны анықталмай тұрып айтса керек» деген пікір білдірген. Дәуд әз-Заһириден басқа ғалымдар ұрының қолы кесілуі үшін ұрланған зат күзетілетін мүлік болуы шарт» деп есептеген. Күзетілетін мүлікке не жататыны қоғамдағы қалыптасқан ғұрып бойынша анықталады. Ұрының қолды болған затты ұрлағанына күмән болмауы керек, күмән болған жағдайда оның қолы кесілмейді. Сондай-ақ мүлкі ұрланған адам оны даулауы шарт. Ғұламалар адам бірінші рет ұрлық жасағанда, оң қолы кесілетіні жөнінде ортақ шешімге келген. Әш-Шафиғи, Мәлик, Мәдина ғалымдары, әз-Зуһри, Ахмад, Әбу Сәур және басқалардың айтуынша, егер ол екінші рет ұрлық жасаса, сол аяғы, үшінші рет ұрлық жасаса, сол қолы, төртінші рет ұрлық жасаса, сол аяғы кесіледі. Одан кейін де ұрлық жасаса, әр ұрлық жасаған сайын дүре соғылады. Әбу Ханифа, әш-Шафиғи, Мәлик және ғұламалардың көпшілігі «ұрының қолы білезігінен, ал аяғы қызыл асығынан кесіледі» деп есептеген. Ал Әли (Аллаһ оған разы болсын), оның аяғы табанының жартысынан кесілетінін айтқан. Ахмад пен Әбу Сәур де осы пікірді ұстанған. Ол әйелге кімнің араша түсетіні жайлы. Пайғамбарымыз (с.а.с.) өз қызын айтқан. Бұл хадисте іс қазының қарауына өткеннен кейін күнәліге араша түсуге тыйым салынатыны көрсетілген. Хадистердің бірінде Аллаһ елшісі (с.а.с.) Сафуан ибн Умәййәның (Аллаһ оған разы болсын) жамылғысын ұрлаған ұрының қолын кесуді бұйырғаны риуаят етілген. Сонда Сафуан: «Уа, Аллаһтың елшісі! Негізінде мен бұлай болуын қаламаған едім, мейлі ол (жамылғы) оған садақа болсын», – деп ұрыға ара түскенде, Пайғамбар (с.а.с.): «Оны маған әкелгенге дейін неге олай етпедің?» – МАСАЙТАТЫН ІШІМДІК ІШУДІҢ ЖАЗАСЫ
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 1058
Худайн ибн Мунзир Әбу Сасаннан . Ол: «Мен Осман ибн Аффанды көрдім. (Бірде) оның алдына Уәлид әкелінді. (Уәлид) таң намазын екі ракағат етіп оқығаннан кейін (адамдарға): «Мен сендерге қосамын», – деп айтқан-ды . Оған қарсы екі кісі куәлік берді. Олардың бірі Хумран оның шарап ішкеніне, ал екіншісі оның құсып жатқанын көргеніне куәлік берді. Осман: «Ол оны ішпесе, құспас еді», – деді де: «Ей, Әли! Тұр, оған дүре соқ», – деді . Әли: «Тұр, ей, Хасан! Оған дүре соқ», – деді. Хасан: «Биліктің ащысын оның тұщысынан татып отырғандар татсын» , – деп, оған ашуланғандай болды. (Әли): «Ей, Абдуллаһ ибн Жағфар! Тұр, оған дүре соқ», – деді. Сөйтіп, ол оған дүре соқты, ал Әли санап тұрды. Ол қырыққа жеткенде, (Әли): «Тоқтат!» – деді. Содан кейін ол: «Пайғамбар (с.а.с.) қырық дүре соқтырды және Әбу Бәкір де қырық дүре соқтырды, ал Омар деген (Ахмад, Әбу Дәуд, әт-Тирмизи, ән-Нәсәи, Ибн Мәжәһ). Ибн Жаруд пен әл-Хаким мұны «сахих» хадис санатына жатқызған. Имам Мәлик «Муатта» кітабында келтірген хабарда бірде Зубәйр ибн Аууамның (Аллаһ оған разы болсын) ұрыны ұстап, оны сұлтанға апарғысы келген бір кісіні кезіктіргені туралы айтылған. Зубәйр ұрыға араша түседі, бірақ ана адам: «Жоқ, оны сұлтанға апармай қоймаймын», – дейді. Сонда Зубәйр: «Сен оны сұлтанға апарғаннан кейін Аллаһ арашашыны да және араша түсуге мүмкіндік бергенді де лағынеттейді!» – деген. Себебі егер биліктегі адамның алдында күнәлі үшін араша түсу мүмкін болып, оған араласқан адамның мақсаты орындалар болса, мұның соңы жаппай бассыздыққа, бетімен кетушілікке апарады, қоғамды бұзақылық дендеп, адамдардың құқығы сақталмайды, қоғамды әділетсіздік жайлап, бұзақылар үстемдік алады және олар билік басындағы лауазымды тұлғаларды өздеріне қаратуға әрекет жасайды, биліктегілерден қорқуды ұмытады. Керісінше, шындық соның жағында болған адамдардың үміті ақталмай, қоғам күйзеліске ұшырап, бүлікшілік етек алады. Сондықтан биліктегілер Пайғамбарымыздың (с.а.с.) дана өнегесінен айырылмай, мұндай істерде батылдық көрсетулері керек. Худайн ибн Мунзир Әбу Сасан – табиғин, хадис жеткізуші. Ахмад жеткізген риуаятта Уәлид ибн Ғұқбаның таң намазында адамдарға имам болып, оны төрт ракағат етіп оқығаны, содан кейін оның адамдарға бұрылып: «Мен сендерге қосамын», – дегені айтылған. Мұнда халифа дүре ұратын адамды таңдап, оған бұйыруды Әли ибн Әбу Талибке тапсырған. Бұл «масайтатын ішімдік құсқан адамды жазалау керек» деп есептеген Мәлик және басқалардың пікірлеріне дәлел болып табылады. Осы пікірді ұстанғандардың қатарында имам ән-Нәуәуи де болған. Олардың айтуынша, қарастырылып отырған хадисте сахабалар Уәлид ибн Ғұқбаны жазалау керектігі жайында біржақты шешімде болған. Бұл – араб халқының мәтелі. Яғни Хасан жазаны Осман мен оның лауазым иелерінің өздерінің орындауын талап еткен. сексен (дүре соқтырды). Бұлардың барлығы да сүннет, алайда маған осы ұнамдырақ», – деді», – деп айтқан (1707/38).
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 1059
Әли ибн Әбу Талибтен (Аллаһ оған разы болсын). Ол: «Өзім орындаған жазадан өлген (адамдардың ішінде) шарап ішкен (адамнан) басқа ешкімге жаным ашыған емес. (Ал шарап ішкен адам жазадан) өліп қалса, (туыстарына) құн төлейтін едім. Өйткені Аллаһ елшісі (с.а.с.) (шарап ішкен адамға қатысты мұндай жазаны) бекітпеген», – деп айтқан (1707/39).
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 1060
Әбу Бурда әл-Ансариден (Аллаһ оған разы болсын). Ол Аллаһ елшісінің (с.а.с.): «Аллаһ белгілеген жазалардың бірінде болмаса, ешкімге он қамшыдан артық дүре соғылмайды», – деп айтқанын естіген (1708/40). Бұл Пайғамбарымыздың (с.а.с.): «Сендер менің сүннетімді және тура жолдағы халифалардың сүннетін ұстанып, оған түпкі азуларыңмен жабысып айырылмаңдар» деген сөзіне сәйкес келеді. Мас қылатын ішімдік ішкен адам қанша ішкеніне және мас болған-болмағанына қарамастан жазаланады. Әш- Шафиғи, Әбу Сәур, Дәуд және заһирилер «оның жазасы – қамшымен қырық дүре ұру» деп есептеген. Әш-Шафиғидің пікірінше, билік басындағы адамда жазаны сексен дүреге жеткізуге таңдау еркі бар. Ал ғалымдардың көпшілігі «оның жазасы – сексен дүре» деп санаған. Абдур-Раззақ Сәибтен жеткізген хадисте Омар адамдардың мас қылатын ішімдік ішуден тыйылмай жатқанын көрген соң, жазаны сексен дүреге дейін көтергені айтылған. Абдур-Рахман ибн Ауф та онымен сексен дүре Құранда көрсетілген жазалардың ішіндегі ең азы екеніне келіскен. Ибн Хажар бұл хадистің иснады «сахих» екенін айтқан. Осыған ұқсас хадисті әл-Бұхари мен Муслим Әнәстен келтірген. Әт-Тахауи, мәлики мазһабының кейбір өкілдері және шафиғи мазһабындағылар «сексен дүре жазасы біреуге жала жабу жазасына қияс ретінде алынған» деп есептейді. Хадистің риуаяттарының бірінде Әли бұл жайлы анық айтқан. Мас қылатын ішімдік ішкені үшін құлдарға, зина жасаған, біреуге жала жапқан жағдайдағыдай басы азат адамдарға берілетін жазаның жартысы беріледі. Ғұламалардың ортақ шешімі бойынша, егер адам масайтатын ішімдік ішкені үшін жазаға тартылып, одан өліп қалса, ол үшін құн төленбейді. Олардың көпшілігі тәртіпке шақыру (таъзир) жазасынан өлген адам үшін де құн төленбейтіндігін айтқан. Ал шафиғи мазһабының өкілдері мұндай жағдайда құн төленеді деп санаған (ән-Нәуәуи). Ибн Хажар Әлидің: «Өйткені Аллаһ елшісі (с.а.с.) мұны бекітпеген» деген сөзін, ол Пайғамбар (с.а.с.) қырық дүреден артық жаза белгілемегенін меңзеген деп түсіндіреді. Бұған Әлидің келесі бір риуаяттағы «Негізінде, бұл – біз жасаған іс» деген сөзі дәлел. Әл-Бәйһақи мен Ибн Хазм да осыны нұсқаған. Бәлкім, мұнда «Пайғамбар (с.а.с.) сексен дүрелік жазаны бекітпеген» деген мағына меңзелген болуы да мүмкін. Имам Ахмад хабарлардың бірінде осы хадис көрсететін пікірді ұстанған. Ғалымдардың көпшілігі «бұл хадистің күші жойылып, мансұқ етілген» деп есептеген. Алайда әс-Синди оның мансұқ етілгені жайында дәлел жоқтығын айтқан. Тәртіпке шақыру үшін он дүреден артық жаза қолданған сахабаларға келсек, оларға бұл хадис жетпеген болуы мүмкін немесе кіші қателіктер үшін он дүреден артық кәффарат болады
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 1061
Ғұбада ибн Самиттен (Аллаһ оған разы болсын). Ол: «Аллаһ елшісі (с.а.с.) бізден әйелдерден (ант) алғандай: «Аллаһқа еш нәрсені серік етіп қоспауымызға, ұрлық істемеуімізге, зина жасамауымызға, балаларымызды өлтірмеуімізге және бір-бірімізге жала жаппауымызға» (ант) алып2: «Сендерден кімде-кім сөзінде тұрса , оның сыйы Аллаһқа тән , ал сендерден кім жазаға тартылып, оған жаза орындалса, бұл оған кәффарат болады . Ал кімнің (күнәсін) Аллаһ жасырса, оның ісі жаза қолданылмаған. Ал шариғатта аят, хадис арқылы жаза қарастырылмаған үлкен қателіктер үшін қазы ижтиһад жасап, өз бетінше шешім қабылдау арқылы жаза белгілейді (әс-Синдидің «Сунән Ибн Мәжәһ» жинағына жазған түсіндірмесін қараңыз). Пайғамбарымыздың (с.а.с.) балаларды өлтірмеуге тоқталуы бұл істің қанішерлік әрі нәсілді жою екендігінде. Аллаһ елшісінің (с.а.с.) мұндай тағылыққа тыйым салуы сол кездегі жабайы ғұрыпқа қатысты болған. Өйткені сол кездерде арабтар арасында қыз нәрестелерді тірідей көму және жоқшылықтан қорқып балаларды өлтіру әдеті кездесетін. Бәлкім, Пайғамбар (с.а.с.) жас балалар өздерін қорғауға қауқарсыз болғандықтан, оларды өлтірмеуге арнайы тоқталған. Біраз адам қарастырылып отырған хадистегі «Пайғамбарымыздың (с.а.с.) сахабалардан серт қабылдауы Ақаба түнінде болған» деп есептейді. Бірақ бұл – қате пікір. Өйткені Ақаба кезінде шариғат бойынша күнәлар үшін жаза белгіленген жоқ- ты. Яғни біз талқылап отырған хадистегі оқиға кейінірек болған. Яғни сертін орындап, одан айнымаса. Осы хадистің басқа бір риуаятында: «кімде-кім сөзінде тұрса, оның сыйы – жаннат» делінген. Ал қарастырылып отырған риуаятта Пайғамбар (с.а.с.): «Аллаһқа тән» деп олар серттерінен айнымаған жағдайда мұның міндетті түрде орындалатынын меңзеген. Яғни осы дүниеде алған жазасы арқылы істеген күнәсі кешіріледі. Мұнда хадистің сыртқы мағынасы жоғарыда айтылғанды түгелдей қамтып тұрғандай көрінгенімен, имам ән-Нәуәуи, Аллаһ тағаланың: «Негізінде, Аллаһ Өзіне серік қосылуын кешірмейді» (Ниса, 48) деген сөзі бұған кірмейтінін айтқан. Яғни діннен қайтқан адам сол үшін өлтірілсе, бұл жаза оның күнәсін жумайды. Пайғамбар (с.а.с.) бұл жерде Аллаһқа серік қосудан өзге күнәларды меңзеген. Мұны: «кім жазаға (хадд) тартылып, оған жаза орындалса» деген осы риуаят қуаттай түседі. Өйткені адамды Аллаһқа серік қосқаны үшін өлтіру шариғатта «хадд» деп аталмайды. Әйтсе де бұл тұрғыда ән-Нәуәуидің айтқандары дұрыс. Хадистен шығар қорытынды: Аллаһқа серік қосудан басқа күнәлар үшін шариғат үкімі бойынша жазаға тартылу істелген күнәнің өтемі ретінде жүреді. Ибн Тин: «Пайғамбар (с.а.с.) мұнымен ұрлық істеген жағдайдағы қолдың кесілуін және зина жасаған жағдайдағы дүре соғылуын не таспен атып өлтіруді меңзеген. Ал баланы өлтіруге қатысты шариғатта белгілі бір жаза жоқ. Бірақ Пайғамбар (с.а.с.) оған балама ретінде кісі өлтіруді нұсқаған болуы мүмкін», – деген. Бұл хадистің тағы бір риуаятында: «Аллаһ (өлтіруге) тыйым салған жанды жазықсыз өлтірмеуге» делінген. Бұған қатысты: «Кісі өлтіргенді өлім жазасына кесу басқаларды ауыздықтау үшін ғана. Ал Ақыретте өлтірілген адамның талабы орындалады. Аллаһтың еркінде: қаласа – оны жазалайды, қаласа – кешіреді»(, – деді)», – деп айтқан (1709/43). Өйткені ол өз ақысын алған жоқ» деген де пікірлер айтылған. Бірақ оның қандай ақысы болуы мүмкін?! Өйткені біреудің қолынан мерт болғаны себепті өлтірілген адамның күнәлары кешіріледі. Бұл тұрғыда Ибн Хиббан және басқалар: «Расында, қылыш күнәларды өшіреді» деген хабарды жеткізген. Ибн Хиббан бұл хабарды «сахих» деп санаған. Әт-Табарани Ибн Масғұдтан риуаят еткен хабарда: «(Адам) біреудің қолынан қаза тапса, оның барлық күнәсі өшіріледі» деп айтылған. Әт- Табарани Хасан ибн Әлиден, Баззар Айшадан жеткізген тағы бір хабарда Пайғамбарымыздың (с.а.с.): «Біреудің қолынан қаза табу күнәларды өшірмей кетпейді», – дегені риуаят етіледі. Ендеше, біреудің қолынан қаза табу мерт болған адамның күнәларын жуып-шаятын болса, оның бұдан үлкен қандай ақысы қалуы мүмкін?! Егер шариғатта кісі өлтіргеннің жазасы басқаларды ауыздықтау үшін ғана белгіленген болса, онда жаза орындалған жағдайда өлтірген адамның күнәсі кешірілетіні бекітілмес еді. Сонымен қатар қиналу, ауыру т.с.с. бұл дүниеде қиыншылықтары хадисте айтылған жаза түрлеріне кіре ме? Пайғамбардың (с.а.с.): «Ал кімнің (күнәсін) Аллаһ жасырса» деген сөзі мұны теріске шығарады. Өйткені мұндай қиыншылықтар «Аллаһ оны жасырса» деген сөздің астарында қарастырылады. Алайда көптеген хадис адамның басына түскен қиындықтар мен қайғы-қасіреттер күнәларды жуатынын баяндайды. Бірақ ол хадистерде мұндай жайттар шариғат бойынша жаза белгіленбеген кіші күнәларды өшіретіні туралы айтылуы мүмкін. Анығы Аллаһқа мәлім. Ғұламалар бұл хадистен «шариғат жүзіндегі жазаны орындау жазаға тартылған адам тәубеге келмесе де, оның күнәсіна кәффарат болады» деген қорытынды шығарады (қ.: «Фатх әл-Бәри»). Әл-Мазани: «Мұнда күнәлар себепті жұртты кәпірге айналдыратын хауариждерге және «күнә істеуші адам тәубеге келмей өлсе, міндетті түрде азапқа ұшырайды» деп есептейтін муғтазилаларға қарсы жауап бар. Өйткені Пайғамбар (с.а.с.) кез келген істің Аллаһ тағаланың қалауында екенін хабарлаған. Яғни Ол қаласа – кешіреді, қаласа – жазалайды. Ол міндетті түрде азаптайды деп айтпаған», – дейді. «Қаласа – кешіреді, қаласа – жазалайды» деген тіркестер күнәсі үшін тәубеге келгендерді де, тәубеге келмегендерді де қамтиды. Бұл – ғұламалардың бір тобының ойы. Сондай- ақ олардың көпшілігі «кімде-кім тәубеге келсе, Ақыретте күнәсі үшін жазаланбайды» деген пікірді ұстанған. Дегенмен ешкім өзін Аллаһтың азаптауынан қауіпсіз сезінбеу керек. Өйткені ол тәубесінің қабыл болған я болмағанын білмейді. Сонымен қатар тәубеге келуге қатысты шариғат жүзінде жаза тиісті болатын және жазаға тартылмайтын күнәлар арасында айырмашылық бар деген де пікірлер айтылған.
