Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша)

Хадисы 1101–1121 (Қонақты Күту Кітабы)
← Хадисы 1051–1100Оглавление
Глава 17. Қонақты Күту Кітабы
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 1101
Барадан (Аллаһ оған разы болсын). Ол: «Ансарлар қатарындағы бәну нәбит тайпасынан бір кісі келіп: «Мен Аллаһтан басқа ешбір құдай жоқтығына және сен Оның құлы әрі елшісі екеніңе куәлік беремін», – деді. Содан кейін (Аллаһ жолында) шайқасып, мерт болды. Сонда Пайғамбар (с.а.с.): «Ол аз амал істеп, көп сый алды», – деп айтты», – деген (1900/144). ие болған адам жайлы
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 1102
Абдуллаһ ибн Амрден (Аллаһ әкесі екеуіне разы болсын). Ол: «Аллаһ елшісі (с.а.с.): «Қайсыбір жорық жасаушы немесе барлаушы жасақ жорыққа шығып, олжаға ие болса және аман қалса, ақиқатында, олар сыйларының үштен екісін жедел түрде алады . Ал қайсыбір жорық жасаушы немесе барлаушы жасақ олжасыз қайтса және қиындыққа тап болса, ақиқатында, олардың сыйлары толық болады», – деді», – деп айтқан (1906/154).
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 1103
Зәйд ибн Халид әл-Жуһәниден (Аллаһ оған разы болсын). Аллаһ елшісі (с.а.с.): «Кімде-кім Аллаһ жолында бір жорыққа шығушыны жабдықтаса, ол жорыққа шыққан болады, ал кімде-кім оның отбасын Бұл хадис мұсылмандарды игі амалдарды шын ықыласпен орындауға үндейді әрі оларды рия және жеке басының даңқы үшін істеуге тыйым салады. Бұл жайлы «Бәйинә» сүресінің 4-аятында: «Олар Аллаһқа сенімдерін тазартқан, тура жолды ұстанған күйлерінде ғана құлшылық етуге бұйырылды» деп айтылған. Қалған үштен бірі Ақырет өміріне қалады. жақсылықпен қамтамасыз етсе, ол да жорыққа шыққан болады», – деп айтқан (1895/135). адам (жабдығын) жорыққа шығатын адамға берсін
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 1104
Әнәстен (Аллаһ оған разы болсын). Әсләм (тайпасынан) бір балаң жігіт: «Уа, Аллаһтың елшісі! Шын жүзінде мен жорыққа шығуды қалаймын, бірақ менде өзімді жабдықтайтын еш нәрсе жоқ», – деді. (Пайғамбар (с.а.с.)): «Пәленшеге бар, өйткені ол қамданғаннан кейін науқастанып қалды», – деді. Сөйтіп, ол оған барып: «Ақиқатында, Аллаһ елшісі (с.а.с.) саған сәлем жолдады және өзіңе жабдықтағаныңды маған беруіңді айтты», – деді. (Сонда әлгі кісі әйеліне бұрылып): «Ей, пәленше! Менің өзіме жабдықтағанымды мынаған бер және одан еш нәрсені алып қалма. Аллаһпен ант етейін, одан еш нәрсені алып қалма, сонда саған бұл үшін береке даритын болады!» – деп айтқан (1894/134).