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Глава 16. Қазылық Және Куәліктер Кітабы
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 1062
Пайғамбардың (с.а.с.) әйелі Умму Сәләмәдан (Аллаһ оған разы болсын). Аллаһ елшісі (с.а.с.) бөлмесінің есігі алдынан дауласушылардың шуын естігенде, оларға шығып: «Ақиқатында, мен бар болғаны адаммын, менің алдыма келген дауласушылардың біреуі екіншісіне қарағанда сөзге шешендеу болып, мен оны рас айтты деп есептеп, (істі) соның пайдасына шешуім мүмкін. (Алайда) мен (қателесіп) бір мұсылманның ақысын (сөзге шешеннің) пайдасына шешсем, шын мәнінде, бұл – оған тозақ отының бір бөлігі , ендеше оны алсын немесе одан бас тартсын», – деген (1713/5). Бұл сөйлемнен тек мұсылмандардың мүлкіне ғана қол сұғуға тыйым салынады деген тұжырым тумайды. Мұсылмандардың қарамағындағы немесе олармен келісім астындағы өзге дін өкілдерінің, тіпті діннен қайтқан адамның да мүлкіне қол сұғуға мұсылмандардың мүлкіне қол сұғуға тыйым салынатындай тыйым салынады. Мұндағы «мұсылман» сөзі көпшілікке орай айтылған. Бұл хадисте Пайғамбарымыз (с.а.с.) өзіне Аллаһ тағала ғайыпты хабарлауы мүмкін болса да, үкімді сыртқы дәйектер (куәлік, ант, дәлел т.с.с.) негізінде шығарғаны көрсетілген. Алайда мұсылмандар үмбеті Пайғамбарға (с.а.с.) ілесіп, қазылық үкімдерді іс жүзіндегі дәйектер негізінде шығаруы үшін Аллаһ тағала бұлай етпеген. Хадистің мағынасы, егер қазы сыртқы дәйектер негізінде, мәселен, екі куәгердің айтқандарына сүйеніп үкім шығарса, оның үкімі қателік ретінде қарастырылмайды, керісінше, ол заңды күшке ие болып табылады. Әл-Бұхари жеткізген хадисте (№2641) Омар (Аллаһ оған разы болсын): «...бүгінде құдайдан келетін уахи тоқтады, енді біз өзіміз көрген іс-әрекеттеріңе сүйеніп үкім шығарамыз», – деп айтқан. Ал егер куәгерлер өтірікші болса, бұл – олардың және олармен сыбайласа әрекет еткендердің кінәсі. Олардың негізінде үкім шығарған қазыға кінә тағылмайды. Бірақ қазы өз ижтиһадына сүйеніп, шариғатқа сай келмейтін үкім шығармауы керек. Ғұламалардың көпшілігі «қазының үкімі тыйым салынғанға рұқсат етпейді» деп есептеген. Мәселен, егер қазы жалған куәгерлердің негізінде біреудің мүлкін өзге біреуге беруге үкім шығарса, мұндай мүлік қазы үкімді пайдасына шешкен адамға рұқсат етілген болмайды. Сондай-ақ биліктегі адам қазының үкімі жалған көрсетпелердің негізінде шығарылғанын білген жағдайда, оған жауапқа тартылған адамды жазалауға рұқсат етілмейді. Сол сияқты жалған куәгерлердің негізінде ажырасқан әйелге де мұны біле тұрып үйленуге болмайды. Яғни Пайғамбарымыз (с.а.с.) мұндай жағдайда мұсылмандардың өз ар-ожданына жүгінуін және хақ не нақақтығы басқалардан гөрі өздеріне жақсы мәлім екенін ескере отырып шешім қабылдап, не тозақ отының бір бөлігін таңдауды, не одан құтылуды ұсынған. Алайда бұл таңдау еркін емес, сақтандыруды білдіреді. Аллаһ тағаланың: «Қалаған – иман келтірсін, ал қалаған – кәпір болсын» (Кәһф, 29); «Қалаған істеріңді істеңдер» (Фуссилат, 40) деген сөздері де осындай мағынаны меңзеген.
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 1063
Айшадан (Аллаһ оған разы болсын). Ол: «Аллаһ елшісі (с.а.с.): «Ақиқатында, адамдардың Аллаһқа ең жеккөрініштісі – қатты дауласушы адам», – деді», – деп айтқан (2668). шығару
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 1064
Ибн Аббастан (Аллаһ әкесі екеуіне разы болсын). Пайғамбар (с.а.с.): «Егер де адамдарға олардың талап етуі негізінде (ғана) берілетін болса, онда бір кісілер (басқа) адамдардың қандары мен дүние-мүліктерін даулар еді. Алайда айыпталушы (өзінің кінәсіз екенін дәлелдеу үшін) ант беруі тиіс», – деп айтқан (1711/3).
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 1065
Ибн Аббастан (Аллаһ әкесі екеуіне разы болсын). Аллаһ елшісі (с.а.с.) анттың және бір куәның негізінде үкім шығарған (1712/3). Даудың барлық түрі емес, ақиқатқа қарсы бағытталған, жалғанның сойылын соғатыны немесе жалғанды нақтылауға бағытталғаны айыпталады. Әл-Бәйһақидің риуаятында Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Даулаушы дәлел келтіруі, ал (айыпты) теріске шығарушы ант беруі керек», – деп айтқан. Яғни біреу басқа біреудегі қандай да бір мүлікті не қарызды немесе құқықты талап еткенде, ол мұны теріске шығарса, онда теріске шығарушының сөзі негізге алынады. Мұндайда арызданушы адам өз құқын айғақтайтын дәлел келтірсе, шешім оның пайдасына шешіледі, ал егер дәлел келтіре алмаған жағдайда, қарсы тараптың ант беруі ғана қалады. Сондай-ақ бір кісі өз мойнындағы біреудің ақысынан құтылғанын жариялағанда, құқық иесі мұны теріске шығарып, оның мойнында әлі де ақысы қалғанын айтса, біреудің ақысынан құтылғанын жариялап отырған адам мұны дәлелдей алмаса, үкім оның мойнында әлі де болса қарсы тараптың ақысы бар екеніне бағытталады, өйткені негіз – осы. Алайда құқық иесі онда әлі де болса ақысы қалғанына ант беруі тиіс. Сол сияқты келісімдерге, шарттарға, мезгілдер мен құжаттарға қатысты талаптардың бәрі де осы тұрғыда қарастырылады. Бұл хадисті қазылар барлық қазылық мәселелерінде пайдаланады, өйткені ақиқатты дәлел анықтайды. Ал дәлелдер құқықтарға байланысты айырмашылыққа ие. Яғни әрбір жағдайда өзіне тән дәлел негізі қолданылады. Мәселен, зина жасалғанын дәлелдеу үшін төрт, ал басқа жағдайларда екі куә қажет. Бұларды ғұламалар егжей-тегжейлі түсіндіріп кеткен, Аллаһ оларға рақым етсін! Бұл хадисте Пайғамбарымыз (с.а.с.) қазылық үкімді әрі әмбебап Ислам шариғатының даналығын түсіндірген. Бұл – пенделердің діндегі және дүние тіршілігіндегі игілігінің көзі. Өйткені адамдардың дәлелсіз, жалаң арыз-шағымдары қанағаттандырылар болса, онда міндетті түрде әділетсіздік пен бұзықтық көбейіп, ұждансыз біреулер басқалардың өмірі мен дүние-мүлікіне қол сұғар еді. Яғни шағым жасаған адамның анты мен оның пайдасына берілген куәліктің негізінде.
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 1066
Абдур-Рахман ибн Әбу Бәкрадан . Ол: «Әкемнің жаздыруымен мен оның атынан Ғұбайдуллаһ ибн Әбу Бәкраға хат жаздым. Ол Сижистанда қазы болатын. (Әкем хатта): «Екеудің арасына ашулы күйіңде үкім шығарма. Өйткені мен Аллаһ елшісінің (с.а.с.): «Ешкім екеудің арасына ашулы күйінде үкім шығармасын», – деп айтқанын естідім» (деп жаздырды)», – деген (1717/16). дұрыс болған немесе қателескен жағдайда...
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 1067
Амр ибн әл-Астан (Аллаһ оған разы болсын). Ол Аллаһ елшісінің (с.а.с.): «Егер үкім шығарушы өздігінше ізденіп үкім шығарса және (шешімі) дұрыс болса , оған екі сауап, ал өздігінше ізденіп үкім шығарса және (шешімінде) қателессе, бір сауап (жазылады)», – деп айтқанын естіген (1716/15). Сахаба Әбу Бәкра Нафиғ ибн Харистің ұлы, табиғин, хадис жеткізуші. Ғалымдардың айтуынша, тым тойып кеткен, қатты қарны ашып тұрған, аса қайғырып не өте қуанып отырған немесе дәрет қыстап тұрған т.с.с. жағдайлар да осы тұрғыда қарастырылады. Өйткені мұндай жағдайларда қазының көңілі басқа нәрсеге ауып тұрғандықтан, ол үкім шығаруда қателікке жол беруі мүмкін. Ол сонда да үкім шығарса, тыйым салынған істі жасаған болады, бірақ оның үкімі заңды күшінен айырылмайды. Мұнда ижтиһад, яғни Құран мен сүннетте тікелей нұсқау келмеген мәселелерге өз бетінше бар білімін пайдаланып шешім іздеу туралы айтылған. Басқаша айтқанда, Аллаһ тағала мен Оның елшісінің шешіміне сәйкес келсе. Ғұламалар бұл хадистің үкім шығаруды жақсы білетін ғалым қазыға (немесе сұлтанға) қатысты екендігіне бірауыздан келіскен. Ондай адам дұрыс шешім шығарса, дұрыс шешімі үшін бір сауап және ізденісі үшін бір сауап алады. Ал егер қателессе, ізденісі үшін ғана сауап алады. Бұл хадис осындай адамдарға ижтиһад жасап, өздігінше шешім табуға тырысуына рұқсат етілетінін айғақтайды. Ал білімсіз адамның үкім шығаруға құқығы жоқ. Егер ол үкім шығарса, сауап алмай, керісінше, күнәкар болады. Ол дұрыс шешімді тапсын-таппасын – оның үкімі заңды күшке ие болмайды. Өйткені оның дұрыс шешімі шариғат үкімдерінен алынған тұжырым емес, кездейсоқтық қана деп танылады. Бурайдадан (Аллаһ оған разы болсын) риуаят етілген хадисте Аллаһ елшісі (с.а.с.): «Қазылардың үш түрі бар, олардың екеуі тозаққа тасталады, ал үшіншісі жаннатқа кіреді. Егер адам ақиқатты білсе және әділ үкім шығарса, жаннатқа кіреді. Егер адам ақиқатты білсе және әділетсіз үкім шығарса, ол тозаққа тасталады. Ал егер адам ақиқатты білмесе және білімсіз үкім шығарса, ол да тозаққа тасталады», – деп айтқан (Әбу Дәуд, әт-Тирмизи, ән-Нәсәи, Ибн Мәжәһ). Ибн Хажар «Булуғ әл- марам» кітабында әл-Хаким мұны «сахих» хадистер санатына жатқызғанын айтқан. Ғалымдардың пікірінше, хадистің сыртқы мағынасы мұнда мұсылмандардың қазысы туралы айтылғанын көрсетеді. келіспеушілігі
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 1068
Әбу Һурайрадан (Аллаһ оған разы болсын). Пайғамбар (с.а.с.): «Бірде екі әйел балаларымен бірге тұрғанда, қасқыр келіп біреуінің баласын алып кетеді. Сонда біреуі қасындағыға: «Ол сенің балаңды алып кетті», – дейді. Екіншісі: «Сенің балаңды әкетті», – дейді. Сөйтіп, екеуі Дәудтен төрелік сұрап келеді. Ол (жасы) үлкен (әйелдің) пайдасына үкім шығарады. Сосын екеуі Сүлеймен ибн Дәудке (ол екеуіне сәлем болсын) келіп, оны (шығарылған үкімнен) хабардар етеді. (Сүлеймен): «Маған пышақ әкеліңдер, (баланы) екеуіңе бөліп берейін!» – дейді. Сонда (жасы) кіші (әйел): «Жоқ, Аллаһ сені рақым етсін! Ол – мынаның баласы», – деп (шырылдайды). Сосын (Сүлеймен) кіші әйелдің (пайдасына) үкім шығарды», – деген . Әбу Һурайра: «Аллаһпен ант етейін, мен пышақтың «сиккин» деген атауын сол күнге дейін ешқашан естіген емеспін. Біз оған «мудйа» деген атауды ғана қолданатынбыз», – деп айтқан (1720/20).
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 1069
Әбу Һурайрадан (Аллаһ оған разы болсын). Ол: «Аллаһ елшісі (с.а.с.): «Бір кісі (екінші) бір кісіден жерін сатып алады», – деді», – деп айтқан. Жерді сатып алған кісі оның жерінен ішінде алтыны бар бір құмыра тауып алады. Жерді сатып алған адам (оны сатқанға): «Менен алтыныңды ал. Өйткені мен сенен жерді ғана сатып алдым, ал алтынды сатып алған жоқпын», – дейді. Жерді сатқан адам: «Мен саған жерді де, ондағы нәрселерді де сатқанмын», – дейді. Сөйтіп, екеуі бір кісіге төрелікке жүгінеді. Екеуі төрелік сұраған (кісі): «Сендердің перзенттерің бар ма?» – деп (сұрайды). Біреуі: «Менің ұл балам бар», – дейді, екіншісі: «Қызым бар», – дейді. Сонда (төрелік айтушы кісі): «Баланы қызға үйлендіріп, одан өздеріңе жұмсаңдар және садақа беріңдер», – дейді (1721/21).
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 1070
Зәйд ибн Халид әл-Жуһәниден (Аллаһ оған разы болсын). Пайғамбар (с.а.с.): «Сендерге куәгерлердің ең жақсысын айтайын ба? Ол – өзінің куәлігін оны сұрамай тұрып беретін адам», – деп айтқан (1719/19). Осылайша Сүлеймен (аләйһис-сәләм) баланың анасы жасы кіші әйел екенін түсінген, өйткені ол баласына зиян тимеуі үшін өз перзентінен бас тартуға дайын еді. Мұнда адамның бір нәрсеге құқығы болғанымен, оны растайтын куәгер бар екенін білмеген жағдай туралы айтылған. Сонда куәгер келіп, оның сөзін растап куәлік бере алатынын айтады. Немесе мұнда ажырасу, құл азат ету, мүлікті уақфқа беру, өсиет, жаза т.с.с. жеке адамның құқығына ғана қатысты емес куәлік меңзелген. Екі 29. ТАУЫП АЛЫНҒАН ЗАТТАР ТУРАЛЫ КІТАП
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 1071
Аллаһ елшісінің (с.а.с.) сахабасы Зәйд ибн Халид әл-Жуһәниден (Аллаһ оған разы болсын). Ол: «Аллаһ елшісінен (с.а.с.) тауып алынған алтын не күмісті (не істеу керектігі) жайлы сұрағанда, ол: «Жібін және қабын танып ал , сосын оны бір жыл бойы жарияла . Егер (иесін) жағдайда да адам өзі куә болғанға куәлік беруі керек. Аллаһ тағала Құранда: «Куәлікті Аллаһ үшін орындаңдар», – деп бұйырған (Талақ, 2). Бұл хадис әл- Бұхари (№2651) мен Муслим (№2535) Имран ибн Хусайннан (Аллаһ әкесі екеуіне разы болсын) риуаят еткен хадиске қайшы келмейді. Онда Аллаһ елшісі (с.а.с.): «Менің ілесушілерімнің ең жақсылары – менің замандастарым, сосын олардан кейін келетіндер, сосын олардан кейін келетіндер. Содан кейін сұрамаса да, куәлік ететін адамдар пайда болады. Олар қиянат жасайды, адамдар оларға сенбейтін болады. Олар нәзір атайды, бірақ оны орындамайды. Әрі олардың арасында көптеген семіз адам пайда болады», – деп айтқан. Өйткені мұнда куәгер екені белгілі болған, бірақ одан куәлік беру талап етілмесе де, келіп куәлік беретін адамдар туралы айтылған. Бәлкім, мұнда жалған куәгерлер меңзелген болуы да мүмкін. Тағы бір риуаятта «қабын, ыдысын және санын біліп ал» делінген. Мұнда ақша салынған дорба не қалтаның тысқабы мен аузы байланған жіпті танып алу туралы айтылған. Бұл айтылғандарға табылған заттың түр-түсін, сипатын, мөлшерін, көлеммен өлшенетін зат болса, көлемдік өлшемін, салмақпен өлшенетін зат болса, салмағын, ұзындық өлшемімен мөлшерленетін зат болса, ұзындық өлшемін біліп алу жатады. Бұл табылған заттың иесі шығып, одан жоғалтқан затының белгілерін сұрағанда, ол табылған затты дәл сипаттап бере ме, жоқ па, соны анықтау үшін керек. Сондай-ақ оны пайдаланар болса, иесі табылған жағдайда қайтарып беру үшін мөлшері мен сипаттарын тағы да мұқият танып алуы қажет. Табылған заттың белгілерін танып алудың үкімі жөнінде ғалымдар пікірі екіге жарылған. Олардың кейбірі «уәжіп» десе, кейбіреулері «мустахаб» деп көрсеткен. Әйтсе де мұнда бірінші пікірге басымдық берген жөн. Кейбіреулер «оның белгілерін танып алу тауып алған кезде уәжіп, кейіннен мустахаб саналады» деп айтады. Шафиғи мазһабын ұстанушылардың бір тобы «бұл белгілерді ұмытып қалмау үшін жазып қою мустахаб» деген пікір де білдірген. Ғұламалар табылған заттың иесімін деп келген адам оның кейбір сипаттарын айтып, кейбірін білмеген жағдайда, тауып алған кісі затты оған беруге міндетті ме, жоқ па деген мәселеде де пікір қайшылығына тап болған. Бұл жөнінде кейбір ғалымдар: «Ол заттың барлық сипаттарын айтып беруі тиіс», – деген. Яғни мұндайда кісі үздіксіз бір жыл бойы адамдарға зат тауып алғанын хабарлау керек. Ғұламалар зат тауып алғанын жариялайтын орынның мешіт қақпалары, базарлар т.с.с. халық жиналатын орындар екенін көрсеткен. Жариялаушы адам: «Кімде-кім ақша (сөмке, сағат т.б.) жоғалтса...» деген сияқты сөздермен хабар беріп, табылған заттың ешқандай сипатын айтпайды. Сөйтіп, ол өзіне жолыққан адамдардан табылған заттың сипаттарын кім дәл айтып берсе, затты соған қайтарады. Ол мұны үздіксіз бір жыл бойы жариялау керек. Оны бөлек-бөлек таппасаң, оны пайдалана бер, (бірақ) ол сенде аманат зат болады, кейін күндердің бір күнінде іздеушісі келсе, оны қайтарып бер», – деді . Одан адасып қалған түйелер жайлы сұрағанда, ол: «Оларда не жұмысың бар, өздерінің тұяқтары, қарындары бар. Иелері тауып алғанша өздері суға барады және ағаш жапырағын жейді», – деді. Одан (адасып қалған) қой жайлы сұрағанда, ол: «Оны ал. Ол сенікі не бауырыңдікі немесе қасқырдікі» , – деді», – деп айтқан (1722/5). жылдарда жариялау жеткілікті емес. Мәселен, әр жылда бір айдан жариялай отырып, он екі жыл бойы жариялаймын, сонда бір жыл бойы жариялаған боламын деп шешім қабылдау дұрыс емес. Бұл бір жыл бойына жариялағанға жатпайды. Ғұламалардың айтуынша, адам зат тауып алғаны жайлы әуелі күніне екі рет, сосын күніне бір рет, сосын аптасына бір рет, содан кейін айына бір реттен жариялауы қажет. Мұнда затты тауып алған адамның өзі жариялауы шарт емес, оны біреуге тапсыруына да болады. Заттың табылғаны тауып алған орнында және басқа жерлерде жарияланады. Келесі бір риуаятта: «Егер иесі келіп, оның қабын, мөлшерін және жібін (дәл) айтып берсе, оны оған қайтарып бер. Басқаша жағдайда ол – сенікі»; Әбу Дәудтің риуаятында: «Егер иесі келсе, оны оған қайтарып бер. Керісінше жағдайда оның қабын және жібін танып ал да, одан же. Кейінірек иесі келсе, оны оған қайтарып бер» делінсе, қарастырылып отырған жоғарыдағы хадисте: «Ол сенде аманат зат болады» деп айтылған. Ғұламалар арасында «біреу тауып алған затын бір жыл бойы жариялағаннан кейін иесі табылмай, сосын оны пайдаланған не жаратып жіберген соң ғана иесі келсе, затын төлеп беруі керек пе, жоқ па?» деген мәселе жөнінде пікір қайшылықтары орын алған. Олардың басым көпшілігі «заттың өзі сақталған жағдайда, оны қайтарып беру, жаратылып кетсе, оның орнын толтырып беру уәжіп» деп есептейді. Мұны тауып алынған затты жеуге рұқсат еткеннен кейін, иесі келген жағдайда оны қайтарып беруге нұсқаған риуаят көрсетеді. Кейбіреулер «затты тауып алған адам оны жаратып қойғаннан кейін иесі келсе және онда өтеп беретін еш нәрсе болмаса, мұның уәжді себеп ретінде қарастырылатынын айтқан. Мұнда адасып, иесіз қалған қойды алуға рұқсат етілетініне сілтеме бар. Пайғамбар (с.а.с.) қой малының өз бетінше күнелте алмайтын, әлсіз, қасқырға жем болу қаупі бар жануар екенін айтқан сыңайлы. Яғни оны тауып алған адам алмаса, қойдың бөріге жем болуы ықтимал. Қысқасы, Пайғамбар (с.а.с.) адасып қалған қойды алуға үндеген. Әл-Бұхари жеткізген басқа бір риуаятта Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Оны ал, ол сенікі», – деп айтқан. Ғұламалардың басым көпшілігінің пікірінше, тауып алған қойды да зат сияқты түр-түсін айтпай жыл бойы жариялап, иесі табылмаса, сойып жеуіне болады. Бірақ кейінірек иесі табылған жағдайда төлеп беруі керек (қ.: «Фатх әл-Бәри»).
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 1072
Абдур-Рахман ибн Осман әт-Тәймиден (Аллаһ оған разы болсын). Аллаһ елшісі (с.а.с.) қажылық өтеушінің жоғалтып алған затын алуға тыйым салған (1724/11).