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 1105
Сүлеймен ибн Бурайдадан . Оның әкесі: «Аллаһ елшісі (с.а.с.): «(Аллаһ жолында) соғысушылардың әйелдеріне қатысты тыйым жорыққа шықпай қалғандар үшін аналарына қатысты тыйым сияқты . Жорыққа шықпай қалғандардан қайсыбір кісі (Аллаһ жолында) соғысқа шыққандардан бір кісінің отбасында оның орнын басып, оған (отбасына) қатысты опасыздық жасаса, ол Қиямет күні міндетті түрде оның алдына тоқтатылып, ол оның амалынан қалағанынша алады. Енді сендердің ойларың не?!» – деді», – деп айтқан (1897/139). Яғни жорыққа қатысқандай сауап алады. Бұл хадис пайдалы және маңызды істермен айналысып жүрген адамдарға жәрдемдесе отырып, игі амалдар жасауға ынталандырады. Сахаба Бурайда ибн Хасибтың ұлы, табиғин, хадис жеткізуші. Яғни Аллаһ жолында жорықта жүргендердің әйелдеріне арам оймен сұқтанып қарауға, олармен оңаша қалуға және рұқсат етілмейтін жолмен әңгімелесуге т.с.с. тыйым салынады. Әрине, мұндай тыйымдар басқалардың әйелдеріне де қатысты, ал жорықта жүргендердің әйелдеріне бұлай жасау аса қатаң түрде қарастырылады. Алайда арам ойсыз оларды қамтамасыз ету, оларға жақсылық жасау және қажеттіліктерін өтеу олардың күйеуімен бірге жорықта болғандай сауапқа жеткізеді. Келесі бір риуаятта: «оның сауабынан қалағанынша алады» делінген. Ал Қиямет күні адамға біреудің игі амалынан қалағанынша алу мүмкіндігі берілсе, оның сауабынан еш нәрсені қалдырмастан түгел алады. Анығы Аллаһқа аян (ән-Нәуәуи). Қиямет келгенге дейін ақиқатта үстем болудан танбайды» деген сөзі
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 1106
Сәубаннан (Аллаһ оған разы болсын). Ол: «Аллаһ елшісі (с.а.с.): «Менің үмбетімнен бір топ ақиқатта үстем болудан танбайды. Оларды жәрдемсіз қалдырғандар Аллаһтың әмірі келгенге дейін оларға зиян тигізе алмайды. Олар осындай күйде болады», – деді», – деп айтқан (1920/170). Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Менің үмбетімнен бір топ ақиқатта үстем болудан танбайды» деп Ислам үмбетіне тиісті кейбір адамдар туралы айтқан. Өйткені тағы бір риуаятта: «Мұсылмандардан бір топ (адам) Қиямет күніне дейін өздеріне қарсы келушілерден үстем тұрады» делінген. Хадисті түсіндірушілердің сілтемесінде: «Олар өздеріне қарсы келушілерден үстем тұрады» деген сөздің мағынасы аталмыш топ адамдары өз қарсыластарын жеңетінін білдіреді. Себебі Пайғамбардың (с.а.с.): «Олар ақиқатта үстем болады» деуі бұл адамдардың ақиқатты жеңіп, ақиқат олардың алдында жансыз денедей болатындығын нұсқайды. Әл-Бұхари бұлардың Пайғамбардан (с.а.с.) нақыл етілген білімді игергендер екендігін меңзеген. Ахмад ибн Ханбал: «Олар хадисті ұстанушылар болмаса, кімдер екенін білмеймін», – деген. Қазы Ғияд: «Ахмад мұнда сүннетті ұстанушылар мен сүннетті ұстанушылар мазһабы сеніміндегілерді меңзеген», – дейді. Әли ибн әл- Мәдини де бұлардың хадис иелері екенін нұсқаған (Әт-Тирмизи мұны әл-Бұхариден естігенін айтқан). Сондай-ақ әл-Бұхари «Пенделердің іс-амалдарының жаратылуы» атты кітабында «Осылай Біз сендерді