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 1073
Зәйд ибн Халид әл-Жуһәниден (Аллаһ оған разы болсын). Аллаһ елшісі (с.а.с.): «Жоғалған затты иемденген адам оны жарияламаса – адасушы», – деп айтқан (1725/12). Енді бір хадисте: «(Мекке) – жариялаушы үшін болмаса, біреудің түсіріп алған нәрсесін де алуға рұқсат етілмейтін қасиетті мекен» деп айтылған. Яғни Меккеде біреудің түсіріп алған затын алу оны тауып алғанын хабарлап, иесіне қайтарып беруді қалаған адамға ғана рұқсат етіледі. Ал тауып алғанын хабарлап, иесі табылмаса, оны иеленуді қалаған адам үшін бұған рұқсат етілмейді. Ғалымдардың басым көпшілігінің пікірі осындай. Ал мұның тек Меккеге қатысты етілуінің себебі, мұнда жоғалған заттың иесіне жету мүмкіндігі жоғары. Өйткені жоғалған зат меккеліктікі болса, оның иесі табылуы сөзсіз. Ал шетелдіктікі болса, оның Меккеге қайта келу ықтималдығы басым. Сондықтан зат тауып алған адамның оны әр жылы жариялауы оның иесі табылуын жеңілдетеді. Бұл пікір – Ибн Батталдікі. Алайда мәлики мазһабы ғалымдарының көбі мен шафиғи мазһабы ғалымдарының кейбірі «бұл да басқа қалаларда зат тауып алған сияқты» деген пікірді ұстанған. Бірақ Меккеде адам зат тауып алғанын ерекше ыждағатпен жариялауы тиіс. Өйткені қажылық өтеп жүріп затын жоғалтып алған адам еліне қайтып кетіп, Меккеге қайта оралмауы мүмкін. Сондықтан онда зат тауып алған адам оны жариялауға ерекше көңіл бөлуі қажет. Ибн Мунир өз мазһабына хадистің сыртқы мағынасын дәлелге тартқан. Өйткені Пайғамбар (с.а.с.) бұған рұқсат етілмейтінін нақтылаған. Ол бұл тұрғыда Мекке мен басқа қалалардың тең қарастырылмайтынын айтқан. Ғалымдар мұны Арафатта және Мәдинада тауып алынған заттардың басқа қалалар сияқты үкімге ие екеніне дәлел еткен. Өйткені Пайғамбар (с.а.с.) хадистегі үкімді тек Меккеге қатысты ескерткен. Сондай-ақ бұл жоғалған затты басқа мешіттердегідей емес, әл-Харам мешітінде жариялауға рұқсат етілетініне дәлелге келтірілген. Бұл – шафиғи мазһабы ұстанатын екі пікірдің ең дұрысы. Аллаһ – жақсы Білуші (қ.: «Фатх әл-Бәри»). Қазіргі кезде табылған затты жоғалған заттарды сақтайтын арнайы ресми орындарға тапсырған дұрыс. Бұлай ету жоғалған заттың сақталуын да, оның іздеп табылуын да оңайлатады. Меккедегі мұндай жоғалған заттарды сақтайтын орын әл-Харам мешіті жанындағы Абдул- Азиз патшаның қақпасы маңындағы полиция бөлімшесінде орналасқан. Жоғалған заттың иесі табылса, оның заты тез арада өзіне қайтарылады. Иесі табылмаған зат кедейлерге үлестіріледі. Бұл қағида азық-түлік өнімдері мен арзан бұйымдарға қатысты емес. Азық-түлік тағамдарының иесі ізделмейді және оларды жеуге рұқсат етіледі. Сол сияқты арзанқол заттарды да тауып алған адам оны өзінде қалдыруына болады. Ғалымдар біреудің түсіріп алған затын алу және оны иемдену биліктегі адамның немесе қазының шешімін қажет етпейтіндігіне бірауыздан келіскен. Сондай-ақ олардың көпшілігі «тауып алынған затты жариялағаннан кейін пайдаланудың тауып тыйым
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 1074
Ибн Омардан (Аллаһ әкесі екеуіне разы болсын). Аллаһ елшісі (с.а.с.): «Ешкім біреудің малын оның рұқсатынсыз сауушы болмасын. Сендердің біреуің әлдебіреу бөлмесіне кіріп, абажасын сындырып, азығын алып кетуін ұната ма? Шын мәнінде, малының желінінде олардың азықтары сақталады. Сондықтан ешкім біреудің малын оның рұқсатынсыз сауушы болмасын», – деп айтқан (1726/13). алушының бай-кедейлігіне қатысы жоқ» деп есептеген. Алайда Әбу Ханифаның пікірінше, зат тауып алған адам бай болса, оны садақаға беруі керек. Иесі табылған жағдайда оған затының садақа ретінде қалуына не оның орнын толтырып беруге ұсыныс жасайды. Алайда имам рұқсат берсе, тауып алынған затты бай адамның пайдалануына да болады. Омар, Әли, Ибн Масғұд, Ибн Аббас т.б. сахабалар және табиғиндер осы пікірді ұстанған. Мұнда Пайғамбарымыз (с.а.с.) малдың желініндегі сүтті абажада сақтаулы тұрған азық-түлікке ұқсатқан, сондықтан да оны рұқсатсыз алуға болмайды. Хадис біреудің мүлкін рұқсатсыз алуға, пайдалануға және ол мүлікке билік жүргізуге тыйым салынатынын көрсетеді. Мұнда ол сүт пе, әлде басқа нәрсе ме – бәрібір. Мәжбүр жағдайға тап болған және басқа азық таппаған адам ғана бұдан тысқары қарастырылады. Ғалымдардың көпшілігі «кейінірек ол өзі пайдаланған мүлікті өтеп беруі керек» дейді. Ән-Нәуәуи «мәжбүр жағдайға тап болған адам біреудің азығын рұқсатсыз пайдалануды не өлексені жеуді таңдауы керек болса, оның өлексе етін жегені жақсы» деп санаған. Алайда адам мәжбүр болмаса да, әлдекім малының сүтін ішуіне немесе азығын жеуіне разы болатынын білсе, оның рұқсатынсыз-ақ пайдалануына болады.
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Глава 17. Қонақты Күту Кітабы
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 1075
Ғұқба ибн Амирден (Аллаһ оған разы болсын). Ол: «(Бірде): «Уа, Аллаһтың елшісі! Сен бізді (бір тайпаларға) жібересің , сонда біз бір тайпаға түскенімізде, олар бізді қонақ қылмайды. Бұған қатысты не айтасың?» – деп (сұраған) едік, Аллаһ елшісі (с.а.с.) бізге: «Егер бір тайпаға түсіп, олар сендерге қонаққа тиесіліні ұсынса, қабыл алыңдар. Ал егер олай етпесе, олардан қонаққа тиесіліні өздерің алыңдар», – деді», – деп айтқан (1727/17).
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 1076
Әбу Шурайх әл-Хузағиден (Аллаһ оған разы болсын). Ол: «Аллаһ елшісі (с.а.с.): «Қонақты қабылдау – үш күн, ал оның сыйы – бір күн, бір түн. Мұсылман кісіге бауырының (үйінде) оны күнәға апарғанға дейін тұруына рұқсат етілмейді», – деді. (Адамдар): «Уа, Аллаһтың елшісі! Ол оны қалай күнәға апарады?» – деп (сұрағанда), ол: «Онда өзін қонақ ететін еш нәрсе болмаса да, оның (үйінде) тұрады», – деді», – деп айтқан (1726/15). Яғни Исламға шақыру үшін бізді түрлі ру адамдарына жібересің. Ләйс бұл хадистің сөзбе-сөз мағынасын ұстанған. Ахмад «бұл қалалар мен елді мекендердің тұрғындарына қатысты емес» деп есептеген. Алайда ғалымдардың көпшілігі «қонақты қабылдау міндетті емес, бекітілген сүннет (сунна муаккада)» деп санаған және олар бұл хадисті «қонақты қабылдаудан бас тартқан үй иелерінен тиістіні алу қиын жағдайда қалғандарға ғана рұқсат етіледі» деп түсіндірген. Әт- Тирмизидің нұсқауынша, бұл адамдар азық-түлік сатып алуға мәжбүр болған, бірақ сатушының бас тартуы себепті оны сатып ала алмаған жағдайға да қатысты. Мұндай кезде одан азық-түлікті күшпен алуға болады. Ғалымдардың айтуынша, қонақты күтуде басты назар алғашқы күн мен түнге аударылады. Екінші және үшінші күндері үй иесі қонақты өзіне қиындық тудырмайтын шамада, қолындағы барымен күтеді. Үшінші күннен кейінгі қонақты күту садақаға жатады, бұдан кейін оны күту не күтпеу үй иесінің еркінде. Мұндағы «күнәға апарғанға дейін» деген сөз үй иелерінің қонақжайлылығын шектен тыс пайдаланудың оларда күнәлі ойлар тудыруы мүмкін екенін білдіреді. Яғни олар қонақ туралы ерсі сөздер айтуы, оны ренжітуі немесе ол жайлы теріс ойлауы мүмкін, ал бұлай етуге тыйым салынады. Қонақта үй иесінің рұқсатынсыз үш күннен артық болу қонақжайлылықты шектен тыс пайдалануға жатады. Ал егер қожайын шақырса немесе қонақ үйінде үш күннен артық болуы оған зиян тигізбейтінін білсе, мұның еш оқасы жоқ.
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 1077
Әбу Сағид әл-Худриден (Аллаһ оған разы болсын). Ол: «Біз Пайғамбармен (с.а.с.) бірге сапарда болғанымызда, түйеге мінген бір кісі келді»; Ол: «Ол көзін оңға-солға бұра бастады . Сонда Аллаһ елшісі (с.а.с.): «Кімде басы артық мініс көлігі болса, оны мініс көлігі жоқ адамға берсін. Сондай-ақ кімде артық жолазық болса, оны жолазығы жоқ адамға берсін», – деді»; Ол: «Сонда ол бірнеше дүние-мүлік түрін атады. Тіпті біз ешқайсымыздың артық нәрсеге құқығы жоқ деп ойладық», – деп айтқан (1728/18). және оған қатысты бір-біріне көмектесу
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 1078
Ияс ибн Сәләмәдан . Оның әкесі: «Аллаһ елшісімен (с.а.с.) бірге бір жорыққа шыққанымызда, қиындыққа тап болдық. Тіпті мініс көліктеріміздің кейбірін союды ойладық. Сонда Аллаһтың пайғамбары (с.а.с.) бұйрық беріп, біз азықтарымызды жинадық. Ол үшін теріден жасалған сыпыра жайылып, адамдардың жол қапшықтары сол сыпыраға жиналды»; Ол: «Мен (адамдардың) қанша екенін санау үшін мойнымды созып, оларды ешкілердің отары сияқты санап шықтым. Біз он төрт жүз екенбіз»; Ол: «Сөйтіп, барлығымыз тойғанымызша тамақтандық. Содан кейін жол қапшықтарымызды да толтырып алдық. Сонда Аллаһтың пайғамбары (с.а.с.): «Дәрет алатын су бар ма?» – деді»; Ол: «Бір кісі ішінде азғантай ғана суы бар шанаш әкеліп, ол (ондағы суды) ыдысқа құйды. Сөйтіп, біз – он төрт жүзіміздің барлығы көп-көптен құйып, дәрет алдық»; Ол: «Сосын сегіз адам келіп: «Дәрет алатын су бар ма?» – деп (сұрады). Аллаһ елшісі (с.а.с.): «Дәрет алатын су таусылды», – деді», – деп айтқан (1729/19). Бұл кісі мұқтаж болатын. Сахаба Сәләмә ибн Акуағтың ұлы, табиғин, хадис жеткізуші. Яғни мың төрт жүз. Бұл хадис – Пайғамбарымыздың (с.а.с.) екі бірдей мұғжизасының: азықтың және судың берекеттенгенінің, көбейгенінің айғағы. Сондай-ақ ол жолазығына қатысты адамдардың бір-біріне көмектесуі және жолазығы жетпеген жағдайда оны бір жерге топтап, барлығы бірге тамақтануы керектігін көрсетеді. 31. ЖИҺАД1 (АЛЛАҺ ЖОЛЫНДАҒЫ КҮРЕС) КІТАБЫ есептемеңдер» деген сөзі және шәһидтердің рухтары жайлы айтылғандар
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 1079
Масруқтан . Ол: «Біз Абдуллаһ (ибн Масғұдтан (Аллаһ оған разы болсын)): «Аллаһ жолында өлтірілгендерді өлі деп есептемеңдер. Негізінде, олар тірі, Раббыларының алдында ризық алуда» деген осы аят жайлы сұрадық», – деген. «Ол: «Біз де осы жайлы (Пайғамбардан (с.а.с.)) сұрағанбыз», – деді. «Сонда (Пайғамбар (с.а.с.)): «Олардың рухтары жасыл құстардың іш қуыстарында, олар үшін Аршыға ілінген шырақтар бар. Олар жаннатта өздері қалаған орынды тамашалап, кейін әлгі шырақтарға келіп паналайды. Оларға Раббылары көрініп: «Бір нәрсе қалайсыңдар ма?» – деп (сұрайды). Олар: «Біз жаннатта өзіміз қалаған орынды тамашалап жүріп, не нәрсені қалауымыз мүмкін?!» – дейді. Ол оларға мұны үш рет қайталайды. Олар өздерінен (осылай) сұрала беретінін көрген соң: «Уа, Раббы! Біз Сенің жолыңда тағы бір рет өлтірілуіміз үшін рухтарымызды денелерімізге қайтаруыңды қалаймыз», – дейді. (Аллаһ тағала) олардың тілегі жоқ екенін көрген соң, олар өз-өздерімен қалдырылады», – деді» (1887/121). «Жиһад» сөзінің тілдік мағынасы «күрес», «бар күш-жігерін жұмсау» деген ұғымды білдіреді. Ал оның шариғаттағы терминдік мағынасы – Ибн Хажар әл- Асқаланидің айтуынша: «(Жиһад) – кәпірлерге қарсы күреске күш-жігер жұмсау. Сондай-ақ бұл сөз өз нәпсісімен күресу, шайтанмен күресу, әділетсіздіктермен күресу мағыналарында да қолданылады. Нәпсімен күресу дін істеріне қатысты білім үйрену мен алған білімді амалға асыру және бұл білімді басқаларға жеткізуде көрініс табады. Шайтанмен күресу шайтан адам көңіліне салатын күмәнділерге және шайтан әдемі көрсеткен шақуаттар мен ләззаттарға қарсы тұрудан тұрады. Кәпірлермен күрес қолмен (яғни соғыспен), қаржылай, тілмен не жүрекпен (яғни олардың әрекеттеріне қатысты ашық немесе құпия тілмен не жүрекпен көзқарасын білдіру арқылы) іске асады. Ал әділетсіздіктермен күрес әуелі қол (яғни күш-қуат), сосын тіл, сосын барып жүрек арқылы болады». Демек, жиһад қарулы соғыстан ғана тұрмайды, оның ауқымы кең. Ал қарулы соғыс шын ниет, түзу мақсатта ғана дұрыс болып табылады. Бұған қоса, қарияларды, әйелдер мен балаларды және бейбіт дін қызметкерлерін өлтірмеу сияқты бірқатар тыйымдарды ұстану тиіс. «Әлі Имран» сүресі, 169-аят. Масруқ ибн әл-Әждағ Әбу Айша – табиғин, хадис жеткізуші. Бұл хадис сүннетті ұстанушылардың, жаннат жаратылып қойылғаны және қазірде бар екені жайлы сеніміне дәлел болып табылады. Әрі Адам ата түсірілген және иман келтірген адамдар Ақырет өмірінде игілікке бөленетін жаннат – осы. Барлық сүннетті ұстанушылардың пікірі осыған негізделген. Сондай-ақ хадис өлген адамдардың Қиямет күніне дейінгі аралықта да сыйға бөленетінін немесе жазаланатынын айғақтайды. Олардың денелері шіріп жатқанымен, рухтары өлмей, тірі болады. Ізгі жандардың рухтары игілікке бөленеді, ал жамандық жасағандардың рухтары жазаланады. астында
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 1080
Әбу Бәкір ибн Абдуллаһ ибн Қайс әкесінен (жеткізіп): «Мен әкемнің жаудың алдында тұрып: «Аллаһ елшісі (с.а.с.): «Ақиқатында, жаннат қақпалары – қылыштардың саясы астында» , – деді», – деп айтқанын естідім. Сонда көнетоз киімдегі бір кісі орнынан тұрып: «Ей, Әбу Мұса! Сен Аллаһ елшісінің (с.а.с.) осыны айтқанын естідің бе?» – деп (сұрады). Ол: «Иә», – деді»; Ол: «Сонда (әлгі кісі) жолдастарына оралып: «Мен сендерге сәлем жолдаймын!» – деді де, қылышының қынын сындырып, лақтырып тастады. Содан кейін қылышымен жауға барып, онымен мерт болғанына дейін шайқасты», – деп айтқан (1902/146). артықшылығы
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 1081
Әбу Һурайрадан (Аллаһ оған разы болсын). Ол: «Аллаһ елшісі (с.а.с.): «Аллаһ Өз жолына шыққанға кепіл болады. (Аллаһ): «Оны Менің жолымда күресуі және Маған деген иманы мен елшілерімді растауы ғана шығарады. Сондықтан ол Менің кепілімде, Мен оны жаннатқа кіргіземін немесе оны шыққан мекеніне алған сауабымен не олжасымен қайтарамын»(, – дейді). Мұхаммедтің жаны қолында болған (Аллаһ)пен ант етейін, Аллаһтың жолында алынған әрбір жарақат Қиямет күні жарақаттанған кезіндегідей кейіпте келеді. Оның түсі қанның түсі, ал иісі жұпар миск болады. Мұхаммедтің жаны қолында болған (Аллаһ)пен ант етейін, мұсылмандарға ауыр тимегенде ешқашан Аллаһ жолында жорыққа аттанатын ешбір жасақтың артында қалып отырмас едім. Бірақ менде оларды мініс көлігімен қамтамасыз ететін мүмкіндік жоқ және олардың өздерінде де мүмкіндік жоқ. Ал менен қалып қоюлары оларға ауыр тиеді . Мұхаммедтің жаны қолында болған (Аллаһ)пен ант Сахаба Әбу Мұса әл-Ашғаридің ұлы, табиғин, хадис жеткізуші. Ғалымдардың айтуынша, мұның мағынасы: Аллаһ жолында шайқасу жаннатқа апаратын жол және оған кіруге себеп болып табылады. Яғни ол жолдастарымен қоштасқан. Бұл – Пайғамбарымыздың (с.а.с.) мұсылмандарға деген мейірімінің айғағы. Ол мұсылмандардың игілігі үшін өзі қалаған кейбір істерден бас тартатын әрі ең алдымен маңызы көбірек істерге көңіл бөлетін. Пайғамбарымыз (с.а.с.) жорыққа аттанған кезде, сахабалар оған ілеспей, қалып қоюды қош көрмейтін. Бірақ олардың жорыққа шығуға шамалары келе бермейтін. Өйткені мініс көлігі т.б. жол жабдықтарын қамдай алмайтын. Әрі бұлар Пайғамбардың (с.а.с.) қолында да жоқ болатын. Сондықтан Пайғамбарымыз (с.а.с.) оларды тастап, жасақпен бірге аттанса, бұл олардың көңіліне ауыр тиетін. Басқа бір риуаятта: «Жаным қолында болған (Аллаһ)пен ант етейін! Егер де менен қалып қоюлары мүміндердің біреулерінің көңілін жараламағанда және оларға көлік тауып бере алғанымда, Аллаһ етейін, мен Аллаһ жолында жорыққа шығып, мерт болып, сосын (тағы) жорыққа шығып, мерт болып, содан кейін (тағы да) жорыққа шығып, мерт болуды қалаймын» , – деді», – деп айтқан (1876/103). жоғарылауы
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 1082
Әбу Сағид әл-Худриден (Аллаһ оған разы болсын). (Бірде) Аллаһ елшісі (с.а.с.): «Ей, Әбу Сағид! Кімде-кім Аллаһқа – Раббы ретінде, Исламға – дін ретінде және Мұхаммедке пайғамбар ретінде разы болса, жолына аттанған жасақтардың ешқайсысынан қалып қоймас едім»; Екінші бір риуаятта: «Егер мен аттансам, бойында игілігі барлардан ешкім қалмай менімен бірге аттанады. Ал бұл маған және оларға ауыр тиеді»; Тағы бір риуаятта: «Олардың менен қалып қоюлары маған ауыр тиеді» деп айтылған. Бұл сөйлемнің алдыңғы сөйлеммен байланысы жоқ. Яғни оларды байланыстырып, «Мұсылмандарға ауыр тимегенде, ешқашан Аллаһ жолында жорыққа аттанатын ешбір жасақтың артында қалып отырмас едім. Сондай-ақ мұсылмандарға ауыр тимегенде, Аллаһ жолында жорыққа шығып, мерт болуды қалар едім» деген мағынаны білдірмейді. Бұл – өз алдына дербес сөйлем. Пайғамбар (с.а.с.) бұл тілек сөзін жорыққа аттанып, өзінен жыраққа кетіп бара жатқан сахабаларына жұбату ретінде айтқан. Яғни ол: «Олар аттанып бара жатқан жақта сондай бір қадір- қасиеттер бар, мен ол үшін тіпті бірнеше рет өлтірілуді қалар едім. Сендер жыраққа кетіп, менің жанымда болудан ажырап қалғандарыңмен дәл сондай не одан да жоғары қадір-қасиетке – Аллаһ жолында күресудің қадір-қасиетіне қол жеткізесіңдер. Аллаһ жолында шайқасудың сауабы зор. Ал егер осы жолда шәһидтік нәсіп болса, оның сауабы одан да зор болады» деген мағынаны меңзеп тұрғандай. Осылайша Пайғамбарымыз (с.а.с.) бәрінің көңілін аулаған. Әйтсе де Пайғамбар (с.а.с.) жөн деп тапқан кезінде кейбір жорықтарға шығатын. Сондай жорықтардың бірінде мүмкіндіктері болмай қалып қойған сахабаларға қатысты: «Ақиқатында, біздің артымызда Мәдинада уәжді себеппен шыға алмай қалған бір адамдар бар, біз қайсыбір шатқалдан, қайсыбір ойпаттан өтпейік, олар бізбен бірге», – деген. Бұл сөздер Тәбук жорығынан қайтқанда айтылған. Оның мағынасы жорыққа шығуды шын ықыласымен қалаған, бірақ әлдебір себепті қатыса алмай қалған адамдар оған қатысушылармен бірдей сауап алатынын білдіреді. Пайғамбар (с.а.с.) осы сөзімен жиһадтың қадір-қасиетін әсірелей көрсетуді қалап, адамдарды оған ынталандырып тұрғандай (Ибн Хажар). Хадисте Аллаһ жолында соғысу барлық мұсылмандарға емес, олардың бір тобына міндетті екеніне нұсқау келген. Имам ән-Нәуәуи бұл хадистен мынадай қорытындылар шығарған: – Адамның ниеті игі, пиғылы түзу болуы керек. – Пайғамбар (с.а.с.) үмбетіне өте жанашыр, қамқор болған. – Аллаһ жолында мерт болуды қалау жақсы қасиет болып табылады. – Мүмкін болмаса да, жақсы нәрселерді қалауға рұқсат етіледі. – Басқа бір бастаманың пайдасы көбірек болған немесе зиян-залалдың бетін қайтару керек болған жағдайда қандай да бір игі бастамадан бас тарту қажет. – Адамның әдетте өзі істемейтін істерді тілеуіне рұқсат етіледі. – Мұсылмандардың басындағы жайсыздықты жоюға ұмтылу керек. оған жаннат тиісті болады», – деген. Әбу Сағид бұған сүйсініп: «Оны маған қайталап айтшы, уа, Аллаһтың елшісі!» – дейді. (Пайғамбар (с.а.с.)) солай етті де, одан кейін: «Сондай-ақ пенде онымен жаннатта жүз дәрежеге жоғарылайтын тағы бір нәрсе бар, (осы дәрежелерден) әрбір екі дәреженің арасы – аспан мен жердің арасындай», – деді. (Әбу Сағид): «Ол не, уа, Аллаһтың елшісі?» – деп (сұрағанда, Пайғамбар (с.а.с.)): «Аллаһ жолында күресу, Аллаһ жолында күресу», – деп айтқан (1884/116). мал-дүниесімен күресуші адам
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 1083
Әбу Сағид әл-Худриден (Аллаһ оған разы болсын). Бір кісі Пайғамбарға (с.а.с.) келіп: «Адамдардың ең абзалы қайсысы?» – деп (сұрағанда, Пайғамбар (с.а.с.)): «Аллаһ жолында мал-дүниесімен және жанымен күресетін кісі» , – деген. Ол: «Содан кейін кім?» – деп (сұрағанда): «Раббысына құлшылық ететін және адамдарды өзінің жамандығына душар етпейтін тау шатқалдарының біріндегі мүмін адам», – деп айтқан (1888/122). алмай өлген адам жайында
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 1084
Әбу Һурайрадан (Аллаһ оған разы болсын). Ол: «Аллаһ елшісі (с.а.с.): «Кімде-кім (Аллаһ жолында) жорыққа шықпай және оны ойына да алмай өлсе, ол мұнафықтықтың бір тармағында өледі», – деді», – деп айтқан. Абдуллаһ ибн Мубарак3: «Біз мұны Аллаһ елшісінің (с.а.с.) заманына қатысты болды деп санаймыз», – деген (1910/158). Қазы Ғиядтың айтуынша, бұл: «Аллаһ жолында мал-дүниесімен және жанымен күресетін кісі адамдардың ең абзалдарының біріне жатады» деген мағынаны білдіреді. Өйткені хадистерде айтылғандай, ғұламалар және шыншылдар олардан абзал. Мұнда шатқал деп адамдардан оңашалану меңзелген. Бұл хадис әт-Тирмизи мен Ахмад жеткізген: «Тіліңді тый, үйің сені сыйдырсын және қателіктерің үшін жыла» деген хадиске ұқсайды. Алайда ғұламалардың көпшілігі «егер адам бүліктер мен азғырулардан қауіпсіз болса, оның адамдармен араласуы оңаша өмір кешкенінен жақсы» деп есептеген. Олардың айтуынша, бұл хадис бүліктер мен соғыс уақытындағы адамға, сондай-ақ адамдардың қылықтарына сабыр ете алмайтындықтан, басқалар онымен бірге өздерін қауіпсіз сезінбейтін адамға қатысты. Барлық пайғамбарлар (оларға сәлем болсын), сахабалар мен табиғиндердің көпшілігі, ғұламалар және тақуа адамдар елмен араласқан және осыдан жұма намаздарына, жамағат намаздарына, жаназа намаздары мен жерлеу шараларына қатысу, науқастардың көңілін сұрап бару т.с.с. көп пайда алған. Табиғиндерден кейінгі буынның өкілі, хадис жеткізуші, ғалым, Хорасанның шейхы болған кісі. артықшылығы
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 1085
Әнәс ибн Мәликтен (Аллаһ оған разы болсын). Аллаһ елшісі (с.а.с.) Умму Харам бинт Милханның (үйіне) кіріп тұратын, ал ол оны тамақтандыратын . Умму Харам Ғұбада ибн Самиттің әйелі еді . Бір күні Аллаһ елшісі (с.а.с.) оның (үйіне) кіріп, ол оны тамақтандырды. Содан кейін (Умму Харам) отырып, оның басын қарай бастады . Аллаһ елшісі (с.а.с.) ұйықтап кетті де, сосын күліп оянды. (Умму Харам): «Мен: «Неге күлдің, уа, Аллаһтың елшісі?!» – деп (сұраған едім), ол: «Маған үмбетімнен бір адамдар көрсетілді, олар тақтарда отырған патшалардай (немесе тақтарда отырған патшалар Кейбіреулердің айтуынша, мұндағы мағына: кім жорыққа шығуды ойына да алмай өлсе, ол осы сипатта шайқасқа аттанбай қалып қоятын мұнафықтарға ұқсайтын болады. Өйткені Аллаһ жолында шайқасу иман тармақтарының біріне жататыны сияқты одан бас тарту да мұнафықтықтың тармақтарының біріне жатады. Хадис егер адам қайсыбір құлшылықты жасауға ниет етіп, бірақ оны орындамай қайтыс болса, оны жасауға ниет те қылмай өлген адам сияқты дәрежеде айыпталмайтынын көрсетеді. Мәселен, мүмкіндігі бар адам қажылық жасауға ниет еткенмен, оны өтеуді келесі жылға қалдырып, сол аралықта қайтыс болса, ол мүмкіндігі бола тұрып, қажылық өтеуді мүлдем ниет етпеген адам сияқты айыпталмайды. Ән- Нәуәуи дегенмен қажылық өтеуді ниет етсе де, мүмкіндігі бола тұрып, оны кейінге қалдырған адам күнә арқалайтынын айтқан. Енді бір риуаятта Умму Харам Әнәстің нағашы әпкесі екені айтылған. Әд- Димйати Умму Харамның шыққан тегін көрсете отырып, «ол Пайғамбарымыздың (с.а.с.) махрам туысы болған» деген пікірді теріске шығарған. Абдур-Рахман әл- Мубаракфуридің айтуынша, қарастырылып отырған хадистегі оқиға қоштасу қажылығынан соң, яғни әйелдердің бөгде еркектерден тасалануы жайлы бұйрық түскеннен кейін болған. Ибн әл-Араби мен Ибн Хажардың пікірінше, бұл – Пайғамбарымыздың (с.а.с.) жеке өзіне тиісті жайт, өйткені хадис осыны нұсқайды. Тіпті оның қасында біреу болды деп жорамалдағанның өзінде де Умму Харамның Аллаһ елшісінің (с.а.с.) шашына қол тигізгені осыған жетелейді. Кейбір ғалымдардың айтуынша, егер біз Аллаһ елшісінің (с.а.с.) мұсылмандарға айтқан бұйрығы мен оның қандай да бір іс-әрекетінің арасында қарама-қайшылық кездестірсек, бұл іс-әрекетке дәлел табылмайынша, ол мұсылмандарға бұйрық ретінде қарастырылмайды. Ал бұл іс-әрекетке дәлел жоқ болғандықтан, ол Пайғамбарымыздың (с.а.с.) жеке өзіне тиісті іс болып табылады. Басқа бір риуаятта, ол Ғұбада ибн Самитке осы оқиғадан кейін тұрмысқа шыққаны айтылған. Яғни мұнда оның кейіннен шыққан күйеуі туралы сөз болған. Пайғамбарымыз (с.а.с.) тазалыққа аса көңіл бөлетіндіктен оның басында бит болуы мүмкін емес-ті. Ал Умму Харам бинт Милханның Пайғамбардың (с.а.с.) басын қарауы биттің болғанын айғақтамайды. Сірә, мұнда Пайғамбарымыз (с.а.с.) түрлі адамдармен кездесуіне тура келгендіктен, Умму Харам сақтық шараларын қарастырған болса керек. сияқты) мына теңіздің ортасына шығып, Аллаһ жолында жорыққа аттанып барады екен», – деді»; (Умму Харам): «Мен: «Уа, Аллаһтың елшісі! Мені олардың қатарынан етуі үшін Аллаһқа дұға қылшы!» – деп (өтіндім)», – деп айтқан. (Пайғамбар (с.а.с.)) ол үшін дұға қылды. Сонан соң ол басын қойып, (қайтадан) ұйқыға кетті де, сосын күліп оянды. (Умму Харам): «Мен: «Неге күлдің, уа, Аллаһтың елшісі?!» – деп (сұраған) едім: «Маған үмбетімнен бір адамдар көрсетілді, олар Аллаһ жолында жорыққа аттанып барады екен...», – деп, әуелгі айтқанын қайталады»; (Умму Харам): «Мен: «Уа, Аллаһтың елшісі! Мені олардың қатарында етуі үшін Аллаһқа дұға қылшы!» – деген едім, ол: «Сен олардың әуелгілерінен боласың», – деп айтты», – деген. Содан Умму Харам бинт Милхан Муғауия (ибн Әбу Суфиянның) кезінде теңіз (жорығына) шығып, теңізден (жағалауға) түскенде мінген көлігінен құлап, мерт болған (1912/160).