орташа үмбет еттік» (Бақара, 143) деген аят жайлы Әбу Сағидтің хадисін келтіргеннен кейін, мұнда Қиямет күніне дейін үстем болатын аталмыш топ меңзелгенін көрсеткен. Абдур-Рахман әл-Мубаракфури бұл топ білімде және амалда ақиқатты ұстанатынын, олар өздерінің дәлелдерімен болса да барлық жалған, өтіріктен үстем болатынын айтқан. Әс-Синдидің айтуынша, ән- Нәсәи де аталмыш топты білім иелері құрайтыны жайлы пікірге мойын бұрған. Әс- Суюти «аят, хадистерге сүйене отырып, өз күшімен шешім табатын мужтаһид ғалымдар осы топқа жатады» деп есептеген. Ал Ән-Нәуәуи: «Бұл адамдар мүміндер сапындағы бірнеше жамағат болуы мүмкін. Олардың арасында батыр да, соғыс тәсілдерінің шебері де, фиқһ білгірі де, мухаддис те, тәпсірші де, адамдарды шариғат құптағанға бұйырып, ол теріске шығарғаннан қайтарумен айналысушы да, тәркі дүниеші де, ғибадатшыл да бар. Олардың бір елде шоғырлануы шарт емес. Керісінше, олардың бір өлкеде шоғырлануы да, жер бетіндегі түрлі өлкелерді мекен етуі де мүмкін. Немесе олар бір елде шоғырланып, әртүрлі топтарға бірігуі де ықтимал. Яки бүкіл жер бетінде олардың кейбірі бірте-бірте азая отырып, ақыр соңында белгілі бір елде бір ғана топ қалуы мүмкін. Сөйтіп, олар да таусылған кезде Аллаһтың әмірі келеді», – деп айтқан. «Ақиқатында, Аллаһ бұл үмбетке әр жүз жылдың басында діндерін жаңғыртатын бір адам жібереді» деген хадиске қатысты да кейбір имамдар осындай пікір білдірген. Яғни әр жүз жылдың басында бір ғана адам келуі шарт емес. Керісінше, бұл өкілдік ән-Нәуәуи айтқан сипатта өрбіп, дінді жаңғырту үшін бірнеше адам жіберілуі мүмкін. Өйткені дінді жаңғыртуға қажет сипаттар игіліктің бір түрімен ғана шектелмейді. Сол сияқты барлық қажетті игі қасиеттер де бір кісінің бойына тоғысуы шарт емес. Демек, әр жүз жылдың басында дінді жаңғыртуға қажетті сипаттардың біріне ие болған адам хадисте көрсетілген тұлға деп айтуға болады. Ондай адам біреу ме, бірнешеу ме –
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 1107
Абдур-Рахман ибн Шимаса әл-Мәһриден . Ол: «(Бірде) мен Мәсләмә ибн Мухалладтың жанында болдым. Оның қасында Абдуллаһ ибн Амр ибн әл-Ас бар еді», – деп айтқан. Сонда Абдуллаһ: «Қиямет жаратылғандардың жамандарына болады. Олар жәһилият дәуіріндегі адамдардан да жаман. Олар Аллаһтан не тілесе де, (Аллаһ) оны (қабылдамай), өздеріне қайтарады», – деді. Олар осылай тұрғанда Ғұқба ибн Амир келді. Мәсләмә оған: «Ей, Ғұқба! Абдуллаһтың не айтып жатқанын тыңдашы», – деді. Ғұқба: «Ол жақсы біледі. Ал мен Аллаһ елшісінің (с.а.с.): «Менің үмбетімнен бір топ жауынан үстем болып, Аллаһтың әмірі бойынша шайқаса береді. Оларға Қиямет келгенге дейін өздеріне қарсы тұрғандар зиян келтіре алмайды. Олар осындай күйде болады», – деп айтқанын естідім», – деді. Сонда Абдуллаһ: «Иә. Содан кейін Аллаһ мисктің иісіндей, жібектей (жұмсақ) тиетін самал жел жіберіп, ол жүрегінде дәннің салмағындай иманы бар ешбір жанды қалдырмай алады. Сосын адамдардың ең жамандары қалып, Қиямет соларға болады», – деді», – деп айтқан (1924/176).