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 1086
Салманнан (Аллаһ оған разы болсын). Ол: «Аллаһ елшісінің (с.а.с.): «Бір күн және бір түн шептің күзетінде болу бір ай ораза тұтқаннан және намазда тұрғаннан жақсы. Егер ол қаза болса, жасап келген амалы жалғаса береді , оған ризығы да жалғастырылады әрі ол сынақтан аман болады », – деп айтқанын естідім», – деген (1919/163). Мұнда хадисті жеткізуші Исхақ екеуінің нақты қайсысы айтылғанына қатысты күмәнданған. Ибн Абдул-Барр анығы Аллаһқа мәлім екеніне сілтеме жасай отырып, мұнда Пайғамбарымыз (с.а.с.) үмбетінен теңіз жорығына шыққан адамдарды жаннатта тақтардың үстінде отырған патшалар кейпінде көргенін айтқан. Қазы Ғиядтың пікірінше, бұл олардың жорықтағы жағдайларына қатысты, олардың жағдайлары жақсы, істері орнықты, сандары көп, жарақтары сайлы болып, олар тақтардың үстіндегі патшалар сияқты болатыны жайлы хабар болуы мүмкін. Ал Ибн Хажардың тұжырымдауынша, мұнда олар Аллаһ жолындағы жорықтары үшін Ақыретте өздеріне сый ретінде берілген игіліктерде осы дүниедегі тақтардың үстінде отырған патшалар сияқты болатыны меңзелген. Мұны көпшілік риуаяттардағы: «сияқты» деген теңеу сөз көрсетеді (қ.: «Фатх әл-Бәри»). Муғауия ибн Әбу Суфиян (Аллаһ әкесі екеуіне разы болсын) һижраның 41-60 жылдары аралығында халифалық билік жүргізген. Басқа бір риуаятта Умму Харамның күйеуі Ғұбада ибн Самит оны өзімен бірге жорыққа алып шыққаны және діттеген жерге жетіп, кемеден түскен соң, Умму Харам қашырға мінгенде, қашыр тулап кетіп, оны үстінен құлатып түсіргені айтылған. Бұл хадис Пайғамбарымыздың (с.а.с.) болашақта үмбетінде орын алатын оқиғаларды хабарлаған мұғжизасын айғақтайды. Мұндай артықшылық мұсылмандардың жау шабуылдауы қаупі бар шебін күзетуші адамға ғана тиісті. Енді бір хадисте: «Шепті күзетушіден басқа әрбір ондағылардан жақсы
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 1087
Әнәстен (Аллаһ оған разы болсын). Ол: «Аллаһ елшісі (с.а.с.): «Ақиқатында, таңертең не кешке Аллаһ жолына шығу осы дүние мен ондағылардан жақсы», – деді», – деп айтқан (1880/112). қамтамасыз етуді осылай еттіңдер ме?» деген сөзі
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 1088
Нұғман ибн Бәширден (Аллаһ әкесі екеуіне разы болсын). Ол: «(Бірде) мен Аллаһ елшісінің (с.а.с.) мінбері жанында болғанымда, бір кісі: «Мен Исламды қабылдағанымнан кейін қажыларды сумен қамтамасыз ететінімнен басқа ешқандай амал істемейтініме көңіл аудармаймын», – деді. Басқа біреу: «Мен Исламды қабылдағанымнан кейін, әл-Харам мешітін көркейтетінімнен басқа ешқандай амал істемейтініме көңіл аудармаймын», – деді. Енді біреу: «Аллаһ жолында күресу сендер айтқаннан абзал», – деді. Сонда Омар оларды тыйып тастады және: «Жұма күні Аллаһ елшісінің (с.а.с.) мінбері жанында дауыстарыңды көтермеңдер. Алайда жұма намазын оқып болғанымнан соң кіріп, сендер келісе алмаған нәрсе жайында пәтуа сұраймын», – деді. Сонда Аллаһ тағала: «Сендер қажыларды сумен қамтамасыз етуді және әл-Харам мешітін көркейтуді Аллаһқа және Ақырет күніне иман келтірген сияқты еттіңдер ме?» деген аятты соңына дейін түсірді», – деп айтқан (1879/111).
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 1089
Сәһл ибн Хунайфтан (Аллаһ оған разы болсын). Пайғамбар (с.а.с.): «Кімде-кім Аллаһтан шәһидтікті шын сұраса, Аллаһ оны төсегінде қайтыс болған адамның амалы тоқтайды, ал оның амалы Қиямет күніне дейін арттырылатын болады» деп айтылған. Бұл Аллаһ тағаланың: «Негізінде, олар тірі, Раббыларының алдында ризық алуда» (Әлі Имран, 169) деген сөзіне және Аллаһ жолында мерт болған шәһидтердің рухтары жаннат жемістерімен азықтанатыны жайлы жоғарыдағы хадиске сәйкес келеді. Әбу Дәуд пен әт-Тирмизидің риуаятында: «Қабір сынағынан аман болады» деп айтылған. «Тәубе» сүресі, 19-аят. Аллаһ тағала Өзіне және Ақырет күніне иман келтіру қажыларды сумен қамтамасыз етуден және әл-Харам мешітін көркейтуден анағұрлым артық екенін ескерткен (Ибн Кәсирдің «Тәпсірін» қараңыз). қайтыс болса да, шәһидтердің дәрежелеріне жеткізеді», – деп айтқан (1909/157). артықшылығы жайлы
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 1090
Әнәстен (Аллаһ оған разы болсын). Пайғамбар (с.а.с.): «Жаннатқа кіретін ешкім осы дүниеге оралуды және өзінде жер бетіндегі қандай да бір нәрсенің болғанын қаламайды. Тек шәһид қана өзі көретін сый- құрмет себепті қайта оралып, он рет өлтірілуді тілейді», – деп айтқан (1877/109).
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 1091
Омар ибн әл-Хаттабтан (Аллаһ оған разы болсын). Ол: «Аллаһ елшісі (с.а.с.): «Шын мәнінде, амалдар ниетке байланысты . Шын Яғни ол шәһидтің сауабындай сауап алады. Демек, әрбір амал қандай ниетпен істелгеніне байланысты. Кейбір риуаяттарда «ниеттер» деп көпше түрде келген, ол риуаяттар амалдардың әртүрлі болатыны сияқты ниеттің де әртүрлі болатынына сілтеме жасап тұрғандай. Алайда риуаяттардың көбінде біз қарастырып отырған хадистегідей: «Шын мәнінде, амалдар ниетке байланысты» деп, «ниет» сөзі жекеше түрде келуінің мәнісі: ниеттің орны – жүрек, ал жүрек – біртұтас ағза. Ал амалдардың алуан түрлері болғандықтан, амалдар көпше түрде берілген. Сондай-ақ ниеттің түп-төркіні ықыласқа барып тіреледі. Ықылас – серігі жоқ жалғыз Аллаһқа арналатын жалқы ұғым. Ниет жайлы ән-Нәуәуи: «Ниет деген – мақсат, ол – жүректің шешімі», – деген. Фиқһ ғалымдары «ниет амалдың тірегі ме, әлде шарты ма?» деген мәселеге қатысты пікір қайшылығына түскен. Олардың арасындағы ең салмағы басым пікір: амалдардың алдында ниеттің ойда болуы амалдың тірегі саналады. Ал ниеттің амалмен бірге жүруі, яғни амалға шариғат бойынша оны жоққа шығаратын бір нәрсе араластырмау шарт ретінде қарастырылады. Араб тілінің ережесі бойынша «Шын мәнінде, амалдар ниетке байланысты» деген сөйлемде оны толықтыратын бір сөз түсіп қалған. Бұл сөз жөнінде ғұламалар арасында көптеген пікір айтылған. Біреулер: «Шын мәнінде, амалдар ниетке байланысты бағаланады» деп түсінік берсе, басқа біреулер: «Амалдар ниетке байланысты кәміл болады»; «дұрыс болады»; «орындалады»; «орын алады» деп түсіндіруге тырысқан. Амалдар ниетке байланысты болса, амалдың ниетін, мәселен, ол намаз ба әлде басқа ғибадат түрі ме, парыз ба, әлде нәпіл ме, бесін намазы ма, әлде екінті намазы ма, қысқартылған сапар намазы ма, әлде тұрғылықты кездегі толық намаз ба, осыны нақтылап алуы тиіс. Әйтсе де «осы тәрізді амалдарда оның санын да нақтылау қажет пе?» деген сұрақ туады. Бұл туралы көптеген пікір айтылған. Олардың арасындағы ең салмағы басым пікір: белгілі бір сан мөлшерінен өзгермейтін ғибадаттарда сол ғибадаттың өзіне ғана ниет ету жеткілікті. Мысалы, жолаушы адам намазды оны қысқарту ниетімен ғана қысқартып оқиды. Бірақ оның төрт ракағатты намаздарда екі ракағатқа ниет етуі қажет емес. Өйткені бұл намазды қысқартып оқу талабының ішіне кіреді. Аллаһ – жақсы Білуші. Ғалымдар ниет амалға және амал арналғанға мәнінде, әрбір кісіге ниеттенген нәрсесі ғана тиесілі . Кімнің қоныс аударуы Аллаһқа және Оның елшісіне болса, оның қоныс аударуы қатысты ниетті қамтитынын көрсеткен. Мұндағы амалға қатысты ниет: намаз, зекет, ораза, қажылық және де басқа құлшылықтың бәрі ниетпен, ғибадаттың белгілі бір түріне ниет еткенде ғана дұрыс болады. Бір құлшылық өзінің әр алуан түрін қамтуы ықтимал. Мәселен, намаз парыз, арнайы не жалпы нәпіл намаздарды қамтиды. Бұл тұрғыда жалпы нәпіл намаздар үшін тек намаз оқуға ниет ету жеткілікті, ал белгілі бір парыз намазы не үтір немесе парыз намаздардан бұрын не кейін оқылатын сүннет намаздары сияқты нәпілдерге намаз оқу ниетімен қатар міндетті түрде нақты сол намазға ниет етілуі тиіс. Бұл айтылғандар құлшылықтың басқа түрлеріне де қатысты. Сонымен қатар ғибадатты әдеттегі іс-әрекеттерден ажырату қажет. Мәселен, адам тазалық не сергіп алу үшін немесе жүніптіктен не мәйітті жуғаннан кейін не болмаса жұма намазы және т.с.с. үшін ғұсыл құйынуы мүмкін. Мұндай жағдайда ғұсыл кезінде ластықтан тазаруды ниет ету керек, әйтпесе ол жай ғана жуынуға жатады. Амал арналғанға қатысты ниет – пенденің өзі істейтін және бас тартатын әрбір әрекетінде, сондай-ақ әрбір сөзі мен амалында Аллаһқа ықылас танытуы. Мұнда пенде Аллаһтың дидарын қалап, Оған жақын болу, марапатына ұмтылу, сауабынан үміт ету және жазасынан қорқу мақсаты астында өзінің барлық іс-амалдарында жалпылама ниет етуі тиіс. Содан кейін бұл ниет әрбір жеке амалдар мен сөздерде және барлық жағдайларда шын ықыласты жүзеге асырып, оны кемелдендіруге, оған қарсы келетін риякерлік, даңғойлық, жұрттан мақтау есіту мен олардың өзін құрметтеуін қалау секілді әрекеттерге жол бермеуге ұмтылыс ретінде қатар жүруі керек. Ал әлгіндей бір нәрсе көңіліне ұялай қалса, пенде оны мақсатына, өз қалауының шегіне айналдырмай, керісінше, түпкі мақсатын жұртқа көңіл аударуға, олардан пайда көруге не мақтау естуге емес, Аллаһтың дидарына және Оның марапатына ұмтылуға жүгіндіруі қажет. Пайғамбарымыздың (с.а.с.) хадистеріндегі жиі қайталанатын ниет осы мағынада келген. Ахмад пен Ибн Мәжәһ Зәйд ибн Сәбиттен (Аллаһ оған разы болсын) риуаят еткен хадисте Аллаһ елшісі (с.а.с.): «Кімнің ойы тек дүние болса, Аллаһ оның ісін тоз-тоз етеді және оның мұқтаждығын екі көзінің арасына қояды әрі оған дүниеден тағдырында жазылғаннан басқа еш нәрсе келмейді. Ал кімнің ниеті Ақырет болса, Аллаһ оның ісін жинақтайды және оның байлығын жүрегіне орнатады әрі оған дүние өзі-ақ келеді», – деп айтқан. Мұны кейбір ғалымдар: «Бұл сөйлем «Шын мәнінде, амалдар ниетке байланысты» деген әуелгі сөйлемнен басқа мағынаны көрсетеді. Өйткені бірінші сөйлем амалдар ниетке ілесіп, онымен бірге орындалатынын, сөйтіп, үкім осыған байланысты берілетінін ескертсе, екінші сөйлем амал істеушіге ниет еткен нәрсесі ғана бұйыратынын көрсетеді», – деп түсіндірсе, ән-Нәуәуи: «Екінші сөйлем ниет етуші ниетін нақтылап алуы шарт екенін көрсетеді. Мәселен, қаза намазы бар адам тек қаза намазына ғана ниет етуі жеткіліксіз. Ол өткізіп алған намазы бесін бе, әлде аср ма соны нақтылап алуы қажет»; Ибн әс-Самғани: «Бұл сөйлем ғибадат үкімінен тыс амалдар үшін адам Аллаһқа жақындауды ниет еткенде ғана сауап алатынын көрсетеді. Мысалы, адам тамақтанғаны үшін ол арқылы бойсұну амалдарына қуат жинауды ниет еткенде ғана сауапқа ие болады», – деп түсінік береді. Демек, «Шын мәнінде, амалдар ниетке байланысты» деген сөз амалдардың, «Шын мәнінде, әрбір кісіге ниеттенген нәрсесі ғана тиесілі» деген сөз амал істеушілердің жағдайын таразылайды. Бірінші сөйлем амалдардың сауапқа ие болуы не сауапсыз Аллаһқа және Оның елшісіне болып табылады. Ал кімнің қоныс аударуы мал-дүние табу үшін немесе әйелге үйлену үшін болса, оның қоныс аударуы сол қоныс аударған нәрсесіне болып табылады», – деді», – деп айтқан (1907/155). қалуы ниетке байланысты екенін, екінші сөйлем әрбір адамның сауапқа қол жеткізуі не одан мақрұм қалуы ниетіне байланысты екенін көрсетеді. Яғни екі сөйлем бірін- бірі толықтырып, нақтылайды. Мысалы, қасақана жамандық жасаған адам мен оны қателесіп істеген адамның жазасы бірдей болмайды. Тіпті ниеті игі болса, адам қателескені үшін де сауап алуы мүмкін. Керісінше, аса зор амалдарды істеген адамдар ниеті игі болмаса, жазаға тартылады. Әйтсе де кейбір амалдар үшін арнайы ниетсіз де сауап алу мүмкін. Оларда жалпылама ниет болуы жеткілікті. Мәселен, Аллаһты еске алу сөздері, дұғалар, Құран оқу. Алайда адам Аллаһты еске алу кезінде Оған жақындауды ниет етсе, көбірек сауапқа қол жеткізеді. Сондықтан да имам әл-Ғазали: «Бейғам күйде болса да, тілдің Аллаһты еске алумен шұғылдануы сауапқа жеткізеді. Өйткені бұл оның ғайбатпен шұғылдануынан жақсы. Тіпті ол Аллаһтың белгілері жайлы ой жүгіртуден ада үнсіздіктен де жақсы», – деп айтқан. Мұны Пайғамбарымыздың (с.