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 1108
Сағд ибн Әбу Уаққастан (Аллаһ оған разы болсын). Ол: «Аллаһ елшісі (с.а.с.): ««Ғарб» иелері Қиямет келгенге дейін ақиқатта үстем болудан танбайды», – деді», – деп айтқан (1925/177). бәрібір. Хадисте «Аллаһтың әмірі келгенге дейін» деп қиямет-қайым алдындағы жел айтылған. Ол жел жүрегінде титтей де иманы бар адамдардың барлығының түгелдей жанын алады. Сөйтіп, жер бетінде ең жаман адамдар қалады. Қиямет- қайым соларға келеді. Наууас ибн Самғаннан риуаят етілген хадисте Пайғамбарымыз (с.а.с.): «...Аллаһ жағымды жел жібергенде әрбір мүмін мен әрбір мұсылманның қолтықтары астынан ұстап, олардың жанын алады. Сөйтіп, жаман адамдар қалады. Олар жер бетінде өзара есектер сияқты қатынас жасайтын болады. Қиямет соларға келеді» (Муслим); Абдуллаһ ибн Амрдан жеткізілген хадисте: «...Сосын Аллаһ Шам тарапынан салқын жел жібереді. Жер бетінде жүрегінде шаң тозаңындай жақсылық немесе иман бар бірде-бір адамды қалдырмай жанын алады. Тіпті біреулерің тау ішіне кіріп кетсе де, артынан кіріп жанын алады», – деп айтқан (Муслим). Абдур-Рахман ибн Шимаса әл-Мәһри – табиғин, хадис жеткізуші. Яғни Аллаһтың шариғаты мен дінін орындауда және оның пайғамбарының сүннетін жандандыруда әрі дінге қарсы шығушылармен күресте (әс-Синди). «Ғарб» сөзінің «батыс», «үлкен шелек», «күш, қайрат» деген бірнеше мағынасы бар. Осы мағыналарға орай, хадиске түсіндірме берушілер де пікір қайшылығына түскен. Мәселен: 1) Оның «үлкен шелек» деген мағынасына басымдық берген Әли ибн әл-Мәдини мұнда арабтар туралы айтылғанын меңзеген. Өйткені арабтар суға көбіне «ғарб» деп аталатын үлкен шелекті пайдаланатын. 2) Кейбіреулер оның «батыс» деген мағынасына сүйеніп, хадисте батыс тұрғындары меңзелгендігін айтқан. Муғаз оны нақтылап, бұлар қазіргі кезде Сирия, Ливан, Йордания және Палестина мемлекеттері орын тепкен Шам өлкесінің тұрғындары екеніне сілтеме жасаған. Өйткені тағы бір хадисте олардың соңғылары Бәйт әл- Мақдисте болатыны айтылған. Сондай-ақ олар Шам өлкесі мен оның төңірегіндегі
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 1109
Әбу Һурайрадан (Аллаһ оған разы болсын). Ол: «Аллаһ елшісі (с.а.с.): «Аллаһ біреуі екіншісін өлтіріп, екеуі де жаннатқа кіретін екі кісіге күледі», – деді. (Адамдар): «(Бұл) қалай, уа, Аллаһтың елшісі?» – деп (сұрағанда), ол: «Мынау өлтіріліп, жаннатқа кіреді . Содан кейін Аллаһ екіншісін тәубеге келтіріп, оны Исламның жолына салады да, кейін ол да Аллаһ жолында шайқасып, шәһид болады», – деді», – деп айтқан (1890/129). кірмейді
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 1110
Әбу Һурайрадан (Аллаһ оған разы болсын). Ол: «Аллаһ елшісі (с.а.с.): «Екі адам тозақта біреуі екіншісіне зиян келтіретіндей сипатта бірге жиналмайды», – деді. (Одан): «Олар кімдер, уа, Аллаһтың елшісі?» – деп (сұрағанда), ол: «Бір кәпірді өлтіріп, кейін туралықта болған мүмін», – деп айтты», – деген (1891/131). халықтар екені жайлы пікір де бар. Әт-Табаранидің риуаятында: «Олар Дамаскінің қақпалары алдында және оның төңірегінде, Бәйт әл-Мақдистің қақпалары алдында және оның төңірегінде соғысады. Оларға өздерін жәрдемсіз қалдырғандардың көмектеспеуі еш зиян тигізе алмайды. Олар Қиямет күніне дейін үстем болады» деп көрсетілген. 3) Бұл сөздің «күш, қайрат» деген мағынасына орай, Қазы Ғияд «мұнда күшті, қайратты адамдар меңзелген» деген пікір келтірген. Ибн Хажар бұл пікірлердің барлығын біріктіріп, «олар Бәйт әл-Мақдисте тұрақтайды, Шам өлкесінің тумалары болады, үлкен шелектен су ішеді, жауларына қарсы күресте күш, қайратқа және табандылыққа ие адамдар» деп қорытуға болатынын айтқан. Яғни кәпірдің қолынан мерт болып, жаннатқа кіретін мұсылман. Бұл хадистің мағынасына байланысты екі түрлі пікір айтылған: 1) Кейбір ғалымдардың пікірінше, мұнда хадисті жеткізушілердің бірінің тарапынан мәтінге өзгерту еніп кеткен, негізінде хадистің мағынасы: «Бір кәпірдің қолынан мерт болған мүмін мен кейін туралықта болған (яғни иман келтірген) кәпір тозақта бірге жиналмайды» деген ұғымды білдіреді. Яғни олардың екеуі де мүмін болғандықтан, тозаққа кірмейді. Демек, бұл хадис біреуі екіншісін өлтіріп, екеуі де жаннатқа кіретін екі кісіге Аллаһтың күлетіні жайлы алдыңғы хадиспен мағыналас болып отыр. Әйтпесе «кейін туралықта болған» деген сөз түсініксіз болар еді. Өйткені мүмін адам онсыз да туралықта болмай ма?! Қазы Ғияд осы пікірді ұстанған. Сондай-ақ осы хадистің Ахмад жеткізген риуаяттарының бірінде (2/399/9175): «Бір кәпір өлтіретін мүмін мен содан кейін туралықта болатын (әлгі бұрын кәпір болған адам)» деп айтылған. Шұғайб әл-Арнаут мұның иснады әл- Бұхари мен Муслимнің шартына сәйкес келетін «сахих» дәрежесінде екенін айтқан. 2) «Мухтасар әл-Мунзири» кітабында айтылуынша, кейбір мухаддистер біз қарастырып отырған риуаят көпшілік риуаяттарға қайшы келеді деп есептеген. Өйткені ол Әбу Исхақ әл-Фазариден ғана риуаят етілген. Олар бұл хадисті: «Кәпірді артықшылығы
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 1111
Әбу Масғұд әл-Ансариден (Аллаһ оған разы болсын). Ол: «Бір кісі бұйдаланған түйе әкеліп: «Мынау Аллаһтың жолына», – деді. Сонда Аллаһ елшісі (с.а.с.): «Саған бұл үшін Қиямет күні барлығы бұйдаланған жеті жүз түйе болады», – деді», – деп айтқан (1892/132).
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 1112
Әбу Масғұд әл-Ансариден (Аллаһ оған разы болсын). Ол: «(Бірде) Пайғамбарға (с.а.с.) бір кісі келіп: «Мен мініс көлігім өліп, жолда қалдым, маған мініс көлігін берші», – деді. (Пайғамбар (с.а.с.)): «Менде жоқ», – деді. (Сол кезде) бір кісі: «Уа, Аллаһтың елшісі! Оған мініс көлігін беретін (адамды) мен көрсетемін», – деді. Сонда Аллаһ елшісі (с.а.с.): «Кімде-кім игілікті көрсетсе, оған оны істеген (адамның) сауабындай (сауап) беріледі», – деп айтты», – деген (1893/133). әртүрлі күш арқылы оларға қарсы әзірлік көріңдер» деген сөзі