а.с.): «...Сондай-ақ сендердің біріңнің (әйелімен) жыныстық қатынас жасауында да садақа бар» деген хадисі нақтылай түседі. Сахабалар: «Уа, Аллаһтың елшісі! Біреуіміз шақуатын қанағаттандырса, мұнда ол үшін сауап бар ма?» – деп сұрағанда, Пайғамбар (с.а.с.): «Қалай қарайсыңдар, егер ол (шақуатын) харамға жұмсаса, оған күнә болар ма еді? Сол сияқты оны халалға жұмсаса, оған сауап болады», – деп айтқан (Муслим, Әбу Дәуд, Ибн Мәжәһ, Ахмад). Ал «қандай да бір күнәлі істен бас тартуда сауап жазылу үшін ниет қажет пе, жоқ па?» деген сауалға келсек, мұнда ниетсіз, жалаң бас тартуға сауап жазылмайды. Бұл тұрғыда күнәдан шариғат әміріне бойсұну ниетімен тыйылған адам ғана сауапқа қол жеткізеді. Демек, хадистің түйіні «амалдар барлық тұрғыда ниетті қажет етеді» деген тұжырымға келіп тіреледі. Анығы бір Аллаһқа аян. Бұл хадистің мәнмәтіні дүние табу не әйелге үйлену үшін қоныс аударудан бас тартуға ынталандырып тұрғандай түйіледі. Әйтсе де бұлар үшін қоныс аудару мүлдем айыпталады деп түю дұрыс емес. Бірақ бұл шын ықыласты қоныс аударудың кемшіндігін айғақтайды. Дегенмен қоныс аударуы арқылы күпірлік жайлаған отаннан безуді және сонымен бірге әйелге үйленуді ниет еткен адамның қоныс аударуы мүлдем тұрпайы не теріс сипатқа ие емес. Алайда оның сауабы шын ықыласпен қоныс аударған адамға қарағанда кемшін болады. Хадистің мәнмәтіні тек әйелге үйленуді қалап қоныс аудару әрекетін айыптайды. Ал қоныс аударуды, сонымен бірге әйелге үйленуді мақсат еткен адам қоныс аудару мақсаты үшін сауап алуы мүмкін. Бірақ оның сауабы шын ықыласымен қоныс аударған адамның сауабынан кемшін түседі. Сондай-ақ қоныс аудару мәселесінен тыс жағдайда әйелге үйленуге байланысты жалаң сипаттағы мақсат туралы да осыны айтуға болады. Өйткені ол мубах істерге жатады. Адам оны нәпсісін тыю сияқты Аллаһқа жақындау ниетімен істейтін болса, сауап алуы мүмкін. Бұған мысал ретінде Әбу Талханың Исламды қабылдауы жайлы әңгімені ұсынуға болады. Ән-Нәсәи жеткізген хадисте Әнәстің: «Әбу Талха Умму Суләймге үйленді. Олардың арасындағы мәһр – Ислам еді. Умму Суләйм Исламды Әбу Талхадан бұрын қабылдаған-ды. (Әбу Талха) оны айттыра келгенде, (Умму Суләйм): «Расында, мен Исламды қабылдадым. Егер сен де Исламды қабылдасаң, саған күйеуге шығамын», – деді. Сөйтіп, (Әбу Талха) Исламды қабылдап, оған үйленді», – дегені риуаят етіледі. Яғни Әбу Талха Исламды қабылдауға өзінің де көңілі шауып, оған кіруді және сонымен бірге Умму Суләймге үйленуді қалады. Ораза тұту арқылы Аллаһқа құлшылық жасауды әрі диета ұстауды қатар ниет еткен немесе мешітке бару арқылы намаз оқуды және сонымен бірге біреумен кездесуді ниет еткен адам да осыған мысал болады. Сондай-ақ шариғатта рұқсат етілетін болса, Аллаһ тағаланың ғана қолындағы осы дүние мақсатын ниет етуге де болады. Мәселен, Әнәс ибн Мәлик жеткізген хадисте Аллаһ елшісінің (с.а.с.): «Кімді ризығының кеңейтілуі немесе өмірінің ұзартылуы қуантса, ол туыстарымен қатыссын», – дегені риуаят етіледі (әл-Бұхари, Муслим, Әбу Дәуд, Ахмад). Демек, туыстық қатынасты күшейту тұрғысында Аллаһ ризалығы үшін және ризығым артсын деп ниет етуге болады. Алайда ризықты туыстар емес, Аллаһ тағала арттырады. Туыстар тек себепкер ғана, олармен қарым-қатынас жасау себепті осы дүниеде берекеге қол жеткізу мүмкін. Бірақ мұнда да ризығы артуы мақсатын араластырмай, тек Аллаһтың ризалығына жету ниетінде туыстарымен қарым-қатынас жасаған адамның сауабы екеуін бірдей ниет еткен адамның сауабынан көбірек болады. Яғни неғұрлым шын ықыласпен орындалған амал соғұрлым мол сауапқа жетудің себебі. Имам әл-Ғазали сауап алу мәселесіне қатысты мынадай тұжырым жасаған: егер амал дүниелік мақсатта істелсе, оған сауап жазылмайды. Керісінше, діни мақсатта жасалса, соған сай сауапқа қол жеткізеді. Егер екеуі тең түсіп, ниет дүниелік және діни мақсат арасында екіленетін болса, сауап берілмейді. Алайда құлшылықты ниет етіп, бірақ оған ықыласты өзгертетін бір нәрсе араластырған жағдай бұдан тысқары. Ибн Жәрир әт-Табаридің әуелгі буын өкілдерінен нақыл етуінше, мұнда амалдың басындағы ниет есепке алынады. Яғни адам қайсыбір амалының басында ниетін тек Аллаһқа арнаса, бұдан кейін араласқан рия т.с.с. нәрселердің зияны жоқ. Аллаһ – жақсы Білуші. Дін имамдарынан осы қарастырылып отырған хадистің маңызы зор екенін айғақтайтын көптеген нақылдар жеткен. Мәселен, Әбу Абдуллаһ: «Пайғамбар (с.а.с.) хабарларының арасында әмбебаптығы, құндылығы және пайдалылығы жағынан осы хадистен асар ешқайсысы жоқ», – деген. Абдур-Рахман ибн Мәһди, әш-Шафиғи, Ахмад ибн Ханбал, Әбу Дәуд, әт-Тирмизи, әд-Дарақутни сияқты белгілі имамдар бұл хадистің Ислам дінінің үштен бірі екендігіне келіскен. Ибн Мәһди аталмыш хадис білімнің отыз тарауына, ал әш-Шафиғи жетпіс тарауына кіретінін айтқан. Сондай-ақ Ибн Мәһди: «Бұл хадис барлық тараудың басында тұруы тиіс», – деп көрсеткен. Әл-Бәйһақи бұл хадис білімнің үштен бірі екеніне сілтеме жасаған. Өйткені пенденің табысы жүрегі, тілі және дене мүшелері арқылы жүзеге асады. Ал ниет – амалдарға қатысты үш бөліктің бірі әрі таразыда салмағы ең басымы. Себебі ниет кейде өз алдына дербес ғибадат болуы мүмкін. Ал басқа амалдардың бәрі ғибадат санатына кіру үшін ниетті қажет етеді. Сондықтан да «мүміннің ниеті амалынан жақсы» деген мәтел айтылған. Имам Ахмадтың көрсетуінше, бұл хадистің білімнің үштен бірі саналуы себебі, ол – барлық дін үкімдері тоғысатын үш қағиданың бірі болып табылады. Ол қағидаларды осы және «Кімде-кім біздің ісімізге (яғни шариғатымызға) сәйкес келмейтін бір амал істесе, ол қабылданбайды», «Халал анық, харам да анық» деген хадистер құрайды. Имам Әбу Дәуд: «Бұл хадис Исламның тең жартысын құрайды», – деп, екінші жартысы ретінде «Кімде-кім біздің осы ісімізге қатысы жоқ бір жаңалық енгізсе, ол қабылданбайды» деген хадисті көрсеткен. Екінші хадистің басқа бір риуаятында Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Кімде-кім біздің ісімізге сәйкес келмейтін бір амал істесе, ол қабылданбайды», – деген (әл-Бұхари, Муслим). Өйткені адамның барлық амалдары ішкі және сыртқы амалдар ретінде екіге бөлінеді. разы болуы
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 1092
Әнәстен (Аллаһ оған разы болсын). Ол: «Бір адамдар Пайғамбарға (с.а.с.) келіп: «Бізбен бірге бізге Құран мен сүннетті үйрететін бір кісілер жібер», – деді. (Пайғамбар (с.а.с.)) оларға ансарлардан қарилер деп аталатын жетпіс кісіні жіберді. Олардың арасында менің нағашы ағам Харам бар еді. Олар Құран оқитын және (оны) түнде оқып-үйренетін. Ал күндіз мешітке су әкеліп қоятын және отын жинап сатып, суффада тұратындар мен мұқтаждар үшін азық сатып алатын. Пайғамбар (с.а.с.) оларға осыларды жіберді. Бірақ (әлгілер) бұларға шабуыл жасап, оларды межелі жерге жетпес бұрын өлтіріп тастайды. Сонда олар: «Уа, Аллаһ! Біздің хабарымызды Пайғамбарымызға жеткіз. Ақиқатында, біз Саған жолығып, Өзіңе разы болдық әрі Сен де бізге разы болдың», – дейді»2; (Хадисті жеткізуші): «Бір кісі Әнәстің нағашы ағасы Харамға арқа жағынан келіп, найза ұрып тесіп шығарады», – деген. Сонда ол: «Қағбаның Раббысымен ант етейін, мен табысқа жеттім», – дейді. (Бұдан хабар алған) Аллаһ елшісі (с.а.с.) сахабаларына: «Ақиқатында, сендердің бауырларың өлтірілді. Сонда олар: «Уа, Аллаһ! Біздің хабарымызды Пайғамбарымызға жеткіз. Ақиқатында, біз Саған жолығып, Өзіңе разы болдық әрі Сен де бізге разы болдың», – деді», – деп айтқан» (1902/147).
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 1093
Әбу Һурайрадан (Аллаһ оған разы болсын). Аллаһ елшісі (с.а.с.): «Бір кісі жолда келе жатып, жол үстінен тікеннің бұтағын көріп, оны (шетке) ысырып тастайды. Сонда Аллаһ оны алғысқа бөлеп, кешірді»3; Мұндағы ішкі амал таразысы осы хадис болса, екінші хадис – сыртқы амалдар таразысы. Адамның ішкі және сыртқы амалдарын осы екі хадис өлшеп, реттеп тұрады әрі осы екі хадис діннің екі басы саналады. Кімде-кім ішкі таразысын жоғалтса, яғни ниет жөніндегі хадисті естен шығарып, Аллаһ ризалығынан өзгені көздей бастаса, ол Аллаһқа серік қосу қаупіне ұрынады. Ал кімде-кім сыртқы таразысын, яғни екінші хадисті ұмытып, шариғатқа қарсы келетін немесе дұрыстығына шариғат негіздерінде не жалпылама нұсқауларында ешқандай дәлел болмаған істерге кіріссе, онда оған дінге ойдан шығарылған жаңалық енгізу бейнесіндегі бидғат деген нәубет келеді. Ондай жағдайда оның амалдары есепке алынбай, кері қайтарылады. Сол кездері үй-күйсіз кедейлер тұрған Пайғамбарымыздың (с.а.с.) мешітіндегі қалқа орын осылай аталатын. Бұл Аллаһ тағаланың: «Ол оларға разы болды, ал олар Оған разы болды» деген сөзіне сәйкес келеді (Бәйинә, 8). Ғалымдар: «Аллаһ олардың құлшылықтарына разы болды, ал олар Аллаһ берген игіліктерге және Ол бөлеген сый-құрметке разы болды», – деп айтқан. Басқа бір хадисте айтылғандай, жол үстінен адамдарға зиян келтіретін әлденені алып тастау да иман тармағының біріне жатады. Сондай-ақ ол (с.а.с.): «Шәһидтердің бес түрі бар: обадан қайтыс болған, іш ауруынан қайтыс болған, суға батып өлген, қирандының астында қалған және Аллаһ тағаланың жолында шәһид болған адам», – деп айтқан (1914/164).
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 1094
Хафса бинт Сириннен . Ол: «Әнәс ибн Мәлик менен: «Яхия ибн Әбу Амра неден қайтыс болды?» – деп (сұрады)»; Ол: «Мен: «Обадан», – дедім», – деген. – «Сонда ол: «Аллаһ елшісі (с.а.с.): «Обадан (өлу) әрбір мұсылман үшін шәһидтік», – деп айтқан», – деді» (1916/166).
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 1095
Абдуллаһ ибн Амр ибн әл-Астан (Аллаһ әкесі екеуіне разы болсын). Аллаһ елшісі (с.а.с.): «Шәһидтердің қарызынан басқа барлық күнәсі кешіріледі», – деп айтқан (1886/119).