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 1113
Ғұқба ибн Амирден (Аллаһ оған разы болсын). Ол: «Аллаһ елшісінің (с.а.с.) мінбер үстінде тұрып: «Сендер де шамаларың келгенше әртүрлі күш арқылы оларға қарсы әзірлік көріңдер». Естеріңде болсын! Ақиқатында, күш – садақ ату. Естеріңде болсын! Ақиқатында, күш – садақ ату. Естеріңде болсын! Ақиқатында, күш – садақ ату (ол мұны үш рет қайталаған)», – дегенін естідім», – деп айтқан (1917/167). өлтіріп, кейін туралықта болатын және одан айнымайтын мүмін адам әлгі кәпірмен тозақта біреуі екіншісіне зиян келтіретіндей сипатта бірге жиналмайды. Әйтсе де ол: «Сендердің әрқайсыларың оған міндетті түрде келеді (яғни тозақ үстіне құрылған сират көпірінен өтеді)» (Мәриям, 71) деген Құран аятына орай, міндетті түрде тозақтан өтетін болады» деп түсіндірген. Ол жеті жүз түйеге сауап алғандай сауап алуы мүмкін. Бәлкім, оған шын жүзінде де жаннатта барлығы бұйдаланған жеті жүз түйе берілуі және ол бұл түйелерді мініп, өзі қалаған жерде серуендеуі ықтимал. Анығы Аллаһқа мәлім. Ән-Нәуәуидің айтуынша, олардың сауабының бірдей болуы шарт емес. Мұнда игілікті көрсеткен адам оны жасаған адам сияқты сауап алатыны меңзелген. Абдур- Рахман әл-Мубаракфури «Тухфат әл-ахуази» кітабында бұдан игілікті жасаған адамның сауабы еш кемімейтінін айтқан. Әл-Қуртубидің айтуынша, бұл хадиске игілікке жол көрсеткен адам оны жасаған адаммен бірдей немесе одан да көп сауап алуы мүмкін деп түсіндірме беру ақиқаттан алыс емес. Өйткені сый, сауап Аллаһ тағаланың мейірімі мен құзіретінде (әл-Қуртубидің бұл сөзін Мұхаммед әл-Азим Әбәди «Сираж әл-мунир» кітабынан келтірген). «Әнфал» сүресі, 60-аят.
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 1114
Ғұқба ибн Амирден (Аллаһ оған разы болсын). Ол: «Аллаһ елшісінің (с.а.с.): «Таяуда сендерге (жаңа) жерлер ашылады және Аллаһ сендерге жеткілікті болады , сонда сендердің ешбірің жебелермен ойнаудан шарасыз болмайды », – деп айтқанын естідім», – деген (1918/168).
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 1115
Абдур-Рахман ибн Шимасадан . (Бірде) Фуқайм әл-Лахми Ғұқба ибн Амирге: «Сен (жасың) үлкен, өзіңе қиын болса да, мына екі нысананың арасында жүгіресің», – дегенде, Ғұқба: «Өзім Аллаһ елшісінен (с.а.с.) естіген бір сөз болмағанда, бұған қиналмас едім», – деген. Харис айтады: «Мен Ибн Шимасадан: «Ол не (сөз)?» – деп (сұрағанымда), ол: «(Пайғамбар (с.а.с.)): «Кім садақ атуды біліп, кейін оны тастап кетсе, бізден емес (немесе бойсұнбаған болады)», – деп айтқан», – деді» (1919/169). болады
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 1116
Жәрир ибн Абдуллаһтан (Аллаһ оған разы болсын). Ол: «Мен Аллаһ елшісінің (с.а.с.) бір жылқының кекілін саусағымен шиыршықтап: «Жылқылардың кекілінде Қиямет күніне дейін игілік: сауап және олжа түйілген», – деп тұрғанын көрдім», – деп айтқан (1872/97).