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 1096
Әбу Қатададан (Аллаһ оған разы болсын). (Бірде) Аллаһ елшісі (с.а.с.) олардың арасында тұрып, оларға Аллаһ жолында күресу мен Аллаһқа иман келтіру амалдардың ең абзалы екенін айтқан. Сонда бір кісі орнынан тұрып: «Уа, Аллаһтың елшісі! Айтшы, егер мен Аллаһтың жолында өлтірілсем, менің күнәларым кешіріле ме?» – деп (сұрады). Аллаһ елшісі (с.а.с.) оған: «Иә, егер сен Аллаһтың жолында сабырлы, Аллаһтың сыйын үміт еткен, алға ұмтылып, шегінбеген күйіңде өлтірілсең», – деді. Содан кейін Аллаһ елшісі (с.а.с.): «Сен қалай дедің?» – деп (сұрады). Ол: «Айтшы, егер мен Аллаһтың жолында өлтірілсем, менің күнәларым кешіріле ме?» – деді. Сонда Аллаһ елшісі (с.а.с.): «Иә, сен сабырлы, Аллаһтың сыйын үміт еткен, алға ұмтылып, шегінбеген халде болсаң. Мәлик «Муатта» кітабында, Әбу Дәуд (№3111), Ибн Мәжәһ (№2803) және ән- Нәсәи (№1846) Жәбир ибн Атиктан риуаят еткен хадисте: «Аллаһ жолында мерт болғаннан басқа жеті түрлі адам – шәһид» деп, обадан қайтыс болған, іш ауруынан қайтыс болған, суға батып өлген, қирандының астында қалып өлген, өкпе ауруынан қайтыс болған, өрт ішінде қалып өлген адам және құрсағындағы сәбиімен қайтыс болған әйел айтылған. Ән-Нәуәуи «бұл хадистің «сахих» хадис екендігінде дау жоқ» деген. Хафса бинт Сирин – табиғин әйел, хадис жеткізуші. Яхия ибн Сирин Әбу Амра Хафса бинт Сириннің бауыры еді. Осы хадистің өзге бір риуаятында Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Аллаһ жолында мерт болу қарыздан басқаның барлығын жуады», – деп айтқан. Алайда қарыз алу күнә емес. Музһирдің айтуынша, Пайғамбарымыз (с.а.с.) мұнымен біреудің ақысын өтеусіз қалдырудан сақтандырған. Бірақ қарыздан басқасы. Өйткені Жәбірейіл (аләйһис-сәләм) маған осыны айтты», – деген (1885/117).
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 1097
Әбу Һурайрадан (Аллаһ оған разы болсын). Ол: «Бір кісі Аллаһ елшісіне (с.а.с.) келіп: «Уа, Аллаһтың елшісі! Айтшы, бір кісі дүние- мүлкімді тартып алуды қалап келсе, (не істеуім керек)?» – деп (сұрады. Пайғамбар (с.а.с.)): «Оған дүние-мүлкіңді берме», – деді. «Айтшы, егер ол менімен шайқасса ше?» – деп (сұрады). «Сен де онымен шайқас», – деді. «Айтшы, егер ол мені өлтірсе ше?» – деп (сұрады). «Онда сен шәһид боласың», – деді. «Айтшы, егер мен оны өлтірсем ше?» – деп (сұрады. Сонда Пайғамбар (с.а.с.)): «Ол тозақта болады», – деді», – деп айтқан (140/225). Аллаһқа берген серттерін орындағандар бар» деген сөзі
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 1098
Сәбиттен . Ол: «Әнәс (Аллаһ оған разы болсын): «Менің өзіммен аттас көкем Аллаһ елшісімен (с.а.с.) бірге Бәдір (шайқасына) қатыспай қалған еді. Бұл оған ауыр тиіп, ол: «Мен Аллаһтың елшісі (с.а.с.) қатысқан алғашқы шайқасқа қатыса алмай қалдым. Осыдан Аллаһ маған болашақта Аллаһ елшісімен (с.а.с.) бірге шайқасқа қатыстырса, міндетті түрде Аллаһ менің не істейтінімді көреді», – деді. Ол бұдан басқа сөз айтуға қорықты . Сөйтіп, ол Аллаһ елшісімен (с.а.с.) бірге Ухуд күніне қатысты. Сонда Әнәс (ибн Надр) қарсы алдынан шыққан Сағд ибн Муғазға: «Ей, Әбу Амр! Қайда (барасың)?» – дейді. Содан кейін ол: «Пах, жаннаттың иісін-ай! Мен оны Ән-Нәуәуидің айтуынша, игі амалдар Аллаһ тағаланың алдындағы міндеттерге қатысты күнәларды жуады, бірақ олар адамдардың құқықтарына қатысты күнәларды жумайды. Біреуді дүние-мүлкін тартып алу үшін өлтірген адам бұған рұқсат етіледі деп есептемеген немесе оны қате түсінікпен істеген жағдайда, тозаққа лайық болады. Ал егер оған рұқсат етіледі деп есептесе, кәпір болады. Сағид ибн Зәйд (Аллаһ оған разы болсын): «Мен Аллаһ елшісінің (с.а.с.): «Дүние- мүлкін қорғап мерт болған адам шәһид болады, өмірін қорғап мерт болған адам шәһид болады, дінін қорғап мерт болған адам шәһид болады және отбасын қорғап мерт болған адам шәһид болады», – деп айтқанын естідім», – деген (Әбу Дәуд, әт-Тирмизи). Әт-Тирмизи бұған «хасан сахих» хадис деп баға берген. Ән- Нәуәуи, адамның отбасын қорғауы міндетті екені жайлы пікір қайшылығы жоқтығын айтқан. «Ахзаб» сүресі, 23-аят. Сәбит әл-Бунәни – табиғин, хадис жеткізуші. Мұнда Әнәс ибн Надр (Аллаһ оған разы болсын) туралы айтылған. Бұл әл- Бұхаридің «Сахихінде» анық көрсетілген (№2805). Яғни ол Аллаһқа берген уәдесін орындай алмай қалудан қорыққан. Ухуд жақтан сезіп тұрмын», – дейді . Содан ол олармен өлтірілгенінше шайқасты. (Шайқас аяқталған соң) оның денесінен сексеннен аса қылыш соққысы мен найза түйреуі және жебе қадалуы табылды. Оның қарындасы, әрі менің әкемнің қарындасы Рубайиғ бинт Надр: «Бауырымды саусағының ұшынан ғана таныдым», – деді . Сонда: «Иман келтіргендердің ішінде Аллаһқа берген серттерін орындағандар бар. Олардың ішінде сертін өтегендері (қаза болғандары) әрі олардың ішінде күтіп жүргендері бар . Олар (серттерін) еш өзгертпеді» (деген) осы аят түсті. (Адамдар) бұл соған және сол сияқтыларға қатысты түскен деп санайтын», – деді», – деп айтқан (1903/148). адам
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 1099
Әбу Мұса әл-Ашғариден (Аллаһ оған разы болсын). Бір бәдәуи кісі Пайғамбарға (с.а.с.) келіп: «Уа, Аллаһтың елшісі! Бір кісі олжа үшін соғысады, бір кісі атағын шығару үшін соғысады, енді бір кісі көзге түсу үшін соғысады, сонда кім Аллаһтың жолында?» – деп (сұрағанда), Аллаһ елшісі (с.а.с.): «Кім Аллаһтың сөзі бәрінен жоғары болуы үшін соғысса, сол – Аллаһтың жолында», – деп айтқан (1904/149). Әл-Бұхари жеткізген риуаятта айтылғандай, ол мұсылмандар жеңіліп, кері шегіне бастағанда: «Уа, Аллаһ! Мен Өзіңе мыналардың (яғни жолдастарының) істегенінен кешірім сұраймын және Өзіңе аналардың (яғни мүшріктердің) істегеніне қатысым жоқтығын жариялаймын», – деп алға ұмтылған және өзіне қарсы жолыққан Сағд ибн Муғазға осы сөздерді айтқан. Шайқас аяқталғаннан кейін Сағд: «Уа, Аллаһтың елшісі! Мен оның істегенін (істей) алмадым», – деп өкінген. Сол сәтте Әнәс ибн Надр, шын мәнінде, жаннаттың иісін сезген болуы әбден мүмкін. Өйткені «сахих» хадистерде жаннаттың иісі бес жүз жылдық қашықтыққа тарайтыны айтылған. Мерт болған соң мүшріктер оның денесін кескілеп қорлап тастағандықтан, оны қарындасынан басқа ешкім тани алмаған еді. Яғни дін үшін соғыста қаза тауып, жаннатқа бару үмітінде Аллаһ жолында соғысып, шәһид болар күнін күтіп жүргендері бар. Мұнда «Аллаһтың сөзі» деп Аллаһ тағаланың діні Исламға шақыру меңзелген. Бәлкім, мұнда соғысу себебі тек қана Аллаһтың сөзі жоғары болуын талап еткен адамнан басқа ешкімнің Аллаһ жолында саналмайтыны көрсетілуі мүмкін. Мұның мағынасы: егер адам осы ниетіне хадисте айтылған немесе басқа себептердің бірін араластырса, бұл арқылы оның ниеті бұзылады. Бәлкім, аталмыш себептердің бірі түпкі, негізгі ниет ретінде емес, жанама мақсат ретінде араласса, бұзылмауы да мүмкін. Әт-Табари бұған ашық сілтеме жасап: «Егер негізгі түрткі әуелгі болса, оған осыдан кейін араласқан (мақсаттардың) зияны жоқ. Ғұламалардың басым көпшілігі осыны айтқан», – дейді. Алайда Әбу Дәуд пен ән-Нәсәи жақсы иснадпен Әбу Умамадан риуаят еткен хадисте: «Бір кісі келіп: «Уа, Аллаһтың елшісі! Сауап әрі атақ іздеп жорыққа шыққан кісіге қалай қарайсың, оған не бұйырады?» – деп (сұрағанда, Пайғамбар (с.а.с.)): «Оған ештеңе бұйырмайды», – деді. (Әлгі кісі сұрағын) үш рет қайталаса да, бәрінде: «Оған ештеңе бұйырмайды», – деген жауап алды. Содан кейін Аллаһ елшісі (с.а.с.) оған: «Ақиқатында, Аллаһ
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 1100
Сүлеймен ибн Ясардан . Ол: «Адамдар Әбу Һурайраның (Аллаһ оған разы болсын) алдынан тараған соң, Шам өлкесінің тұрғыны Нәтил2: «Уа, шейх! Бізге өзің Аллаһ елшісінен (с.а.с.) естіген бір хадисті айтып берші», – деді», – деп айтқан. «(Сонда Әбу Һурайра): «Иә. Мен Аллаһ елшісінің (с.а.с.): «Ақиқатында, Қиямет күні үкім берілетін адамдардың ең біріншісі – шәһид болған кісі», – деп айтқанын естідім», – деді. «Оны әкеліп, (Аллаһ) оған Өзі берген игіліктерді есіне салады, ал ол бұларды мойындайды. (Аллаһ одан): «Сен бұлар үшін не амал істедің?» – деп (сұрайды). Ол: «Сен үшін шәһид болғанымша соғыстым», – дейді. (Аллаһ оған): «Өтірік айтасың! Керісінше, сен «(пәленше) ержүрек!» деп айтылуы үшін соғыстың. Солай айтылды!» – дейді. Содан кейін оған қатысты бұйрық беріліп, ол бетімен сүйретіліп апарылып, тозаққа лақтырылады. Және де білім үйреніп, оны үйреткен, Құран оқыған кісі. Оны әкеліп, (Аллаһ) оған Өзі берген игіліктерді есіне салады, ал ол бұларды мойындайды. (Аллаһ одан): «Сен бұлар үшін не амал істедің?» – деп (сұрайды). Ол: «Білім үйреніп, оны үйреттім және Сен үшін Құран оқыдым», – дейді. (Аллаһ оған): «Өтірік айтасың! Керісінше, сен «(пәленше) ғалым!» деп айтылуы үшін білім үйрендің және «(пәленше) қари!» деп айтылуы үшін Құран оқыдың. Солай айтылды!» – дейді. амалдардан шын ықыласты болғанды әрі Өзінің дидары көзделгенді ғана қабыл етеді», – деді» деп айтылған. Әйтсе де мұны екі істі де тең дәрежеде мақсат еткен адамға қатысты деп жорамалдауға болады. Мақсаттардың ең негізгісі – тек Аллаһтың сөзі жоғары болуын қалау, ал одан басқа мақсаттардың нәтижелі болуы да, болмауы да мүмкін. Ибн Әбу Жамра: «Талдау жасаушылар: «Егер басты түрткі Аллаһтың сөзі жоғары болуын мақсат ету болса, оған араласқан (басқа мақсаттың) зияны жоқ», – деген», – дейді. Аллаһтың сөзі жоғары болуы үшін көзделген мақсат басты түрткі болған жағдайда, оған жанама басқа мақсаттың араласуы бұл мақсатты бұзбайтынын Әбу Дәуд «хасан» иснадпен жеткізген хадис көрсетеді. Онда Абдуллаһ ибн Хауала: «Аллаһ елшісі (с.а.с.) бізді мініс көлігін олжалауымыз үшін аттандырды. Біз ештеңе олжалай алмай қайттық. Сонда жүзімізден қиналу байқаған ол арамызда тұрып: «Уа, Аллаһ! Оларды маған тапсырма, оларға әлсіздік танытамын, оларды өздеріне де тапсырма, олар бұған шарасыздық танытады, оларды адамдарға да тапсырма, олар бұлардан өздерін жоғары қояды», – деді», – деп айтқан. Аллаһтың сөзі жоғары болуын талап ету Аллаһ тағаланың ризалығын, Оның сауабын және Оның дұшпандарын жоюды талап етуді де қамтиды. Бұлардың барлығы өзара тығыз байланысты. Хадис амалдардың ізгі ниет арқылы ғана есепке алынатынын, Аллаһ жолында күресуші жөнінде айтылған қадір-қасиеттер Пайғамбар (с.а.с.) сілтеме жасаған адамға қатысты екенін баяндайды. Сондай-ақ ол дүниеге ұмтылудың және жеке басы үшін бойсұнудан тыс соғысқа ұмтылудың айыпталатынын көрсетеді (қ.: «Фатх әл-Бәри»). Сүлеймен ибн Ясар – табиғин, хадис жеткізуші, Мәдинаның әйгілі жеті фақиһінің бірі. Мұнда сахабаның ұлы, табиғин, өз тайпасының көсемі, палестиналық Нәтил ибн Қайс әл-Хизами әш-Шами туралы айтылған. Содан кейін оған қатысты бұйрық беріліп, ол бетімен сүйретіліп апарылып, тозаққа лақтырылады. Және де Аллаһ (ризығын) кең еткен және барлық мал-дүниенің түр-түрінен берген кісі. Оны әкеліп, (Аллаһ) оған Өзі берген игіліктерді есіне салады, ал ол бұларды мойындайды. (Аллаһ одан): «Сен бұлар үшін не амал істедің?» – деп (сұрайды). Ол: «Сен қаражат жұмсалуын ұнататын ешбір жолды қалдырмай, Сен үшін оларға мал-дүние жұмсадым», – дейді. (Аллаһ оған): «Өтірік айтасың! Керісінше, «(пәленше) жомарт!» деп айтылуы үшін солай жасадың! Солай айтылды!» – дейді. Содан кейін оған қатысты бұйрық беріліп, ол бетімен сүйретіліп апарылып, тозаққа лақтырылады» (1905/152). көптігі
Аударма: қазақша · открыть с поиском
← Хадисы 1001–1050ОглавлениеХадисы 1101–1121 →