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 1117
Әнәс ибн Мәликтен (Аллаһ оған разы болсын). Ол: «Аллаһ елшісі (с.а.с.): «Береке – жылқылардың кекілінде», – деді», – деп айтқан (1874/100). Әт-Тирмизидің риуаятында: «Сендерге жабдықтар жеткілікті етіледі» делінген. Яғни Аллаһ тағала сендерге соғыс жарақтарын жеткілікті етеді. Әт-Тирмизидің риуаятында: «Сонда сендердің ешбірің жебелерімен ойнауға шарасыздық етпесін» деп айтылған. Мұнда садақпен жебе тартуға машықтану көзделген. Осы орайда әт-Тирмизи жеткізген хадисте Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Мұсылман кісінің садақ тартуынан, атын үйретуінен және әйелін еркелетуінен басқа ол ойнайтын нәрсенің барлығы бос», – деп айтқан. Абдур-Рахман ибн Шимаса әл-Мәһри – табиғин, хадис жеткізуші. Фуқайм әл-Лахми – табиғин. Харис ибн Яғқуб – табиғин, хадис жеткізуші. Яғни жылқылардың кекілінен Қиямет күніне дейін сауап және олжа түріндегі игілік ажырамайды. Әл-Хаттаби және басқалар «мұндағы кекіл – жылқылардың өзі» деген. ұнамсыздығы
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 1118
Әбу Һурайрадан (Аллаһ оған разы болсын). Ол: «Аллаһ елшісі (с.а.с.) жылқылардың аяқтарының кейбірінде ақ түс болғанын ұнатпайтын», – деген. Келесі бір риуаятта: «Ол – аттың артқы оң аяғы мен алдыңғы сол аяғында немесе алдыңғы оң аяғы мен артқы сол аяғында ақ түс болуы» делінген (1875/101). жарысқа дайындау
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 1119
Ибн Омардан (Аллаһ әкесі екеуіне разы болсын). (Бірде) Аллаһ елшісі (с.а.с.) жаратылған аттар арасында әл-Хафйадан жарыс ұйымдастырған, мәре Сәният әл-Уадағ еді. Сонымен қатар жаратылмаған аттар арасында да әс-Сәниядан зурайқ руының мешітіне дейін жарыс өткізген. Ибн Омар сол жарысқа қатысқандардың ішінде болған (1870/95). Аллаһ тағаланың «Мүміндерден (соғысқа шықпай) отырушылар тең болмайды» деген сөзі жайында
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 1120
Әбу Исхақтан . Ол Бараның (Аллаһ оған разы болсын) «Мүміндерден (соғысқа шықпай) отырушылар мен Аллаһ жолында күресушілер тең болмайды» деген осы аятқа қатысты: «Аллаһ елшісі (с.а.с.) Зәйдке бұйрық беріп, ол жазатын жауырын әкелді. Сонда Ибн Умму Мәктум оған өзінің дімкәстігіне шағым айтты. (Сол кезде): «Мүміндерден, дімкәстігі барлардан басқа, (соғысқа шықпай) отырушылар тең болмайды» деген аят түсті», – деп айтқанын естіген (1898/141). Мәдина маңындағы жердің аты. Тау асуының атауы. Ол кезде арабтар аттардың жылдам шабуы үшін оларға біраз уақыт азық-жемді аз беретін және оларды тар қорада ұстап терлететін. Бұл хадистің әл-Бұхари жеткізген нұсқасында қосымша, Суфиян ибн Ғұйайнаның: «Әл-Хафйа мен Сәният әл- Уадағдың арақашықтығы бес миль, ал Сәният әл-Уадағ пен зурайқ руы мешітінің арасы – бір миль еді», – деп айтқаны риуаят етілген. Ахмад пен Әбу Дәуд жеткізген хадисте Ибн Омар (Аллаһ әкесі екеуіне разы болсын) ат жарысына Пайғамбарымыздың (с.а.с.) да қатысқанын және ол жетілген (яғни бес жасқа толған) арғымақтар үшін ұзағырақ қашықтық белгілегенін айтқан. Ибн Хиббан бұл хадисті «сахих», ал әт-Тирмизи «хасан» санатына жатқызған. «Ниса» сүресі, 95-аят. Амр ибн Абдуллаһ әс-Сәбиғи әл-Хамадани, табиғин, хадис жеткізуші.
Аударма: қазақша · открыть с поиском
Мұхтасар Сахих Муслим (қазақша) 1121
Жәбирден (Аллаһ оған разы болсын). Ол: «(Бірде) Пайғамбармен (с.а.с.) бірге бір жорықта болғанымызда, ол: «Ақиқатында, Мәдинада бір кісілер бар, сендер қай жолмен жүрсеңдер де, қай алқапты басып өтсеңдер де, әлбетте, олар сендермен бірге, оларға ауру кедергі жасады», – деді», – деп айтқан (1911/159).
Аударма: қазақша · открыть с поиском
← Хадисы 1051–1100Оглавление